
Ақмола облысы,
Бурабай ауданы
Щучинск қаласы
МКҚК «Ақбота» бөбекжайы

Әдістемелік құрал
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының
Дене тәрбие нұсқаушысы
Омарова Гульден Каиргельдиновна
2015 жыл
Әдістемелік жинақ бөбекжайлардың, балабақшалардың дене тәрбие нұсқаушыларына арналған. Оқу құралының жалпы мақсаты мектепке дейінгі ортаңғы жастағы балалардың денсаулықтарын нығайту және олардың физикалық дамуын дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістермен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтының құндылықтарын меңгерту. Әдістемелік құралда бөбекжайларда, балабақшаларда өткізілетін “Денсаулық күндерінің” жоспарлары үлгілері берілген. Бұл құралдың мазмұнындағы ойын мен жаттығу жұмыстары әр маусым ерекшеліктеріне сәйкес қамтылған.
МКҚК “Ақбота” бөбекжай” педагогтарының әдістемелік отырысында бекітілді.
Хаттама № 4 12.03.2015ж.
Алғы сөз
Балабақшада, бөбекжайда бүлдіршіндердің денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтына тәрбиелеуде “Денсаулық күндерінің” орны ерекше. Әр түрлі тақырыптарда ұйымдастырылған бұл іс-шараларда бала жасына сәйкес әртүрлі ойындар және жаттығу жұмыстары орындалады. Бұл шараларға қатысатын ертегі кейіпкерлері де бүлдіршіндердің көңіл-күйлерін көтеріп, эмоциялық ахуалын жақсартады.
“Денсаулық күндерді” орындайтын жаттығулар балалардың бұлшық еттерінің жалпы физикалық дамуына, майтабандылықтың алдын алуына үлес қосады. Сондай-ақ, белсенділік, шапшаңдық, ұғымталдық қасиеттерін ашады. Әдістемелік құралдағыкөрсетілген іс-шаралар балабақшаның жоспарына сәйкес ортаңғы топ бүлдіршіндерімен өткізуге ұсынылады.
“Денсаулық күндеріне” арналған ойын жаттығулардан күтілетін нәтиже: өзінің қимыл-қозғалысын меңгере алатын, салауатты өмір салты негіздеріне үйренген, шыныққан, белсенді іс-әрекетті орындай алатын, дені сау жеке тұлға қалыптасады.
“Денсаулық күндерін” өткізудің жылдық үлгілік жоспары:
| № | Айы | Тақырыптары | Сағат саны |
| 1 | Қыркүйек | “Денсаулық сүрлеуі” | 1 |
| 2 | Қазан | “Әкем, шешем және мен” | 1 |
| 3 | Қараша | “Көңілді жарыстар” | 1 |
| 4 | Желтоқсан | “Шынықсаң, шымыр боларсың” | 1 |
| 5 | Қаңтар | “Қыс қызығы” | 1 |
| 6 | Ақпан | “Өртпен ойнау қауіпті” | 1 |
| 7 | Наурыз | “Ұлттық ойындар” | 1 |
| 8 | Сәуір | “Ғарыш әлемі” | 1 |
| 9 | Мамыр | “Біз жас ұландармыз” | 1 |


ҚЫРКҮЙЕК айы
Тақырыбы: “Денсаулық сүрлеуі”.
Балалар алғашқы бекетке келіп екі қатарға тұрады. Бұл бекет “Көңілді доптар” деп аталады. Бекет спорт залында орналасқан. Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады.
І ортаңғы топ: Бір, екі, үш,
Спорт біздің досымыз.
Күш, қайрат сынаймыз,
ІІ ортаңғы топ: Таңертең ерте тұрамыз,
Беті-қолды жуамыз.
Шынығамыз бәріміз,
Шымыр бала боламыз.
Бекетте доппен ойындар ойнатылады.
“Кім жылдам?”
“Қызықты доптар”
“Кедергілерден өту”
“Айдаһар жолы” бекеті
Балалар спорт залынан саз залына дейін бір-бірінен ұстап, кедергілерді айнала жүреді.
“Ормандағы серуен” бекеті.
Арнайы безендірілген бұрышта жиналады. Олар кейіпкерге көмектесу үшін сол жерде бүршіктерді жинайды.
“Денсаулық сүрлеуі” бекеті.
Қатар қойылған заттардан жалаң аяқ өтеді.
Жұмсақ төсеніш;
Түймелі төсеніш;
Қақпақшалардан жасалған төсеніш;
Ұсақ тастар жаймаланған төсеніш;
Шараларға құйылған жылы су;
Аяқ сүртуге арналған жаймалар.
“Би билейік” бекеті.
Барлық балалар спорттық би билейді.

