СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Экология негіздері. Тақырыбы: "Табиғат деген не?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Табиғат  құбылыстары,  өсімдіктер,  жануарлар  бейнеленген  суреттер. «Бақылағыш» дегеніміз не?

Біздің сабақта әңгіме не жайында болады деп ойлайсыңдар? Мақсатты болжам. 

Просмотр содержимого документа
«Экология негіздері. Тақырыбы: "Табиғат деген не?"»

ТАҚЫРЫБЫ: Табиғат деген не?


Мектеп:


Күні:

Педагогтың аты-жөні:


Сыныбы: Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:



Сабақтың оқытылу


мақсаты

0.1.1.5. Күнделікті өмірдегі табиғат туралы білімнің маңыздылығын түсіндіру

Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

• табиғатта болатын өзгерістерді анықтай алады;

• жыл мезгілдерін атай алады;

• табиғатта болатын өзгерістерді түсіндіре алады.

Көпшілік балалар:

• «бақылағыш» адамның қасиеттерін анықтай алады;

• табиғаттағы тіршілік маусымдық өзгерістерге тәуелді болатынын дәлелдей алады;

• тәжірибелік жұмысты орындай алады.

Кейбір балалар:

• бақылау үдерісін талқылай алады және қорытынды шығара алады.

Тілдік мақсат

Дағдыны дамыту: бақылау үдерісінде сұрақ қоя білу, болжамдар айту, ұғымдарға анықтама беру, жүйелеу, бақылау, қорытындылау және ойша тұжырым жасау.

Көптілділік: тіршілік – жизнь – life.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.

«Бақылағыш» адамның қасиеттері, табиғат, бақылауға арналған аспаптар.

Сабақта диалог/хатта қолданылатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар.

Табиғат дегеніміз не?

Неше жыл мезгілі бар?

Жапырақтардың түсі қандай болады?

Жыл мезгілдерінің айырмашылығы неде?

Ауа таза және самалды болу үшін біз сіздермен не істей аламыз?

«Бақылағыш» адамның қандай қасиеттері болуы керек?

Өткен сабақтардан

алған білім

Табиғат – тіршілік көзі екендігін, төрт жыл мезгілінің бізге ғажайып күйін сыйлайтынын түсіну.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

II. Өмірлік

тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Табиғат құбылыстары, өсімдіктер, жануарлар бейнеленген суреттер. «Бақылағыш» дегеніміз не?

Біздің сабақта әңгіме не жайында болады деп ойлайсыңдар? Мақсатты болжам.

Сендердің үстелдеріңде тапсырмасы жазылған карточкалар бар.

(Ұ) Балалар сабақта әңгіме не жайында болатындығын кестедегі сурет бойынша болжамдайды. Сабақтың соңында қол жеткізетін мақсат айқын- далады (Оған рефлексия кезеңінде қайтып оралады).

Әліппе-дәптердегі

суреттер.


Әріптер жазылған

карточкалар.



Сабақтың ортасы

III. тақырып бойынша жұмыс

6 – 28 мин.

(Ұ) Өзекті мәселелер.

Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз)

(Ұ) Өзекті мәселе.

«Жыл мезгілдері» бейнеролигін көрсету.

Бейнеролик бойынша сұрақтар қою.

Неше жыл мезгілі бар? Жыл мезгілінің ерекшеліктері қандай? Жыл мезгі- ліне сәйкес адамдар қалай киінеді? Қандай өзгерістер болады?

Балаларға сурет бойынша әңгіме құрастыруға тапсырма беру. Топпен саяхатқа шығу.

Табиғаттағы ағаштарға назарларын аудару. Ағаштардың ерекшелігімен таныстыру. Табиғаттың сұлулығы мен әсемдігін көре білуге үйрету. Сұрақтар қойылады: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Ауа райы қан- дай? Жапырақтардың түсі қандай болады? Табиғат дегеніміз не? Адамдар қалай киінген? Құстар не істейді? Жыл мезгілдерінің айырмашылығы

неде?

Табиғатты бақылаудан алған әсерімен бөлісу. Әр баладан табиғаттан қан- дай әсер алғандығын сұрау.

Балалардан адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасы жайлы ой- ланып жауап берулерін сұрау.

Педагогтің түсіндіруі. (1-тапсырмадағы сурет бойынша жұмыс).

Табиғат – біздің өміріміздің тірегі болып тұрған әсем дүние.

Табиғат адам өмірінің барлық қажетін өтейтін болғандықтан, ол ешқашан ештеңемен ластанбауы тиіс. Табиғат тазалығын сақтайтын да, оны ластайтын да – адам.

Әр адам табиғаттың қорғаушысы болу жолдарын іздестіруі керек. Табиғат – тіршілік көзі, біздің өмірімізде маңызды орын алатындығын тү- сіну.

