СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ДК – дің шеткері құрылғылар

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

мақсаты: ДК – дің шеткері құрылғыларын білу. Қызметін меңгеру

Просмотр содержимого документа
«ДК – дің шеткері құрылғылар»

Сабақ жоспары



Оқытушы:Кәдірбеков М.Ж.

Тобы:18

Пәннің атауы: Есептеуіш жүйені аппаратпен қамтамасыздандыру

Сабақтың тақырыбы: ДК – дің шеткері құрылғылар

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік мақсаты: ДК – дің шеткері құрылғыларын білу. Қызметін меңгеру

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың  іздемпаздылығын, іскерлігін  және маман иесі ретінде жауап  беру  қабілеттерін  бағалай  отырып,  адамгершілікке, әдептілікке  баулу. 

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың қамтамасыздандырылуы:

а) оқу-көрнекілік құралдар: электрондық оқулық,кітап

б) үлестірмелі материалдар: 

в) ТОҚ: интерактивті тақта

Пән аралық байланыс: Информатика

Өз бетінше жұмыс: ғаламтордан қарау

Сабақтың өту барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Оқушыларды  түгендеу. Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау. Сабақ  барысында оқушыларды белсене қатысуға ынталандыру.

ІІ.Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру

Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі

ДК құрылғылары (ағылш. hardware (́ha:dwεə), жарг. «темір») — электрондық және/немесе Есептегіш құрылғының механикалық бөліктері.

ДК құрылғылары — электрондық, электрлік ж-е механикалық құрылғылардың кешені. Компьютердің құрылғыларының қатарына: — компьютерлер мен логикалық құрылғылар; — сыртқы құрылғылар және диагностикалық аппаратура; — энергетикалық қосалқылар, батареялар мен аккумуляторлар.

Сыртқы құрылғылар

1.Монитор
2.Пернетақта
3.Тінтуір

4.Джойстик

5.Принтер.

6.Модем.

7.Флэшка


Монитор (дисплей) - бұл кез-келген ақпараттарды (текстік, графиктік және т.б) экранға шығаруға негізделген құрылғы.

Пернетақта - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады.Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.

Тінтуір - қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – «Тышқан» манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек тышқан (маус) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол-сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы.

Джойстик - компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын обьектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор.

Принтер - ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтердің үш түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік.


Модем (ағылш. modem, modulator-demodulator) - сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын электрондық құрылғы.

Флэшка - жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка – ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады. Оларға 32 Мбайт-8 Гбайт дейін ақпарат сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB –портқп қосады, секундына 1-10 Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазуға болады.


Тәжірибелік жұмысты орындауға арналған нұсқаулықтар:


Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру

Үлестірмелі материалдардағы сұрақтарға жауап беру арқылы, жаңа сабақты бекіту.

Сабақтың қорытындысы: Тақырып бойынша сұрақ қою

Рефлексия:

Бүгінгі сабақта алган әсерім (ұнамды, ұнамсыз жақтары)

Ұсыныстар

Үй тапсырмасы: тақырып бойынша оқу



ДОӨІЖ орынбасары: ________ Ералиев Қ.А.

Оқытушы: ________ Кәдірбеков М.Ж.