СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Для свидетельства

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Теориялық мүмкіндігіне қарағанда реакция өнімінің шығымының массалық үлесін есептеу

Просмотр содержимого документа
«Для свидетельства»

Теориялық мүмкіндігіне қарағанда реакция өнімінің шығымының массалық үлесін есептеу

1-мысал.Лабараторияда 246 гнитробензолды тотықсыздандыру арқылы 180 г анилин алды. Аналиннің теориялық мүмкіндікке қарағандағы шығымның массалық үлесін табамыз.

Берілгені:

m (С6Н52) = 246 г

m (С6Н5NH2) = 180 г

т/к ω(С6Н5NH2)=?

Шешуі: 1) Реакция теңдеуін жазамыз

С6Н52+ 3H2 = С6Н5NH2 + 2H2O

2) Нитробензолмен анилиннің мольдік массаларын табамыз.

m (С6Н52) =123 г/моль

m (С6Н5NH2) = 93 г/моль

3) Реакция теңдеуі бойынша 1 моль нитробензолды тотықсыздандырғанда 1 моль анилин алынады, тотықсызданған 1 моль нитробензол мен алынған 1 моль анилиннің массасын табамыз.

m = ѵ∙M m (С6Н52) = 1 моль ∙ 123 г/моль = 123 г

m (С6Н5NH2) = 1 моль ∙ 93 г/моль = 93 г

4) Реакция теңдеуі бойынша 123 г нитробензолды тотықсыздандырғанда 93 г анилин алынады, ал 246 г нитробензолды тотықсыздандырғанда алынатын анилиннің массасын табамыз.

123 г -------- 93 г х = = 186 г

246 г --------х

5) Реакция шығымының массалық үлесін табамыз.

= ∙ 100% 6Н5NH2) = ∙ 100% = 96.8%

Жауабы: шығымы 96.8%

2-мысал.Массасы 140,8 г шығымы 80% сірке – қышқылының массасын табыңыз

m (эфир) = 140,8 г

ω(эфир) = 80%

т/к m (СН3 СООН) =?

Шешуі: 1) Эфирдің теориялық шығымын анықтаймыз

ω = ∙ 100% m (эфир) = ∙ 100%


m (эфир) = ∙ 100% = 176 г

2) реакция теңдеуін жазамыз

С2Н5ОН + СН3 СООН = СН3 СОО С2Н5 + H2O

3) Сірке қышқылы мен сірке-этил эфирінің мольдік массасын табамыз.

m (СН3 СООН) = 60 г/моль

m (СН3 СОО С2Н5 ) = 88 г/моль

4) Реакция теңдеуі бойынша 1 моль сірке-этил эфирін алу үшін 1моль сірке қышқылы қажет, алынатын сірке-этил эфирі мен қажетті сірке қышқылының массасын табамыз.

m = ѵ∙M m (СН3 СОО С2Н5) = 1 моль ∙ 88 г/моль = 88 г

m (СН3 СООН) = 1 моль ∙ 60 г/моль = 60 г

5) Реакция теңдеуі бойынша 88 г сірке-этил эфирін алу үшін 60 г сірке қышқылы қажет, ал 176 г сірке-этил эфирін алу үшін қажетті сірке қышқылының массасын табамыз.

88 г -------60 г

176 г -----х х = = 120 г

Жауабы: 120 г сірке қышқылы






































Реакцияға түскен немесе реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасы және зат мөлшері арқылы зат массасы мен газ көлемін табуға есептер шығару

1-мысал. 12,6 г азот қышқылы калий гидроксидімен әрекеттескен кезде түзілген тұздың массасын табыңыздар.

Берілгені: m(HNO3) = 12,6 г

m/к. m (КNO3) = ?

Шешуі: 1) Рекция теңдеуін жазамыз.

HNO3 + КОН = КNO3 + Н2 О

2)Азот қышқылы мен калий нитратының молярлық массаларын табамыз.

