СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Таным ҚМҰҚ "Қандай пішін жетіспейді?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Қандай пішін жетіспейді?

Мақсаты:

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ойын арқылы шапшаңдыққа дамыту Оқыту: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету.Қай пішін жетіспейтінін тапқызу

 Педагогикалық технологиялар: сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын технологиясы

Просмотр содержимого документа
«Таным ҚМҰҚ "Қандай пішін жетіспейді?"»

Екінші кіші «Құлыншақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізі күні:.16.04.19ж

Тәрбиеші:Оразова Г.Т

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып: «Көктемгі ағаштар»

Тақырыбы: Қандай пішін жетіспейді?

Мақсаты:

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ойын арқылы шапшаңдыққа дамыту
Оқыту: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету.Қай пішін жетіспейтінін тапқызу

Педагогикалық технологиялар: сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер


Ұйымдастырған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең:

Шаттық шеңбері

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Барлығына ізетпен

Біздер сәлем береміз.

2.Негізгі бөлімі:

Сәлеметсіздер ме!

Балалар, бүгінгі біздің ашық оқу іс-әректімізге бір ерекше қонақ келіпті. Ол кісіні қарсы алу үшін бәріміз назарымызды экранға аударайықшы.

  • Сәлем достар!

  • Мен математика әлемінен келген сиқырлы пойызбын. Менің вагондарымда сендерге арналған көңілді пішіндер бар. Кәне соларды тамашалап өткен оқу іс-әректіміздегі танысқан пішіндерді есімізге түсірейікші .

Мынау :

- Шаршы - қызыл шаршы;

- шеңбер - сары шеңбер;

- үшбұрыш – көк үшбұрыш;

- тіктөртбұрыш – жасыл тіктөртбұрыш;

- жұлдыз – күлгін жұлдызша.

Балалар осы пішіндерді мен сендерге сыйға тартамын. Ол пішіндермен бірге сендерге арналған тапсырмалар мен ойындарым бар. Сендерге шығармашылық табыс тілеймін!

Тәрбиеші:Балалар сиқырлы пойыздың берген сыйлығын ашып көреміз ба?

- Ой, қандай керемет сыйлықтар. Мынау тапсырмалары мен ойындары екен.

1. Ойын: «Кандай пішін жетіспейді?». Шарты: берілген пішіндерді мұқият қарап алған соң балалар көзін жұмып, жүргізуші бір пішінді жасырады. Сәлден соң балалар көзін ашып қай пішін жетіспейтінін анықтауы керек.

2. Фребель таяқшаларымен зымыран бейнесін құрастыру.

3. «Пішіндерді санмен сәйкестендір»

ойыны. Шарты: жүргізушінің тапсырмасы

бойынша аталған түсті пішінге сәйкес

санды тауып көрсетулері керек.

Сергіту сәті. Видео арқылы қимыл – қозғалыстар жасалады.



3.Қорытынды: оқу іс-әрекеті «Зейінді бол» ойынымен қорытындалады.

Шарты: слайдтан түрлі пішіндермен бейнеленген суреттер көрсетіледі. Сол суретте қандай таныс пішіндер бар екенін анықтап атау.

Түрлі-түсті қағаздардан қиылған пішіндерден өз қиялындағы бейнелерді құрастырып келген қонақтарға сыйлау.

Балалардың жұмысын бағалау. Мадақтау.