СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

дарынды оқушылармен жұмыс жоспары 7 сынып 

Просмотр содержимого документа
«Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары»

Дарынды оқушылармен жұмыс

Құрылымы:

 

Мұғалім туралы мәлімет __________________________________________1

 

І бөлім. Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында

істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері__________________2-4

 

ІІ бөлім. Дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесінің моделі_________4

ІІІ бөлім. Бағыттары бойынша жұмыс жоспары_______________________6

 

ІV бөлім Дарынды оқушылардың тізімі _____________________________7

  


Мұғалім туралы мәлімет

Тегі, аты, әкесінің аты

Нурымбаева Сандугпш Калдарбековна

Туған күні, жылы

18.04.1984 ж.

Қызметі

Қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің  мұғалімі

Білімі

Жоғары

Қандай оқу орны, бітірген, жылы

«Қайнар» университеті 2005 ж.

Мамандығы

Қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің мұғалімі

Санаты

ІІ санат

Педагогикалық өтілі

7 жыл

Осы мектептегі өтілі

3 жыл

Осы мектепте нешінші жылдан бастап жұмыс істейді

2015 жылдан


Әдістемелік тақырыбы

 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі

Қай жылдан бастап осы тақырыппен жұмыс істейді

2015 ж

Қолданатын инновациялық технологиялар түрлері

Сын тұрғысынан ойлау, Блум таксономиясы, оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау, Джигсо стратегиясы



 

 











І бөлім.

Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері.


Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы  41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызғаөзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.

Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны  жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

Міндеттері ретінде:

Оқу –тәрбие үрдісіне диаагностикалық талдау жасау

Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру

Оқу –тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру

Мектептің алдына қойған мақсаттарын шешуге пән мұғалімдерінің сапалық құрылымы мен әлеуметтік жағдайларын білу мен зерттеуді және қолдауды алдымыздағы бірінші кезекті мәселе етіп қойдық.


Алынған мәліметтер бойынша туындаған проблемалар:

Мұғалімдердің жоғары білім алуына және ғылыми ізденіспен шұғылдануына жағдай жасау;

Білім, біліктілігін арттыру;

еңбектерін әділ  бағалай отырып, құрметтеу;

мұғалімнің әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, көмек көрсету;


Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.

Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.

Оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат. Біз соңғы нәтиже сипатын, мектеп түлегінің білімділігі үлгісі арқылы құрдық.

Біздің оқушыға қойған талабымыз:

қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;

ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;

алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;

өзін — өзі талдауды, өзін — өзі бағалай білуді меңгеру;

басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);

қоршаған ортада өз орныңды , жеке рөліңді анықтай білу;

Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек.  Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби шеберлегін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.

Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.

Ел президенті Н.Назарбаевтың  Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі.  Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.

“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.

Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби  біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі  мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады.  Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.

Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің  инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және  пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз.

Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға  бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.

Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:

оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.

Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);

Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);

Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);

Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;

Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;

Ата- аналармен ынтымақтастық құру;

Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.

Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;

оқушы дарындылығының моделін білу;

қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;

дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;

дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.

Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар:

дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми  зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

Оқушылардың шығармашылық  қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

Сабақты түрлендіріп өткізу;

Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық  қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.

Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп  оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.














ІІ бөлім. Қабілетті оқушылармен жұмыс істеу жүйесінің моделі.

Жұмыстың бағыттары:

Диагностика – оқушыны тұлға ретінде байқау.

Қабілеті жоғары және дарынды оқушылармен қазақ тілі мен әдебиет сабағында жұмыс істеу;

Сабақтан және сыныптан тыс жұмыстары.

Жұмыстың әдістері:

Әңгімелесу;

Тестілеу;

Диктант;

Тыңдап түсіру;

Сұрақтар қою;

Әдебиеттерді қарастыру;

Шығармашылық жұмыстар;

Мәселе шешу әдісі;

Инсерт әдісі;

Джигсо әдісі;

Блум таксономиясы бойынша сұрақтар қою;

Жұмыс түрлері:

сабақ жүзінде қиындығы жоғары тапсырмаларды пайдалану;

факультатив;

үйірме жұмысы;

уақытша топтарды жасау;

өз-өзінің білімін көтеру;

пән апталықтарын өткізу;

олимпиадалар;

интеллектуалдық марафон.

Бағдарламаның мазмұны

Оқушыларға диагностика өткізу – жалпы дарындылығын бағалау, жұмыс бағыттарына бөлу (ІІІ бөлім)

Бағыттары бойынша жұмыс жоспарын жасау (IV бөлім)

Қазақ тілі мен әдебиет сабағында дарынды оқушылармен жұмыс – қиындығы жоғары тапсырмалардың кең спектрі жасалған, балалармен жұмыс істеген — таңдау жасауға мүмкіндік береді. (V бөлім)

Оқушылардың шығармашылық жұмысы – ізденіс, зерттеу нәтижесінде жасалған жұмыстары. (VІ бөлім)

Жұмыстың негізгі принципі – «дамыту» принципі

Программаның ресурстық қамтамасыз ету:

Оқу кабинеті;

Кітапхана фонды – Қазақ тілі мен әдебиет сабағында қажетті материалдар т.б. мәселелері бойынша әдебиеттердің бар болуы.

