Үлкен және кішкентай доптар
Қажет шелекті тап
Ойнаушылар шеңбер жасай тұрады. Ойын бастаушы белгіленеді, ол кішкене таяқшаны алады да шеңбердің ортасында тұрады.
Тәрбиеші оның басына ашық түсті шашағы бар қалпақ кигізеді. Қалпақ баланың мұрнына дейін кигізіледі, көздеріне тимей-ақ, оның көзін жабады. Балалар қолдарын ұстасып, шеңбер бойымен жүгіреді де: «Бір, екі, үш, төрт бес — кішкене таяқша тықылдайтын болады» -дейді. Бұл уақытта ойын басқарушы жүресінен отырып кішкене таяқшамен еденді тақылдатады.
Балалар соңғы сөзбен тоқталады, ал ойын басқарушы кішкене таяқшасын балалар жаққа сілтейді. Кішкене таяқша кімді нұсқаса, сол кішкене таяқшаның ұшынан ұстайды да, ойын басқарушының атын атайды, ал ойын басқарушы кім оны атады, соны табуы керек. Жаңа ойын бастаушымен ойын қайталанады
Көбелекті әдеміле
Балалар шеңберде тұрады. Тәрбиеші ойыншылардың біреуін ойын бастаушы етіп белгілейді. Ол шеңбердің ортасында тұрады. Балалар тәрбиешінің көрсетуі бойынша мына мәтін сөзін айтып, оңға немесе солға жүреді.
Әдемі шеңберде,
Билейік кең жерде.
Қолдармен ұстасып,
Бәріміз жұптасып.
Бірігіп достасып,
Бір орында ұстасып,
Осылай етіп істейік.
Мәтінді айтып бітер кезде балаларқол созым қашықтықта тұрады. Ойын бастаушы қандай да болмасын бір қимыл көрсетеді, шеңбер жасап тұрғандардың бәрі оны қайталайды. Содан соң тәрбиеші ойын бастаушыны ауыстырады немесе ойын бастаушы өзінің орнына біреуді таңдайды және ойынды жалғастыра береді.
Әрбір ойын бастаушы өз қимылдарын ойлауға тиіс және өзіне дейін көрсетілген қимылдарды қайталамауы керек.
Қояндардың киімін жөнде
Ойнаушылар біреуі қоян болады. Барлық қалған балалар дөңгеленіп тұрады. Қоян дөңгелектің ортасынан орын алады. Балалар тәрбиешімен бірге мынадай өлең айтады:
Бармақ боп тойға сұр көжек,
Жуынып жатыр бүгжеңдеп:
Тұмсығын жуды,
Құйрығын жуды,
Құлағын жуды – түртінді,
Құп-құрғақ боп сүртінді.
Қоян текстке байланысты қимылдардың бәрін жасайды – тұмсығын, құйрығын, құлағын жуады, бәрін сүртеді. Бұдан кейін ол қос аяқтап секіреді, дөңгеленіп тұрғандардың біреуіне жақындай береді (қонаққа келе жатыр). Ол баланың орнын басады, ойын қайталанады.
5-6 қоян ауысқаннан кейін ойын аяқталады.
Тышқанды жасыр
Мазмұны: Балалар қапшықтар ішіндегі үлкен- кіші моншақтарды саусақпен ұстап сезу арқылы ажыратады.
Балалар, біз моншақтармен жүмыс жасамас бұрын саусақтарымызды жаттықтырып алайық.
Саусақ жаттығуы:
Қолымыздағы жалғыз моншақты алақанымызға салып, қос алақанмен айналдыру, қыздырып алу;
Моншақтарды басбармақпен басқа саусақтарды ауыстыра отырып ұстау.
Қос саусақ арасымен моншақты қысып ұстау;
-Балалар, енді біз Сәулеге қапшықтағы моншақтарды тізіп беру үшін мына шимай жолдар арасынан өтуіміз керек. Сол кезде ғана біз қуыршақ Сәулеге көмектесе аламыз.
Кір қыстырғыштармен ойын
Балалардың алдына 3-4 түрлі заттар немесе қос суреттер қойылған. Балаларға сұрақ қою арқылы мен айтқан карточкамды немесе затты табуы керек. Әрбір сұрақтан кейін, әрі қарай қарастырылмайтын карточканы алып тастатып отырамын Мысалы, «Ол тірі ме?» деген сұраққа «иә» деп жауап берілсе, тірі емес заттар бейнеленген карточкаларды төңкеріп немесе алып тастаған жөн, ол баланың әрі қарай ізденуін және сұрақ қоюын жеңілдетеді.
Баумен ойын
Басқаларына сәйкес келмейтін затты «геометриялық пішінді) алып тастау немесе боямау керек және топты жалпылама сөзбен атау қажет.
Есту арқылы жұмыс жасау: тәрбиеші сөздер айтады да, солардың ішінде басқаларға сәйкес келмейтінді бөліп көрсетуді сұрайды, мысалы: 3 шеңбер ,1 төртбұрыш (пішін бойынша), 3 қызыл пішін және 1 жасыл пішін (түс бойынша)
Пішіндерді өз орнына қой
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды сәйкес пішіндермен толтырту.
Көрнекілік: Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер.
Барысы: Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр.
Моншақтар
Домалақ пішінде түстер және оның астында нүктелер (үш нүктеге дейін) саны көрсетілген, сол нүктелер санына сәйкестендіріп берілген түстегі моншақты тізбектейді. Қызыл домалақ түс, оның астында екі нүкте қойылған бала екі қызыл түсті моншақты жіпке өткізеді.
Ақ домалақ түс, оның астында үш нүкте қойылған бала үш ақ түсті моншақты жіпке өткізеді.
Көк домалақ түс, оның астында бір нүкте қойылған бала бір көк түсті моншақты жіпке өткізеді. Осылайша екі рет суретте берілгендей етіп қайталайды.
Балалар нүктелер санына сәйкестендіріп, түстерін ажырата отырып моншақты тізбектейді.
Пішіндер әлемі
Көрнекілік: Әр баланың алдында 2 дискіден (қызыл, көк) тарелкаларда түрлі-түсті геометриялық пішіндер. Сызбаның көмегімен балалар сұраған пішіндерді дискілерге лақтырады.
- Міне біздің геометриялық пішіндер туралы барлық ақпараттарымыз дискеталарда сақталады деп ойлаймыз.
- Балалар, енді сендермен компьютерлік «Лото» ойынын ойнайық, мұның да нәтижесі сәтті болса, вирусты жоюға көп көмегі бар.
Тақырыбы: «Ұқсасын тап»
Мақсаты: Балаларды геометриялық пішіндерді (үшбұрыш,дөңгелек,шаршы) түстері (қызыл,сары,жасыл) көлеміне қарай (үлкен-кіші) топтастыруға үйрету. Балалардың қол саусақ моторикасын дамыту,ойынға белсенділігі мен қызығушылығын арттыру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндер,қыстырғыш,кірпі,бояулар.

Тақырыбы.Осындай фигураны тап
Мақсаты:Балалардың білімдерін түстер арқылы қатыру,ұсақ қол моторикасын дамыту.
Түрлі түсті қақпақтар.
Мақсаты:
Түрлі түсті моншақтар
Мақсаты балаларды түстерді ажыратуға үйрету.Ұсақ қол моторикасын дамыту.Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.