СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Жер - шары» ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

жердің шар тәрізді екендігін дәлелдер келтіре отырып түсіндіру.

Балалардың аспан әлемі, жер планетасы туралы танымын тыңдау, қызығушылығын арттырып, шығармашылықпен айналысуға баулу. Өзі өмір сүріп отырған планетасын сүюге, құрметтеуге, қамқор болуға жерін қорғауға тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
««Жер - шары» ашық сабақ»

Күні: 16.11.2021 жыл

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жер-шары»

Мақсаты:жердің шар тәріздіекендігін дәлелдер келтіреотырыптүсіндіру.

Балалардың аспанәлемі,жер планетасы туралы танымын

тыңдау,қызығушылығын арттырып,шығармашылықпен айналысуға

баулу.Өзі өмір сүріп отырған планетасын сүюге,құрметтеуге,қамқор болуға

жерін қорғауға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап,

1.Ұйымдастыру бөлімі:

Тәрбиеші:Балалар, қарандаршы бүгін бізде ерекше күн. Бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Олар біздің қандай білімді , ақылды, тәртіпті екенімізді көру үшін келіп отыр екен. Олай болса,бәріміз келген қонақтармен амандасып алайықшы.

Балалар: Сәлеметсіздерме.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Барлығымыз шаттық шеңберіне тұрып бүгінгі оқу қызметімізді бастайық.

Шаттық шеңбері:

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап

Жүрейікші жараса.

Сәлем саған жер ана,

Сәлем саған нұрлы күн.

Аман – есен болайық

Татулықты қалайық.

-Жарайсыңдар балалар орындарыңа отырыңдар.

-Енді мен сендерге жұмбақ жасырып көрейін, сендер шешімін тауып көріңдерші. (Сыни ойлау)

Жұмбақ шешу.

Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем.

Балалар:Жер

Тәрбиеші: Өте дұрыс.

2.Негізгі бөлім:

Ғажайып сәт: Музыка әуені ойнайды. Топқа өзі жүретін қапшық келеді.

-Балалар қараңдаршы бұл не?

-Дорба.

-Ішінде не бар екен, ашып көремізбе?

-Ия ашып көрейік.

- Дорбаның аузын ашып, ішінен диск пен глобусты аламын.

-Балалар қараңдаршы мен дорбаның ішінен диск пен глобус алдым.

Осы кезде дорба кері бұрылып шығып кетеді.

-Балалар енді алдымен мына дискні қосып қарайық, мүмкін бүгінгі оқу қызметімізге қажетті бір қызық бар шығар.

-Дискні қосу.

Жер ғаламшары туралы бейнеролик қарау.

-Енді экранға назар аударайық.

-Жердің бейнесін көрсету

Жер туралы әңгімелеу, түсіндіру. (Сурет бойынша )

-Балалар, біздер осы Жер шарында өмір сүреміз. Күн қозғалмай бір орында тұрады. Күннің төңірегінде Жерді коса есептегенде 9 ірі аспан денесі айналып жүреді. Олар — планеталар. Күнге ең жақын айналатын планета -Меркурий, онан кейін Шолпан( Венера), Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, ең соңында Плутон айналады.

-Ал енді балалар мен сендерге бүгінгі оқу қызметімізге қатысты үйдегі үлкендерден Жер туралы сұрап біліп келіңдер деп тапсырма берген болатынмын. Осы тапсырма бойынша кім Жер туралы не білетінін айтып береді.

-Жердің пайда болуы туралы айтып беру.

Ақбота: Жер - Күн жүйесіндегі Күннен бастап санағанда үшінші планета. Күнді айналып жүреді. Ал Жер басқа планеталардың ішіндегі ең үлкені.

Ернар: Жер-шар тәрізді екенін  бұрынғы адамдар білген жоқ.Олар жүре берсек жердің шетіне шығамыз деп ойлаған. Келе-келе саяхатшылар қаншама жүргенімен жердің шетіне шыға алмайтынын білген екен.


Наргиза: Жер шар сияқты екеніне грек ғалымдары тұжырым жасаған. Олар Ай тұтылғанда Жер көлеңкесінің дөңгелек  болатынын білген.


Раян: Жер ғаламшарында ғана адамзат тіршілік етеді. Жер ғарыштан қарағанда үлкен, көгілдір және сопақша шар тәрізді болып көрінеді.

Асқар:

Жерде өмір сүреміз,

Ойнаймыз біз күлеміз.

Әлемде бар көп қызық,

Үйренеміз, білеміз.


-Ия яғни Жер –біздің ортақ үйіміз. Жер барлық тіршілік иесінің ортақ үйі.Онда адамдар да, жануарларда, өсімдіктерде тіршілік етеді.

-Жарайсыңдар, керемет етіп айтып бердіңдер.

