| Ойқозғау. 1.Нақыл сөзді түсініп оқы. Тіл сөзін сөз деп алып қайталап оқы. Өз ойыңды білдір. Ең тәтті де – тіл, Ең ащы да – тіл. Ең қатты да – тіл, Ең жұмсақ та – тіл. Неліктен? - себебі біз тіл арқылы сөйлеп өз ойымызды сөзбен жеткіземіз. Жақсыны ба жаманды да. Сөз сүйектен өтеді деген. Дескриптор. 1.Нақыл сөзді оқиды. 2. Өз ойларын айта алады. Автормен танысу айдары. 2. Мəтінді тыңда. Қазыбек би туралы мәлімет. Қаздауысты Қазыбек би – қазақтың үш биінің бірі. Ол Сыр бойында дүниеге келген. Жасынан шешендігімен, ойлы да əділдігімен, батыл да батырлығымен көзге түскен. Халық «Қазыбек қазып айтады» деп құрметтеген. Дескриптор. Мəтінді тыңдайды. 3. Аңызды түсініп оқы. Бала – бауыр етің. (Аңыз-əңгіме) Алдаспан – қылыш. Безеріп – қатігезденіп, жек көріп. Безек қағады – жаны ауырады, шырылдайды. Дескриптор. Оқулықтағы Қазыбек би туралы аңыз оқылады. Дəйексөздерді оқып, біледі. Аңызды өз сөзімен түсіндіреді. Екі ананы салыстырады. Топтық жұмыс. І топ. 4-тапсырма. Салыстыру сызбасымен жұмыс. Мәтіндегі екі ананы салыстыра сипаттау (соңғы сөздеріне сүйене отырып, өйткені мәтіндегі осы сөздер баланы асырап алған ананың қатігез, ал туған анасының мейірімді екенін байқатады). ІІ топ. 5-тапсырма. Әр топ өз пікірінің дұрыстығын дәлелдейді. Жауаптарында үлгідегі кілт сөздерді пайдаланады. Меніңше, Қазыбек би әділ қазы деп ойлаймын. Менің ойымша, Қазыбек би әділ қазы емес. Өйткені …Себебі … ІІІ топ. Қажетті сөздерді жаз. Нақыл сөзде берілген тәтті, ащы, қатты, жұмсақ сөздерін қандай сөздермен алмастырар едің? Ең де – тіл, Ең да – тіл. Ең да – тіл, Ең та – тіл. ІV топ. Қазыбек бидің орнында болсаң, екі анаға қандай нақыл сөздермен төрелік айтар едің? «Бала – бауыр етің» аңыз-әңгімесінің негізінде екі ананың іс-әрекетіне қарай нақыл сөз құрастыр. Мысалы: Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс. Бағалау. Келтірілген айғақтарға қарап бағаланады Дескриптор: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады. шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды. берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орында. Ойтолғау. Жеке жұмыс. 1. Ойтолғау. 6-тапсырма. Қазыбек бидің шешендік сөзін оқып, жаьқа айт. Қазыбек бидің шешендік сөзін жаттайды: Адал болса – досың жақын. Еркелейтін – немерең жақын. 7-тапсырма. Осы шешендік сөздегі жақын сөзінің орнына жақсы, ыстық сөздерін қойып оқы. Өзің де Қазыбек бише толғап, шешендік сөз құрастырып көр. Не жақсы? Не ыстық? Өмір Ата – ана Балалық шақ Туған жер Дескриптор Шешендік сөздерді қолданады. Сөйлеу барысында шешен сөздерді қолданады. ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау Үйге тапсырма: Бала – бауыр етің. Мазмұндау. |