СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Төрлет, төрлет Жаңа жыл!

Нажмите, чтобы узнать подробности

балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгілік.

«Төрлет, төрлет Жаңа жыл!

Мыстан Кемпірдің сиқыры!

Мақсаты: Балаларды жасыл шыршамен таныстыруды жалғастыру, жаңа ән айтқызу. Балаларды жасыл шыршадан шеңберде айналтып жүргізу, еркін би билету. Қыс ерекшелігімен таныстырып, мерекені есте қалатындай етіп көңілді өткізу.

Қатысушылыр:

Аяз ата

Ақшақар: Рақымжан Г.Қ

Мыстан кемпір: Токумбаева Ш.Ж

Музыка әуенімен балалар кіріп шыршаны шеңбер бойымен қоршап тұрады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар және балалар! Сіздерді жаңа жыл

мерекесімен құттықтаймыз ! Сәбилеріңіздің күлкісі сіздерді қуанта берсін!  Қош келдіңіздер  бүгінгі кешімізге, Жаңа табыс тілейік ісімізге. Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін, Мына отырған барша жан бәрімізге. Жаңа жыл қайсарлық пен жүректілік, Баратын болашаққа білек түріп. Біз жаңа жылдарға қол соғамыз, Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып. Деп бүгінгі «Құлыншақ» тобының «Төрлет , жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Просмотр содержимого документа
««Төрлет, төрлет Жаңа жыл!»

«Қостанай қаласының әкімдігінің

Қостанай қаласы әкімдігінің

білім бөлімінің

№7 бөбекжай-бақшасы»

МКҚК












«Төрлет, төрлет Жаңа жыл!

Ертеңгілік

Ересек «Құлыншақ» тобы



























Қостанай 2017 жыл

«Төрлет, төрлет Жаңа жыл!

Мыстан Кемпірдің сиқыры!

Мақсаты: Балаларды жасыл шыршамен таныстыруды жалғастыру, жаңа ән айтқызу. Балаларды жасыл шыршадан шеңберде айналтып жүргізу, еркін би билету. Қыс ерекшелігімен таныстырып, мерекені есте қалатындай етіп көңілді өткізу.

Қатысушылыр:

Аяз ата

Ақшақар: Рақымжан Г.Қ

Мыстан кемпір: Токумбаева Ш.Ж

Музыка әуенімен балалар кіріп шыршаны шеңбер бойымен қоршап тұрады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар және балалар! Сіздерді жаңа жыл

мерекесімен құттықтаймыз ! Сәбилеріңіздің күлкісі сіздерді қуанта берсін! 
Қош келдіңіздер бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
Жаңа жыл қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Біз жаңа жылдарға қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
Деп бүгінгі «Құлыншақ» тобының
«Төрлет , жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Ән: «Орманда шырша туыпты» (В лесу родилась елочка)»

1.Шырша біздің ортамызда

Айнала ән салдық

Аяз ата, Ақшақарды(2рет)

Ән менен қарсы алдық (2рет)

2.В лесу родилась елочка

В лесу она расла

Зимой и летом стройная(2рет)

Зеленая была(2рет)

3.Жайна, жайна жасыл шырша

Қуансын бар бала

Жаңа жылды барлығыда(2рет)

Тамаша тойлауда(2рет)

Жүргізуші: Балалар маған жаңа шыршамыз қозғалып, Жаңа-жыл мерекесін тойлауға біреу келе жатқан секілді.

Музыка әуенімен Ақшақар кіреді.

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүргізуші: Қош келдің Ақшақар! Біз сені көргенімізге қуаныштымыз! Солай емеспе балалар?

Балалар: Иә.

Жүргізуші: Жаңа жылды қарсы алып, шыршаның шамдарын жағуымыз керек,

Ал Аяз Ата әлі жоқ.

Ақшақар: Мұңаймандар! Алдымен шыршаның шамдарын жағу үшін сиқырлы таяқты табу керек.

Жүргізуші: Мүмкін мына омбы қардың астында шығар, қане қане қарайық бәріміз.

(омбы қардың астынан Мыстан Кемпір шығады. )

Мыстан Кемпір: Бұнда не жиналыс? Не күлкі? Мен сендерге мерекені көрсетем! Барлығынды қуып шығам! Мына жерден не бүлдірсем екен? Қазір жүріп жүріп өзіме бірдеңе тауып аламын.