Басқару, байланыс:

Басқару  — директор, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, қазақ тілі, орыс тілі пәні мұғалімі.

Тиімділігінің белгілері:

Пәнге деген қызығушылығының жоғары деңгейі.

Пән бойынша үлгірмейтін оқушылардың жоқ болуы.


 






ІІІ бөлім. Бағыттары бойынша жұмыс жоспары.

2017-2018 оқу жылы


ЖОСПАРЫ


Ай

Апта

Бағыт


ОҒҚ

1

2

Қыркүйек

1-2

Дарынды оқушыларды байқап, жұмыстың бағытын анықтау


3


3-4

Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылығын анықтау

Оқушылардың ғылымға деген қабілетін анықтау

4

Қазан

1-2

Ғылыми жобаға қойылатын талаптармен таныстыру

Ғылыми жобаға қойылатын талаптармен таныстыру

5


3-4

Ғылыми жоба бағытындағы тапсырмаларды орындау

Ғылыми  жоба туралы жалпы мәлімет

6

Қараша

1-2

Кітапханаға барып қосымша қазақ тілі әдебиет пәнінен мәліметтер жинау

Ғылыми  жоба түрлері

7

Желтоқсан

1-2

Ғылыми жобамен ізденіс жұмыстарын жүргізу

Ғылыми жұмыстарының тақырыптарын таңдау

8


3-4

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша жұмыс жүргізу

Тақырыбына сай ғылыми жұмыстың жоспарын құру

9

Қаңтар

1-2

Кітапханаға барып қосымша қазақ тілі әдебиет пәнінен  мәліметтер жинау

Әдебиеттермен жұмыс

10


3-4

Ғылыми жобаға қосымша мәліметтер кіркізу.

Деректерді жинау, тәжірибе жоспарын құрастыру

11

Ақпан

1-2

Шығармалармен жұмыс

Тәжірибе жасау, зерттеу ұйымдастыру

12


3-4

Ғылыми жоба зерттеу жұмысын саралау

Зерттеу жасау

13

Наурыз

1-2

Ғылыми жоба жұмысымен зерттеу жұмысын көру

Зерттеу жасау

14


3-4

Қосымша әдебиеттермен жұмыс


Зерттеу нәтижелерін анықтау

15

Сәуір

1-2

Ғылыми жоба жұмысын баспаға шығарып реттеу

Ғылыми жоба жұмысын жазу

16


3-4

Ғылыми жоба жұмысы бойынша слайд презентация жасау

Ғылыми жоба жұмысын қорғау

17

Мамыр

1-2

 

Ғылыми жоба жұмысын қорғау

Ғылыми жоба жұмысын қорғау

18


 

3-4

Ғылыми жоба жұмысын қорғау

Ғылыми жоба жұмысын қорғау






 

 

ІV бөлім.Дарынды оқушылар тізімі


Оқушының аты-жөні

сыныбы

Ғылыми жоба тақырыбы

ескерту

1

Шахдорхонова Айнура

7 ғ

Орыс тілді жазушылардың қазақ әдебиетіндегі кейбір салт-дәстүрді зерттеулері


2

Уалиханова Карина

7 д

Қасиетті сандар сыры




 

      










































14 мектеп - гимназиясының 7 ғ, д сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша І тоқсандағы дарынды оқушылармен жұмыс есебі

2017-2018 оқу жылы

Мұғалім: Нурымбаева С.К.


2017-2018 оқу жылы басында дарынды оқушыларды байқап, жұмыстың бағыты анықталып алынды. Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары қыркүйек айында қаралап бекітілді. Дарынды оқушылар тізіміне 7 ғ,д сыныптар арасындағы Шахдорхонова Айнура мен Уалиханова Карина деген оқушылар енгізілді. Шахдорхонова Айнура деген оқушының ғылыми жоба тақырыбы «Орыс тілді жазушылардың қазақ әдебиетіндегі кейбір салт-дәстүрді зерттеулері», ал Уалиханова Карина деген оқушының тақырыбы «Қасиетті сандар сыры». Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылығы анықталды. Оқушылардың ғылымға деген қабілеті анықталды. Жобаға қойылатын талаптармен танысты. Аталған оқушыларға ғылыми жоба бағытындағы тапсырмаларды орындау және жоба бағытындағы тапсырмаларды орындау тапсырылды. Осы қыркүйек және қазан айларында осы аталған оқушыларға ғылыми  жоба туралы жалпы мәлімет қарастырып жинақтау жұмысы тапсырылды. Сонымен қоса осы оқушыларға сабақ үстінде шығармашылық қабілеттерін дамытуға қосымша күрделі тапсрымалар беріліп отырды. Сабақтан тыс уақытта кітапханаға барып, білімін жетілдіру, интернет желілерін қарау, қосымша мәліметтер жинақтау кезінде газет – журналдар қарау, инциклопедия және өміріміздеболып жатқан құбылыстармен салыстыра алу жұмыстары тапсырылды. Алдағы айларда дарынды оқушылармен жоспар бойынша жұмыстар атқарылады.
















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!