СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Электронды кестеде диаграммалар құру

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Электронды кестеде диаграммалар құру»

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Есептерді электронды кестелердің көмегімен шешу


Күні:


Сынып: 7

Мектеп: Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Алимбекова Ардак Талдыбаевна


Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Кестелі мәліметтердің графикалық ұсынылуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.2.2.3 Электронды кестеде диаграммалар құру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы:

1. Кестеде берілген деректер бойынша өз ойын айтады

2. Электронды кестеде диаграмма құрастыру элементтерін түсінеді

Оқушылардың басым бөлігі: Диаграмманы редакциялау және типін таңдау мүмкіндігіне талдау жасайды

Кейбір оқушы: Өзінің іс – әрекетіне рефлексия жасайды, үйренгендері туралы бөліседі

Бағалау критерийі

  1. Электронды кесте құралдарымен диаграмма құрастыру тәсілдерін көрсетеді

  2. Электронды кесте элементтерін пішімдейді

  3. Электронды кестеде диаграммалар құрады

Тілдік мақсаттар

Сабақта қолданылатын термин сөздер. Тақырыпта кездесетін термин сөздердің қазақ, орыс тілінде айту, мағынасы мен қызметін түсіндіру.

Қазақша: баған, жол, ұяшық, диапазон, есептеу, функция, диаграмма.

Орысша: столбец, строка, ячейка, функция, диаграмма, диапазоны.

Құндылықтарға баулу

  • шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

  • қарым – қатынас жасау қабілеті;

  • өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

  • жауапкершілік;

  • денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

Пәнаралық байланыс

математика, физика

Алдыңғы білім

Оқушыларда мәтіндік процессордағы кестелермен жұмыс дағдысы бар.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған қызымет

Ресурстар

Сабақтың басы









Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу ,оқушыларды түгендеу

Психологиялық ахуал: «Мен кіммін?» тренингі

Мақсаты: өз-өзіне мақтау-теңеу айту дағдысына жаттығу.

Ойын барысы: дөңгелене отырған әрбір қатысушы өзінің есімінің бірінші әрпіне сәйкес сын есімін қосып айтуы қажет.

Топқа бөлу Оқушылар ортадан карточка таңдайды. Олардың түстері: қызыл, жасыл, көгілдір. Әр карточкада сөздер жазылған. Мұғалімнің қойған сұрағының жауабы қай карточкада сол оқушылар бірігіп бір топты құрайды.

Үй тапсырмасын оқушылардан «Өрмекші әдісі» арқылы сұралады.

1-оқушы келесі оқушыға сұрақ қойып, жіпті лақтырады. 2-ші оқушы жауап беріп, келесіге сұрақ қояды. Осылай үй тапсырмасы өрмекші торын тоқиды.

Қалыптастырушы бағалау: бас бармақ

арқылы, бірін-бірі бағалау жүргізіледі. Смайликтер арқылы «Білім» ағашына қоямыз. Әр топтың өз смайликтер түстері болады.





Түрлі түсті қима қағаздар, интербелсенді тақта.








Жіп




Сабақтың ортасы



































«Жұптық әңгіме» әдісі арқылы жаңа сабақты ашу үшін оқушыларға сұрақ арқылы идея тастаймын. Идеяларды құрастырып, белсенді тыңдап, бар ойын талқылауға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жұптарды қолдану оқушыларға сөйлеуге және үлкен топтарда өзін сенімсіз сезінетін оқушыларға көмектесуге мүмкіндік береді. Әр топтан топ басшылары шығып, тақырыпты ашады.

Қалыптастырушы бағалау: бағдаршам, смайликтер

арқылы бағалау

«Айналмалы бекет» әдісін қолдандым. Әр топқа карточка беріледі.

Бұл әдіс оқушылардың берілген карточка бойынша өзгелердің идеясына сүйеніп, бір-бірінен алған білімдерін практикада көрсетеді. Олардың белсенді болып, жылдам қозғалуын талап етеді.

Практикалық тапсырма.

1-карточка Диаграмма макетін таңдау

1. Диаграмма макетін, диаграмма элементтерінің орналасуы анықта.

  1. Мәліметтер тізімдемесін толтырып, диаграмма сал.


2-карточка

1.Кестені мәліметтермен толтырамыз.

2. «1 сағ. төлем ақысы» және «Сағат саны» ұяшықтарына мән береміз.«Еңбекақы» (Е2) ұяшығын есептеу үшін, (=) теңдік таңбасын қойып, «1 сағ. толем ақысы» және «Сағат саны» ұяшығындағы мәндерді көбейтіп, есепте.

3-карточка

1. «Зейнетақы қоры» (F2) ұяшығын есептеу үшін, теңдік таңбасын қойып, «Еңбекақы» ұяшығындағы мәндерді 10% көбейтіп, есептейміз.

2.График диаграммасын құрамыз.

















Қалыптастырушы бағалау: бас бармақ

арқылы, бірін-бірі бағалау жүргізіледі.

Дескриптор:

1. Электронды кесте элементтерін анықтайды.

2. Электронды кесте құралдарын қолданады.

3. Электронды кестеде диаграммаларды жасайды.


Сұрақтар












карточка






Компьютерлік тапсырма, карточка































Сабақтың соңы


«Жарнама» тәсіл бойынша оқушылар өздерінің жаңа сабақ бойынша түсінгендерін қорытындылап, түйінді сөздерін жарнамалайды.

Кері байланыс: «Аяқталмаған ой» әдісі

Бүгін мен ............................... ....... білдім.

......................................................қызықты болды.

.....................................................қиын болды.

.................................................тапсырманы орындадым.

.....................................................екенін түсіндім.

Үй тапсырмасы:

Оқушыларға 1 аптада ата-анасы беретін ақшаны диаграмма түрінде құру.

Постер, маркер




Үлестірме

Саралау - Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау– Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Жұптық әңгіме» әдісінде диалог жəне қолдау көрсетілген.

- Мұғалім оқушыларды ойланту үшін жəне бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтар береді.
Бұл əдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету жəне
ынталандыру да маңызды рөл атқарады.
«Қарқын» тәсіліне карточка беріледі. Карточкада деңгейлік тапсырмалар да бар.

- Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.

- Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады.

- Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.


1.«Білім» ағашы,

бас бармақ,бағдаршам әдістері арқылы бағаланады.


2.Сабақ барысынды тапсырмаларды орындағанда дескриптор арқылы бағаланады.



Көз жаттығулары, қол-саусақ жаттығулары, сергіту сәттері.

Компьютерді мұғалімнің рұқсатыңсыз ток көзіне қосуға, ажыратуға, ұстауға болмайды.


Сыныпта сабаққа қатысты емес заттарды алуға болмайды





Сабақ бойынша рефлексия







Жалпы бағалау



Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ кезінде мен сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?