Жүргізуші: Біз балалармен оған бұзықтық жасатуға бермейміз. Біз оның құйрығынан ұстап аламыз. Ондаша біздің балалармен ойын ойна

Ойын: Мыстанмен «Жылға» ойының ойнау
Ойынның шарты: Ойыншылар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші сайланады. Музыка әуенімен жүргізуші шеңбердің ішімен аралап кез келген бір ойыншының жанына келіп, оны ертіп алады. Солай еку, сосын үшеуі, сосын бәрі бірінің артынан бірі тіркеліп, музыка әуенімен жылғаны бейнелейды.

Балалар: Мыстан әже, терезеге қарашы(2рет)

Біз сенен қорықпаймыз

Тра – ля - ля(2рет)

Тез шық бізбен қыдыруға

Ән айтып, бізбен би билеп

Ойын соныңда Мыстан барлығын қорқытып, балалар жүгіріп орындықтарына отырады.

Мыстан К: Мен білем бұл балалардың ішінен менің ковбойларым бар екенің білем, қане маған билеріңді көрсетіңдер!

Би: «Ковбой» Топ балаларының орындауында( Даян, Даниил, Багдат, Диас, Айсұлтан, Әліби, Таир, Санжар)

Жүргізуші: Мысеке бұлар сенің достарын емес, бұлар біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз, жаңа жылға арналған карнавалдық костюмдері мен өздері әкелген өнерлері бар

Жүргізуші: Балалардың Жаңа жылға көптеген тақтақтар жаптап келген, балаларға сөз берейік

Дарина: Сәлем беріп сіздерге,

Бар өнерді саламыз

Өнерлі бала бар деп

Әлемге жар саламыз

Келіңіздер, келіңіздер

Би де билеп беріңіздер

Қызығы мол Жаңа жылдың

Тамашасын көріңіздер

Әсем: Жаңа жылды қарсы алып

Жасаймыз той жылда біз

Жарқын – жарқын ән салып

Жалғасыды жырға – жыр

Ясмин: Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оранып

Қалып едік сағынып

Күтіп алдық жабылып

Жолын қойдық жарық қып

Шыршаға шам іліп

Бағдат: Аппақ қыстың бояуы

Аппақ қыстың бораны

Ақ көрпеге орайды

Ақ қар байтақ даланы

Амина: Бізбен бірге ойнайды

Жаңа жылды тойлайды

Барлық бала бақытты

Болса екен деп ойлайды

Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Жолдар мұз боп қатады

Жып – жылтыр боп жатады

Айару: Ақшақар қраға малынып

Аппақ тонын жамылып

Сақалы мен тағынып

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып

Санжар: Қандай әсем шартырап

Шаттық күйге бөлеп тұр

Кәмпиттерін арқалап

Аяз ата келіп тұр

Мыстан К : Қайғы емес, бұларға менің бір күшімде жетеді.

(сиқырлы таяқшаны көтеріп, Бұл не?) сиқырлы таяқ, өзіммен бірге алып кетейін керек болар!

Ақшақар: Тоқта, тоқта сиқырлы таяқты қайтар бізге.

Мыстан К: Жоқ жоқ мен сердерге тойлауға жол бермеймін. Ал сендер балақайлар үйлеріне қашыңдар!

Ақшақар: Мыстан бізді қорқытқанын жетер енді. Біз сенен қорықпаймыз!

Балалар қанекей қарлармен лақтырып қуып жиберейік, Енді абайла Мысеке!

Ойын: «Жаңа жылдық сайыс» Ата – аналарға арналған ойын

Қалпаққа бір-бір сөзден жазылған кішкентай қағаздар салынады. Мысалы, шырша, мұз, қар, Аяз Ата, тб. Әрбір ойыншы кезекпен қағазды алып, сонда жазылған сөз кездесетін өлең не ән айтуы керек.

Мыстан К: Сендер әлі мені білмейсіңдер, мен сендерге көрсетем алда тағы. Менің сиқырлы сыпырғышым қайда? Сыпырғышым жеткіз мені Аяз Атаға .

Ақшақар: Ура, біз Мыстанды қуып жібердік.

Жүргізуші: Ақшақар , Мыстан жаңа Аяз Ата туралы айтқан сияқты.

