Просмотр содержимого документа
«Заттардың қасиеті»
Математика
Оқу іс –әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы.
Уақыты:
Кабинет:
Тақырыбы
Заттардың қасиеті
Сабақтың мақсаты
Баланың даму денгейін, пішін және түс туралы түсінігін анықтау. Заттың қасиеті туралы түсінігін дамыту.
Міндеттері: Балалардың есте сақтау кабілетін арттыру.
Сөздік қоры: артық, кем.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, салыстыру, әңгімелесу.
Қолданылатын көрнекілітер: Шартты белгілері, жемістер, геометриялық фигуралар, сюжетті картиналар.
Көрнекіліктер
Іс-әрекет кезендері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың іс — әрекеті
Психологиялық ахуалды қалыптастыру
«Мен кішкентай баламын,
Мен мектепке барамын.
Оқу оқып, білім ап,
Кілең бестік аламын».
Сәлемдесіп достармен
Қуанып мен қаламын.
Қозғаушы мотивациялық.
— Балалар бүгін сендерге мен қажетті оқулықтарыңмен құрал – жабдықтармен таныстырамын. Мынау математика дәптер, мынау шартты белгілер, үлестірмелі материалдар, оқу құралдары, геометриялық фигуралар, қалам, түрлі қарындаштар.
— Мұғалімнің көрсеткен заттарын атап, не үшін қажет екенін айт.
— Балалардың назарын шартты белгілерге аудару. №1 – тапсырма. Жемістерді санау, салыстыру.
— Сөздікпен жұмыс: Больше-артық, меньше- кем.Заттың қасиетін білдіреді.
Шыршаларды салыстыру.
Тапсырма Пішіндер мен түстерді көру. Дид. ойын «Шартты белгілер бойынша затты табу».
Пішіндердің қандай екенін айту, дұрыс боялмаған түстерді атау. Мысалы: дөңгелек- көк т.б.
Дәптермен жұмыс. Дәптердегі тапсырманы орындау
Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.
Ұйымдастыру іздестіру
Жаңа сабақ
Балалар барлық қимылдарды тәрбиешіге қарап, қайталайды.Берілген тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәті
Бір дененім – білім,
Екі дегенім – еңбек,
Үш дененім – үміт
Төрт дененім – талап
Бес дененім – бірлік
Бірліксіз жоқ тірлік.
Оқушылар ойын ойнайды
Рефлексивті — түзетушілік
Заттарды түсімен саны бойынша салыстыру, бөлу. Артық, кем, үлкен, кіші түсініктеріне көз жеткізу. Дид. ойын. « Қандай зат екенін тап.»Ойын шарты: заттың қасиетін айту.
Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады.
Күтілетін нәтиже:
Білу
Артық, кем, үлкен, кіші математикалық түсініктерді ажырата білу керек.
Өзіне үйренгені
Заттардың түстерін меңгерді.
Үйрену
Сұрақтарға толық жауап беруге үйрену.