СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дулат Бабатайұлы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дулат Бабатайұлы 6-сынып сабақ жоспары. қысқартылған 

Просмотр содержимого документа
«Дулат Бабатайұлы»



Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлы «О,. Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі




Мұғалімнің аты-жөні: Кожагулова Жаннур

Күні: 14.11.2017

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың негізделген оқу мақсаттары:

А/И 3 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау

Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: мәтіннен дизайнерлердің есімін таба алады, киімге қатысты мақал-мәтелдерді таба алады.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Өз бетінше жұмыс жасайды. Өз ойын анық жеткізеді. Мәтіннен туынды және күрделі сөздерді жазып, талдайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: тақырып бойынша қосымша мәліметтерді пайдаланып өз ойын ортаға салады.

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығармадан бейнелеу құралдарын анықтайды.

  • Анықталған бейнелеу құралдарының мағынасына талдау жасайды.

Ресурстар

А4, АЗ,

Пәнаралық байланыс

Еңбек, музыка, дене шынықтыру

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт:

Сабақ барысы

Ресурстар

Ұйымдастыру 3 минут

1. Оқушылармен амандасу

2.Кезекші мәлеіметі(сынып тазалығы)

3.Психологилық дайындық

Жақсы, орындарымыза отырмай тұрып, мына смайликтерді қайталап көрейікші.

А4, смайлик суреттері

Үй тапсырмасын сұрау 7 минут

Оқушылар «өзін-өзі тексеру» әдісі арқылы бір-бірінің дәптерін алмастырып тексереді. 66-бет 3-тапсырма. 67-бет 4-тапсырмая



Ортасы 18 минут

Бүгінгі сабақ та бейнелеу құралдарымен танысатын боламыз. Әдебиеттегі бейнелеу құралдары дегенді қалай түсінесіңдер? (оқушылар жауабы)

Эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Мыс,

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан

(Абай)

Жұп-жұмыр жұмысшының білегі бар,

Тап-таза таптық ойы, тілегі бар.

Қып-қызыл Ленин туы бір қолында,

Бір қолда балға, орақ күрегі бар.

(Асқар Тоқмағамбетов)

Ассонанс – өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы. Мысалы: «е» дыбысының қайталануы

Ей, жарым, эаным бірге жаныңменен,

Ей, жарым, құшағыңа – аләніңменен!

Ей, жарым, ұзақ дәурен сөнбес шырақ,

Ей, жарым, тілек етем барымменен!

Теңеу – мұнда суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді.Мысалы:

Қайыңдар күмістің сом баққанындай,

Жиі тірек әскердің қатарындай.

Бұтақтар жапырағы сылдыраған

Өзбектің батсайы шапанындай.

(С.Мұқанов)



Дулат Бабатайұлы

(1802-1874)

Қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында дүниеге келген.

Дулат өз буынының алды, аса зерделі адам болған. Ауыл молдасынан оқып, мұсылманша сауат ашқан Дулат ақындық өнерді ерекше қастерлеген аймақта өмір сүрген.

Бұқар мен Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан, көне түркі поэзиясынан тағылым алған, өлеңді суырып салып та, жазып шығарған Дулат қазақ поэзиясынан мазмұн, тақырып жағынан барынша байыта түсті. Түр, көркемдік тәсілдер тұрғысынан жаңа сатыға көтерді. Ақынның терең мағыналы өлеңдері ұлы Абайға да әсер етті. М.Әуезовтің «Абай жолы» еңбегіндегі Барлас ақынның прототипі – осы Дулат Бабатайұлы. Дулат – XIX ғасырдың орта шеніндегі Сарыарқадағы ең атақты ақындардың бірі. Өмірінің соңғы күндеріне дейін үлкен құрметке, даңққа бөленіп өткен ақын 1874 жылы өз елінде қайтыс болды.

Дулат өлеңдерінде қазақтың шешендік өнеріне тән қысқалық, нұсқалық, көркемдік, шыншылдық, турашылдық, алмастай өткірлік, сенімділік, т.б. ерекшеліктер мен мақал-мәтелге тән түйіп айту, образдылық, салыстыру, нақтылық секілді қасиеттер көрінеді.


О, Ақтан жас, Ақтан жас...

О, Ақтан жас, Ақтан жас,

Сен де жетер ме екенсің?

Жетімдіктің белінен

Асып өтер ме екенсің?

Жарық сәуле көре алмай,

Сол бойы кетер ме екенсің?

Жапанға біткен жапырақ

Жамылсаң тоңар ма екенсің?

Жазғы шыққан бүлдірген

Сұғынсаң тояр ма екенсің?

...Бадана көз, тоғыз тор

Сауыт киер ме екенсің?

Білтеліні тұтатып,

Түтінін үзбей оқ атып,

Жау қашырар ма екенсің?

Тұлпар атты жаратып,

Бежін ерді ерлетіп,

Жорыққа жортып терлетіп,

Сырты қырлы, жүзі алмас,

Салған дағы жоғалмас

Сапы асынар ма екенсің?

Босағасын борлатқан,

Керегесін торлатқан,

Тегеріші манаттан,

Жібектен ызып бау таққан

Үйге кірер ме екенсің?

Тең құрбыңмен теңеліп,

Шаруа жиып кенеліп,

Бала сүйіп, мал жиып,

Керсеніңе бал құйып,

Өмір де сүрер ме екенсің?

Жетімдіктен өтерсің,

Шаң бермей әлі кетерсің.

Қажыма, Ақтан, қажыма,

Жетерсің, әлі жетерсің!

Өлең мазмұнынан 4 бейнелеу құралын анықтап, тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын сатылай кешенді талдау арқылы талдаңыз.

О, Ақтан жас, Ақтан жас



Эпитеттер және

мағыналары:





Ассонанс:





Теңеу









Оқушылар бір-біріне сұрақ тар қояды. (доп әдісі арқылы)






Қорытынды 3 минут

Үйге 67-бет 7-тапсырма Оқушылар смайликтер арқылы қалыптастырушы бағаланады.

Рефлексия «Бас бармақ» әдісі арқылы жасалынады.





Әдіскер: Калиева С.С.

Бекітемін:____________

Бағасы:__________





















Өлең мазмұнынан 4 бейнелеу құралын анықтап, тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын сатылай кешенді талдау арқылы талдаңыз.


О, Ақтан жас, Ақтан жас




Эпитеттер және

мағыналары:



Ассонанс:





Теңеу т.б. бейнелеу, суреттеу құралдары, мағыналары:



Білім алушы












Эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Мыс,

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан

(Абай)














Ассонанс – өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы. Мысалы: «е» дыбысының қайталануы

Ей, жарым, эаным бірге жаныңменен,

Ей, жарым, құшағыңа – аләніңменен!

Ей, жарым, ұзақ дәурен сөнбес шырақ,

Ей, жарым, тілек етем барымменен!













Теңеу – мұнда суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді.Мысалы:

Қайыңдар күмістің сом баққанындай,

Жиі тірек әскердің қатарындай.

Бұтақтар жапырағы сылдыраған

Өзбектің батсайы шапанындай.

(С.Мұқанов)