М (HNO3) =63 г/моль

М (КNO3) =101 г/моль

3) Реакция теңдеуі бойынша 63 г азот қышқылы калий гидроксидімен әрекеттескенде

1 моль азот қышқылы мен 1 моль калий нитратының массаларын табамыз.

m = v ∙ M

m(HNO3) = 1 моль ∙ 63 г/моль = 63 г

m (КNO3) =1 моль ∙ 101 г/моль =101 г

4) Реакция теңдеуі бойынша 63 г азот қышқылы калий гидроксидімен әрекеттескенде

101 г калий нитраты түзіледі, 12,6 г азот қышқылы калий гидроксидімен әрекеттескен кезде түзілетін калий нитратының массаларын табамыз.

63 г --- 101 г

12,6 г ---х г

х = = 20.2 г Жауабы: 20,2 г калий нитраты түзіледі.

2-мысал. 3 г көмір толық тотығу үшін оттегінің қандай көлемі жұмсалады?

Берілгені:

m(С) = 3 г

m/к V(O2) = ?

Шешуі: 1) Рекция теңдеуін жазамыз.

С+О2 →СО2

2) Көмірдің молярлық массасын табамыз.

М (С) =12 г/моль.

3) Кез-келген газдың 1 молы қалыпты жағдайда 22,4 л көлем алатынын ескерсек, 1 моль көмір тотығу үшін жұмсалатын оттегі 22,4 л көлем алады. 1 моль көмірдің массасын табамыз

m = v ∙ M

m(С) = 1 моль ∙12 г/моль = 12 г

4) Реакция теңдеуі бойынша 12 г көмір тотығу үшін 22,4 л оттегі жұмсалады, ал 3 г көмір толық тотығу үшін қажетті оттегінің көлемін табамыз.

12 г---22,4 л

3 г ---х х = = 5.6 л

Жауабы: 5.6 л оттегі жұмсалады.

3-мысал. Күкірт жанғанда 112 л (қ.ж) газ түзілді. Жанған күкірттің массасын табамыз.

Берілгені:

V (SO2) = 3 г

m/к m (S) = ?

Шешуі: 1) Рекция теңдеуін жазамыз.

S+О2 →SО2

2) Күкірттің молярлық массасын табамыз.

М (S) =32 г/моль.

3) Кез-келген газдың 1 молы қалыпты жағдайда 22,4 л көлем алатынын ескерсек, 1 моль күкірт жанғанда түзілген күкірт (ІҮ) оксиді 22,4 л көлем алады. 1 моль күкірттің массасын табамыз .

m = v ∙ M

m(С) = 1 моль ∙32 г/моль = 32 г

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма:

4) Реакция теңдеуі бойынша 32 г күкірт жанғанда 22,4 л күкірт (ІҮ) оксиді түзіледі, ал 112 л күкірт (ІҮ) оксиді түзілген кезде жанған күкірттің массасын табамыз.

32 г---22,4 л

х ---112 л х = = 160 г

Жауабы: 160 г күкірт жанғанда

4-мысал. 0.3 моль тұз қышқылымен әрекеттесетін натрийдың массасын табамыз.

Берілгені:

v (HCI) =0, 3 моль

m/к m (Na) = ?

Шешуі: 1) Рекция теңдеуін жазамыз.

2Na + 2HCI→ 2NaCI + H2

2) Натрийдің молярлық массасын табамыз.

М (Na) =23 г/моль.

3) 2 моль натрийдың массасын табамыз.

m = v ∙ M

m(Na) = 2 моль ∙2 3 г/моль = 46 г

4) Реакция теңдеуі бойынша 2 моль тұз қышқылымен 46 г натрий әрекеттеседі, ал 0.3 моль тұз қышқылымен әрекеттесетін натрийдың массасын табамыз.

2 моль---46 г

0.3 моль ---х х = = 6.9 г

Жауабы: 6.9 г натрий әрекеттеседі.
































