№1-тапсырма (ТЖ) «Бір минуттық әңгіме» әдісі арқылы оқушының бір-бірінен ақпарат алу дағдысын қалыптастыру мақсатында төмендегідей тапсырма беремін. Топқа табиғи ,жасанды дыбыс көздерін атауды тапсырамын..Қай топ көбірек атайды, сол топ жеңеді. Топта отырып табиғи дыбыс көздерін топтастырып жазады. Жазғандарын іс жүзінде көрсетеді.Нәтижесінде топтар бірін –бірі бағалайды. Дыбыстың көздері туралы әңгімелеймін. Балалар табиғи дыбысқа: тал жапырақтарының сылдыры; өзен , көлдің ағысы, бұлақ, т.б болып неше түрлі дыбыстарға бөлінеді. Музыкалық дыбыстар шертпелі аспаптардың(домбыра),үрмелі (сазсырнай), ұрмалы аспаптардың (дауылпаз) және тағы басқа да аспаптардың дыбыстары жатады. Механикалық дыбыстар: көлік дауыстары, техникалық құралдардың дауыстары -Табиғи дыбыс көзі қайдан шығуы мүмкін? Біз дыбыс әлемінде өмір сүреміз. Дыбыстардың табиғи көздері бар. Бұларды табиғаттың дыбы с көздері деп те атайды. Дескриптор:оқушы табиғи және жасанды дыбыстарды таниды және анықтай алады. - табиғи дыбыс көздеріне мысал келтіреді; жасанды дыбыс көздеріне мысал келтіреді. Бағалау: Сабақ барысында өз тобы үшін белсенділік танытқан оқушылар , әр топ мүшелері өзара « Отшашу» әдісі арқылы бағалаймын. (М.К )Балалар дыбыс ауада, қатты денелер мен сұйықтықтарда да тарайды екен.Оған көптеген мысалдар келтіре аламыз.Егер құлағыңды қабырғаға тоссаң, келесі бөлмедегі сөздерді естисіңдер. Дыбыстар қатты заттар арқылы да естіледі. Бір қызығы дыбыстың суда таралуы ауаға қарағанда төрт есе жылдам тарайды екен.. Жер жақсы дыбыс өткізгіш болып табылады. .Дыбыс көзінен шыққан дыбыс толқындары барлық бағытта тарайды. Ал осы дыбыс толқындары тарала отырып, өзінің жолында қандай да бір бөгетті кезіктірсе, онда олар шағылады. Мыс :жаңғырық Жаңғырық — қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары Заттан шыққан дыбыс толқынға ұқсас, тас суға түскенде барлық бағыттарға бірдей толқын жайылып таралады. Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. №2тапсырма(ҰЖ) «Сұрақтар қоржыны» әдісін пайдалана отырып оқушылардың сабаққа белсенділігін арттырамын. Балалар суреттен нені көріп тұрсыңдар? 1 2 1-ші суретте не бейнеленген? 2-ші суреттегі қыз бала дыбысты ести ме? Сендерге су астында қандай да бір дыбыс естілді ме? Қалай естіледі? Олай болса балалар біз көз жеткізуіміз үшін тәжірибе жасап көрейік. «Жүз рет естігенше бір көргенің артық» деген нақыл сөзді негізге ала отырып, тәжірибе жұмысын жасатамын. (ҰЖ) «Біз кішкентай зерттеушіміз» тәжірибе жұмысы: -Металл қасықтарды ауада және судың ішінде соқ. Дыбыстарды салыстыр. Дескриптор: Ауада қасықтарды соғады; Су ішінде қасықтарды соғады; Екі дыбыстың таралу ерекшелігін салыстырып айтады; (М) Тәжірибе жасау арқылы неге көз жеткіздіңдер? (О)жауабы күтіледі. Бағалау: Оқушылардың сабақтағы ынтасы мен қабілетін ескере отырып , «Білім қоржыны» әдісімен бағалаймын. Сергіту сәті Мақсаты: дыбыс түрлерін ажырату «Нөсер жауын».ойыны арқылы сергіту жаттығуын жасайды. Қолды барынша жоғары көтеріп, «У-у-у-», - деп желдің дыбысын дыбыстаймыз. Жел бірте-бірте күшейіп, дауыс қаттырақ шығады.Қаттырақ дыбыс шығарамыз Қолды жоғары көтеріп жаңбыр дыбысын саламыз.партаны тықылдатамыз. Аяқпен еденді тарсылдатып соғу аркылы нөсерді жауынды көрсетеміз. Енді жауын астында қалған жан- жануарлар қалай дыбыстайды екен Әтеш шақырады - ку-ка-ре-ку. Бақа бақылдайды - бақ-бақ-бақ. Шыбын ызылдайды - ыззз, ызз. Қой маңырайды - мә-ә - мә-ә. Сиыр мөңірейді - мө-ө - мө-ө. Мысық мияулайды - мияу-мияу. №3 –тапсырма (Ж.Ж) SWOT - талдау әдісі Оқушылардың ойлау, талдау салыстыру қабілетін дамыту барысында SWOT - талдау әдісі н сабақта пайдаландым Суретке назар аударайық Балалар қалай ойлайсыңдар Эврика тиынның дыбысын ести ме? . Суретте металл түтікше біркелкі болып келген. Ендеше біз дыбыстың қатты денелер арқылы қалай таралатынын білетін боламыз. Металл түтікшені құлаққа тосып тұрып және жеке тиынды түтікшеге соқ. Не байқадың? Қай кезде тиынның дыбысы жақсы естіледі? (қауіпсіздік ережесін еске түсіру) Дескриптор: Металл түтікшені құлаққа тосып тұрып, металлды тиынмен соғады Металл түтікшеге тиынды соғады Екі жағдайдағы дыбыстың шығуын салыстырып айтады; Оқушының жауабы күтіледі. (М) Тәжірибе жасау арқылы неге көз жеткіздіңдер? (О)жауабы күтіледі. Бағалау:Оқушыларды оқу барсында білімге құштарлығын ояту мақсатында «Бағдаршам» әдісімен бағаладым. |