ҚАЗАН айы
Тақырыбы:“Әкем,шешем және мен”
Мақсаты: дене мүшесінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытып, ұйымшылдыққа, шапшаңдылыққа баулу, өмірде белсенді болуға, қойылған мақсаттарын орындауға үйрету.
Қажетті құралдар: доптар, доға, шығыршық, секіртпе, қаптар, кеглилер.
Барысы:
Дене тәрбие нұсқаушысы: Алдымен бүгін бізге қонаққа келген ата-аналар балалармен қатысады. Ата-аналар, балалар “Тұлпар”, “Сұңқар” тобы болып екі топқа бөлінеді.
- Жарысқа дайынсыңдар ма? Ендеше ең алдымен дене қыздыру жаттығуларын барлығымыз бірігіп жасайық. (музыкалық әуенмен әртүрлі қимылдар жасату.)
(Екі топқа бөлініп, бір-бірлерімен амандасады.)
“Тұлпар” тобы:
Күндей күліп,
Батыл болуға,
Сәттілік тілейміз.
“Сұңқар тобы:
Шолпан жұлдыз
Жарқыра, жарқыра.
Шынығып бәріміз,
Дем алып қайтайық.
1-эстафета: кеглидің арасымен допты домалатып апарып, себетке салып қайта жүгіріп келеді.