Ақшақар: Ой, шынымен Аяз Атамызға кесірі тиіп қалар, қане жолға шығайық.

Ән: «Жаңа жыл!»

  1. Қане достар тұрмайық

Қарсы алайық жыл басын

Қызықтан бос қалмайық

Шырша жыры самғасын

Қ – сы:

Ал достарым келіңдер

Келді аяз атамыз

Биге билеп беріңдер

Шырша жырын айтамыз (2рет)

  1. Құтты болсын Жаңа жыл

Шыршамыз тұр жараса

Жанында Аяз ата жүр

Қуанады балаша

Қ – сы: қайталау

  1. Аппақ қардай береке

Даламызда самғасын

Жаңа жылдай мереке

Таба берсің жалғасын

Қ – сы: қайталау

Ақшақар: Міне біз орман ішіне де жеттік, бұнда кім бар екен? АУУуууууууууууу

(омбы қардың астынан Аяз Ата қорылдап, ұйықтап жатады)

Ақшақар: Аяз Ата орманда? Омбы қарда? Ұйықтап, неге? Бұл қалай болғаны? Сағатқа қарайық Жаңа жылда жақындап қалды.

(таңқалып) Са-ғат-қа қа-раң-дар! Сағаттың тілі жоқ.

Жүргізуші: Менің ойымша бұл Мыстанның сиқыры, ол Аяз Атаны сиқырлап,

сағатты да тоқтатып тастады.

Ақшақар: Сағаттың тілі болмаса, сағат алдыға жүрмейді, сағат алдыға жүрмесе Жаңа жылда келмейді, Аяз Атамызда оянбайды. Енді не істедік? (жылайды)

Жүргізуші: Уайымдама Ақшақар әрбір жаңа –жыл қарсаныңда жақсылықтар болып жатады. Біз қазір Аяз Атаны оятамыз, және бізге біздің бишілер көмектеседі.

Би: «Испан биі» Топ қыздардың орындауында (Айша, Саида, Альбина, Алия, Айару, Айлин, Бисана, Жания, Сабина, Әсем, Аянат)

Ақшақар: Аяз Ата оянды қандай жақсы! Ата жаңа жыл келе жатыр, ал сен әлі киімінді кимепсің! Тезірек киініп ал!

Аяз Ата: Немерем, қандай жаңа жылды айтып тұрсын? Сағатқа қара дәл қазір Аяз Атаны ұйықтайтын уақыты. (қайтадан жата қалады)

Ақшақар: Бізге тезірек ұрланған сағаттың тілін табу керек. Кім білуі мүмкін?

Жүргізуші: Онда кішкентай Аяз аталар мен Ақшақардан сұрайық, мүмкін солар білетін шығар.

Би: «Аяз ата мен Ақшақар» топ балалардың орындауында (Азат – Амина, Нұрсұлтан – Дарина, Алдияр – Диана, Айдос – Ясмин, Альазиз – Жанерке)

Жүргізуші: Балалар сендер сиқырлы сағаттың тілін қайда екенің білмейсіңдерма?

Балалардың жауабы: жоқ жоқ көрген жоқпыз.
Ақшақар: Ешкім бізге көмектесе алмайды

Жүгізуші: Топ балалардың орындауында тақпақтар

Айдос: Бар баланың қонағы

Төрлет ата жоғары

Енді дала алақай

Ақ күміске толады

Жұрттың бәрі осындай

Қашан жомарт болады

Айсұлтан: Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

Даниил: Жаңа жыл жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

Даян: Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

Алдияр: Келді жылым бақытым

Көңілденді уақытым

Сәлем саған жаңа жыл

Жаңа бақыт жаңа жыл

Жаңа бақыт жаңа жыр

Жанерке: Жаңа жылды қарсы алып

Жасаймыз той жылда біз

Жарқын – жарқын ән салып

Жалғасыды жырға – жыл

Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін

Ортақ ойы арманы

Жақсы дәстүр көбейсін

Ақшақар : (қуанып) Қандай жақсы болды сағаттың тілі табылды. Алға сағат! Ал Аяз Атамыз қайда?

Музыка әуенімен Аяз Ата кіреді.

Аяз ата:
-Армысыңдар, балалар!
Бармысыңдар, балалар!
Қандай әсем жырларың,
Қандай әсем нұрларың!
Жаңа жылмен сендерді
Құттықтаймын достарым!

