СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ "Әнші Әміре. "

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары

Күні:  28.01.17 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сынып: 3 «Б»

Сабақ  тақырыбы:  М. Әлiмбай. Әншi Әмiре

Сабақ мақсаты: Мәтінді түсініп оқу.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Әміре Қашаубаевтың өмір жолымен таныстыру. Негізгі ойды, идеяны ұғындыру

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрістері мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: Әсемдікке, өнерге қызытыру және өнер адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ  түрі: Ашық сабақ. БжС технологиясы.Ауызша -1 картасы.

Сабақ оқудың макро құрылымы

Технологиялық картаның жұмыс тәртібі

Түсініктеме

1- кезең Ұйымдастыру

Мотивация. Сабақтың мақсат – міндетін түсіндіру. Психологиялық жаттығу.

(Көшбасшы шығып)

  • Біз Қазақстанның білімді ұрпағы боламыз ба?!
  • Біз мектебіміздің мақтанышы боламыз ба?!
  • Әдебиеттік оқу пәнінен 5-тік баға алып нәтижеге жетеміз бе?!

Олай болса, сыныпта 18 баланың 11-і 4 пен 5 алып, 63% нәтижеге жетуіміз керек.

Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. ООМ бойынша жұмыс

2- кезең Оқушылардың субъектті іс- тәжірибесін өзектендіру

Өткен сабақ тақырыбы бойынша сұрау.ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру.

Қарама-қарсы  сұрақтар:

  1. 1988 жылы қандай күн еді?(1888 жылдың дауылды бір күні еді)
  2. Кәрі Атырау қандай күйде болды? (Кәрі Атырау әлденеге ашуланғандай арындап, ақ бас толқындарын шаңға соғып жатты.)
  3. Жар жиегіндегі көгалда кім отырды? (жар жиегіндегі көгалда күмістей ақ сақалы төсін жапқан бір қария отырды.)
  4. Оның өткір қара көздері қайткен? (Оның өткір қара көздері бір нүктеге қадалған)
  5. Қария салалы саусақтарымен не істеп қояды? (перне қуып, ақ үкілі домбырасын шертіп қояды)
  6. Оның домбырасынан қандай күй төгілді? (теңіз толқынындай арындаған асау күй төгілді)
  7. Халық қарияның маңына қайтті? (шоғырлана түсті)
  8. Күйші қарт домбырасын қайтті? (бұрынғыдан да гөрі екпіндете шертті)
  9. Не істеген сайын қарияның құлағыа орап тастаған ұзын мұрты дауылпаздың қанатындай желпілдеді де тұрды? (Қос ішекті безілдетіп қаққан сайын)
  10. Не саусағына келіп оралды? (төсін жапқан сақалы)
  11. Кім қарияның қасына келіп отыра кетті? (Қолына кішкене ғана домбыра ұстаған жасөспірім қыз бала)
  12. Қария қайтті? (Қария күйін доғарды да, жас гүлге көз тікті)
  13. Тек осыны ғана күтіп отырғандай,жас қызғалдақ не істеді? (қарияның әлгі күйін ала жөнелді)
  14. Оның сәби саусақтары не істеді? (оның перне басқан сәби саусақтары көз ілеспес шапшаңдықпен ойнады да отырды)
  15. Қария қуанғанынан не істеді? (Ол қуанғанынан көз жасы моншақтап,жас баланы мейірімді құшағына қысып, оттай жайнағанқарашықтарынанкезек-кезек сүйді)
  16. Қария қызға қарап не айтты? (айналайын, қарағым, қыз да болсаң, мұрамды ұстарлықболып туыпсың.Көп жаса, қызым, көп жаса!)
  17. Бұл тартқан қандай күй?-  деп сұраған қарияға қыз бала не деп жауап берді? (Бұл күйді «Көбік шашқан» деп атаса да болар еді, - деді қыз бала.
  18. Қыздың берген жауабына қария не деді? (Тауып айттың, қарағым. Күйдің аты – «Көбік шашқан», бұл – кек күйі, халық қаһары.)
  19. Дина өзін таныстырған соң ,Құрманғазы өзін қалай таныстырды? (Мерейлі бол, Динажан, мен – кек күйшісі Құрманғазымын
  20. Не деп , қария қызғалдаққа үкілі домбырасын ұсынды? (мұрамды саған тапсырдым, халыққа жеткіз күйімді! – депүкілі домбырасын ұсынды)
  21. Қыз бала сол кезде не деп жауап берді? ( Егер де, атажан, шынымен сеніп берсеңіз, кек ұрандас күйіңізді халыққа ойнап беруге жас жүректен ант етем!- деп, қыз бала тізерлеп отырды да, домбыраны қолына ұстап, сүйіп-сүйіп алды.
  22. Кімдер жайлы ел аңыз етеді? (Құрманғазы мен Динаның кездесуі жөнінде де ел осылай аңыз етеді)
  23. Дина ана осы антты қалай орындады? (Ардақтымыз Дина ана осы антты адал орындады.Ол күй атасы Құрманғазыдан алған асыл мұрасын алтындай сақтап, қазақ халқының қымбатты қазынасына табыс етті)

