СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Достық тақырыбында 7 сынып оқушысының жазған эссесі

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

достық тақырыбында 7 сынып оқушысының жазған эссесі 

 

Просмотр содержимого документа
«Достық тақырыбында 7 сынып оқушысының жазған эссесі»



Астана қаласы

14 мектеп-гимназиясының

7д сынып оқушысы

Сүйіндік Нұрсәт

Мұғалімі: Нурымбаева Сандугаш

Калдарбековна



Эссе

Тақырыбы: Достық


Достық – менің түсінігім бойынша, адамдардың адал, қалтқысыз бір-біріне сеніп, бір ортақ көзқараста болулары. Достық өзара жауапкершілікті, қамқорлық пен рухани жақындастықты талап етеді. Нағыз, шынайы достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін сәтсіздіктерді мойымай жеңіп шығуға көмектеседі. Халық арасында достыққа арналған көптеген мақал-мәтелдер бар. «Дос жылатып шындықты айтса, дұшпан күліп жалған айтады», «Досы жақсының өзі жақсы» сияқтылар. Ұлы ақын-жазушы аталарымыздың өздері достық алдында бастарын иіп, оның құрметіне өлең жолдарын арнаған. Мысалға алатын болсақ Мұқағали Мақатаев атамыздың мына өлең жолдары әр адам жүрегін толғандырады.

Дос болам десең, досыңды сыйла қымбаттым,

Досыңа сонда достығымен ғана қымбатпын.

Дос болам десең мендегі доспен достасқын,

Сендегі доспен дос боп сонда тұрмақпын.

Достарын көп пе еді, неткен жақсы едің,

Досым аз менің, досым аз менің, тапшы емін...,-деген ақын толғауы.

Тіпті оны айтып некерек, көне заманнан бері келе жатқан адам баласының бойында кездесетін қасиеттердің бірі ол - адал достық.

Біз жақында әдебиет сабағынан өткен «Қыз Жібек пен Төлеген» жырында да, Төлеген мен Шегенің шынайы, адал достықтарының куәгері болдық. Жат елге елшілікке барып, досын қиын жағдайда тастап кетпей, үнемі өзінің көмегін, ақылы мен жігерлігін көрсеткен Шеге менің көзімде – батыр. Сол заманның саясатын ескерсек, досы үшін өз еліне қарсы шығып, Төлегеннің бақыты үшін сұлтанға қарсы шығып батасын береді.

Достардың мінездері әртүрлі болуы мүмкін. Бірі қызбалық не болмаса ашушаң болып келсе, екіншісінде тұйықтау, салмақтылық байқалады, бірақ бұл жағдайлар олардың достығына кедергі жасамайды, керісінше олар бір-бірін толыстырып тұрады. Біздің өмірімізде жиі кездесетін жағдай, егер жақсылық жүрсе, демек жанында жамандық та жүреді. Сол сияқты достыққа қарама-қарсы жүретін күншілік пен қызғаныш, іштарлық пен қастандық сияқты қасиеттер арқасында адамдар достық қадірін ұмытқан, досыңмен бірге қуану не екенің білмейді. Сондықтан да досты дұрыс таңдау бұл адамның өмірлік мақсаттарының бірі десе де болады. Әсіресе, қазіргі таңда. Досты табу оңай, бірақ достықты сақтап қалу өте қиын. Ол қайтарымын қажет етпейтін, бүкіл бойындағы жігерлікті талап ететін, шыдамдылық пен әділдікті талап ететін іс. Өзі шынайы дос бола білген адамның ғана шың достары болады.


Бір дос бар мұрныннан қан кеткенше,

Бір дос бар астыннан тай кеткенше,

Бір дос бар басыннан бақ кеткенше,

Бір дос бар қораннан мал кеткенше,

Бір дос бар кеуденнен жан кеткенше, -деген халық аузынан шыққан өлең жолдары дұрыс айтылған. Кейбір адамдар қалтанда ақша боса болды, қалағанын сатып аламын деп ойлайды, бірақ ол дұрыс емес. Ақша өтірік доссымақтарға жолықтырады, оларды сатып аласың. Ал доссымақтар көбейген сайын жауларын да көбейіп, өз айналаннан шошынатын боласын. Ал шынайы достарын көп болса, жауларын да сенен қорқатын болады. Осы жерде мына мақал орынды келетін сияқты: «Мың теңген болғанша, мың досын болғаны артық».






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!