Просмотр содержимого документа
«"Дәстүрден тыс сурет салу"»
Бейнелеу әрекеттері үрдісінде мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылығын дамытудағы инновациялық
техникалар
Бейнелеу өнерінің мақсаттары
- Сурет салудың дәстүрлі әдіс - тәсілдері арқылы бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын ояту.
- Баланың ой-өрісін бейнелеу өнері әлеміне бағыттап, түстерді қабылдай білуге, мазмұнды сурет салуға үйрету.
- Балалардың жеке бөліктерді бейнелей білу іскерлігі мен дағдыларын дамыту.
- ТРИЗ технологиясын меңгерту мен қатар, қиял-елес белсендігін арттыра отырып, шығармашылық қабілетін арттыру.
- Халық шеберлерінің өнерін, табиғатты аялауға, туған өлкеге деген сезімдерін, тапқырлық, мейірімділікке тәрбиелеу.
Бейнелеу өнері сабағының міндеттері.
*Бейнелеу өнерінің түрлері жайлы қысқаша мағлұматтар беру.
*Балалардың сурет салуға икемділік дағдыларын қалыптастыру.
*Сурет салудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.
*Сурет салып үйретуге арналған дидактикалық көрнекі құралдар сабаққа қойылатын жоғарғы талапқа сәйкес орындалуы тиіс.
*Баланың қиял-елес белсенділігін ТРИЗ технология элементтері арқылы шығармашылық қаблеттерінің ашылуына мүмкіндік туғызу.
*Берілген тапсырмалар жүйелі түрде, балалардың сауатты білім алуына тікелей әсер етуі қажет;
*Балаларда бейнелеу өнерінің қоршаған орта заттар мен құбылыстарымен тығыз байланыстылығы туралы көзқарастарын қалыптастыру;
*Балалардың танымдылық белсенділіктерін арттыра отырып, бейнелеу қабілеттерін жоғарылату, оның үйлесімділігі мен көркемдігіне баса көңіл аудару;
*Елестету мен қиялдау қабілеттерінің деңгейін көтеруге жәрдемдесе отырып, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру;
Бейнелеу өнері пәнін оқытуда мынадай талаптар қойылады.
- Жаңа материалды түсіндірудегі белсенділігі жоғары болуы қажет;
- Сурет салып үйретуге арналған дидактикалық көрнекі құралдар сабаққа қойылатын жоғарғы талапқа сәйкес орындалуға тиіс;
- Бейнелеу өнері пәнінің мақсаты, мазмұнын, бағдарламаларын толық меңгеруге тиіс;
- ТРИЗ технология элементері арқылы сурет салудың әдіс - тәсілдерін талапқа сәйкес орындалуы тиіс;
- Құралдармен жұмыс істеу барысында балаға өз-өзіне сенімділікті қалыптастыру қажет;
- Шығармашылық әрекет үстінде эмоционалдық көңіл-күй туғызу қажет;
Оқушыларға арналған сурет салу ережесі.
Сурет салуға арналған құрал - жабдықтар талапқа сәйкес болуы қажет;
Бала сурет салу барысында кеудені тік ұстауы керек;
Сурет салатын қағазға күннің сәулесі немесе артық көлеңке түспеу керек;
Бояумен сурет салғанда табиғи жарықты пайдаланған орынды;
Сурет салуда икемді қимылдап, ұқыпты орындауға дағдыланған жөн;
Балаларды сурет салуға үйрету кезінде бейнелеу өнеріне байланысты ережені мұқият қадағалау керек.
“ Бейнелеу өнері” мен “Айналамен танысу” пәндерінің жүйеаралық интеграциясының өзіндік ерекшеліктері бар:
- Сурет салудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын оятады
- Балаладың ой-өрісін бейнелеу әлеміне бағыттап, елестету арқылы дәл бейнелеуге іскерлігін ояту.
- ТРИЗ технологиясының түрлерін меңгерту.
- Бейнелеу өнері мен айналамен танысу тақырыптарын байланыстыра отырып, табиғи құбылыстардың себеп-салдарын ажырату;