Серуен: | Бақылау: Тұманды бақылау. Мақсаты: Күздегі тұманды бақылау , тұманның қайдан пайда болатынын түсіндіру. Еңбек: Ағаштардың түптерін қопсыту. Мақсаты: Табиғатты аялай білуге , өсімдіктерге қамқор болуға , оларды күтіп –баптауға тәрбиелеу. Көркем сөз: Мақал-мәтел. Таза болса- табиғат, Аман болар –адамзат. Мақсаты: Мақал жаттату арқылы баланың сөздік қорын жетілдіріп, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту. Ойын: «Біз кішкене отбасы» Мақсаты: Үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.Отбасы мүшелерін дұрыс атауға үйрету. | Бақылау: Күздегі өсімдіктердің түсін бақылау. Мақсаты: Күзде өлі табиғатта болатын құбылыс өсімдіктерге деәсер ететіндігін түсіндіру. Еңбек: Біздің ойын алаңы Мақсаты: Ойын алаңындағы сарғайып түскен жапырақтарды жинау.Еңбекқорлыққа баулу. Көркем сөз : Жел тынымсыз гуілдеп, Болып кетті тым бұзық Шуылдайды тал терек, Жапырағын жұлғызып. Мақсаты: Тақпақ үйрету арқылы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлігін сезінуге үйрету.. Қимылдық ойын: «Айгөлек-ау, айгөлек». Мақсаты: Қимыл-қозғалысын дамыта отырып, шапшаңдыққа, ептілікке баулу. Балалардың өз бетімен ойын ұйымдастыру: | Бақылау: Өткінші жаңбырды бақылау. Мақсаты: Өткінші жаңбыр туралы түсінік беру. Жаңбырдың пайдасы , жаңбыр жауғанына қарап егістікті, бау бақшаны , саяжайдағы көкөніс, жеміс –жидек бәрін қолдан жауындатып суарудың пайдасын ашып түсіндіру. Еңбек: Ағаш түптерін қопсыту. Мақсаты: Ағаш түптерін қопсыту арқылы балаларға өсімдіктерге тыңайтқыш заттар топырақ арқылы баратындығын түсіндіру. Көркем сөз: «Еңбекпен ел көгерер, Жаңбырмен жер көгерер». Мақсаты: Мақал үйрету арқылы балаларға өсімдіктерге тыңайтқыш заттар топырақ арқылы баратындығын түсіндіру. Қимылдық ойын: «Допты қуып жет». Балаларды тез жүгіруге үйрету, шапшаңдыққа , ептілікке тәрбиелеу. Қимылдық ойын: «Кім тезірек?» Мақсаты: Секіргішпен секіруге үйрету, секіру қабілетін дамыту, ептілікке тәрбиелеу. | Бақылау:Бұлтты бақылау. Мақсаты: Бұлттың түзілуі және олардың түрлерін :шарпы, будақ,қабатты бұлииарды ажырату. Еңбек:Ауладағы гүлдерді суару. Мақсаты:Балаларды қоршаған әлемге қамқорлықпен қарауға, табиғат әсемдігін сезіне білуге тәрбелеу. Көркем сөз: Аспанға ұшар бу болып Жерге қайтар су болып. (Бұлт) Мақсаты:Жұмбақ жаттата отырып, балалардың тіл байлығын байыту, дыбыстардың дұрыс айтуын қадағалау.Ойлау қабілетін арттыру. Қимылдық ойын: «Соқыр теке». Ойын барысы: Соқыртеке кең бөлмеде , аулада ойнауға болатын қызықты ойын.Шеңбер сызылып , оның ортасына көзі байланған «соқыртеке» жіберіледі.Қалғандары оны «соқыртеке бақ-бақ»,- деп мазақтап түртіп қашады.Бірақ олар шеңберден шығып кетпеуі тиіс.Егер соқыртеке ойыншылардың бірін ұстап алса, даусына қарап оның атын айтады.Дәл тапса ұсталған адамның көзі байланып «соқыртек» болады.Ойынщылардың көзі байлаулы адамды әдейі сөзбен жетектеп отырып, алдап , шұңқырға , бағанаға қарай бағыттайды.Бұл ойынды көңілді, күлкілі етеді. | Бақылау:Жаңбырды бақылау. Мақсаты:Жаңбырды бақылай отырып , оның бұлттан жауатындығы және түрлерін айтып түсіндіру.Мысалы;Жай жаңбыр, өткінші жаңбыр, нөсер жаңбыр. Еңбек:Ағаш түптерін қопсыту. Мақсаты:Балаларды еңбек сүйгештікке тәрбиелеу, өздеріне берілген тапсырманы тиянақты орындауын қадағалау. Көркем сөз: Ал керемет бұл қандай? Төгіледі төбеден. Көк теңізден құйғандай Көл-көсір су не деген? (Жаңбыр) Мақсаты:Жұмбақ жаттатаотырып, балалардың есте сақтау қабілеттерін арртыру, сөздік қорларын дамыту, сөзді мәнерлі айтуға дағдыландыру. Ойын: «Айгөлек-ау айгөлек». Мақсаты:Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа баулу. |