Сандық есептер

1-100. Құрамында 16 г күкірт болса, күкіртті газдың SO2 массасы қандай екенін табыңдар.

Шешуі: 16гx г

S→SO2 16 г → х г х= 16 ∙ =32 г

32 г 64 г 32 г →64 г

1-101. Құрамында 32 г мыс болса, куприттің Cu2 O массасы қандай болғаны

Шешуі: 32 гx г

2 Cu→Cu2O 32 г → х г х= 32 ∙ = 36 г

128 г 144 г128 г →144 г

1-102.Массасы 80г сусыз мыс (II) сульфатын алу үшін кристалгидраттың CuSO4 ∙5H2O қандай массасы қажет болатының есептеңдер?

Шешуі:x г 80 г

CuSO4 ∙5H2O → CuSO4 80 г → х г х= 250 ∙ = 125 г

250 г 160 г160 г →250 г

1-103. Құрамында массалық үлесі 70% темір (III) оксиді Fe 2 O 3 және 30% темір (II) оксиді FeO бар қоспасының массасы 300 г.Осы қоспадан темірдің қандай массасын алуға болатындығын есептеңдер.

Шешуі: Қоспадағы әр заттың массасын табамыз:

m = (Fe 2 O 3 ) =0,7 ∙ 300 = 210 гm = (FeO ) =0,3 ∙ 300 = 90 г

Әр қосылыстың құрамындағы темірдің массасын есептейміз:

210 гx г

Fe 2 O 3 →Fe 210 г → х г х= 210 ∙ = 147 г

160 г 112 г160 г →112 г

90 гx г

Fe O →Fe 90 г → х г х= 90 ∙ = 70 г

72 г 56 г72 г →56 г

Қоспадағы темірдің массасы:

m (Fe) = m1 (Fe ) + m2 (Fe) = 147 +70 = 217

1-104.Аммосфостың NH4H2PO4 2,5килограмында фосфор (V)оксидінің P2O5қандай массасы болады?

Шешуі: 2500 гx г

2NH4H2PO4→ P2O5 2500 г → х г х= 2500 ∙ = 1,5 г

230 г 142 г230 г →142 г

1-105. Құрамында 42,8% көміртек және 57,2% оттек бар көміртек оксидінің формуласын табыңдар?

Шешуі:CxOу x: у = : = 3,6 : 3,6 = 1: 1

Жауабы:CO

1-106.Элементтік құрамы мынадай: темірдің массалық үлесі 0,7 (немесе 70%) оттектің массалық үлесі 0,3 (немесе 30%) қосылыстың химиялық формуласын табыңдар.

Fe x Oу x : у = : = 1,25 : 1,875 = : 1: 1,5 = 2:3

Жауабы: Fe2 O3

1-108.Күкірттің оттекпен қосылысының салыстырмалы молекулалық массасы оттек молекуласының массасынан екі есе ауыр.Осы тұншықтырғыш газдың формуласын табыңдар.

Шешуі:Mr (SxOу ) = 2 ∙ Mr (O2) = 2 ∙ 32 =64

SxOу құрамында күкірттің екі атомы болуы мүмкін емес:

Mr (2S ) = 2 ∙ 32 =64 себебі, зат құрамында оттек болуы керек.

Mr(O ) = 64 - Mr (S) = 64 – 32 = 32

У(O) = = 2

Жауабы:SO2


1-109. Құрамындағы көміртек, сутек және оттек атомдарының массалық қатынастары 6:1:4 болатын сірке альдегидінің қарапайым формуласын табыңдар.

Шешуі:

Cx HуOz x : у : z = : = 0,5 : 1 : 0,25 = : = 2: 4 : 1 Жауабы:C 2 H4 O

1-110.Табиғи маржанның құрамында кальций, көміртек, оттек массалық қатынастары10:3:12-ге тең болады.Маржанның формуласын табыңдар.

