| І кезең мотивациялық-қозғаушы | -Тәрбиеші қолындағы кітабын түсіріп алады -Аңсар қандай әрекет жасады? -Аңсарды қандай бала деп ойлайсыңдар? | -Тәрбиешіге жақын орналасқан бала кітапты алып береді. -Аңсар апайға жақсылық жасады. -Аңсар әдепті бала. |
| ІІ кезең проблемалық ізденушілік | -Әдептіліктің қандай шараларын білесіңдер?-Әдептілік туралы қандай мақал-мәтел білеміз? Міне осы сұрақтарға жауап іздейік. -Тәрбиеші «Әдептілік әліппесі» өлеңін оқып береді -Өлең мазмұны бойынша сұрақтар қояды: -Д/о «Түбірлес сөздер». -«Әдеп» сөзіне түбірлес сөздер ойлау керек (Болу) - «Әдеп, шындық» сөздерін буынға бөлейік -Д/о «Тамаша» Үлкенге де сіз Кішіге де сіз Барша жұртты құрметтеп Бас иеміз біз. -Балалар сіз,біз сөздерінде қандай дыбыс қайталанып тұр? -«І» дыбысын бірге дыбыс –тайық,дыбысталу ерекшелігі қандай? -Тіл ұстарту жаттығуын ұсынады - «Іні», «Ішік» сөздеріне дыбыстық талдау жасайық -«І» әріпінің таңбалануын тақтада көрсетеді,ауада жазып көреді | -Үлкенді сыйлау,кішіге қамқор болу.Таза да ұқыпты жүретін,айтқан тілді алатын жақсы балалар. -Әдепті бала арлы бала Әдепсіз бала сорлы бала -Кішіге ізет Үлкенге құрмет. Балалар зейін қойып тыңдайды -Сұрақтарға жауап береді: Әдеп- әдепті- әдептілік Болу- боламын- болғым келеді «Ә-деп», «Шын-дық» деп буынға бөледі. -Сіз,біз сөздерінде «І» дыбысы қайталанып тұр - «І» дыбысын дыбыстайды, дыбыстау барысында еш кедергі жоқ екенін және дауыс- ты дыбыс екенін айтады. -із-із келдік біз -ні-ні Абай жақсы іні -Балалар «Іні», «Ішік» сөздерін текшелермен жазып көрсетеді. -Балалар «І» әріпінің таңбасымен танысады.Дәптер-леріне жазады. |
| ІІІ Рефлексивтік-түзетуші. | -Сенің әдепті бала болғың келе ме? -Ол үшін сен не істейсің? -Оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқан балаларды ма дақтау. | -Балалар өз ойларын айтады. -Жақсы қылықтар жасайтынын айтады. -Мақтаныш сезімдеріне ие болады. |