| Жаңа сабақ. Ұлы Отан соғысы қашан басталып, қашан аяқталды? Биыл Жеңіске неше жыл толады? Әлия Молдағұловадан басқа Отан соғысында ерлік көрсеткен тағы қандай қазақ батырларын білесің? Әлиямен аты қатар айтылып жүрген қазақтың батыр қызы кім? ББҰ кестесі. Мәншүк туралы не білесіңдер? Әр топқа кесте таратылып беріледі. Топ өздері жеке-жеке орындайды. «Білемін» бөлігін топтастырады. | Білемін | Білгім келеді | Үйрендім | | Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз | | | ББҮ кестесі. «Білгім келеді» бөлімін топтастырады. «Білгім келеді» бөлімін топтастырыңдар. | Білемін | Білгім келеді | Үйрендім | | Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз | Мәншүк пен Әлия соғысты бір-бірімен кездесті ме? Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды? | | «Білгім келеді» бөлімі бойынша әр топ негізгі 3 сұрақты сыныпқа жариялап айтады. Автормен таныстыру. М.Хакімжанова Қостанай облысы, Қостанай ауданв, Қобыланды ауылында дүниеге келген.Қазақтың ақыны.»Мәншүк поэмасы», «Ата мейірімі» өлеңдер жинағы бар. 4. Мәншүк туралы мағлұмат беру. М.Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында дүниеге келген.Мәншүктің шын есімі –Мәнсия. Анасы еркелетіпМоншақ деп атап кеткен. Мәншүктің әкесі Ахмет дәрігер болған. Ол кішкентай кезінен «дәрігер боламын» деп әкесіне еліктер өскен.Мәншүк соғысқа аттанғанда 19 жасқа толған талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді.Ол Невель қаласын азат ету майданында қаза табады. 5. Оқулықпен жұмыс. Тапсырма: Оқушыларға оқулықтағы мәтінді үшке бөліп, әр топ өзінің оқыған бөлігін түсініп оқып, бір-біріне сұрақ қояды. Әр топ өзінің оқыған бөлігіне ат қояды. 6. Дәптермен жұмыс Бөлік аттарын дәптерге жазу І бөлім. «Ауылдан келген қазақ қызы» ІІ бөлім. «Мәнсияның байсалдылығы» ІІІ бөлім. «Мәнсияның жанама аты» |