2-эстафета: Ата-аналар балаларымен доғаның арасымен жүгіріп, шығыршықтардан секіріп, белгілі жерге жүгіріп барады да, қолындағы жалаушаны келесі сайыскерге береді.
3-эстафета: Балалар үлкен доптың үстіне отырып, межелі жерге дейін секіріп, барады.
4-эстафета: Екі жаққа бөлінген шарды әр топтың ата-анасы жүгіріп барып, жарады да, өз тобына ұпай жинайды.
5-эстафета: Қапшық киіп, әр топтан бір-бір ата-
ана баласымен межелі жерге дейін секіреді.
6-эстафета:”Арқан тартыс” ойыны.
Дене тәрбие нұсқаушысы: Жарайсыңдар, бүгінгі “Әкем, шешем және мен” атты эстафеталық сайыста белсене қатысқандарың үшін алғысымызды айтамыз. Бүгінгі сайыста достық жеңді, екі жақ та мақтау қағаздарымен марапатталады.
ҚАРАША айы
Тақырыбы: Көңілді жарыстар.
Мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, балаларға өз қабілеттерін, ептіліктерін оятуға мүмкіндік беру. Алғырлықтарын, шапшаңдылықтарын, төзімділіктерін дамыту. Балалар арасындағы мейірімділік, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: 4 газет, кішкентай доптар, кеглилер, себеттер, қапшықтар.
Барысы:
Дене тәрбие нұсқаушысы:
Бәрін бүгін шақырамыз
Спорттық алаңға жинап,
Мерекемізді де бастаймыз,
Денсаулық күнімен құттықтап!
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін міне, “Көңілді жарыстар” деп аталатын денсаулық күнінен арналған мерекеге жиналдық. Осы мерекені ашуға рұқсат етіңіздер.
Шын жүректен әділқазы мүшелерін,
Қарсы аламыз шын ниетпен,
Әділ бола біледі әрқашанда,
Дұрыс шеше біледі әр уақытта.
Спортпен шұғылдану, бұл өте маңызды. Спортпен шұғылданған адамның денсаулығы әрқашанда мықты, күшті, қуатты болады. Ал, сендер спорттың қандай түрлерін білесіңдер?
Осы уақытта біреу есік қағады.
Бір қонағымыз асығыс,
Есікті қатты қағады,
Әрқашанда дайын көмекке,
Жабайы аң мен құсқа да,
Кім ол, қане кім айтады?
-Әрине, бұл дәрігер-Айболит.
Айболит: Көп рахмет, балаларым,
Мен сендерге қарыздармын,
Тек бір нәрсені түсіне алмадым,
Бұл не мереке? Не үшін?
Дене тәрбие нұсқаушы: Құрметті дәрігер, Айболит, бізде бүгін денсаулық мерекесіне арналған “Көңілді жарыстар” атты мерекелік іс-шара өткелі жатыр. Жоғары шығып, біздің балалардың денсаулықтары қаншалықты мықт екенін қадағалап отырыңыз.
1-тапсырма: “Кедергілерден өту”
2-тапсырма: “Шашылған доптарды жинау”
3-тапсырма: “Гимнастикалық орындықтың үстімен
өрмелеу”
4-тапсырма: “Газеттің үстімен жүру”
5-тапсырма: “Қапшықпен секіру”
Дене тәрбие нұсқаушы: Бүгінгі денсаулық күніне арналған мерекеге барлықтарын белсене қатыстыңдар, ендеше дәрігер Айболиттан біздің денсаулығымыз жайлы не ойлайтынын сұрайық.
Айболит: Жарайсыңдар балалар, барлықтарың жарадыңдар. Енді менің кетуім керек, мені басқа да жерлерде тосып жатыр, сау болыңдар балалар.
Дене тәрбие нұсқаушы: Сау болыңыз! Осымен мерекелік іс-шарамыз аяқталды.
ЖЕЛТОҚСАН айы
Тақырыбы: Шынықсаң, шымыр боларсың
Мақсаты: балалардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыра отырып, ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып қимыл-қозғалыс қабілеттерінің негізін салып, оларды өмірде белсенді болуға, батылдыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: доптар, шеңберлер, секіртпелер қаптар, орындықтар.
Барысы:
Дене тәрбие нұсқаушысы: Балалар бүгінгі денсаулық күні “Шынықсаң, шымыр боларсың”. Бүгін біз түрлі ойын-жаттығулар жасаймыз. Ендеше, сайысымызды бастайық.
1-сайыс: “Кім жылдам” ойыны
Шарты: балалар алдарында тұрған 3 таяқшалардың екеуінен секіріп, үшіншісінен өрмелеп өтулері қажет.
2-сайыс: “Кенгуру” ойыны
Шарты: балалар доппен межелі жерге дейін секіріп барып, секіріп қайтып келеді.
3-сайыс: “Баскетбол” ойыны
Шарты: балалар кішкентай допты баскетбол торына лақтырады.
4-сайыс “Кім жүйрік?” ойыны
Шарты: балаларға кішкентай шар салынған қасық беріледі. Межелі жерге дейін сол шарды құлатып алмай апарып, алып келу қажет.
5-сайыс “Мазайканы құрастыру”
Шарты: балаларға адам денесінің бөлшектері беріледі. Содан адам бейнесін құрастырулары қажет.
Дене тәрбие нұсқаушы: Міне бүгінгі денсаулық күніне арналған “Шынықсаң шымыр боларсың” атты сайысымызда аяқталды.

ҚАҢТАР айы
Тақырыбы: Қыс қызығы
Мақсаты: балалардың қызығушылығын арттыру, көмек көрсетуден жасқанбауға тәрбиелеу.
Қатысатын кейіпкерлер: Аяз ата, қоян, түлкі, Мыстан кемпір, Аққала.
Барысы:
Дене тәрбие нұсқаушы: Балалар, қане барлығымыз музыка әуенімен бой жазу жаттығуларын жасайық.
-Жарайсыңдар, балалар қараңдаршы анау жақта бізге қонақтар келе жатыр, олар кім болар екен?
Балалар: Сәлеметсіз бе, Аяз ата!
Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер спортпен дос екенсіңдер, ендеше бізге сендердің көмектерің қажет. Анау орманның ішінде аққаланы мыстан кемпір қатырып тастапты. Ондай болса, барлығымыз жолға шығайық.
Қоянның тапсырмасы: кедергілерден секіріп өту.
Түлкінің тапсырмасы: тәрбиеші апайлары балаларды бір-бірден шанаға отырғызып көпірден өткізеді.
Мыстан кемпірдің тапсырмасы: үлкен аққала жасау.
Аяз ата: Мыстан кемпір біз сенің тапсырмаңды орындадық, енді сен бізге Аққаламызды сиқырлаудан шығарып бер.
Жарадыңдар балақайлар, сендер бізге көп көмек көрсеттіңдер, қаншама тапсырмаларды орындадық, енді біздің кетуіміз керек. Сау болыңдар!
Дене тәрбие нұсқаушы: Жақсы, балалар бүгін біз қыс қызығын тамашалап, өзімізді жақсы жағынан көрсеттік. Балаларды мадақтау, мақтау.