Шешуі:

Cax CуOz x : у : z = : = 0,25:0,25:0,75 = : = 1: 1 :3 Жауабы:CaCO3

1-111. Құрамында элементтердің массалық үлестері мынадай: магний 41,4%, оттек 55,2% , сутек 3,4% болатын қосылыстың химиялық формуласын табыңдар.

Шешуі:MgxOуHz

x: у : z= : = 1,7 : 3,4 : 3,4/1,7 = 1: 2 :2

Жауабы:Mg (OH)2

1-112. Құрамындағы элементтердің массалық үлесі төмендегідей:натрий 42,1%, оттек 39%,фосфор 18,9% болатын тұздың химиялық формуласын табыңдар.

Шешуі: Na x PуOz

x : у : z= : = 1,8 : 2,4 : 0,6 / 0,6 = 3: 4 :1

Жауабы: Na 3PO4

1-113.Алюминий,оттек және сутек атомдарының массалық қатынастары 9:16:1 болатын қосылыстың қарапайым формуласын табыңдар.

Шешуі:AIxOуHz

x: у : z= : = 0,33 : 1 : 1 = 1: 3 : 3

Жауабы:AI (OH) 3

1-114.Сутек, күкірт және оттек атомдары массаларының қатынастары 1:16:32 –ге тең болатын құрамында күкірті бар қышқылдың қарапайым формуласын табыңдар.

Шешуі:HxSуOz

x : у : z= : = 1 : 0,5 : 2 /0,5 = 2: 1 : 4

Жауабы: H 2 SO4

1-115. Күкірттің оттекті қосылысында 1 г күкіртке 1,5 г оттек сәйкес келеді.Салыстырмалы молекулалық массасы 80-ге тең болса, қосылыстың формуласы қандай болғаны?

Шешуі: Sx Oу x : у = 1 ∙32 : 1,5∙ 32 = 32 : 48 = : = 1:3

Жауабы: SO3

2-тәсіл. Sx Oу m (S) : m (O) = 1 : 1,5 =2 :3 2+3=5

5_______80

2______ x x = 80 ∙ 2:5 = 32 x = = 1

5_______80

3______ x x = 80 ∙ 3 : 5 = 48 x = = 3 Жауабы: SO3

1-116.Бір элементтің оксидінің формуласы ЭO2, ондағы оттектің массалық үлесі 53,3%.Элементті табыңдар.

Шешуі:ЭO2ω (Э) = 100 % - 53,3 % = 46,7 %

: = 28

Жауабы: SiO2

1-117.Кальций хлоридінің кристалгидратының 14,6 грамын сусыздандырғанда оның массасы 7,2 грамға кемиді.Кристалгдраттың формуласын табыңдар.

Шешуі: m (CaCI2) = 14,6 – 7,2 = 7,4

14,6 г 7,4 7,2 г

CaCI2 ∙ H2O =CaCI2 +у H2O

250 111 x

7,4 г __________7,2 г

111 г _________ xг


x = 111: = 108 гу = = = 6


Жауабы: CaCI2 ∙6 H2O

1-118.Мольдік массасы 250г/моль болса, мыс (II) сульфатының кристалгидратының формуласы қандай болғаны? Кристалгидратының құрамындағы судың зат мөлшерін табыңдар.

Шешуі: M (Cu SO4) = 160 г/ моль

CuSO4 ∙x H2O x∙ Mr (H2 O) = 250 – 160 = 90 г/ моль

18 x = 90 x = = 5

Жауабы: CuSO4 ∙5 H2O

1-119. Кальций сульфаты кристалгидраты құрамында 23,3 % кальций. 18,6 %күкірт,37,2 % оттек және 20,9 % су бар. Кристалгидраттың формуласын табыңдар.

Шешуі: Cax SуOz ∙

x : у : z = : : = 0,58: 0,58: 2,32 : 1,16 = 1: 1 :4 : 2 Жауабы:CaSO4 ∙ 2 H2O