Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы анвар исмаилов атындағы кәсіптік колледжі
Сабақтың тақырыбы:
«Дәстүрлі емес сурет салу тәсілдері»
Пәні:Білім алушылардың таңдау пәні
Курсы: ІІ курс
Оқытушы:Алиева Макбал Бекбосыновна
Қызметі:Арнайы пәндер оқытушысы
Ақсу-2020 жыл
Сабақтың мақсаты: Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дәстүрлі емес сурет салу әдістері арқылы дамытып,дәстүрлі емес әдістерді пайдалану арқылы сурет салуға деген қызығушылықтарын, дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Қажетті Құрал-жабдықтар: ватман , А 4 парақтары,бояулар, қылқалам түрлері, мақталы таяқшалар, гуащь,фломастерлер,паралон,жіп, губка, майшам,жемістер бастырмасы, майлықтар
Дәстүрлі емес әдістермен сурет салу дегеніміз не? дәстүрлі емес бейнелеу өнері- шығармашылық жұмыста суретті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін көркем суреттің құрамы мен түсін құруда және жаңа мәнерлі әдістерді қоса алғандағы суреттердің тиімді құрамы болып табылады. Сурет салу әдістерін меңгерту мақсатында дәстүрлі емес әдістерді пайдалану балаларға қызығушылықтарын, еркіндіктерін, өздеріне деген сенімділіктерін тудырады. Сондықтан, бала ерікті түрде қызығушылық танытып сурет салу үшін дәстүрлі емес әдісті пайдаланған жөн. Себебі дәстүрлі емес әдістің құралдары қызықты, әрі сурет салу жолы оңай .
Дәстүрлі емес тәсілді пайдалану кезінде анықтау , зерттеу қабілеті қалыптасады.Бұл әдіс балалардың бейнелеу өнеріне деген мотивациялық қозғаушы күші болып табылады. Сонымен қатар балалардың суретті соңына дейін «сала аламын ба?» деген қорқыныштары кетеді. Дәстүрлі емес әдіс кезінде көру және саусақ маторикасы жақсы дамиды. Балалар сурет салғанды өте ұнатады. дәстүрлі емес сурет салу кезінде бала Түрлі құралдармен ,тәсілдермен танысады,эстетикалық сезімі дамиды. Түстердің алуандығын ұғынады. Дәстүрлі емес тәсілді пайдалану кезінде шығармашылығы дамиды. Жеке және ұжыммен жұмыс жасауды , жұмысты соңына дейін жеткізуді үйренеді. Баланың қиялын, елестетуін, ойлауын, зейінін жетілдіреді және Көру, саусақ маторикасы дамиды. .
Бірақ қарындашпен, фломастермен, бормен, қылқаламмен ғана емес өзінің сүйікті ісіне олар өзгеде заттарды пайдаланады. Мысалы: алақан, саусақ, табандарымен, әр түрлі таяқшалар, жіптер, далаппен сурет салуды қызық көреді.Қарапайым нәрсенің жаңаша қызметін ойлап шығарып, оларды бейнелеу өнеріне жаратып, таңқаларлық сурет салуға қолдану бұл тамаша! Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс түрлерінің ішінде көкөніс бастырмасы, жіп графикасы, бір басылымды сурет (монотипия) , граттаж сияқты сиқырлы әдіспен сурет салу балаларға ұнайды. Мұндай оқу қызметтерінде балалар әрекет етеді, жаңа нәрсені туындатады, өз әрекетінің нәтижесін көреді.
Монотипия Монотипия әдісінде қағаз тігінен екіге бүктеледі, бір жағына келешек пейзаждың обьектілерінің элементтері жекеленіп салынады, ал салынып болғаннан кейін қағаз екіге бүктеледі, басылады, қағаздың екінші бөлігінде суреттің кескіні пайда болады. Алынған сурет қайтадан бояумен басылып шығады.
Жіптің көмегімен сурет салу (ниткография)
Сия тамшысы әдісі немесе Кляксография Бұл әдістің негізі – клякса. Клякса көп адамдардың түсінігінде ұқыпсыздықтың белгісі. Клякса – бұл сиядан,бояудан пайда болған дақтар. Дегенмен,кляксаның сурет салуға көмегі тиюі мүмкін.Бұл кезде бояу арқылы әр түрлі дақтар қалдырып,оны керемет өнер туындысына айналдырамыз.Егер қағазды екіге бөліп,оның бір жағына бояуды тамызып,оны симметриялы екінші жағына ауыстырсақ,ерекше ою өрнектер алынады.
Бастыру әдісі немесе Шаблонография Бір затты салу үшін оның қандай бөліктерден тұратынын білуіміз керек. Балалар ерте жасынан ойыншықтары қандай фигуралардан тұратынын зерттеуге ұмтылады. Жасы келгенде,баланың тәжірибесі де арта түседі. Бұл әдіс алдын ала дайындалған шаблондар арқылы – геометриялық фигураны – жалпы сюжет алу үшін саламыз.
«Алақанмен» сурет салу Бұл әдіс кіші тобындағы балаларға өте ұнайды. Себебі балалар бояуды көріп қана қоймайды, оны сезінеді.
Пластилинография немесе пластилинмен сурет салу Пластилинмен сурет салу баладан төзімділікті, бастаған істі аяғына дейін жеткізу үшін табандылықты талап етеді. Бұл әдісті көбінесе мектепалды даярлық топтарында пайдаланылады.
«палитра - саусақтар» саусақпен сурет салу Бұл барлық жастағы балаларға ұнайтын қарапайым да оңай әдіс. Олар үлкен ынтамен салады. Саусақпен сурет салу бірнеше кезеңнен тұрады. Балалар әуелі бір саусақпен, сосын бірнеше саусақпен сурет салып үйренеді. Келесі кезеңде балалар бояуларды араластыруды үйренеді. Әр саусағын әртүрлі бояуға батырып бір түстің үстіне келесі түсті жағады. Түстерді араластыру нәтижесінде балалар өздеріне қажет түсті табады бояуларды араластыру әдістерімен ұтымды безендіре алады. Ертегілерге салынған сюжеттерді де балалар өте сәтті бояйды .
Назарларыңызға рахмет!