СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ҰОҚ "Табиғат құбылыстары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҰОҚ "Табиғат құбылыстары"ҰОҚ "Табиғат құбылыстары"ҰОҚ "Табиғат құбылыстары"ҰОҚ "Табиғат құбылыстары"

Просмотр содержимого документа
«ҰОҚ "Табиғат құбылыстары"»

ҰОҚ «Балапан» ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 10.10.2018ж

Тәрбиеші: Ахметбекова Ж.С.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Пән: Тіл дамыту

Өтпелі тақырып: "Алтын күз"

Тақырыбы: "Күз" (сурет бойынша әңгіме)

Мақсаттары: 1.Тәрбиелік: Табиғат өзгерістері туралы, сурет бойынша әңгімелер құрастыруға үйрету табиғатты қорғауға, оның әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Сурет бойынша әңгімелеп сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
3.Оқыту: Күз туралы түсінігін кенейтіп, ерекшелігін әңгімелеуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы ,жеке бағдарлау технологиясы Ресурстармен қамтамасыз ету: күз туралы суреттер, ТСО .

Сөздік жұмыс: сыбдырлап, қызғылт-сары жапырақтар Үштілділік: жапырақтар - листья - gapiraman

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі  

Тосын сәт: Күз ханшайымы келеді.

-Топқа күз мезгілі келеді. -Сәлеметсіздерме, балалар! -Мені таңыдыңдарма?

-Мен күз ханшайымы. Мен сендерге құр келген жоқпын, өзімен бірге тапсырмалар әкелдім. Қазір осы тапсырмаларды апайларымен бірге орындауға кірісіңдер, ал мен кетейін, мен тағы басқа балаларға баруға асығыстамын.

-Сау болыңдар, балалар!

2. Негізгі бөлімі. -Балалар, біз қазір сендермен бері келіп, тақтаға көңіл бөлеміз. Тақтадағы суретке қарамастан бұрын мен сендермен сөздік жұмыс өткізейін.

Тапсырма 1

Суретпен жұмыс:

Тәрбиешінің үлгісі.

Күз мезгілі келді. Ауа райы салқындады. Балалар апайларымен бірге орманға саяхатқа шықты. Орман іші тып-тыныш. Ағаштардан жапырақтар сыбдырлап жерге түседі. Ағаштардың жапырақтары қызғылт –сары.

Міне осыны біз алтын күз деп атаймыз.

Сөздік жұмыс: сыбдырлап, қызғылт-сары жапырақтар Үштілділік: жапырақтар - листья - gapiraman

-Балалар мынау суретте не көріп тұрсыңдар, сол туралы маған қысқа әңгіме құрастырап беріңдер.

- Мынау суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

- Неліктен күз мезгілі?

-Суретте қандай өзгерістер бар?

-Балалар қайда шықты?

- Орманда жапырақтар қандай түсті?

-Олар қалай түсіп жатыр?

Бой сергіту :

Жаңбыр жауды,

Тық-тық-тық.

Сен көшеге шық-шық-шық.

Жел соғады гу-гу-гу,

Жапырақтар ұшты ду-ду-ду

Құйын тұрды ой-ой-ой

Билеп кетті жапырақтар.

Тапсырма2

-Қазір біз күз ханшайымы әкелеген келесі тапсырмасын орындаймыз. Ноутбуктерге отырып, күз мезгіліне байланысты тапсырмаларды орындаймыз.

- Күздің ерекшеліктерін тауып бер.

-Суретте күз мезгіліне байланысты ерекшеліктерді тауып алып,

үлкен суретке сызықша арқылы көрсет

Тапсырма 3

Жұмбақ шешу.

Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ қашады. «жел»


Ағайынды бәрі

Шықса жасыл,

Түссе сары «жапырақ»

Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгілді

Бусанып жон жонап,

Терледі, керілді. «жаңбыр»


Көзі жасты жылауық

Келе жатыр, бір алып,

Жабырқаса, жылайды,

Жадыраса құлайды. «Бұлт»



3. Қорытынды:

Бүгін біз не істедік?

-Қандай суретпен жұмыс жүргіздік?

-Қандай жаңа сөздерді меңгердік?