Жүргізуші: Қош келдің Аяз ата! Балалар сені күтіп отыр.

Ақшақар: Аяз ата бәрі жақсы болды жақсы аяқталғанына, бірақ біздің шыршамыз жанбай, сиқырлы таяқшамызды мыстан ұрлап алып кетті.

Аяз Ата: Қане мында Мыстан тезірек кел.

Мыстан: Аяз Ата мені кешірші , міне сиқырлы таяқтыда өзіммен бірге алып келдім.

Аяз Ата: Сиқырлауды қоясынба?

Мыстан К : Жоқ енді ешкімге зиянымды тигізбеймін, мен көңіл көтеріп би билеп, барылғын ды Жаңа Жылдарынмен құттықтаймын.

Аяз Ата: Балалар кешіремізбе ? Онда кешіріп бәріміз Жаңа жылды тойлайық. Шырша шамдарын жағайық.Сиқырлы таяқшаны алып, Кане бәріміз шыршаны қоршап 1-2-3 -шырша шамы жарқыра!

Шырша шамдары жанады.

Жүргізуші: Аяз Ата сізге арнап балалардың жаттаған Жаңа жылдық тақпақтары бар сен отырып демалып ал.

Альазиз: Келді тағы Жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді

Бисана: Әкелсін жыл ырыс – құт

Базарлықты мол алып

Әлемде болсын тыныштық

Ән салайық жанаша

Жаңа жылым тамаша

Әліби: Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

Жания: Жаңа жыл, Жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле – төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын!!!

Альбина: Әдемілеп біз ілген

Оыншықтар тізілген

Қандай жасыл шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Айлин: Қала нұр

Дала нұр

Құтты болсын

Жаңа жыл

Айша: Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт жаңа жыр

Әке, ана! Әке, ана!

Құтты болсын Жаңа жыл

Таир:Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басынд әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Жүргізуші: Мынадай әдемі тақпақтардан кейін , ойын ойнайық,

Ойын: «Қысқы дала» Сюжеттік аппликация

Мақсаты: Шығармашылықпен шұғылдануға деген ықыласты тәрбиелеу. Қысқы дала бейнесін мақта дискісінен құрастырып, жапсыру үйрету.

Мыстан К. Рахмет сендерге балалар менің көңілім көтеріліп, менің кетуім керек мен сендермен қоштасамын. Сау болыңдар!

Жүргізуші: Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған.

Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Кезекті осы мерекемізге арналған тақпақтарға берейік. 

Азат: Жапалақтап ақша қар

Жауды күнде қайталап

Қырға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап

Сабина: Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне, сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Кел, балалар, еліңдер

Тамашаны көріндер

Нұрсұлтан: Қайда қызық думан болса,

Аяз ата сонда болады.

Балалармен бірге ойнап

Балалармен бірге қуанады

Диас: Аяз ата келіп тұр,

Бізге сәлем беріп тұр.

Сақалының ұзыны – ай

Кесіп алсам шіркін – ай!!!!

Диана: Тауда туып,

Тауда өсіп

Шырша келді келді ортаға

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шыршайық баршамыз

Аянат: Жаңа жыл, Жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Алия: Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына

Балалардың орындауында «Жаңа жыл» әні

«Жаңа жыл»

1.Келді бізге Жаңа жыл ән қанатымен

Көз тартады шыршамыз салтанатымен

Ән қанатымен

Салтанатымен

Келді бізге Жаңа жыл

2. Әшекейден әдемі алқа таққандай

Құлпырады шыршамыз шамын жаққандай

Тұнған нұр шашу

Тұнған нұр шашып

Жаңа жылдың шыршасы

  1. Бақыт нұрға бөленген бала шағымыз

Бүгіннен де тамаша болашағымыз

Бала шағымыз

Болашағымыз

Бүгіннен де тамаша

Аяз Ата:- Ал енді балалар біз сендерге құр бос келген жоқпыз біз сендерге сыйлықтар әкелдік. (Сыйлықтарды Шанамен әкеледі) . Алда баратын ауыл көп, Жыл қуантсын баршаны. Сыйлықтарды таратады.

Балалар барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар!

Ақшақар: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке

қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымыз

бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!