Табиғатты қорғау заңын тек үлкендер ғана емес, балалар да сақтауы тиіс. Балалардан күз мезгілінің ерекшелігін сұрау.

Табиғаттың қаншалықты сұлу екенін көру үшін, түрлі түсті жапырақтар- дың сыбдырын есту үшін, көк шөптің, саңырауқұлақтың дымқыл иісін се- зіну үшін күзгі серуенге шығу қажет.

(Ұ) «Бақылағыш» деген ұғымды қайталау бойынша жұмыс.

Табиғаттағы осы кезеңнің ерекшеліктерін білу үшін не қажет. Бақылағыш адамның қасиеттері бірге қалыптасады және карточкалар көмегімен белгіленеді:

• нысандардың, құбылыстардың ерекшеліктерінің барлығын байқау епті- лігі;

• елеусіз заттардың өзін байқау шеберлігі. Арнайы аспаптарды қолдана білу іскерлігі;

• сұрақтарды қоя білуі;

• бақылау қорытындылары бойынша жазбаларды жүргізе білуі;

• бақылаулар бойынша қорытындылар жасай білуі.

(Ұ) Бақылау

Педагог табиғаттың сұлулығын, табиғатта қандай өзгерістер болатан- дығын еске түсіріп, мынадай сұраққа жауап берулерін өтінеді: Табиғат біздің өмірімізде қандай орын алады?

(Ұ) Өзекті мәселелер.

Табиғаттың әсемдігіне назар аударту.

Неше жыл мезгілі бар?

Жыл мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Жыл мезгіліне сәйкес адамдар қалай киінеді?

Қандай өзгерістер болады?

ҚОРЫТЫНДЫ: Табиғатта серуендеу арқылы қоршаған ортаның таңға- жайыптарын, жыл мезгілдерінің ерекшелігін байқап, түрлі табиғат құбылыстарының арасындағы байланыстарды ажыратуды үйренеді. Сонымен қатар табиғатпен танысу балалардың өз елдерін сүюге, табиғат- ты аялауға үйретеді, бақылағыш қасиетін дамытады. Табиғат сұлулығы мен дыбыстарының бірлестігін, оның қайталануын не өзгеруін, яғни оның ритмін білуге ықпал жасайды.

(Ұ, Ө) Әліппе-дәптер бойынша жүргізуге болады (2-3-тапсырмалар).

Әліппе-дәптердегі

жыл мезгілінің суреттері.


Табиғат құбылыс- тарының, күннің, бұлттың суреттері.











Әліппе-дәптер




Сабақтың соңы

IV. сабақтың

қорытындысы.

рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) Рефлексивтік бағалау.

Қалыптастырушы бағалау өз жұмысыңды бағалаудан тұрады. Балалардың өз жұмысын сабақта бағалауын, сауытты кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім.

1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.

1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын.

Әліппе-дәптер,

түрлі түсті қарын-

даштар.

Қосымша ақпарат

Жіктелу – балаларға көмектесуді қалай жоспарладыңыз? Қабілеттірек балаларға қандай тапсырмалар беруді ойластырдыңыз?

Бағалау – балалардың прогресс/ білімін бақылауды қалай жоспар- ладыңыз?

Пәнаралық байланыстар:

«Өзін-өзі тану»

Қажеттілігіне қарай педагог балалардың жұмысын бақылайды, үйлестіреді.

Іс-әрекетті экскурсия шеңберінде бақылау.

Білім деңгейін белгілейтін сұрақтарды таңдау.

Іс-әрекетті рефлексия.

Құндылықтар – сүйіспенші- лікті, ілтипаттылықты, қор- шаған әлемге ұқыптылықпен қарауды тәрбиелеу және өзіңді осы өмірде түсіну.

Байқаулар

Оқытудың мақсаттары қолжетімді болды ма? Балалар бүгін неге үйренді?

Оқыту жағдайы (атмосфера) қандай болды? Балаларды топқа бөлу (топтастыру), саралау бойынша әрекеттер табысты болды ма? Уақытша кестені ұстандым ба? Жоспардан тыс қандай ауытқулар жасадым және неге?


Мына орынды сабақтағы бақылауларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Өзіңіздің сабақ туралы сол жақтағы бағанада жазылған сұрақтарға жау- ап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ерекше табысты болған екі сәтті (сабақта болсын, оқытуда болсын) атаңыз.

1.

2.

Сабақты жақсы өткізуге ықпал ететін екі жағдайды (сабақта болсын, оқытуда болсын) атаңыз.

1.

2.

Топ жайында және оның жеке балалары жайында қандай жаңалық білдім және ол келесі сабақты өткізуіме әсерін тигі- зе ме?