СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Енді - енсіз" қмұқ

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Тәрбиелік – воспитательная: Ұқыптылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Бірдей және әр түрлі енді  заттардың ұқсастығын және айырмашылығын таба алу дағдыларын қалыптастыру.

3.Оқыту – обучающая: Балаларды заттың енін салыстыруға үйрету.

Просмотр содержимого документа
«"Енді - енсіз" қмұқ»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.

Пән/Предмет: ҚМҰҚ. ФЭМП.

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Қош келдің қыс!»

Тақырыбы/Тема: «Енді-енсіз»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Ұқыптылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Бірдей және әр түрлі енді заттардың ұқсастығын және айырмашылығын таба алу дағдыларын қалыптастыру.

3.Оқыту – обучающая: Балаларды заттың енін салыстыруға үйрету.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: үнтаспа, ұзын, қысқа жолдар, үлестірмелі көрнекіліктер,үйдің, есіктің суреттері, таяқшалар.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: жуан - толстый, жіңішке – тонкий, ұзын-длинный, қысқа-короткий.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Ғажайып сәт: Үнтаспадан дауыс естіледі. Математика деген елде, Шама деген қалада бір қиын жағдай болды. Бұл қала тұрғындарына көмек керектігін хабарлайды. Тәрбиеші Шама деген қалаға барып, оның тұрғындарына тапсырмаларды орындау арқылы көмек көрсетуді ұсынады.

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

1 – тапсырма: «Жолды таңдаймыз»

Балалар қараңдаршы, біздің алдымызда екі жол тұр. Олар бірдей ме?

Қызыл жол ұзын, ал көк жол қысқа екен.

Билингвалдық компонент: ұзын – длинный, қысқа – короткий

Балалар біз тезірек жету үшін қай жолмен барамыз?

Дұрыс айтасыңдар, қысқа көк жолмен барамыз.

2-тапсырма: «Салыстыр»

Үстел үстінде жатқан үлестірмелі көрнекіліктерге көңіл аударып, сұрақ қою арқылы жауап алу.

-Көше бойындағы жолдарды атап берші?

-Жіңішке жол, жалпақ жол

-Қандай кітаптар жатыр?

- Қалың кітап, жұқа кітаптар

-Қандай ағаштарды көріп тұрмыз?

-Емен ағашы жуан, қайың ағашы жіңішке.

-Қысқы киім қалың, жазғы киім жұқа.т б с с

Дәптермен жұмыс:

Дәптерде көрсетілген үлгідегі үзік сызықпен берілген заттардың суретін бастырып, бояйды. Жұмысты орындау кезінде бала, өзі салған заттардың қалыңдығын, жалпақтығын, жуандығын көз мөлшермен, әр торкөзбен есептеп салыстыруды жетілдіреді.

Жеке жұмыс: Айлинге, Маликаға үзік сызықтарды дұрыс бастыруды үйрету.

Балалар сендер тапсырмаларды орындап, шаршаған шығарсыңдар. Қане бір сергіп алайық.

Сергіту сәті

1 дегенде тұрайық,

2, 3, 4 – алақанды соғайық,

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық.

5 дегенде асықпай,

Орнымызды табайық.

3 – тапсырма: «Көпір тұрғызамыз» ойыны

Шарты: жерде шашылып жатқан таяқшаларды қатар қойып көпір құрастыруды көрсетеді.

Ұзын таяқшадан ұлдар, қысқа таяқшалардан қыздар құрастырады.

Жеке жұмыс: Санжар ұзын таяқшадан көпір қандай болды?

-Жіңішке ме, жалпақ па?

Жеке жұмыс: Амина қысқа таяқшадан көпір қандай болды?

-Жіңішке ме, жалпақ па?

-Машинаны қай көпірден өткізеді?

Ия, дұрыс жалпақ көпірден машиналар өтеді.

-Адамдар қай көпірден өтеді?

Ия, дұрыс жіңішке көпірден адамдар өтеді.

Билингвалдық компонент: жуан - толстый, жіңішке – тонкий

Д/о: «Үйдің есігін жабайық»

Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері.

Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Балалар сендер тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар. Шама қаласына көп көмек бердік. Ал енді біз тобымызға оралайық.

-Балалар біз Шама қаласына қандай жолмен бардық?

-Ағаштар қандай болды?

-Қандай көпір тұрғыздық?

-Адамдар қандай көпірмен жүреді?

Балаларды жұлдызшалармен мадақтау.