| Басы | Командалық жаттығулар. Сап түзел! Тік тұр! Оңға бұрыл! Солға бұрыл!тіке артқа бұрыл! Алға бас! Саптық жаттығулар. Сап зал ортасымен екі лекпен жүр, сап оңға, солға бір лекпен жүр! Сап зал ортасымен төрт лекпен жүр! Бастаушылар орында тұр. Сап солға бір лекпен жүр. Жүру жаттығулары: аяқтың ұшымен қол жоғарыда, қол желкеде өкшемен, қол белде табанның ішкі, сыртқы қырымен, қол алда жартылай отырып, жүру. Спорттық жүріспен жүру. Жүгіру жаттығулары: баяу жүгірістен залдың диагоналы бойынша қарқынды жүгіріске ауысу. Жалпы дамыту жаттығулары. Қол белде, аяқ иық деңгейінде басты оңға, солға айналдыру. Осы қалыпта иықты алға, артқа, қол буындарын айналдыру. Қол кеуде тұсында 1-2 қолды артқа керу. 1-2 оң қолды артқа, 3-4 сол қол алға қарай сермеу. Қол белде 1-2 оңға,3-4 солға айналдыру, иілу. Екі қолды тізеге қойып айналдыру. Отырып-тұру жаттығулары. 15-20 рет Қолды көтеріп-түсіру, дем шығару, денені қалыпқа келтіру | Оқу бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. |
| Ортасы | Гимнастика. Ағаш аттан секіру Кіші ағаш аттан секіру – гимнастикалық көпсайыстың бір түрі. Ол, ең алдымен, күрделі тіреп секіру жаттығуларын меңгеруге көмектеседі. Кіші ағаш аттан секіру аяқпен көпіршені басудан басталады. Жүгіріп келіп көпіршеге секіріп ағаш аттан ұстап екі аяқты екі жаққа алшақ ашып секіру немесе жүгіріп келіп көпіршеге секіріп ағаш аттан ұстап екі тізені бүгіп секіру. Ағаш аттан секіруге арналған екпіндей жүгіріп келу қашықтығы 12-15 м-ден аспайды. Алайда, көпірше ағаш аттан 60-70 см-ден гөрі алыс тұрса, онда екпіндей жүгіріп келу қашықтығы өсе түседі. Оқушыларды «Бірінші», «Екінші»-ге санау арқылы екі топқа бөліп, тапсырмалар беру. Гимнастикалық жаттығулардың, ағаш аттан секірудің қауіпсіздік ережелерін айту. 1 топ – «Гимнастар» Тапсырма- екпін алып жүгіріп келіп ағаш аттан аяқты кең ашып секіріп түсу. (қауіпсіздік ережесі: қолды ағаш атқа дұрыс тіреу, секіріп түсуде бастапқы қалыпты сақтап түсу) 2 топ – «Акробаттар» Тапсырма- екпін алып жүгіріп келіп ағаш аттан екі тізені бүгіп секіріп түсу. (қауіпсіздік ережесі: қолды ағаш атқа дұрыс тіреу, тізені кеудеге қарай тез жинап алу) Әр топқа жаттығуларды орындау үшін 3 минуттан уақыт беріледі. 3 минут сайын топтар алмасады. Үйренген жаттығуларын қосып, ретімен орындайды. | |
| Саралауға – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырмасы қалай түрлендіресіз? Бөлінген екі топты жаттығуды орындау қабілет деңгейлеріне байланысты үш топқа бөлдім. 1 топ жасыл өте жоғары орындаған. №1 тапсырма: Көпірше жасау. 2 топ қызыл жақсы орындаған. №2 тапсырма: Жартылай, толық шатқа отыру. 3 топ сары орташа орындаған. №3 тапсырма: Алға, артқа домалау. | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Қалыптастырушы бағалау критерийі: 5 балл- Оң қолын көтеріп жаттығуды бастаймын командасы, екпін алып жүгіріп келіп ағаш аттан аяқты кең ашып және екі тізені бүгіп секірулерді толық реттілікпен орындаған оқушы. Екі қолын жоғары көтеріп, жаттығуын аяқтауы. 4 балл- Оң қолын көтеріп жаттығуды бастаймын командасы, екпін алып жүгіріп келіп ағаш аттан аяқты кең ашып секіру реттілігін толық орындап және екі тізені бүгіп секірудің реттілігінде (керісінше) қателік жіберген оқушы. Екі қолын жоғары көтеріп, жаттығуын аяқтауы. 3 балл- Оң қолын көтеріп жаттығуды бастаймын командасы, екпін алып жүгіріп келіп ағаш аттан аяқты кең ашып секіру және екі тізені бүгіп секіру реттіліктерінде қателік жіберген оқушы. Екі қолын жоғары көтеріп, жаттығуын аяқтауы. | Пәнаралық байланыс – геометрия, Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ – мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі). Денсаулық-ағаш аттан қолды тірей секіру аяқ-қол бұлшықеттерінің жұмысын жақсартуға пайдалы. |
| Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? | Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақ жақсы деңгейде өтті. Сабақта уақытты тиімді пайдаландым. Оқушылардың жаттығуларды орындау кезінде қабілет деңгейлеріне қарай сараланған тапсырма беру іске асты. Жоспарыма қалыптастырушы бағалау критерийлерін енгіздім. |
| Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты ) 1: Оқушыларды жаттығуды орындаудағы қабілет деңгейлеріне қарай топқа бөлу. 2: Жаттығуларды қызығушылықпен орындау арқылы оқушы белсенділігінің артуы Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Қабілет деңгейлеріне қарай сараланған тапсырмаларды түрлендіріп беру 2: Сабақты жүйелі жоспарлау Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1: Түрлі жаттығулар арқылы оқушы белсенділігін арттыруды 2: Қалыптастырушы бағалау критерийлерін жасақтауды |