СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Электр туралы не білеміз?

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

9 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспары, электр тогы туралы не білеміз?

Просмотр содержимого документа
«Электр туралы не білеміз?»

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3

Бөлім: Табиғат физикасы.

Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.

Мектеп:

Модератор: Данабаева М.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:


Тақырыбы:

Электр және магнит туралы не білеміз?

Оқу мақсаты:

3.5.5.2 қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинау;

3.5.5.3 қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсыну;

3.1.2.3 тәжірибені жоспарлау және жүргізу.

Сабақтың

мақсаты:

Электр тізбегінің қарапайым сызбасын жинау. Электр құралдарын пайдаланғанда қауіпсіздік шараларымен танысу.

Бағалау критерийі

Электр энергиясы көздерін анықтайды;

Электр тізбегінің сызбасын сызады;

Электр құралдарын пайдаланудағы қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Тілдік мақсат

Электр тізбегі неден тұратынын, электр құралдарын пайдаланудағы қауіпсіздік шараларын түсініп, оларды сақтауды айта алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Құндылықтар

Оқушыларды өзара құрмет көрсетуге, бір біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Электр сөзінің мағынасын, электр құрылғыларын біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

1минут



4минут









Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық жайлы ахуал орнату. Оқушы өз көңіл күйлеріне сәйкес гүлдерді таңдайды. Кейбір оқушылар өз қалауымен таңдауын түсіндіреді. Мысалы, раушан мен кактус гүлдерін пайдалануға болады.

Бәрін бергім келеді!

«Поле чудес» ойыны арқылы өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында оқушылар сұрақтар құрастырып, оларға жауап береді. Алдын ала Поле чудес тақтасына сұрақтарды дайындап алу керек. Ондағы сұрақтар:

-Электр тізбегі туралы не айта аласың?

-Электр құралдарын ата. Мысал келтір.

-Батереялар қалай белгіленеді?

-Шамдардың шартты белгісі қандай?

-Қыздыру құралдарына мысал келтір.

-Магниттің қандай қасиеттері бар?

-Магниттің неше полюсі бар?

-Оңтүстік полюсті қандай әріппен белгілейміз?

-Солтүстік полюсті ше?

-Сымдарды ажыратса не болады?

-Қандай заттарды магниттеуге болады?

Тапсырманы орындау барысында оқушылар электр мен магниттілік туралы білімдерін толықтырып, қорытындылайды

ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Көңілді әуен қосып қою.

Слайд №1












Слайд№2







Сабақтың ортасы

3 минут












1 минут

4 минут









1минут


5 минут










1 минут


5 минут













1 минут


3 минут




2 минут







5 минут






Электр құралдары.

Мақсаты: Электр құралдардың шартты белгілерін қайталау. Оқушылардың зейінін дамыту.

Топқа біріктіру. Оқушыларды электр құралдарының мозайкасы арқылы бірнеше топтарға біріктіруге болады.

Тапсырмада оқушылардың зейіні, тапқырлығы дами түседі. Олар топтасып, берілген суреттерден электр құралдарын табады. Тапсырмаға арналған кестені алдын ала дайын қою керек.

Құрал

Шартты белгісі









Кесте толтыра отырып, оқушылар шартты белгілерді естеріне түсіреді.

ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы.

Зерттеу жұмысы:

Мақсаты: Денелердің үйкелудің көмегімен электрленуін анықтау.

Ресурстар: Алдын ала пластмасса қабықпен жабылған құрғақ шыны ыдысты дайындау, жүн мата немесе қолғап, мойынорағыш, кішкентай қағаз шыпшалар таратып беру. Тапсырманы оқушылар жұптасып орындауларына болады.

Зерттеудің жоспары:

-Ыдысқа бірнеше шыршаларды салып, ыдыстың қақпағын жауып қойып матамен сүрту;

-Қақпақтың электрлену себебін түсіндіру.

Саралау: Ынтасы жоғары оқушыларға немесе оқушылар жұбына зерттеудің басқа қандай жолмен жүргізуге болатынын сұрауға болады. Мысалы, дымқыл ыдысты пайдаланса не болатыны жайлы зерттеу жүргізуге болады.

Қорытынды: Зерттеудің соңында оқушылар қақпақтың электрлену себебін түсіндіреді. Шыршалардың оған тартылу себептерін талқылайды. Олар құтының құрғақ болуынан электрлену үрдісінің жақсы жүретіні мен дымқыл ыдыста электрленудің болмайтынын қорытындылайды.

ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы.

Ойлан.

Тапсырманың мақсаты: Электр құралдарын пайдаланудағы қауіпсідік ережелерін құрастыру.

«Т-кестесі» стратегиясы арқылы оқушылар электр құралдарын пайдаланудың ережелерін құрастырады. Тапсырманы жұппен орындауға болады.


«Т-кестесі» стратегиясы

Болады!

Болмайды!



Оқушылардың жауаптары тыңдалып, әр жауапты талдау керек.

ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы.

Сен білесің бе? Оқушыларға араның электрленетіні жайлы айтып өту.

Сергіту сәті. Музыка әуенімен дене жаттығуларын орындау.

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

61-жұмыс парағы. «Электрлік және магниттік құбылыстар», 63-б.

Сөз құрастыр. Оқушылар магнитке тартылған әріптерден сөздер құрап, оны магниттің ішіне жазады.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-Берілген әріптерден сөз құрады;

-Сөздерді магниттің ішіне жазады.

62-жұмыс парағы. «Абайла, электр тогы!», 64-б.

Мұны білу керек. Оқушылар электр құрылғыларын пайдаланудағы қауіпсіздік шараларын сақтау туралы білімдерін бекітеді. Әр суреттің қасына онда жіберілген қателіктерді жазады.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-Электр қауіпсіздігін біледі;

-Қауіпсідік ережелерін жазады.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы.



Оқулықпен жұмыс




Кесте

































Слайд №3, 4








Слайд №5,6,7

Дәптермен жұмыс


Кері байланыс.

«СМС» парағын толтыру.

Оқушылар хабарлама жазуға арналған парақты толтырып, өз ойларымен бөліседі.


Слайд №8



Сабақтың соңы

5 минут



Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



  • Топтау бойынша саралау:

-Ынтасы жоғары оқушыларға топырақтың пайдалану жолдарын ұсынуды тапсыру.

-Ынтасы жоғары оқушылар тобы (жұбы немесе жеке оқушы) алынған мәліметті диаграммаға орналастыра алады

  • Тапсырмалар бойынша саралау:

-Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру.

-Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- өзара бағалау: « » бойынша бағалау

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау;

-«СМС парағы»





-Сергіту жаттығуын орындау

- әрекеттерді жиі ауыстыру

- қауіпсіздік ережелерін сақтау