Бірінші белгі, барлық оқушылардың нәтижелері бойынша  «+» немесе «-» белгілері қойылады.

3- кезең Қабылдауды ұйымдастыру

Тірек  сөздермен  жұмыс

  1. Лениногрск
  2. Риддер
  3. Алматыдан
  4. Артист
  5. Концерт
  6. Клуб,
  7. күректей
  8. Құлақтанбаған
  9. Жарнама
  10. Құрманбек
  11. Келбетті
  12. Жазғытұрым
  13. Әміре
  14. талантты

Екінші белгі. Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөзге - 30 сек, 14 сөз- 1 минут 15 сек  уақыт беріледі.

4- кезең Ойлауды ұйымдастыру

Мәтінмен жұмыс.

- Балалар, ән дегенде ойларыңа не келеді?

-Әнші дегенде ойларыңа не келеді?

Құлақтан кіріп, бойды алар 

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй, - деп дана Абай қазақтың ән мен күй құдіретін осылай жырлаған. Себебі, қазақтың әні мен күйі – халқымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы, ұлттың бекзат болмысы, жүрек сыздатқан сағынышы, көңілдің нәзік қылын шертер сезімі, мұң-шері, қызық қуанышы.

Ендеше Әміре Қашаубаев туралы не білеміз?

Интербелсенді тақтаға қарап, Әміре қашаубаев жайлы бейне роликті көрейік.

Мәтіндегі оқу жылдамдығы : мәтіннің 1 парағына 5 минут уақыт беріледі.

5- кезең Алғашқы түсінікті тексеру

Қарама-қарсы  сұрақтар:

  1. Лениногорск қаласы бұрын қалай аталған? (Риддер )
  2. Қазір ол қалаға қандай ат берілген? (қазір ол қалаға бұрынғы аты қайта берілген)
  3. Қай жылы сол қалаға Алматыдан бір топ артист келіпті? (1934 жылы)
  4. Олар жұмысшыларға не қоймақ екен? (концерт)
  5. Олар қайда жайғасты? (қонақ үйге)
  6. Біраз демалған артистер клубқа барса есікте не тұр екен? (күректей қара құлып)
  7. Кімдер концерт жөнінде құлақтанбаған? (ешкім де)
  8. Ең ақыры не де ілінбеген? (жарнама)
  9. Театрдың күні бұрын жіберген адамы қайткен екен? (жолда пойыздан қалып қойып, дер кезінде риддерге жете алмаған екен)

10.Артистерді кім бастап барған екен? (Құрманбек Жандарбеков)

11.Құрманбек Жандарбеков мұңайып жолдастарына не деді? (Бүгінгі кешіміз бекерге кетті, -деп)

12.Сонда кең маңдайлы, келбетті жігіт тұрып не айтты? (Құрмаш, қой, сен-ақ сарыуайымға салынғыш екенсің.Клубтың есігін ашқыз, әнші-бишілер әзірлене берсін. Жұмысшыларды мен қазір қолма-қол жинап берейін саған,-дейді)

13.Өзім білем деген әлгі жігіт Құрманбекті ертіп, қайда шығады? (клубтың алдындағы төбеге шығады)

14.Қандай кешкі сәт? (Күн ұясына кіре берген кешкі сәт)

15.Аспанды қақ жарғандай қандай үн саңқ етті? («Қарағым, айналайын, келдің қайдан?»деген әлуетті үн саңқ етті)

15.Құрманбек қалай қайран болды? (Әншінің шабыттана, асқақ шырқаған сазына қайран боп,аузын ашып қалады)

16.Аспанды толқытқан ән құлақтының бәрін елең еткізіп, қаланың қай жеріне жетеді? (о шеті мен бұ шетіне)

