СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жетінші сөз" ашық сабақ

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңартылған бағдарлама бойынша Абайдың "Жетінші сөз" сабағына ашық сабақ. 6-сыныпқа арналған.

Просмотр содержимого документа
«"Жетінші сөз" ашық сабақ»

Сабақ: Қазақ әдебиеті

Мектеп: Рудный қаласы әкімдігінің «№13 орта мектебі» КММ

Күні: 10.12.18ж.

Мұғалім: Сабитова Г.Ж.

Сынып: 6 "Ә"

Қатысқан оқушылар саны: 21

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

3-бөлім. Адамгершілік - асыл қасиет

Сабақтың тақырыбы:

Жетінші сөз


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

Сабақтың мақсаты:

Барлығы: шығарманың мазмұнын түсінеді.

Көпшілігі: шығармамен танысу арқылы көтерілген әлеуметтік-қоғамдық идеясын анықтайды.

Кейбіреулері: шығарманы өмірмен байланыстырады, белсене ат салысады.

Ресурстар

Оқулық, интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар, микрофон

Жетістік критерийлері:

  • -мәтінді түсініп, сұрақтарға жауап беріп, қарасөздерді құрылымы бойынша сәйкестендіреді.

  • -мәтін бойынша көтерілген идеяны жазады.

  • -мақал-мәтелдердің ішінен тақырыптың идеясын анықтайтын мақалды анықтайды, өмірмен байланыстырады.

Ойлау дағдыл.-ң деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, анализ, бағалау

Тілдік мақсаттар:

Сөздікпен жұмыс. Қарасөз.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, оқушының сыни тұрғыдан көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік жасау.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Оқулық, билимленд, үлестірмелі парақшалар

Осыған дейін меңгерілген білім

Бірінші сөз. Бірінші сөздегі көркемдегіш құралдар.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

(1 мин)














Қайталау кезеңі

(4 мин)







Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа деген дайындығын қадағалау.

Психологиялық ахуал. Абай ақын туралы «Абайға арнау» өлең шумақтарын мәнерлеп оқиды. (Ақбаян Қойгелдиева)

1.Абай - өлең, Абай - жыр, Абай - дастан,
Ұлы Абайдай ұлың бар, қазақ мақтан.
Ұрпақтан-ұрпаққа жетіп жатыр
Абай жырлары қаймағы бұзылмастан
2.Өнеріңе тамсанған, бүкіл халық
Атың елге дүркіреп, кең таралып.
Әртүрлі тақырыпта өлеңдерің
Жастардың жүрегінде жатыр қалып
3.Шырқап бірде жіберсең әндеріңді
Паһ, көңілім көтеріліп қалар ма еді?
Ұмытқан жоқ әлі де халқың сені
Жүрегіңнен шыққан әсем сөздеріңді.

Қайталау. Бірінші сөз. Бірінші сөздегі көркемдегіш құралдар.

Өткен сабақтың мақсаты бойынша қайталау

Білдім: Бірінші қарасөзін біледі.

Қолдандым: көркемдеуіш тәсілдерді анықтайды.

Өзім орындай аламын: Өздігінен бірінші қарасөзді өмірмен байланыстырады.

«Миға шабуыл» өткен тақырыпты қайталау.

Сәйкестендіріңіз.Бірінші қарасөзде көрсетілген бес бағуды ретімен қойып шығыңыз. 

Оқушы: Бөбек, Алия, Дулат

1.Ғылым бағу

2.Ел бағу 

3.Софылық қылып, дін бағу 

4.Бала бағу 

5.Мал бағу 

Дескриптор.

-мәтіннің мазмұнын түсінеді.

-сұрақтарға жауап береді.

Бағалау: мұғалімнің мадақтауы



Интербелсен-ді тақта

Үлестірмелі қағаз











Билимленд

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/10-synyp/lesson/abajdyng-birinshi-qarasozi


Оқулық



Сабақтың ортасы

30 мин

Тақырыпты ашу

(1 мин)





Мақсат айту

(1 мин)






Сөздікпен жұмыс

( 1 мин)

Сөзге сұрақ қою

(1 мин)


Үнтаспа

(4 мин)



Сұрақтарға жауап беру

(7 мин)




1-тапсырма

(2 мин)

Тексеру

(2 мин)











2-тапсырма

Жызылым

( 3 мин)

Тексеру

(2 мин)

3-тапсырма

( 3 мин)







Сергіту сәті

(1 мин)

Жаңа тақырыпты ашу.

Ой шақыру

Оқушы: Бөбек, Алия, Дулат

  1. Жас сәбилер қолына түскен затты неге аузына салады? Бөбек

  2. - Адамның жануарлардан артықшылығы неде? Алия

  3. - Тәннің қалауы мен жанның қалауын қалай түсінесіздер? Дулат

"Мюстербенг" әдісі арқылы тақырыпты нақтылау.

мисдмЖетіншіамвдсөзапавр

Жаңа тақырыпқа мақсат қою: Менің мақсатым...

Оқу мақсатын бірінші таныстыру

1.Білгім келеді...Бөбек

2.Қолданғым келеді...Алия

3.Өзім орындағым келеді...Дулат

Жаңа тақырып. "Абайдың жетінші қара сөзі"

Сөздікпен жұмыс (сөздерді хормен айту) Сөздерді ауызша сұрау

Оқушы: Бөбек, Алия, Дулат

Һәм – әрі

Демеклік-айтпақтық, сөйлемектік.

