Просмотр содержимого документа
«"Еңбек түбі береке" тәрбиелік ұйымдастырылған оқуқызметі»
Ортаңғы (3 жастан бастап), ересек (4 жастан бастап) жастағы топтарға арналған ҰОҚ конспектісі
Өткізу күні:
Бала саны:
Тақырыбы: «Еңбек түбі – береке»
Мақсаты: Балалардың еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой өрісін дамыту. Оқушылардың еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке үнемді болуға тәрбиелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Нақыл сөздер, суреттер. т. б.
Педагогикалық технологиялар: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап
1. Ұйымдастырушылық кезеңі.
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.
Балалар мен қазір сендерге бір әңгіме оқып беремін, сендер мұқият тыңдаңдар:
Тәрбиеші: Атасы он жасар баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
- Көремін. Өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көремісің?
- Көремін, аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қара аспаннан не көрдің?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.
Сонда атасы былай депті:
- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі – өнеге: Өрмекші маса – шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық етуге. Құмырсқа нанның уағын өзі жемей уағын үйіне алып бара жатыр. Қарлығаш балапандарына ұя жасауға шөп жинап жүр. Сен де еңбек етуге әдеттен – деді.
Бұдан балалар сендер нені ұқтыңдар?
- Еңбек етуді, уақытымызды босқа өткізбеуге, мейірімділікке.
- Иә жарайсыңдар еңбек туралы бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз «Еңбек түбі – береке» тақырыбында болмақ.
Тәррбиеші:
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Білім алуға, маман иесі болуға. Еңбек етсең, қарның тоқ болады, киімің болады.
- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
Жалқау емес, сабақты 5 - ке оқитын.
- Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
Сабақ оқумен, спортпен, мамаларымызға көмектесеміз.
Иә, балалар, айта берсек еңбек туралы мақал да, тиым сөздер де көп. Еңбек түбі – береке, Еңбек етіп жақсы оқитын балалар үнемі шаттанып бізді де, ата – анасында қуантып жүреді.
Қорытындылау: Еңбек етпеген ішіп – жемейді.
Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең жерге өкпелеме.
Сонымен балалар, еңбек етпеген адам еш нәрсеге де қол жеткізе алмайды екен, сондықтан да ерінбей, жалқау болмай еңбек етсек міне сол еңбегіміздің жемісін жейміз. Біздің ең бірінші еңбегіміз ол біліміміз. Міне көп оқып, тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысақ болашақта жақсы оқу орындарына түсіп, сол оқудың, білгеннің арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз екен. Сондықтан тек білімді болып денсаулығымызды күтіп, алға қойған мақсатымызға жетуге тырысуымыз керек.
Сұрақ – жауап. Не үйрендің? Не түйдік?
Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады. Осымен «Еңбек түбі – береке» атты ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды.
«Еңбек түбі – береке»
Тәрбиешілер : Сыздкова А.М. Капарова Ш.А
Мақсаты: Балалардың еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой өрісін дамыту. Оқушылардың еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке үнемді болуға тәрбиелеу.
«Мичурин орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде «Балапан» тобында - « «Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес балалармен «Еңбек түбі – береке» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалармен еңбек туралы әңгіме жүргізілді. Балаларға тәрбиелік білім берілді.
Іс-шараны жоспарлау кезінде балалардың жас ерекшеліктері ескерілді. Материал балаларға қол жетімді деңгейде таңдалады. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап берді, әңгімені жалғастырды, қызығушылықпен тыңдады, сұрақтарға ықыласпен жауап берді.
«Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы барлық ақпарат «Ұстаз» сайтында орналастырылған.