АҚПАН айы
Тақырыбы: “Өртпен ойнау қауіпті”
Мақсаты:балаларға өрт қауіпсіздігін болдырмау, оттан сақтану жолдарын үйрету, оттың тілсіз жау екендігін ұғындыру, өрттің зияны мен қауіптілігі жайлы толық мағлұмат беру.
Құрал-жабдықтар: шеңберлер, 2 сақина, 2 шелек, кедергілер.
Барысы:
1. Балалар музыка әуенімен спорт залға кіреді. Музыкалық әуенмен бой жазар жаттығуларын жасайды. Жасап болған соң нұсқаушы балалар мен ата аналарға бүгінгі сайысқа қонаққа өрт сөндірушілер келгенін айтып, қонақтарды шақырады.
2. Қонақтармен таныстыру. Өрт сөндірушілер өздерінің жұмстары, өрт сөндіргіш машинасы жайлы қысқаша айтып өтеді. Балаларға қалай өрт сөндіретіндерін көрсетеді.
-Жақсы, балалар, енді біз келген қонақтарымызды шығарып салайық, олар тағыда басқа балабақшаларға барулары керек.
3. Сайыс.
- Енді балалар, сайысымызды жалғастырайық. Ол үшін екі топқа бөлінуіміз керек. Сайысымыз 4 тапсырмадан тұрады.
1-тапсырма. Алдымызда жатқан шеңберлерден ата-аналарымыз өз балаларымен секіріп өтулері керек.
2-тапсырма. “Сақина жинау” Балалар межелі жерге дейін сақинаны апарып тастайды, ал ата-аналар сақинаны қайтып алып келулері тиіс.
3-тапсырма. “Өрт сөндірушілер” Балалар мен ата-аналар көз алдарына қарды су деп елестетіп, шелекпен қарды межелі жерге дейін тасиды.
4-тапсырма. “Құтқарушы” Әр ата-ана қақпада қамаулы тұрған өз балаларын кедергілерден құтқарып, жүгіріп алып келеді.
- Жарайсыңдар, балалар мен ата-аналар! Бүгінгі “Өртпен ойнау қауіпті” атты эстафеталық сайысымызда өз белесіне жетті,. Екі топты мақтау қағаздарымен марапатталады.




НАУРЫЗ айы
Тақырыбы: “Ұлттық ойындар”
Мақсаты: балаларға ұлттық тәрбие беру, сыйластық сезіммен қарап, ұлтын сүюге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: асықтар, орамал, арқан, ағаштан жасалған аттардың мүсіндері, спорттық төсеніштер.
Барысы:
Балалар музыкалық әуенімен спорт залға кіреді. Музыкалық әуенмен “Қара жорға” биін билеп, бой жазу жаттығуларын жасайды. Жасап болған соң нұсқаушы балаларға ұлттық ойындар туралы слайд көрсетеді.
-Жақсы, балалар ендеше біз де бүгінгі денсаулық күнінде ұлттық ойындар ойнаймыз.
“Асық ату”
“Орамал тастамақ”
“Сақина салу”
“Қыз қуу”
“Қазақша күрес”
“Арқан тартыс”
- Жарайсыңдар балалар, бүгінгі ұлттық ойындарды жақсы ойнап, белсене қатыстыңдар.
(Балаларды мақтау, мадақтау)