17.Бір кезде халық клубқа қарай қалай ағылды? (Бір кезде жазғытұрым жылға-жылғамен тасыған қар суындай әр тараптан халық клубқа қарай ағылды-ай келіп)

18.Әнші Құрмашқа не деді? (Ал, концертіңді бастай бер, Құрмаш!-дейді әнші)

19.Әп-сәтте қала халқын әнмен баурап жинап берген кім екен? (атақты әнші Әміре Қашаубаев екен)

20.Әміре ата 1925 жылы Парижде болған бүкілдүниезілік жарыста қандай артист болған? (қазақтың халық әндерін айтып, бәйге алған, теңдесі жоқ әнші, талантты артист болған)

Үшінші белгі , барлық оқушылардың нәтижелері бойынша «+ »немесе «-» белгілері қойылады.

6- кезең  Бекітуді алғашқы ұйымдастыру

Сын  тұрғысынан  сұрақтар

  1. Лениногорск қаласы бұрын Риддер деп аталған? (+)
  2. Қазір ол қаласол Лениногорск деп аталады. ( - )
  3. 1934 жылы сол қалаға Семейден бір топ артист келіпті. ( - )
  4. Олар жұмысшыларға концерт қоймақ екен? (+)
  5. Олар қонақ үйге жайғасты? (+)
  6. Біраз демалған артистер клубқа барса есік ашық тұр екен ( - )
  7. Бәрі концерт жөнінде құлақтанған екен. ( - )
  8. Ең ақыры жарнама да  ілінбеген. (+)

9. Театрдың күні бұрын жіберген адамы жолда пойыздан қалып қойып, дер кезінде риддерге жете алмаған екен? (+)

10.Артистерді Құрманбек Жандарбеков бастап барған екен? (+)

11.Құрманбек Жандарбеков қуанып жолдастарына не деді? (-)

12.Сонда кең маңдайлы, келбетті жігіт тұрып: -Құрмаш, қой, сен-ақ сарыуайымға салынғыш екенсің.Клубтың есігін ашқыз, әнші-бишілер әзірлене берсін. Жұмысшыларды мен қазір қолма-қол жинап берейін саған,-дейді (+)

13.Өзім білем деген әлгі жігіт Құрманбекті ертіп, клубтың алдындағы төбеге шығады шығады? (+)

14.Тас қараңғы кешкі сәт (-)

15. «Қарағым, айналайын, келдің қайдан?» Аспанды қақ жарғандай әлуетті үн саңқ етті? (+)

15.Құрманбек әншінің шабыттана, асқақ шырқаған сазына қайран боп,аузын ашып қалады (+)

16.Аспанды толқытқан ән құлақтының бәрін елең еткізіп, қаланың о шеті мен бұ шетіне жетеді? (-)

17.Бір кезде клубқа қарай бірең-сараң халық ағылды? (-)

18. Құрмаш әншіге-Ал, концертіңді бастай бер, -дейді (-)

19.Әп-сәтте қала халқын әнмен баурап жинап берген атақты әнші Әміре Қашаубаев екен? (+)

20.Әміре ата 1934 жылы Парижде болған бүкілдүниезілік жарыста қазақтың халық әндерін айтып, бәйге алған, теңдесі жоқ әнші, талантты артист болған ( - )

Төртінші белгі, барлық оқушылардың  нәтижелері  бойынша «+» немесе «-» белгілері қойылады.

 «-» бар оқушыларға көңіл аудару

7-кезең

Тақырыптық сөздік қор.

Тақырыпты қорыту.Оқытылған тақырып бойынша  тақырыптық сөздік қор(ТҚС) тексеру.Сөз қысқартылмаған түрде түсінікті етіп жазылады. Шығарма түрінде де жазуға болады.Әрбір сөз сөйлем мүшесі  болуы тиіс.

      Бесінші белгі, барлық оқушылардың нәтижелері нәтижелері  бойынша «+» немесе «-» белгілері қойылады. 5 минут

Сөздік қор есептеуі: 37 сөз

Бағалау

Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады

  • 4 -5  белгі – 5 ұпай
  • 3 белгі - 4 ұпай
  • 2 белгі – 3 ұпай
  • 1 белгі  - 2 ұпай

МПМ бойынша бағалау.

Сапа нормативі: оқушылардың 63%-ы 5 ұпайдан алуы тиіс

Үйге тапсырма

4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады.

Просмотр содержимого документа
«Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ "Әнші Әміре. "»

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!