-Оқушылар осы топта бірлікте жұмыс жасайды деп сенемін! Біздің дорбада не бар екен? ООО! Бұл карта бүгінгі сабақта бізге жол сілтеуші! Сабақтың мақсаты: Атақты тұлға туралы мағлұмат алады. Сағыныш сазы аңызын түсініп оқиды. Аңыз бойынша ой талқылап, сұрақтарға жауап береді. 1-тапсырма Атақты тұлғалар 2-тапсырма Бейнеақпарат алу 3-тапсырма Ғұлама ғалым кім? 4-тапсырма Сағыныш сазы аңызды оқу 5-тапсырма Шығармашылық жұмыс -Балалар қандай атақты тұлғаларды білесіңдер? -Абай Құнанбаев, Әбу Насыр әл-Фараби, Мұхтар Әуезов! -Жарайсыңдар! 1-тапсырманы орындау үшін топпен жұмыс жасаймыз. Әр топта мағлұматтары бар кітапшалар таратылған. Сол кітапшадаға атақты тұлғаларды бірге анықтайық! 1-топ Аристотель- біздің заманымызға дейінгі 384 жылдары Македония аралында туылған. Аристотель-әлемнің бірінші ұстазы. Физика, логика, биология, театр, музыка, экономика салаларында еңбектер жазып қалдырған. 2-топ Әбу Насыр Әл-Фараби- әлемге әйгілі ойшыл. Аристотельден кейінгі әлемнің екінші ұстазы. Философия, математика, ботаника, логика, музыка, астрономия, физика салаларында еңбектер жазып қалдырған. 3-топ Платон- біздің заманымызға дейінгі 427 жылдары дүниеге келген. Платон- Аристотельдің ұстазы. Өнер , әдебиет, физика, политика, математика ғылымдарының негізін қалаған. -Балалар әлемнің екінші ұстазы кім? Биыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді. Дескриптор: 1.Берілген мәліметтерді оқиды. 2.Атақты тұлғаны анықтайды. 3.Суретпен сәйкестендіреді. Бағалау: жұлдыздар жинау 2-тапсырма Бейнефильм көру. 3-тапсырма Ғұлама ғалым кім? Постер қорғау. Әбу Насыр әл-Фараби кім? Ф илософ математик астроном Әбу Насыр әл-Фараби ф изик ботаник музыка саласында еңбектер жазған Дескриптор: Бейнеақпаратты көреді. Ғұлама ғалым кім екенін анықтайды. Постер қорғайды. Бағалау: смайликтер жинау 4-тапсырма Сағыныш сазы аңызды оқу Сағыныш сазы Шам шаһарында тұрғанда Әбу Насыр әл-Фараби бір жағынан патшаның бау-бақшасын күтіп-баптаса, екіншіден, қолы бос кезінде өлең жазумен шұғылданыпты. Бақшадағы хауыз жанында, кілемше үстінде құс жастыққа шынтақтаған ол ой үстінде отырады. Мәуе ағаштарының бұтағына қонған бұлбұл құстар сайрап тұрады. Ол омырауына түскен салалы сақалын сипап отырып, мына бір шумақтарды қағаз бетіне түсіріпті: Кеткенім жоқ, елім, сенен атақ, бақыт, тақ іздеп, Шықтым, жұртым, шалғай жаққа ғылым атты шам іздеп. Ақтадым мен ақ сүтіңді келгенінше шамамның, Ассам-дағы сексен жастан сәбиіңмін, балаңмын. Жүзім сынық, көңілсіз күйге түстім мен бүгін, Саған деген серпе алмаймын ынтызарлық түндігін. Айналайын атам-қыпшақ, туған жерім, сағындым, Өз атыңа, үрметіңе қайда жүрсем табындым. Бұл жолдар әрі ғалым, әрі шайыр бабаның жасы сексеннен асқан шағындағы туған еліне деген сағыныш сазы болса керек. Сөздікпен жұмыс Шаһар- қала. Ынтызарлық-сағыныш, құштарлық. Үрмет-атақ,даңқ,құрмет. Шайыр-суырыпсалма ақын. 1-сұрақ Аңызда не туралы айтылған? 2-сұрақ әл-Фараби қандай іспен шұғалданыпты? 3-сұрақ Өлең жолдарында нені бейнелепті? Дескриптор: 1.Мәтінді оқиды. 2.Жаңа сөздермен танысады. 3.Сұрақтарға жауап береді. Бағалау: бірін-бірі бағалау 5-тапсырма. Шығармашылық жұмыс Оқулықтағы 3-тапсырма. Мәтіннен әл-Фараби отырған бақша суреттелген тұстарды тауып оқы. Осы үзінді бойынша қандай сурет салар едің? |