СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Для свидетельства

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру. 

Просмотр содержимого документа
«Для свидетельства»

«Каменка орта мектебі» КММ















Физика әлемінде

(интеллектуалдық ойын)

(7-9 сыныптар арасында)















Физика пәнінің мұғалімі: ЖакипбековаА.С.











Мақсаты: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған білімдерін қорытындылау, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекілігі: компьютер, слайдтар.

Барысы:

1. Қатысатын оқушыларды екі топқа бөлу.

2. Топтар жарысы.

3. Жарыс шарттарымен таныстыру.

4. Қазылар алқасының қорытындысы.

I. Мұғалім: Қайырлы кеш, қадірменді оқушылар, ұстаздар! Баршаңыз да "Физика әлемінде" атты интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Уалиева Жаңыл Нұрмұхамбетовна

II. Топқа бөлу. Алдымен қатысатын оқушылар екі топқа бөлінеді.

III. Топтар жарысы.  Енді екі топқа жұмбақ жасырамын, соның шешімін тапқан топ сол атқа ие болады.

Құрметтейік ғалымды,

Ғылымды алға жылжытқан.

Инерция құбылысын

Айтшы, достар, кім ашқан? (Галилео Галилей)

Қасына емес басына,

Алма түсіп қасына,

Тартылыс заңын таптым деп

Кетті ғалым асыға (Исаак Ньютон)

IV. Жарыс шарттарымен таныстыру.

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты ол -

Еңбектену жалықпау,

Сәт сапар тілеп бәріңе

Сайысты енді бастайық!

Сайыс мынадай белестерден тұрады:

1. «Өткел» кезеңі

2. «Белес» кезеңі

3. «Бекет» кезеңі

4. «Асу» кезеңі

5. «Жерұйық» кезеңі

6. «Серпілу» кезеңі



1 кезең. Ойынның алғашқы «Өткел» кезеңінде топтар өздерін таныстырады.

2 кезең. «Белес» кезеңінде әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

«Галилей» тобына:

1. Молекулалары бей-берекет үлкен қозғалыста болатын заттың агрегаттық күйі. (Газ)

2. «Физика» гректің қандай сөзінен шыққан? (Табиғат)

3. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы. (Телескоп)

4. Тығыздықтың өлшем бірлігі. (кг/м3)

5. Сандық мәнімен бірге бағыты да көрсетілген физикалық шаманы ата? (Күш)

«Ньютон» тобына

1. Дене молекулалары бір-біріне жанасқан кезде өз-өзінен бір-біріне ену

құбылысы қалай аталады? (Диффузия)

2. Жұлдыздар жүйелері шоғырларын не деп атайды? (Галактика)

3. Массасы 1кг отын түгел жанғанда қандай жылу мөлшері бөлініп шығатынын

көрсететін физикалық шаманы ата. (Отынның меншікті жану жылуы)

4. Физикада «бірінші ұстаз» атанған ғалым? (Аристотель)

5. Жылдамдықтың өлшем бірлігі. (м/с)

6. Атом қандай бөлшектерден тұрады? (Электрон, протон, нейтрон)

3 кезең. «Бекет» кезеңінде сұрақтар топқа қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Қосымша көмек алса ұпай саны кемиді. Сұрақты қарсыластары жауап беруге ынта танытса, жауап беру кезегін қарсыластар кезегіне беруге құқығы бар. Бұл жағдайда ұпай қарсыластарына жазылады. Егер топ кезегін бермей өздері жауап беріп, олары дұрыс болмай шықса, тиесілі ұпайлары жинаған ұпайларынан алынып тасталады.

«Шерлок Холмс» жайлы сұрақ қойылады. Шерлок Холмс өте білімді, байқағыш және ойшыл адам болған. Сонымен бірге, осы сайыс кезеңінде ол кісінің «физик» болғанына көздеріңіз жетеді.

1-сұрақ:

Қыс мезгілі болатын. Шерлок Холмс даладан бір үйге кіреді. Қырау басқан терезенің саңылауынан жолдың бір шеті ғана көрінеді. «Мына үйдің қызы жалқау екен» - деп ойлапты. Неліктен ол мұндай ойға келді?

Жауап. Ол үйдің терезесін қырау басып тұр. Онда терезе жақтауларының аралығына тесіктер арқылы бөлмеден жылы дымқыл ауа кіріп, суық ауамен жанасқанда терезеге қатып қалады. Бұдан шығатын қорытынды терезе дұрыстап жылыланбаған.

