«Қабырғаға қарап оқу» стратегиясы (жеке, топта, ұжымда) Оқушыларға Қыпшақтардың өмір сүру ерекшеліктері туралы мәліметтермен танысу ұсынылады. Мәліметпен танысқаннан соң, мәліметі талқылайды. Талқылауға арналған сұрақ: «Қыпшақтар немен айналысқан, қалай өмір сүрген?» Пікірталас«Қалам ортада» стратегиясы арқылы өткізіледі. Бағалау критерийлері: -қыпшақтардың өмір салтын сипаттайды; «Бейнематериалды көрсету» (жұпта, ұжымда) Мұғалім Дешті-Қыпшақ, құпия таңбалар туралы бейнематериал көрсетеді Оқушылар бейнефильмді көріп, соңынан талқылау жүргізіледі. Талқылауға арналған сұрақтар: Бейнефильм не жайында? Дешті – Қыпшақ, қыпшақ даласы деген не? Құпия таңбалардың қандай мағыналары бар? Қыпшақтар қалай өмір сүрген? Бағалау критерийлері: Қыпшақтардың пайда болуы жайлы айтып бере алады; «Венн диаграммасы» стратегиясы(топта) Мұғалім оқушыларға қазақтар мен қыпшақтарды салыстыруға тапсырма береді. Олар киімдерін, тілдерін, жазуларын, жалпы өмір сүрулері, немен айналысатындықтарын салыстырады. Әр топ салыстырған диаграммаларын келесі топқа жылжытады да, ол топ стикерге пікір жазу арқылы бағалайды. Бағалау критерийі: қыпшақтар мен қазақтардың өмір салтын салыстырады; «Ара ұясы» стратегиясы. 1)Елестетіңдер. Сендер қыпшақ отбасында қонақта отырсыңдар. Үйдің қожайындары сендерге қандай тағамдар ұсынады? Сендер олардан не жайында сұрайсыңдар? Қыпшақтардың сөйлегенін түсінесіңдер ме? Егер қыпшақ жылқыларына жоғарғы құн төленсе, оның бойында қызығатын қандай қасиеттер болуы мүмкін? 2)Сен қыпшақтар туралы фильмнің сценарийін құрастырып жатырсың. Қыпшақтардың өміріндегі қандай маңызды сәттерді кадрға енгізер едің? (суретін сал немесе жаз). Бағалау критерийлері: -қыпшақтардың өміріндегі маңызды ерекшеліктерді атайды (3тен кем емес) | Слайд №6,7 Таратпа мәтін (дидактикалық материалға қараңыз) Үкі тағылған қалам Слайд №8 Слайд №9 Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Дешті – Қыпшақ құпия таңбалар Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=XFMyyYbXTHg (1:57-тан 4:16-ға дейін көрсету) Слайд №10 (дидактикалық материалға қараңыз) Ақ қағаз, маркерлер Стикерлер Слайд №11 Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №12-15 Ақ қағаз, бояулар |