СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дос болайық бәріміз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Достық тақырыбына байланысты тәрбие сағаты. 2017-2018 оқу жылында 2 сынып оқушыларымен өткізілді

Просмотр содержимого документа
«Дос болайық бәріміз»

Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым – қатынасын нығайту.

Дамытушылық: Оқушыларды өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Міндеттері:

- Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету;

- Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту;

- Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Тақырыпты ашу сұрақтары.

Тақырыпты жағдаятпен ашып алу (слайд)

1. Дос, достық дегенді қалай түсінеміз?

2. Досың бар ма? Ол кім?

3. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

4. Достық жасқа байланысты ма?

5. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

6. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

7. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?

8. Дос қандай болу керек?

- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатында біз «Достық» аялдамасына тоқсатп, бұл аялдамада «Достық – татулықтан басталады» деген тақырыпта әңгімелесіп, қалай тату дос болу керектігін үйреніп, «татулық» ұғымы туралы түсінік аламыз.

Қосымша:

Мақалды жалғастыр.

1. «Кемшіліксіз ... іздеген адам ... қалады».

2. «Дұшпан ... айтады, дос ... айтады».

3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ ...».

4. «... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы».

5. «... теңгең болғанша, жүз ... болсын».

6. «Досы көппен ...,

Досы жоқпен ...».

7. «Досы ..., өзі де жақсы».

8. «.. басқа қарайды,

... аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз ..., ақылды дұшпан ...».

10. «Досың мың болса да - ...,

... біреу болса да - көп».

Жауаптары:

1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады».

3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».

4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».

5. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын».

6. «Досы көппен сыйлас,

Досы жоқпен сырлас».

7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».

8. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық».

10. «Досың мың болса да - аз,

Дұшпаның біреу болса да - көп».

Релаксация

-Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Алақанмен тосып алған достық шуағының жылуын сезінейік. Өзіміздің қолымызбен жасаған достық нұры мәңгі жүрегімізде қалуы үшін жарастықты, татулықты жақтайық, әрқашан бірлікте, сыйластықпен өмір сүрейік, деп іштей қайталаймыз.Соның дәлеліндей әркім өзінің көршісінің қолын алып, ешқашан ренжіспеуге келісім берейік. Осындай ризашылықпен бұрынғы қалпымызға келеміз.


Тыныштық сәті

Дос деген достың сөзін көтермесе,

Саған жердің түбінен жетем десе.

Не қылып дос атына қосылады,

Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.

Нағыз дос бір-бірін жамандамас,

Араға көп өкпе сап табандамас.

Көңілі татулықтың шабандамас.

Жақсының әрбір сөзін қайырмаңық,

Жасығанда жездей боп мойымайық.

Сыр сақтамас біреумен дос болам деп,

Сыр ашқан досымыздан айрылмайық.

«Досымның жүрегі» ойыны

Үлестірілген жүрекшеге жақын отырған көршісіне жақсы қасиеттерін жазып кеудесіне жапсыру.

Қорытынды:

• Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

• Досыңды алдамай, оған адал бол.

• Досыңды қорлама.

• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.

• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.

• Досыңның кемшілігін кешіре біл.