-Орнымыздан тұрып ойын ойнап бір сергіп алайық.

Ойын: «Күн және ғаламшарлар»

Шарты: жерде 10 шар жатады. Балалар өздеріне ұнаған шарларды алады. Шарларда 9 Ғаламшар және 1 Күн бейнеленген. Балалар әрқайсысы алған шарларына қарап орындарын табады. Яғни, Күн ортады тұрады, алған ғаламшарлар ретімен орналасады. Музыка әуенімен жаймен Күнді айнала қозғалады.

-Жарайсыңдар.

- Ал сендер білесіңдер ме, біз өмір сүріп жатқан жердің пішіні қандай?

- Дөңгелек, шар сияқты.

Ал біз шар үстінде тұрғанымызды неге байқамаймыз? 

Балалардың жауаптарын тыңдау(Миға шабуыл)

-Ал енді мен мына дөңгелек шармен таныстырайын. Бұл -Глобус –латын тілінен аударғанда шар деген мағына береді. 

Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі ГЛОБУС деп аталады.

Біздің планетамыз –үлкен шар. Оның үлкендігі сондай, оны айналып шығу үшін көптеген күндер, тіпті айлар қажет. Жердің бетінің көп бөлігін су алып жатқандықтан біздің шар көк түсі басым, ал, жасыл түс орманды бейнелейді.Жер планетасының табиғаты да ерекше. Бір жерлерде күн жылы болса, кейбір елдерде күн суық болады. Сондықтан адамдар да , табиғатта, өсімдіктерде сол мезгілге байланысты тіршілік етеді.

-Балаларға Глобусты ұстап көрсету.

-Енді сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Пазлы глобус»

Шарты:Глобус бейнесі пазлы бөлшектеріне сай бөлшектерген. Сол бөлшектерден глобус бейнесін құрастырып шығасындар.

-Жарайсыңдар. Керемет құрастырып шықтыңдар.

3.Шығармашылық бөлім.

-Балалар өздеріңнің қалауларың бойынша екі шеңберге бөлініп, глобус бейнесін жасайық. Яғни дөңгелек болып тұра қаламыз. Осы бөлінген топтарыңмен екі үстелге жақындай қояйық.

-Балалар енді бәріміз үстелдің қасына жақындадық.

Үстелдің ұстінен не көріп тұрмыз?

-1 үстел: шар, майлы бояу

-2 үстел: шар, түрлі - түсті қағаз, желім.

-Енді үстелдің үстіндегі шарды алып үреміз. Шардың ауызын байлаймыз.

1 үстел: үстелдің үстіндегі дастарханға сары , жасыл, ақ түсті майлы бояуларды р жерге бөлек бөлек жағамыз. Сосын сол түстерге шарларымызды домалатып бояймыз.

2 үстел: Үстелдің үстіндегі түрлі – түсті қағаздарды сопақша етіп жыртамыз. Дайын болған қағаздарымызды желіммен шарға жапсырамыз.

- Екі топтада нәтижеінде Глобус пайда болады.

Дайын болған жұмыстарыңды мына тұрған үстелдің үстіндегі жапсырмаға әкеліп жапсырып қоямыз. Өзіміз қасында тұрамыз.

4. Қорытынды бөлім.

— Шардың пішіні қандай?

— Ол неге ұқсайды?

— Жердітұтастайкөруге бола ма? (Жоқ.)

— Неліктен? (Олүлкен.)

-Дұрыс айтасыңдар. Сондықтан жерді тек осындай кішірейтілген түрінде көре аламыз екен.

Жасаған жұмыстарыңа қарап жақсы қасиеттерді жермен байланыстырып, өз ойларыңдытүйіндеп айта қойыңдар.

Жер - мейірімді, өйткені ........

Жер – жомарт, өйкені .........

Жер – шыдамды, өйткені .........

Жер – қамқор, өйткені .........

Жер – кеңпейіл, өйткені ..........

Жер – қадірлі, өйткені .....

Жер - біздің анамыз.

Тәрбиеші: Өте дұрыс айтасың, жер біздің анамыз.

-Мынадай әдемі өлең жолымен бүгінгі оқу қызметімізді аяқтайық.

Табиғатың тарылтпасын,
Мөлдір кәусар тынысын.
Пәк табиғат жүрегімнің,
Тамылжыған жырысың.
Ей адамдар қалай ғана...
Қатігездік жасайсың
Ол анаң ғой ,ал сен оның ұлысың.

-Қонақтармен қоштасайық.

-Сау болыңыздар.
















19 Жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы шағын орталығы











Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:

Тақырыбы: «Жер шары»



Өткізген: «Ертарғын» тобының тәрбиешісі

Габдуллиева Д.М











2022 жыл