СӘУІР айы
Тақырыбы: “Ғарыш әлемі” денсаулық күні
Мақсаты: балаларға ғарышкерлер күні туралы түсінік беру, тұңғыш космонавт және Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкерлері жайлы айту. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Құрал-жабдықтар: видеопроектор, доптар, жылтыр қағаздан жасалған жұлдызшалар, тунель, гимнастикалық орындықтар, шығыршықтар.
Барысы:
Балалар енді мұқият экранға назарымызды аударайық. Ең алғаш ғарышқа ұшқан Юрий Алексеевич Гагарин деген кісі, ал Қазақстан Республикасында ең алғаш ұшқан ғарышкер ағамыз –Тоқтар Аубакиров, содан кейінгі Талғат Мұсабаев. 1961 жылдан бері 12–сәуір “Ғарышкерлер күні” болып саналады. Біз әрдайым осы күні ұшқыштар мерекесі деп білеміз.
-Жақсы балалар, ендеше бүгінгі денсаулық күніне арналған ойын-жаттығуларымызды бастайық.
1 кезең: “Тепе-теңдікті сақта” Гимнастикалық орындықтың үстімен жүріп өту.
2 кезең: “Жұлдыздар әлемі” Балалар қағазда салынған жұлдыздарды қиып, қағазға жабыстырулары тиіс.
3 кезең: “Космос кемесінің құбырынан өту” тунельден еңбектеп өту.
4 кезең: “Зымыранды құрастыр” берілген бөлшектерден зымыранды құрастырады.
Балаларды мадақтау қағаздарымен, “Жас ұшқыштар” сертификатымен марапаттау.
МАМЫР айы
Тақырыбы: “Біз жас ұланбыз” денсаулық күні
Мақсаты: 7-мамыр “Қорғаушылар” күні туралы толық мағлұмат беру. Дене шынықтырумен айналысуға үйрету,спортқа деген қызығушылығын арттыру, денсаулықтарын сақтауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: видеопроектор, секіртпелер, түрлі киімдер, су құйылған шелектер, стакандар, қағаздан жасалған аяқ іздері.
Барысы:
Балалар, бүгінгі денсаулық күніміз “Біз жас ұланбыз”деп аталады. Қазақстан Республикасында 7- мамыр “Отан қорғаушылар” күні болып саналады..Ендеше, барлығымыз видеопроектарға назар аударайық. Слайдпен жұмыс.
Жақсы, ендеше сайысымызды бастайық.
“Кедергілерден өту” секіртпелерден тепе-теңдікті сақтап жүру, кеглилердің арасынан өрмелеп өту.
“Қажетін тап” шашылып жатқан киімдердің арасынан әскери киімді тауып,ұқыптап бүктеу қажет.
“Кім жылдам?” суды бір шелектен екінші шелекке стакандармен тасу.
“Бір ізбен жүру” қағаздан жасалған аяқ іздерін басып жүру.
Балаларды мақтау, мадақтау



Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Б. Төтенаев. Дене тәрбиесі. Алматы. 1984 ж.
2. Фомина А.И. Балабақшадағы спорттық ойындар
мен дене тәрбие сабақтары \ “Просвищение”
баспасы 1984 ж.
3. Ю. В. Курамшин, В. И. Попов Дене тәрбиесінің
әдістемесі мен теориясы \С – П,. 1999 ж.
4. Интернет сайтынан алынған әзірлемелер.
5. Осокина Т.И. Балабақшадағы дене тәрбиесі
\“Просвищение” баспасы 1973 ж.
6. Л.В. Яковлев, Р.А. Юдина. 3-7 жастағы
балалардың физикалық дамуы мен денсаулығы,
\М., 2004 ж.
МАЗМҰНЫ
“Денсаулық күндерін” өткізудің жылдық үлгілік
жоспары …………………………………………..4 бет
“Денсаулық сүрлеуі” ……………………………..5-6 бет
“Әкем, шешем және мен” ………………………..7-8 бет
“Көңілді жарыстар” …………………………….9-10 бет
“Шынықсаң, шымыр боларсың” ……………..11-12 бет
“Қыс қызығы” …………………………………13-14 бет
“Өртпен ойнау қауіпті” ……………………….15-16 бет
“Ұлттық ойындар” ……………………………..17-18 бет
“Ғарыш әлемі” ………………………………….19-20 бет
“Біз жас қландармыз” …………………………20-21 бет
Қолданылған ідебиеттер ……………………….22 бет
Мазмұны …………………………………………24 бет

24