Ортаңғы «Жұлдызша» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: 26.09.2019 ж.
Тәрбиеші: Абдибекова З.Ж.
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану.
Өтпелі тақырып: «Біз еңбекор баламыз»
Тақырыбы: "Дымбілмеске көмектесиік"
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Бөлме заттары жайлы білімдерін кеңейту.
Өсімдіктерге күтім жасауға тәрбиелеу.
Балаларды қоршаған әлемге жылы сезімдерге тәрбиелеу
Дамытушылық: Балабақшаның қасындағы ағаштармен танысып әрі қарай дамыту.
Оқыту: Ағаштарды тануға,ағаштардың жапырақтарын,бұтақтарын ажыратып айтуға үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, Көрсету, Әңгімелеу,Ойын,сұрақ – жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Балалар амандасып, шаттық шеңберге тұрады.
Кәне бәріміз тұрайық,
Шаттық шенбер құрайық
Бір-бірімізге,
Жылы лебіз сылайқ
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі
- Күз мезгіліде нелер піседі?
- Күз мезгілінде жемістер,көкөністер піседі.
- Күз айларын атап беріңдерші?
- Қырқүйек,қазан,қараша.
2.Негізгі бөлім:
Тосын сәт: -Ой,балалар бізге хат келіпті. Қәне,хатты ашып көреиік.
- Менің атым Айжан.
- Балалар сендер көшеде тазалықты қалай ұстай аласындар?
- Балалар көшеде, серуенде ,өзен,көл жағасында жүргенде әдепті,тәртіпті болу қажет екендігін түсінеді.
- Ендеше мен сендерге көшеде жүру ережесін жіберіп отырмын.Соны естеріне дұрыс ұстандар.
- Балалар көшеде, серуенде ,өзен,көл жағасында жүргенде әдепті,тәртіпті болуымыз керек. Көшеде келе жатып қолымыздығы қоқысты лақтыра салуға болмайды. Ол әдептілікке жатпайды.
- Балалар отырыған жеріне ішкен сусындардың бос бөтелкесін,тамақ қалдықтарын тастап кетпеу керектігі жөнінде мағұлымат алады.
Мысалы:сен көшеде келе жатып шемішкенің қабығын, кәмпит қабығын,бананның сыртын жол жөнекей лақтыра салма.
Жаз мезгілінде суға түсуге барғанда жаға жайғайдың басына немесе отырыған жеріне ішкен сусындардың бос бөтелкесін,тамақ қалдықтарын тастап кетпе.Қоқысты тастайтын арнайы орындар бар.Сол қоқыс жәшігіне апарып салу қажет.Күз мезгілінде ағаш жапырақтары түсе бастайды.Сол кезде ауланы жапырақтан және қоқыстан тазалау керек.Өйткені аула мен жолдар қоқысқа толып қалады.Қыс мезгілінде де қар жауып,боран соғатындықтан көшелер жабылып қалады. Сондықтан қарды арнай көліктермен тазартады.
Ал жер үйде тұратын адамдар өз күштерімен ауланы және жүретін жолдарын қардан тазартады.
- Балалар отырыған жеріне ішкен сусындардың бос бөтелкесін,тамақ қалдықтарын тастап кетпеу керектігі жөнінде мағұлымат алады.
- Енді балалар мына өлен жолдарын қайталап жіберейік:
Бұза көше тәртібін
Ұрынасын апатқа
Қызықты өтсін әр күнің
Жақын болма шатаққа
- Балалар өлең жолдарын тәрбиешіме қайталап айтады
Сергіту сәті:
Орнынан тұршы
Беті қолды жушы
Айнаға қарашы
Шашынды таршы
(Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді)
Балалармен сурет бойынша жұмыс жүргізу.
Қылығы ұнамаған балалардың суретін көріп талдау керек.
Айжанның хатына қарап көшеде өзін-өзі ұстау ережесі:
1. Көшеде айғайлама.
2. Көшеде жылауға болмайды.
3. Көшеде машинаға қарсы жүгірме.
4. Көшеде доппен ойнауға болмайды.
5. Көшеден өткенде, арнай өтетін жерден өту қажет.
6. Көше мен жолдарда шанамен сырғанап ойнама.
7. Көшеде өсіп тұрған гүді немесе ағашты сындыруға болмайды
- Балалар көшеде өзін-өзі ұстау ережесімен танысады.
- Балалар осы айтылған ережелерді орындауды дағдыға айналдыру керек
3. Қорытынды:
Көшеде қандай ережені сақтау керек?
Көл жағасында табиғат қорғау ережелерін қалай сақтайсың?
Балалардың білімдерін бекіту.
Оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды бағалап, мадақтау.
Күтілетін нәтиже: Қайталай алады: көше тазалығы туралы ережені
Түсінеді: адамгершілік пен ұқыптылықты сақтауды Қолданады: ұжым ортасында өзін ұстай алу