Хайуан – жануар

Әзелде-әуелде, о баста. Бөбек

Күретамыр-қан жүретін үлкен тамырлар, негізгі қан жолы. Алия

Өлер-тірілерін білмеу-еш нәрсемен есептеспеу. Дулат

ТЫҢДАЛЫМ. Мәтінмен жұмыс. Билимленд сайты бойынша мәтінді тыңдайды.

-Оқушылар «Билимленд» сайтынан Абайдың жетінші қарасөзін тыңдаймын. Саусағымызды кітапқа қою, мұқият тыңдаймыз.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

1.Ақын бала анадан туғанда қандай мінезбен туады дейді? Бөбек

Сендер мінездің қандай түрін білесіңдер?

2.Тыңдалым барысында қандай сөздер есімізде ерекше сақталды?Алия

3.Бізде тән құмары мен жан құмарының қайсысы басым болу керектегі турасында ойымызды айталық. Дулат

1-тапсырма. Қарасөз құрылымы бойынша сәйкестендір.

1.Қарасөз кіріспесі


Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді.

2.Негізгі бөлім

Қайта, бала күнімізде, жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, «білсек екен» адамның баласы екенбіз.

3.Қорытынды

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады

Бағалау: өзін-өзі тексеру (қол көтеру)

2-тапсырма. Абайдың жетінші қарасөзінің идеясын 2-3 сөйлеммен жаз.

Негізгі идеясы:


Бағалау: «Екі тілек, бір ұсыныс»


3-тапсырма. Мақал-мәтелдердің ішінен «Жетінші қарасөздің» идеясын ашатын мақалды анықтаңыз. Мағынасын өмірмен байланыстырып айтыңыз.

Мақал-мәтелдер

1. «Өз білгенің өзіне, өз білмегенін – өзіме»

2. «Жан тәнге қонақ»

3.Адам бір-біріне қонақ

Бағалау: мұғалім мадақтауы (жақсы, жарайсың)




Интербелсен-ді тақта



















Билимленд

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/10-synyp/lesson/abajdyng-zhetinshi-qarasozi






Үлестірмелі қағаз













Интербелсен-ді тақта

Сабақтың соңы

(4 мин)

Тексеру

( 2 мин)

Бекітуге арналған тапсырмалар. 1-тапсырма.

Абай айтқан тән құмары мен жан құмарына тағы нелерді жатқызар едіңіз?







Тест тапсырмасы.

1. Абайдың Жетінші қарасөзі қандай тақырыпқа арналғанын көрсетіңіз.

А) мақалдарды сынауға B) сәби дүниеге келгендегі мінезі жайлы+ C) байларды сынауға D) халықтарды өзара салыстыруға

3.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. 
Көкіректе сәуле жоқ, көңілде ... жоқ.

А) арман B) қуаныш C) сенім+ D) мақсат

4. Жетінші қарасөз бойынша ненің құмары болмаса, «тән жанға қонақүй бола алмайтынын» көрсетіңіз.

А) рухани құмарлық B) тән мен жан құмары бірге C) жанның құмары D) тәннің құмары+

Бағалау: өзін-өзі бағалау.









Үлестірмелі парақшалар












Интербелсен-ді тақта

Үйге тапсырма

(1 мин)

Хрестоматиядан 29-30 бетке дейін оқу, мазмұндау.

67-бет. №1 венн диаграмманы орындау

Оқулық

Рефлексия

(1 мин)

Менің мақсатым...

1.Білдім...

2.Қолдандым...

3.Өзім орындай аламын...

Интербелсен-ді тақта

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушыларыма сабақ үстінде барынша қолдау көрсетемін. Оның бір дәлелі – психологиялық ахуалдан бастаймын. Қабілеті жоғары оқушылардың дарындылығын кеңейту үшін өз деңгейлеріне сай тапсырма беремін.

Сабақ бойынша оушылардың меңгергенін білу үшін маған критериалды бағалау көмектеседі. Әр тапсырмадан кейін кері байланыс орнатамын. Сабақ соңында мақсатқа жеткенін білу үшін бекіту тапсырмасын орындатамын.

Қазақ тілі пәнімен байланыс болды. АКТ оқу барысында тиімді қолданылды. Әсіресе, «Билимленд», интербелсенді тақта.Бұл сабақ арқылы оқушылар рухани адамгершілік қасиетті ұялатып, оқушының сыни тұрғысынан дамуына әсер етті.


Ойлану


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары

жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар осы сабақта толығымен мақсаттарына жетті. Тапсырмалар жеңілден қиынға барды. Бүгінгі сабақ бойынша Абайдың «Жетінші сөзінің» мазмұнын білді. Ең бастысы – қарасөздің идеясына жетіп, анықтап, өмірмен бацланыстырды. Өздері үшін үлгі-өнеге алды.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Критериалды бағалауды өз сабағымда тиімді қолдануым.

2: Оқу мақсатына сүйене отырып, оқушылармен бірге сабақтың мақсатына жетуім.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Идеясын ашқан кезде жұппен жұмысты қолданғанда, тіптен жақсы болар еді.

2: Оқулықта мәтінге байланысты тапсырмалар болғанда жақсы болар еді.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Осы сабақ барысында болашақта мәтінмен жұмысқа аса мән беру керектігін, билимленд т.б.ресурстарды сабақпен байланыстырып тиімді қолдануға мән бердім.