СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Допты түзуінен алып жүру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Допты түзуінен алып жүруді үйрету. Баскетболмен жүруді үйрету

Просмотр содержимого документа
«Допты түзуінен алып жүру»




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КМҚК









Бекітемін :______________

Колледж әдіскері: Ораш.М.Ж.

___________________________

Сынып жетекшісі: Турдыкулов Д.Б

№ 8 мектеп кешені



Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Допты түзуінен алып жүру»




Өткізетін: Жарылқасынова Толқын

Сыныбы: 4 «А»

Бағасы:














Семей қаласы

2018

Сабақ тақырыбы:

«Допты түзуінен алып жүру»

Мектеп: №8 мектеп кешені

Күні :

17.10.2018

Мұғалімнің есімі: Жарылқасынова Толқын

Сынып: 4 «А»

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

- әр түрлі дене жаттығуларын орындау кезіндегі рөлдерді көрсету және атау;

- ойлау, танымдық қабілеттері, ойын жеткізе білу дағдылары артады;

Ресурстар:


Ысқырық, сабақ жоспары

Сабақтың түрі


Аралас сабақ

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі

Түсіндіру, әңгімелеу, ойын.

Сабақтың құрылымдық элементтері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті


Дайындық бөлім

























-Сапқа тұрғызу

-Сап түзел тік тұр!

-Салеметсіздер ме!

-Кезекші рапорты

-Оңға бұрыл, алға қадам бас.

Саптық жаттығулар

-Жай жүгіріс

-қолымыз белде оңға, солға секіріп жүгіру;

-қолымыз артта өкшені тигізіп жүгіру;

-жылдамдықты өзгертіп жүгіру;

-қолымыз белімізде, аяқтын ішімен, сыртымен, өкшемен жүгіру;

-тыныс алу жаттығулары;

-бір орында қадам бас

-Тоқта. Бірінші екіншіге санал

Жалпы дамыту жаттығулары

- Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде қолымыз белімізде, басымызды оңға 4 рет, соға төрт рет айналдырамыз.

- Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде қолымыз иығымызда,1-2 алға, 3-4 артқа айналдырамыз.

- Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде қолымыз белде1-2 оңға белімізді айналдырамыз, 3-4 солға айналдырамыз.

- Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде жаттығу қолдың басына жасалады

- Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде тіземізге жасалатын жаттығулар

- Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде бір қолды алға созамыз, екі қолымызды жоғары көтереміз, үш тізені бүгпей аяқтың ұшына тигіземіз, төрт қолымызды алға созып отырамыз, бес бастапқы қалып.


Сабақтың барысында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескерту.

Негізгі бөлім

-Баскетбол добын алып жүрудің әдіс-тәсілін үйрету.

-Оқушыларды екі командаға бөліп екі оқушы  допты еденге бір қолмен соғу арқылы, қарсылас балаға беру.

-Екі командадағы оқушылар жарысып кезекпен допты еденге соғып, себетке тастау.

-Оқушыларды үш командаға бөліп, баскетбол ойын ережесімен ойнату


  • Допты лақтыру және қағып алу әдістері:

А)   Допты екі қолымен кеуде тұсынан лақтыру. (орында тұрып және адым жасап)

 

Ә)   Допты екі қолымен кеуде тұстан төменге бағыттау. (орында тұрып және адым жасап)

 

 







Б)   Допты қолмен иықтан лақтырып беру. (орында тұрып және бір адым жасап)

 

 

 

В)  Допты бастан асыра желке тұстан әулете лақтыру.(орында тұрып және адым жасап)

 

 

Г) Оң жақ, сол жақ жанына бір адым жасап допты төменге бағыттау.

Мысықпен тышқан



«Ортаға түспек» ойыны.

Балалар екі топқа бөлініп, бір топ ортада, екінші топ екіге бөлініп, бірінші топтын балаларын ортаға алып доппен ұрып шығару керек.

Ережелерді сақтау.Дұрыс ойнау. Сапта тыныштық сақтау.











Санау арқылы екі-екіден бөлініп,әр жұп 4-6 метр қашықтықта қарама-қарсы тұрып,допты төмендегіше лақтырып қағып алуға жаттықтыру.

Тізені сәл бүгіп денемізді сәл алға бүгеміз.Қолымыз кеудеміздің алдында, саусақтарымызды қаттырақ ашамыз,шынтақты сәл жоғары көтеріп екі жағымызды тік ұстаймыз.Допты барлық саусағымызбен қысып ұстап,кеудеденсілкіп лақтырамыз.Доп қағарда қолды алға созып ұстаймыз,сосын шынтақты бүгіп допты кеудемізге тартамыз.Барлық жаттығуды мұғалімнің тапсырмасымен орындаймыз.

Бірнеше рет қайталап орындаған соң  еркімізбен дайындаламыз.Белгі бойынша әріптесіне кеуде тұсынан лақтырып беру,төменнен жергесоға  лақтыру.Оқушылар осы қалыпта тұрады. Бірінші доппен қарсы тұрған серіктесіне оң жақ және сол жақ жанына бір адым жасап допты төменнен бағыттау әдісін үйрету.

Допты беру тәсілдері :

Допты кеуде тұстан топқа екі қолмен шалт лақтыра алға жүгіріп топтың соңына тұру.

Келесі топтың қайсысы бірінші болып аяқтайтынын анықтаймыз.

 

Бір Оқушы мысық болады. Бір Оқушы тышқан болады.Мысық тышқанды ұстап алуы керек


Түсіндіру әдісін қолдану және көрсету.

Қорытынды бөлім

2-3 минут





1. Сапқа тұру

2. Демалыс жаттығулары

3. Бағалау

4.Үйге тапсырма

Сабақты аяқтау.


Балалар мұғалімнің айтқанын тыңдап,сапқа тұрады. Мұғалім оқушыларды бағалайды. Белсенді оқушыларды мақтау,

Кемшіліктерді айту.

Оқушылар мұғаліммен қоштасады.
































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!