СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әдебиеттік оқу ҚМЖ 3-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әдебиеттік оқу пәнінен ҚМЖ 3-сынып

Просмотр содержимого документа
«Әдебиеттік оқу ҚМЖ 3-сынып»

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Өнер

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ат -ер қанаты

«Атқа міндім» Қастек Баянбай

Оқу мақсаттары

3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алады


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды

Көпшілік оқушылар: шығарманы сын тұрғысынан бағалап оқиды

Кейбір оқушылар: шығарма кейіпкеріне хат жазады

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды

  • Шығарманы сын тұрғысынан бағалап оқиды

  • Шығарманың кейіпкеріне хат жазады

Тірек сөздер

Атқа міну, ұлттық ойын

Құндылықтарды дарыту

Топтық,жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта,үнтаспа


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

-Амандасу

-Түгендеу

Топқа бөлу: жылқы түстер арқылы бөлу.

1-топ:сұңқарлар- шұбар түсті

2-топ: тұлпарлар- құла түсті

3-топ:тайлар- ала түсті

4-топ:құлындар – күрен түсті

Топ ережесі мен таныстыру:

-Сыныпта тыныштық сақтау.

-Топ мүшелерінің пікірін тыңдау.

-Уақытты тиімді пайдалану.

-Топ ережесіне бағына отырып, ынмақтастықта бірлесе жұмыс істеу.

Оқушыларды әр тапсырма бойынша фишка арқылы бағалау, сабақ соңында қай топта фишка көп болса сол топ жеңімпаз деп аталады.


1-тапсырма. Мақалды бөліп, мағынасын түсіндіру. Оқушылар мен талқылау.

1.Ат-ердің қанаты.

2.Жылқы-малдың патшасы.

3.Жылқының сүті-шекер, еті-бал.

4.Жүйрік атқа жел қамшы.

Дескриптор:

-Мақалдардың мағынасын түсіндіре алады.

ҚБ: фишкалар





Жылқы түстерінің

суреттері

Слайд №1-5




Топ ережесі







Фишкалар




Слайд №6






Фишкалар

Сабақтың ортасы

30 минут






























































Автормен танысу

Қастек Баянбай 1936 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Талдыбұлақ ауылында туған. «Балаларға базарлық», «Тәтті сабақ», «Асар» және т.б өлең жинақтарының авторы.

1-тапсырма

(Ж,Т) Түсіну Қастек Баянбай «Атқа міндім» өлеңі

«Стопкадр» әдісі

Оқушыларға өлең таратылып беріледі. Стоп кадр әдісі арқылы өлеңді мұқият оқиды.

Дескритор:

-Кейіпкерлердің іс-әрекетін айтады.

-Өлеңді оқып отырған кезде белгілі бір сигнал беріледі, белгі берілген кезде «стоп кадр» деп біреуді түртіп қалғанда тоқтаған жерінде кейіпкердің іс-әрекетін айтады.

Саралау:Тапсырма барлық оқушыға ұсынылады,бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

ҚБ :фишка


2-тапсырма

Қолдану) «Оқиғалар желісі» әдісі.

Мұғалім әр топқа оқиға желісі көрсетілген сурет қиындыларын беріп, суреттерді ретімен орналастыруды тапсырады.Оқушылар оқиға желісін ретімен орналастырады.

Дескриптор:

-Суреттерді ретімен орналастырады.

ҚБ:фишка

Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.

3-тапсырма

(Ө,Т) Талдау«Дөңгелек үстел» әдісі

Алғаш атқа мінген балаға хат жаз.

Сөйлем саны топ мүшелерінің санына қарай шектеулі, мысалы, топта 5 оқушы болса хат тек 5 сөйлемнен құралуы керек.

Топ мүшелерінің біріншісі хаттың алғашқы сөйлемін жазып, жанындағы оқушыға береді, ол оқушы хаттың екінші сөйлемін жазып келесі оқушыға береді, ол оқушы да үшінші сөйлемін жазып келесіне береді. Осылайша топ мүшелері бірінің жазғанын бірі толықтырып ортақ 1 хат жазып шығады.

Дескриптор:

  • Хат жазу үлгісін біледі.

  • Уақытты тиімді және үнемді пайдалана алады.

ҚБ: фишка

Саралау:Кейіпкерге хат жазу бағалау арқылы саралау жүргізіледі. Барлығына бірдей кейіпкерге хат жазу деген тапсырма беріледі


4-тапсырма

(Т) Жинақтау

Жырдың мазмұны бойынша қандай сурет салауға болатыныны оқушылардан сұралады. Оқушылар топта бірлесіп сурет салады. «Галереяға шарлау» әдісі бойынша топтардың жұмысын аралап қарайды, салған сурет бойынша сұрақтарын стикерге жазады.

Сұрақтар:

-Баланың алғаш атқа мінгенін өлеңнің қай шумақтарынан аңғардың?

-Алғаш атқа мінген бала қандай сезімде болады?

-Бала аттан қорыққанын неге сездіргісі келмеді?


Саралау: Тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді.Барлық оқушылар бағаланады

ҚБ : фишка


Слайд №7

Автор суреті





Слайд №8









Фишка





Суреттер



фишка







парақшалар













Фишка







А4 парақтары













Фишка

Сабақтың соңы

5мин

«Үш көмекші» әдісі 

1.Әр оқушы алдыларынан үш стикерден алады.

2.Бірінші стикерге білім алушылар бүгінгі

сабақтан не сезінгендерін жазады да жүректің астына іледі (жабыстырады).

3.Екінші стикерге білім алушылар сабақта бастары арқылы не ойланғандарын жазып, бастың астына іледі (жабыстырады).

4.Үшінші стикерге сабақта қолдары арқылы не істеді, не істеп үйренді соны жазып қолдың астына іледі (жабыстырады).


Слайд

Саралау

1-тапсырмада

Тапсырма барлық оқушыға ұсынылады,бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

2-тапсырмада

Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі

3-тапсырмада

Кейіпкерге хат жазу бағалау арқылы саралау жүргізіледі. Барлығына бірдей кейіпкерге хат жазу деген тапсырма беріледі

4-тапсырмада

Тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді.

Барлық оқушылар бағаланады.

Бағалау

«Бір- бірін бағалау» әдісі

«Смайликтер» әдісі

«Қол шапалақтау» әдісі

«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі

Дескриптор

-шығарманы түсініп оқиды

-шығармадан қажетті ақпаратты табады

- сұрақтардың негізінде ой бөліседі

-кейіпкерге өзіндік көзқарасын білдіріп хат жазады;


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топ ережесін сақтау ескеріледі


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
































Дидактикалық материалдар



Ат-ердің қанаты.

Жылқының сүті-шекер, еті-бал.

Жылқы-малдың патшасы.

Жүйрік атқа жел қамшы.