СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әдістемелік құрал

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әдістемелік құралдар  сабаққа арналған

Просмотр содержимого документа
«Әдістемелік құрал»

Әдістемелік нұсқаулық.

3-сынып. Жаратылыстану. Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік. Электр тізбегі дегеніміз не?

Сабақта қарастырылатын оқу мақсаттары:

3.5.5.2 қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинау;

3.5.5.3 қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсыну;

3.1.2.3 тәжірибені жоспарлау және жүргізу.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл күйін сабаққа аудару мақсатында «Қал қалай? Осылай!» ойынын ойнау.Əр сұраққа балалар хормен «Осылай!» деп жауап береді де, қолмен дұрыс бағытты көрсетеді. Мысалы:

Қал қалай? – Осылай! (Бас бармағын көтереді).

Жүріс қалай? – Осылай!

Сабаққа дайындық қалай? – Осылай!

Тізбектерді салыстыр. «Тізбек» сөзіне ассоциация құру. Оқушылар тізбектің қандай болатынын, олардың қандай болатынын анықтайды. Оларға бірнеше тізбектердің суреттерін көрсету арқылы тізбектердің әртүрлі болуын түсіндіру. Электр тізбегі туралы әңгімелеу. Жетекші сұрақтар арқылы оқулықта берілген суретпен жұмыс жасау. Сұрақтар:

-Оқулық кейіпкерлерінің қолдарында не бар?

-Олардың бір-бірінен қандай айырмашылық бар?

-Тізбектер неден құралған?

-Егер тізбектер үзіліп қалса, не істеу керек?

-Негештің тізбегі үзілсе не болады? Ойыңмен бөліс.

-Сым арқылы не өтеді? Қалай ойлайсыңдар?

-Сымдарды ажыратса не болады?

Жана ма, жанбай ма? Тапсырманың мақсаты: Оқушыларда электр тізбегінін дұрысын анықтау. Оқушылар суретпен жұмыс жасай отырып, шамның жануына қажетті тізбекті анықтайды. Жетекші сұрақтар арқылы, тапсырманың мақсатына қол жеткізу ұсынылады. Сұрақтар:

-Суреттегі эксперимент нені анықтауға арналған деп ойлайсың?

-Қандай электр көздерің білесіңдер?

-Суретте берілген заттардың қайсысы электр құралына, қайсысы ток көзіне жатады?

-Берілген суреттердің қандай айырмашылығы бар?

-Шам қандай кезде жанады?

-Шам қандай кезде жанбауы мүмкін?

-Ток көзін тізбекке не үшін қосады? Ойыңмен бөліс.

Электр тогі. Мақсаты: Оқушыларда электр тогі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Оқушыларға бірнеше сымдарды немесе сымдардың суреттерін таратуға болады. «Сымның ішінде не болуы мүмкін?» деген сұрақ қою. Оқушыларға түсінікті болуы үшін су құбырларында судың қозғалу жолын көрсетіп, олардың тұрығын үйлерге қалай баратынын көрсету. Электр сымдары арқылы ток электр көзінен құрылғыға өтетінін түсіндіру.

Электр тізбегі неден тұрады? Тапсырманың мақсаты: Оқушыларды электр құрылғыларымен, қызметтерімен сонымен қатар, электр тізбегінің жұмысына қажетті элементтерді таныстыру. Оқулықта берілген сурет бойынша электр тізбегінің элементтерін атау. Қарастырылатын сұрақтар:

-Суреттегі электр тізбегі не үшін қолданылады? Ойыңмен бөліс.

-Бұл электр тізбегін қай жерден кездестіруге болады?

-Егер электр тізбегінің кілті болмаса не болады?

Модель жасау. Тапсырманы кең алаңда немесе сыныптың бос орнында өткізу керек. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, электр тізбегі жұмысының мәнін түсіну керек. Ол үшін оқушылар электр тізбегінің «тірі үлгісін» жасайды.

Ресурстар ретінде бір шелек немес бір қорап кез-келген жемістерді, кішкене доптарды пайдалануға болады.

Модельдеуді жоспарлау.

-Электр тізбегін құру;

-Электр тізбегінің жұмысын анықтау.

Саралау: Ынтасы жоғары оқушыларға электр тізбегінің моделін өз шығармашылықтарымен құрастыруға ұсыныс беру.

Қорытындылау: Модель жасай отырып, электр тізбегінің жұмысын түсініп, тізбектің ерекшелігі туралы талқылау.