Просмотр содержимого документа
«Дьеныш блоктары»
Дьеныш блоктары
Әлемнің көптеген елінде балалардың ойлау қабілетін дамыту мақсатымен венгер психолігі және математигі, профессор, «Жаңа математика» авторлық әдістемені құрастырушы – Золтон Дьеныштың «Логикалық блок» дидактикалық материалын табысты қолданады. Соңғы онжылдықта осы дидактикалық материалға сүйене отырып Дьеныштың логикалық блоктарымен құрастырылған ойын жүйелері мен ойын жаттығулары жарыққа шықты. Олар: А.А. Столяровтың редакциясымен шығарылған «Кел ойнайық» (М, 1991ж., 1996 ж.) және З.А.Михайлованың редакциясымен шығарылған «Мектепке дейінгі балаларға арналған логика және математика» (СПб, 1996ж., 2000ж.)
Ресей педагогтарының тәжірибесінен мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істеу барысында :
Ойлау дағдыларын дамытуда, салыстыру, талдау жасау, топтастыру, қорытынды жасауды, ақпаратты кодтауды, қайта кодпен ашуды үйренуде
Алгоритмдік ойлау мәдениет дағдыларының элементтерін меңгеруде
Шығармашылық қабілеттерін дамытуда
Танымдық процестері ес, қиал, зейінді дамытуда
логикалық блоктарды ойын материалы негізінде қолданудың әсерлілігі байқалды. Сонымен бағдарлама жүктемесін жүзеге асыруда және балалардың танымын дамытуда Дьеныш блоктары әмбебап дидактикалық құрал болып табылады.


7
Дьеныш блоктары өзара төрт қасиетпен ажыратылатын 48 элементтен тұрады:
Жуандығы – жіңішке және жуан
Түсі – сары, қызыл, көк
Пішіні – дөңгелек, үшбұрыш, тікбұрыш, шаршы
Мөлшері – кішкентай және үлкен
Логикалық пішіндер 9 жинақтан тұрады.
Әр жинақта 24 пішін : 6 шаршы, 6 тікбұрыш, 6 үшбұрыш, 6 шеңбер ;
Бұл логикалық пішіндер жинағын оқу үрдісінде кеңінен қолдануға болады:
әрекет эталонына үйретуде
еске сақтау, қабылдау, зейін, қиялды дамытуда
логикалық операцияға қабілеттерін дамытуда т.б.
Балаларды осы символды карточкалармен таныстыру, ең маңызды қадам болып табылады. Мұнда 5кубикті ( әр бетіне жоғарыдағы символ бейнеленген) логикалық кубиктерді қолдану ұсыналады.


Бұл кубиктің арқасында бала әр түрлі ойындарды ойлап таба алады, сонымен қатар кодтауға және қайта кодпен ашу дағдыларын меңгеруде септігін тигізеді.