СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дене шынықтыру сабағы "Қозғалыс ойыны"

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Оқушылардың шындық туралы ұғымдарын кеңейтіп, ақиқат құндылығының  мәнін түсіндіру

Міндеттер:

-адами қарым – қатынастағы шыншылдық  қасиеті туралы түсінік беру;

- жақсыдан жаманды ара-жігін дұрыс ажырата білу біліктіліктерін дамыту;

- оқушыларды өз-өзіне адал болуына тәрбиелеу

Просмотр содержимого документа
«Дене шынықтыру сабағы "Қозғалыс ойыны"»

Мектеп: Рыспай негізгі мектебі Мерзімі:

Сынып:6 Оқушылар саны: 6 Тақырып:Шындық шыңы – ақиқат.

Құндылық: Ақиқат Қасиеттер:шыншылдық, өз-өзіңе адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу.

Мақсаты: Оқушылардың шындық туралы ұғымдарын кеңейтіп, ақиқат құндылығының  мәнін түсіндіру

Міндеттер:

-адами қарым – қатынастағы шыншылдық қасиеті туралы түсінік беру;

- жақсыдан жаманды ара-жігін дұрыс ажырата білу біліктіліктерін дамыту;

- оқушыларды өз-өзіне адал болуына тәрбиелеу;

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)дәйексөз т.б


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.  Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа түгел қатысуын қадағалау, «Өзін-өзі тану» сабағының «5-Т» ережесі  ұстанымдарын еске түсіру. Оқушылардың  оқу құралын «5 затты» тексеру.

 Тыныштық сәті.   МР3

«Су асты патшалығына ойша саяхат».

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтінеміз. Арқаларын тік ұстауын қадағалайыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.


Сабақ барысын

талдау.

Үй тапсырмасын тексеру:    «Менің қолымнан бәрі келеді» тақырыбына шығарма жазу. Оқушыларды тыңдау.


Дәйексөз.                                                                                               

«Шындық шырағы дауыл соқса да өшпейді» Ғ.Мұстафин  

Алдымен бірінші топ оқиды, содан кейін екінші топ оқиды. Содан кейін оқушылар барлығы бірге оқып, дәптерлеріне көшіріп алады.

Осы дәйексөзден не түсіндіңіздер?

Не себепті «шындық шырағы» деп шындықты шыраққа теңеген?

Шырақ дегеніміз отпен тең. Ол дауыл соққан сайын лаулап, өрши түседі, ал шындық та от сияқты ашылған сайын нақтылана беретін адамға қажетті құндылық.

  1.      Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Шындық шыңы-ақиқат»


Мұғалім сыйы Әңгіме

Бір күні сотта бір әйел мен ер кісінің дауы қаралды. Қазы орнына отырмай жатып-ақ, айтыс-тартыс басталып кетті. Алғашқы сөзді алған әйел еркекті нұсқап:

– Бұл кісі мені балағаттап, арымды аяққа таптады, – деп жылай бастады.

– Өтірік айтып отыр, мырза – деді ер кісі. – Мен сатқан қойларымның ақшасын санап жатқанымда, осы әйел келді де, жағдайының қиын екенін айтып, ақша беруімді сұрады. Мен ақша бере қоймағаннан соң, өзінен-өзі айқай шығара бастады.

Қазы олардың сөзі мен әрекеттеріне қарап, іштей барлығын түсінді. Бірақ, мұнысын ешкімге білдірмей, ер кісіге:

– Әйелді біресе балағаттадым, біресе балағаттамадым деп өтірік айтасың. Қане, қалтаңдағы ақшаны дереу оған бер. Немесе сені қамап тастаймын, – деп ашуға басты.

