
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету
/Голос за сценой: «Внимание, будьте внимательны и осторожны на первый путь от перрона прибывает скорый поезд «Эспресс - Достық – Дружба» Просьба всех встречающих и провожающих оставаться на своих местах» под музыку выходят все участники конкурса/
ҚР Әнұраны орындалады
1– жүр: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Құрметті қонақтар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты мерекемізге қош келдіңіздер:
2 вед: Добрый день дорогие гости! Мы рады приветствовать вас на нашем празднике посвященное Дню Единства народов РК под названием Экспресс - «Достық - Дружба»
Возьмемся за руки, друзья,
Ведь мы – единая семья:
Татарин, русский и казах,
Литовец, немец и поляк.
Белый голубь в небе кружит в ярком солнечном тепле
Этот праздник - Праздник дружбы всех народов на земле!
1 –жүр:
1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді.
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы.
Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз.
2- вед:
Наша дружба, наша вера
С нами будет навсегда,
Наша сила, наша воля
Не погибнет никогда!
И пока на белом светит
Солнце светит нам во след,
Казахстанцам всем желаем
Быть едиными навек!
1 мая "Праздник единства народов Казахстана!"
С обретением независимости он наполнился новым глубоким содержанием и стал символом крепкой дружбы, сплоченности нашего народа, независимо от национальности и вероисповедания.
Сегодня мы живем в сильном, процветающем и богатом государстве, поэтому уверены в нерушимости нашего единства, успешном будущем своей страны и наших детей.
В этот праздничный день желаю вам, вашим семьям и близким благополучия, счастья, мира и добра! Пусть процветает и крепнет наша Родина – Республика Казахстан!
Праздник единства народа Казахстана — государственный праздник в Казахстане, отмечаемый ежегодно 1 мая.
Праздник начал отмечаться в 1996 году. 18 октября 1995 года президент Казахстана Нурсултан Назарбаев подписал указ об объявлении 1 мая Днём единства народа Казахстана.
1 – жүр:
Ағайын - туған - бар адам.
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық! - дей келесі құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Букенов Ж.Қ және ауыл әкімі Митатов Б.Қ беріледі
2 – жүр:
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр - дей келе әнге кезек берейік.(Патриоттық ән Имашев Ж)
1 – жүр:
Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз, қазақ - бір туған», «Өзбек - өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қырғыз, өзбек, түрікмен және т. б. ұлттарды ынтымақтастыққа шақырған. Бірлік — халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.
2 – вед:
Мой край родной, Республика
Свободных, Великих наций, разных языков.
И ценят здесь обычаи народов
Советы и рассказы мудрых стариков.
Сегодня в нашей стране большой и светлый праздник.
День единста и дружбы народов Казахстана!
С праздником всех поздравляем!
Ну а теперь разрешите ознакомить с правилами нашего сегодняшнего мероприятия:
Каждому классу раздадим маршрутный лист, в котором написаны задания и номера кабинетов. В каждом из кабинетов будет жюри, которое и оценит ваше творчество! Каждое задание оценивается по 6 бальной системе. Побеждает команда набравшая наибольшее количество баллов.
Мы дружной семьюй живём в Казакстане,
Татары, уйгуры и русские с нами.
Так пусть же крепнет во веки веков
Дружба народов всех возрастов Сөз кезегін орыс ұлт өкіліне берейік.
1- жүр: Қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.- деп сөз кезегін қазақ ұлт өкіліне берейік.
2- жүр: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін. – деп сөз кезегін украин ұлт өкіліне берейік.
1- жүр: Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр. деп сөз кезегін кавказ ұлт өкіліне берейік.
2 -жүр: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған! - деп келесі өзбек ұлт өкіліне берейік.
1- жүр: Республикам менің,
Республикам менің,
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын! – дей келесі сахнамыздың төріне татар ұлт өкілін шақырайық.
2 -жүр: Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып, кәріс ұлт өкіліне берейік.
1-жүр: Сәбилер зәресін бұлт алмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Ақ көгершін аспанымда қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнді қолдансын - деп үнді ұлт өкіліне берейік
/Раздаем маршрутные листы/
Ну а пока наше жюри подводит итоги мы с вами немного поиграем
2 – жүр: Достық, ынтымақ туралы даналық сөздерді жалғастыру:
Ынтымақ - достықтың бірлігі.
Ырыс алды - ынтымақ.
Достық күші - бірлікте.
Достық түбі - береке, береке түбі - мереке.
Ел бірлігі - ел теңдігі.
Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.
1 – жүр:
Жүргізушінің қорытынды сөзі: 1 - мамыр мерекесі дүниежүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату - тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық мақалы біздің елге айтылғандай. Келесі сөз кезегін әділқазыларға береміз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2 – жүр:
С Днём народного единства поздравляем!
Счастья, добра, процветания вам желаем.
Желаем солнца в вышине.
Желаем мира на земле.
Чтоб бед и мрачных дум не знать,
Не горевать, не тосковать.
День народного единства в Казахстане,
Очень значим для нас всех.
Солидарность с государством
Обрекает на успех.
Я в День народного единства
Хочу желать по всей стране
Чтоб было небо мирным, чистым,
И чтоб сказали «нет» войне!
Чтоб вместе истинно держались,
Чтоб уважали свой народ,
Совместно от проблем спасались,
И жили так из года в год!
1 –жүр:
«Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
1- жүр: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
2-жүр: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
1- жүр: Ынтымақтастық жасасын!
2- жүр: Қазақстан жасасын!
1- жүр: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
2-жүр: Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
1-жүр: Сау - саламатта болыңыздар!
«Бекітемін»
Мектеп директоры
Букенов Ж.К
Чапаев жалпы орта білім беретін мектебі
«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін»
Экспресс «Достық - Дружба»

2014 ж