2-сұрақ:

Бір үйге келген Шерлок Холмс, үй иелерімен әңгімелесіп отырып, бірер минуттан кейін: «Сіздің ас үйіңізде шәйнек қайнап жатыр» - деген екен. Оның отырған бөлмесінен ас үй көрінбеген, онда ол мұны қайдан білді?

Жауап. Әдетте шәйнек қайнағанда қақпағы бүлкілдеп тұрады, оның қозғалуы ішіндегі су қайнап бу түзілген кезде қысымы артады да, ол қақпақты көтеріп жібереді, қақпақ ашылғанда бу сыртқа шығып, іштегі қысым азаяды, қақпақ орнына түседі, сол кезде дыбыс шығарады. Процесс осылай жалғаса береді.

3-сұрақ:

«Құймақ ыстық кезінде ғана тәтті» - дейді Шерлок Холмсты ас ішуге шақырған аспазшы, - «Олар көпке дейін ыстық болып тұруы үшін, мен құймақ салынған табақты металл подносқа салып қоямын» - депті сөзін жалғастырған аспазшы. «Одан да құймақты ағаш подносқа салған дұрыс болар», - деп Шерлок Холмс кеңес беріпті. Бұл кеңесінің астарында не жатыр?

Жауап. Ағаштың жылу өткізгіштігі металға қарағанда аз болады. Сондықтан ағаш подноста табақ баяу суиды.

4-сұрақ:

Шерлок Холмс түскен үйдің иесі есікке барып, ішке мысықты кіргізеді. Мысықты көрген Шерлок Холмс «Сыртта ауа райы суық екен», - дейді. Ол мұны үйде отырып қалай білді?

Жауап. Мысықтың жүніне қарап анықтаған. Суық күнде мысықтың жүні әдеттегіден де қобырайып үлпілдеп тұрады, оның әр талының аралығында көбірек ауа болады, ол жылуды нашар өткізеді.

4 кезең. «Асу» кезеңінде текшедегі сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа 10-40 ұпай беріледі.




ТАБИҒАТ

10 – «Айналадағы жайқалған гүлдер, гүлден гүлге қонған көбелек. Гүлдердің иісі аңқып тұр». Бұл қандай құбылыс? (Диффузия)

20–Қайсысы ауыр: ыстық нан немесе салқын нан? (суыған нан, тығыздығы көп)

30–Температура төмендегеп ауадағы су тамшылары конденсацияланғанда пайда болатын құбылыс (шық)

40 - Үйкеліс кезіндегі механикалық жұмыстың жылуға айналу процесі қайтымды ма, әлде қайтымсыз ба? (Табиғаттағы барлық процестер жылу алмасумен, үйкеліспен, диффузиямен қатар жүреді, сондықтан олар – қайтымсыз)


ТЕХНИКА

10 –Кірпіштің салмағы 2 кг және тағы жарты кірпіш. Кірпіш салмағы қанша? (3 кг)

20–Ең алғаш рет қыздыру шамын 1872 ж. Санкт-Петербургте кім ойлап тапты. (А.Лодыгин)

30 –Оқушы рюкзагының белбеуі неге жалпақ? (Жалпақ белбеу денеге қысымды аз түсіреді)

40 –Оттағы шәйнек неге ызылдап әндетеді? (ауа көпіршіктерінің су жылығанда ұлғайып, түбінен қопарылып жоғары көтеріле бастаған қозғалысынан ызыл туады)


ҚҰБЫЛЫС

10 –Балықтың қолда жылпылдап тұрмайтын себебін түсіндіріңдер (сыртқы шырыш қабығы үйкелісті азайтады, сондықтан ұстап тұру қиын)

20 –Бейнероликте қандай физикалық құбылыс көрсетілген? (конвекция)

30 – Судың терең жерінде табанға тас қатты бата ма, әлде таязда ма? (таяз жерінде ауырдады, терең суда тас ауыртпайды себебі суда адамды көтеру оңай. Архимед күші әсер етеді)

40 – Бейнероликтегі тәжірибе қандай физикалық заңға негізделген? (Паскаль заңы)



5 кезең. «Жерұйық» кезеңінде оқушылар есептер шығарады. Әр топқа 1 есептен беріледі. Дұрыс шыққан есепке 15 ұпай беріледі.

«Галилей» тобына:

Есеп 1. Оңашаланған өткізгіштер 100В потенциалдарға дейін зарядтағанда электр заряды берілген. Өткізгіштің электр сыйымдылығын анықтаңдар.



