Ынталандыру кезеңі | Кел, балалар, келіңдер, Жақын келіп тұрайық. Шеңберді біз құрайық, Таңертең ерте тұрайық. Бетті, қолды жуайық. Тісімізді тазалап, Айнаға да қарайық. Шашымызды тарайық, Денсаулықты сақтайық. Сабын, тарақ, щеткамен, Тазаланып тұрайық. Тазаланып болғасын, Бау-бақшаға барайық. Көкөністер пісіпті, Жеміс-жидек түсіпті, Жинап теріп алайық. | . Балалар саяхатқа дайындалып,сапқа тұрады |
Ұйымдастыру кезеңі | - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Балалар, бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз «Дәрумендер әлеміне саяхат» деп аталады. -Балалар дәрумендер еліне немен барамыз? Дұрыс айтасыңдар жаяу жүген денсаулыққа пайдалы. – Мына суретке қарайықшы, не көріп тұрсыңдар? – Балалар, осы жемістер, көкөністер денсаулыққа өте пайдалы. Оларда дәрумендер– өте көп. Бау-бақшадағы жемістер күзде піседі, оны адамдар жинап, теріп алып дүкендерге апарады. Балалар осы жемістерді деніміз сау болу үшін, ауырмай өсу үшін қалай жейміз?. Ал енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын 1-Қалың киім ұнатады, Шешіндірсең жылатады. Ол не? Пияз жерде өседі, оның дәмі ащы болып келеді. Пиязды аурудың алдын алу үшін де пайдаланады. Пішіні қандай екен? 2. Үлкендігі алмадай, Сырты жанған қызыл от, Ішін жарып қарасаң- Майда , майда қызыл шоқ Анардан салқын сусындар дайындалады. Анарды күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады. Асқазан қабынуына және терінің күйгеніне анар жемісінің қабығы жақсы көмектеседі (қайнатылған түрде)
3-Сырты тәтті, іші тәтті Ортасы сүйек қатты Өріктен тосап, шырын, мармелад жасайды, десерт ретінде қолданады. Өрікті жүрек, бүйрек ауырғанда, анемияға, жүйке ауруларына пайда Балалар есікті біреу қағып тұрған сияқты. Бұл кім екен? Сәлеметсіңбе Тышқан, амандасайық тышқанмен балалар. Тышқан : Сәлеметсіндер ме балалар. -Балалар мен сендерге көптеген тағамдар әкелдім, олар өте дәмді және денсаулыққа пайдалы, дәрумендері көп (чипсы, сухарики, Соса Соlaкөрсетеді).
Тәрбиеші: Балалар, сендер дәрумендерді білесіңдер ме? Қандай тағамдарда дәрумендер көп? Тышқан әкелген тағамдарда дәрумендер бар ма? Дұрыс айтасындар Балалар, тышқан әкелген тағамдарда дәрумендер жоқ, пайдасыз, оларды жеуге болмайды. Дәрумендер сүттен жасалған тағамдарда, жемістерде, көкөністерде көп болады. Дидактикалық ойын «Жемістер мен көкөністер» Ал ендеше мына қораптағы жемістер мен көкөністерді топтап жинайық. Қане олай болса, балалар, жемістер туралы тақпақтар айтайық. Мен алмамын, алмамын, Денсаулыққа пайдамын. Сусынымды ішсеңіз, Көп ауруды жазамын. Мен сәбізбін, сәбізбін, Емдік қасиет беремін. Көп ауруды жазамын, Емделем десең әзірмін. Мен қарбызбын, қарбызбын, Күннің көзін сүйемін. Ауырса бүйрек, бауырың, Көмегімді беремін. – Балалар, жемістер мен көкөністер үлкен еңбекпен келеді. Оларды көктемде егіп, күтіп баптап, суарып, күзде піскенде жинап аламыз. Дидактикалық ойын «Не артық?»
– Балалар, қане, бәрін мұқият тыңдаңдар.. Дәрумендер тірегің, АВСДЕ деп аласың. Жетіспесе бірі оның, Ауырып сен қаласың. Балалар олай болса міне менің қолымда бір себет жемістер бар ,жүріңдер ас бөлмесіне барып жуып ,турап йогурт қосып дәрумендер салатын жасайық. Қонағымыз тышқанда дәм ауыз тисін. | Жаз деп жауап береді. Әрине жаяу әндетіп барамыз, – Жемістер, көкөністер Иа, иа. – Жуып, тазалап жейміз. Райяна ( пияз – лук) –деп жауап береді Түсі қандай? ( қызғыл сары)
Айша ( Анар – гранат) –деп жауап береді.
Абдуләзиз (Өрік -урюк -деп жауап береді. Тышқан Сәлеметсіз бе? чипсы, сухарики, Соса Соla көрсетеді). Иа олар көкөністер мен жемістерде болады. Жоқ Айнаш пен Санжар көкөністер мен жемістерді ажырата біледі. Қазына алма туралы тақпақ айтады. Айсұлтан сәбіз туралы,ал Зере қарбыз туралы айтады. Айлин мен Аланға ойын қатты ұнады Балалар ас бөлмесіне аспазшының киімдерін киіп кіреді. |