Қазының бұл әрекетіне барлығы таңырқай қарасты. Ақшаны қуана-қуана алған әйел оған алғысын жаудырып, шығып кетті. Сол кезде қазы ер кісіге әйелдің артынан барып, ақшаны қайтадан алып келуін бұйырды. Түсінбей қалған байғұс сыртқа жүгіре жөнелді. Көп ұзамай екеуі қайта оралды. Еркектің беті тырналғаны соншалық қаны сорғалап ағып тұрды. Алғашқы сөз тағы да әйелге берілді. Ол ашулы кейіпте:

– Қазы мырза! Мына оңбаған бұл жолы сіздің маған берген ақшаңызды тартып алуға тырысты, – дегенінде, қазы:

– Жарайды. Ала алды ма? – деп сұрады. Әйел ыржиып:

– Мен мына бәлеге ақшамды беріп, қарап тұрамын ба? – дегенде, қазы қатуланып:

– Ей, ұятсыз! Жазықсыз жанға жала жауып, балағаттады деп дауласасың. Ақшаны қайтармау үшін барыңды салғанша, одан да арыңды таптатпау үшін жанталаспадың ба? Дереу қайтар ақшасын өзіне!

“Өтірік сөйлеу – әдепсіздік. Ал, әдепсіздік адамды тозаққа жетелейді”

  1. Әңгіме не туралы болды?

  2. Осы әңгімеде адам бойындағы қандай қасиеттер суреттелген және ол қасиеттер жақсы ма, әлде жаман қасиеттер ме?

  3. Балалар сендердің өмірлерінде өз достарын сіздерге жала жапқан жағдайларда сіздер не істер едіңіздер?


Шығармашылық іс әрекет,

Топтық  жұмыс. Оқушыларды 2 топқа бөлу (түрлі түсті қағаздар арқылы)

1.І-топ  Мақал құрастыру

Оқушылар адасқан сөздерді орналастыра отырып, шыққан қанатты сөздер мен мақалдардың мағынасын түсіндіру.

1. Адалдық ардың ісі,
Ауырлықты көтеру нардың ісі.

2. Шын достық-таусылмас қазына

3. Шыншылдық жақсылыққа жетелейді

ІІ-топ Ребус шешу. 

Ребуста өзен, тіс, өрік, көз, өрмекші, балық, айдың суреттері берілген. Шешімі: «Өтірік сөз өрге баспайды». Оқушылар ребустың жауабынан шыққан мақалдың мағынасын түсіндіреді.

 І топ: Өлеңді жалғастыр. Шындық туралы

------------ көзге шұқиды қашаннан да,
Шыбын жаның ----------- қаша алған ба.
---- - --------  үкімі жасалғанда,
Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да.
Қолғатұрарқулар да, зұлымдарда,
Атжалынан мал тапқанжылымдар да.
Арамзаны, ұрыныжұлыптүспей,
-------------   алмасысуынған ба!
--------  -  ---  - шымылдықбіреулерге,
Қалқақылып ----------  жүрерпенде.
Шымылдығын ----------- кепжұлыпалса,
Шыбыныұшып, бишаракірержерге.

2. ІІ- топ Шындық туралы бір шумақ өлең шығару


Топпенәнайту.  «Өмір-өзен»   («Заман» тобы)

  1.      Асып-тасып, төгілетін,
    Алқыныпұшатынкөңіл-ай,
    Өзгерместейкөрінетін,
    Баянсызбескүндікөмір-ай.
    Тасқынболып, тасыптұрған
    Жастықшақалдадытаңдамай.
    Әлденеге  асықтырған
    Желігібасылмасжалған-ай.

  2. Қайырмасы:
    Өмір-өзенағады, әттең,
    Өкініштің  алауы
    Жанымдыжепбарады.
    Өмір-өзенағады, әттең,
    Меніңжанымжаралы.
    Қайжағадақалады?

 

2. Дүниеге алданады
Қомағай көзіміз тоймаған.
Бірақ соның бар ма мәні,
Тек оңаша үнсіз ойланам.
Өткізермін өмірімді
Шабытты оздырып сағатқа,
Жүректегі сенімімді
Сөндіре көрмеші, Жаратқан.



Үй тапсырмасы.

№26 сабақ 95 бет «Сөздің атасы мен анасы» мәтінін оқу

 

Сабақтың соңғы тыныштық сәті.  

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

Әр қайссымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің  жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға,  айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы  ой ойлайық,  жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді  жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңізді ашуға болады.

Сау болыңыздар!!!!!