СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ерке төлдер" тақырыбында әңгімен кқрастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Ерке төлдер" таұырыбында әңгіме құрастыру тех карта

Просмотр содержимого документа
«"Ерке төлдер" тақырыбында әңгімен кқрастыру»

«Жұлдыз» ІІ кіші тобының ұйымдастырылған

оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні: 19.10.2016ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Ерке төлдер» тақырыбында әңгіме құрастыру

Мақсаты: Үй жануарлары туралы қысқа әңгіме құрастыруды,жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше,көпше түрде атауды үйрету (бота, ботақандар, құлыншақ, құлыншақтар т.б.). Сұрақ-жауап арқылы балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Үй жануарларына қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: №7демонстрациялық материал (үй жануарларының төлдері мен суреттері)

Қостілділік компонент: үй жануарлары-домашние животные, түйе- верблюд, бота-верблюжонок, жылқы- лошадь, құлыншақ- жеребенок.


Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балаларға І. Жансүгіровтің өлеңін оқып, сұрақ қою.

Шөре,шөре лағым

Тентек болма шырағым.

Секендемей, деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың,- деп нені айтамыз?


Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.




-Лақты.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Демонстрациялық көрнекілікті қолдану.

-Сендер қайдай үй жануарларын білесіңдер?

Неге үй жануарлары деп атайды?

-Қолда ұстайтын, адам күтіп- бағатын жануарларды үй жануарлары деп атайды.

Олардың еті, сүті бізге тамақ, ал жүні, терісі-киім. Естеріңе түсіндіріңдерші, малдардың төлдерін не деп атаймыз?

-Иә дұрыс. Лақ, қозыны еркелетіп, қозыны қошақан, ботаны ботақан, құлынды құлыншақ деп атаймыз. Үй жануарларының суреттерін көрсете отырып, әңгіме құрауды ұсынады.

-Мына жылқы үлкен, құлын кішкентай. Құлын енесімен жарысып шапқылап барады. Төлдің анасын ене деп атайды.

-Мынау-ешкі. Қасындағы төлі –лақ.

-Ал мынау суретте енесіне еркелеп тұр.

-Түйенің төлі – ботақан. Түйенің тау сияқты екі өркеші болады. Ол жүк тасуға өте ыңғайлы.

Қостілділік компонент: үй жануарлары- домашние животные, түйе- верблюд, бота- верблюжонек, жылқы-лошадь, құлыншақ-жеребенок.



Сергіту сәті:

Құлыншағым, құндызым,

Құлдырайды шабады.

Жылтыңдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады.

(І.Жансүгіров )

№7 үлестірмелі материалмен жұмыс.

«Төлдерін атап?» ойынын ойнату. Ойынның шарты: суреттен үй жануарларын көрсете отырып олардың төлдерін тауып, сәйкестендіреді. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан үй жануарларының төлдерімен қайталату.



Үй жануарларын атайды.






Тәрбиешінің көмегімен сұрақтарға жауап береді.




Үй жануарлары- домашние животние, түйе- верблюд, бота- верблюженок, жылқы- лошадь, құлыншақ- жеребенок сөздерін қайталайды.

Қимылын келтіріп жаттығуды олрындайды.






Балалар суреттен үй жануарларын көрсете отырып, олардың төлдерін тауып, сызықпен қосады.


Рефлексиялық-

түзетушілік

-Қандай үй жануарларын білесіңдер?

-Малдардың төлдерін қалай атамыз?

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қортындылайды.



Балалар сұрақтарға жауап береді.







Күтілетін нәтиже:


Біледі: суреттен үй жануарларын көрсете отырып, олардың төлдерін сызықпен қосуды;

Игерді: үй жануарлары және олардың төлдері туралы мәліметті;

Меңгерді: дыбыстарды дұрыс айта білуді.