«Ньютон» тобына

Есеп. 1. Сыйымдылығы конденсаторға заряд беру үшін конденсаторды қандай кернеуге дейін зарядтау керек?



6 кезең. «Серпілу» кезеңінде оқушылар әділқазы тапсырмасын орындайды.

1. Ғалым туралы

1) Негізгі сұрақ. Ғалымға Герон патшасы алтын тәж жасаған ұстаның адалдығын сынауды тапсырған. Тәжді бұзбай-жармай ішінде қоспасы бар жоғын білуді ұсынған. Бір жолы моншаға барып, толтыра су құйылған ваннаға түскен, су жартылай төгілген, сонда оның ойына мәселенің шешуі келген. Ол қуанғаннан «Эврика! Эврика!» деп айқайлап жіберген. Тәждің салмағын ауада, суға батырып өлшеген. Аңыз бойынша тәж затының тығыздығы таза алтынның тығыздығынан кем болып шықты. Ұстаның өтірігі әйгіленіп, ғалым тамаша табысқа ие болған. Бұл сұрақ бойынша қай ғалым туралы айтылады?

Қосымша көмек: Өзінің туған қаласын Сиракузды қорғау үшін әскери машина ойлап тапты. Ол «маған тіреу нүктесін беріңдер, Жер шарын да орнынан қозғалта аламын» деп айтқан.

Жауабы: Архимед (б.з.б. 287-212)

2. Физикалық құрал.

1) Негізгі сұрақ. ауа райын сипаттайтын шама, атмосфералық қысым, қорап ішіндегі қысым тұрақты. Сондықтан атмосфералық қысым өзгергенде мембрана көп немесе аз майысады. Ал мембранаға стрелка бекітілген. Осы стрелка шкаладан атмосфералық қысымды нұсқайды. Бұл қандай физикалық құрал деп ойлайсыз?

Қосымша көмек: Бұл құралды итальян ғалымы тәжірибе жүзінде Торричелли ойлап тапты.

Жауабы: Барометр.

VI. Қазылар алқасының қорытындысы. 

Бүгінгі кешімізді мына бір физиктердің өмірінен қызықты хикаялармен аяқтағым келіп тұр.

1. Ньютонның екі мысығы болыпты. Біреуі үлкен, екіншісі кіші. Мысықтарды таңертең оның мазасын алмас үшін, есікке екі тесік жасапты. Бірі үлкен екіншісі кіші. Мұны көрген көршісі Ньютонға: «Неге екеу жасадың, біреуі де жетер еді ғой»- депті. Сонда Ньютон басын қасып: «Иә, бұл керемет ой! Бірақ бұл ой маған келмеген екен,- деген екен.
2. Рентген сәулелерін ашқан физик Рентгенге біреу хат жазыпты. Хатында Рентген бірнеше сәулелерді және қалай жұмыс істеу керектігін көрсететін нұсқауды хатпен салып жіберуді сұрапты. Хат иесінің сөзіне қарағанда көкірегінде оқ қалып қойыпты. Рентген хаттың иесіне мынадай жауап жазып жібереді: «Өкінішті - ақ, қазіргі уақытта менде бұл сәулелер жоқ және оларды жіберуде көп жұмыс туғызады. Сондықтан сізден сұрарым, ең оңайы, маған сіз өзіңіздің көкірегіңізді салып жіберіңіз».

3. Ампер басқалардан ұмытшақтығымен ерекшеленген екен. Бір күні ол үйінен шығарда есігіне хат жазып кетіпті. « Мырзалар! Ампер үйде жоқ, бүгін кешке келіңіздер» - деген сөз жазылған екен. Біраз уақыттан кейін Ампер үйіне келіп хаттағы жазуды оқып, кері қайтып, үйіне кешке келіпті.
4. Ұлы ғалым Эдисонның бағына кіретін есік өте қиын ашылады екен. Қонақтардың бірі Эдисонға өзің әйгілі өнертапқыш бола тұра осы есікті оңай ашылатын етіп қою қолыңнан келмей ме депті. Сонда Эдисон: «Меніңше есік жаман құрастырылмаған, ол үйдің су құбырымен байланысқан. Әр адам цистернаға 20 литр су құйып кетеді»- деп жауап бергенде қонақтары таң қалыпты. Осындай көтеріңкі көңіл күймен сіздерге «сау болыңдар» демекпін.






Скачать

© 2018, 311 1

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!