Просмотр содержимого документа
«Еуразия материгі»
Еуразия жер бедері мен пайдалы қазбалары
Білімділік: Еуразияның жер бедері мен пайдалы қазбалары бойынша алған білімдерін бекіту, қорытындылау. Тәрбиелік : Оқушының ойын, қиялын, дамытып, елжандылыққа, адамгершілікке, өз бетінше ізденуге, еңбектенуге дағдыландыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: оқушылардың жан-жақты ойлауын, сөйлеу қабілетін, дүниетанымын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
1.СЕН- МАҒАН, МЕН- САҒАН
- Еуразияның жер бедері ____________________
- Материктің теңіз деңгейінен орташа биіктігі _____________
- Материктегі 14 шыңның абсолют биңктігі ______________ жоғары.
- Ең биігі- ____________________________
- Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан ______________________
- Ең ежелгі – __________________________________________________________ және ______________________________ платформалары.
- Еуразия литосфералық тақтасының соқтыңысу жүрген оңтүстік бөлігінде ___________ _________________________________ жүрді.
- Аса биік, құрылымы күрделі тау жүйелері –________________________________ __________________________________________________________________қалыптасты.
- ________________________________ Еуразияның оңтүстік батысынан Азияның оңтүстік – шығысына дейін созылып жатыр.
- Күшті жер сілкінулер _________________________________________белдеуде де байқалады.
- Жер сілкіну орталықтарынан жан – жаққа шеңбер жасап, жылдам тарайтын күшті толқындар – __________________________ жағалаудағы қалаларға үлкен апат әкеледі.
- Жанартау әрекеті тоқталмаған кейбір аудандарға ыстық сулардың атқылауы – _____________ тән
- Оңтүстіктегі ____________________________________ материктің ең биік таулары шоғырланған.
- Памир тауында материктегі ең ірі тау мұздығы ___________________________ (ұзындығы 77 км) орналасқан.
- Еуразияның жер бедері алуан түрлі.
- Материктің теңіз деңгейінен орташа биіктігі 840м
- Материктегі 14 шыңның абсолют биңктігі 8000 м-ден жоғары .
- Ең биігі- Джомолунгма 8848м
- Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан Өлі теңіз (-403м)
- Ең ежелгі – Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай-Корей, және Оңтүстік Қытай платформалары.
- Еуразия литосфералық тақтасының соқтыңысу жүрген оңтүстік бөлігінде өте күшті тау жасалу жүрді.
- Аса биік, құрылымы күрделі тау жүйелері – Кавказ таулары, Армян және Иран таулы қыраттары, Памир, Тибет таулы қыраты, Гималай таулары қалыптасты.
- Альпі –Гималай белдеуі Еуразияның оңтүстік батысынан Азияның оңтүстік – шығысына дейін созылып жатыр.
- Күшті жер сілкінулер Тынық мұхиттық геогсинклиналдық белдеуде де байқалады.
- Жер сілкіну орталықтарынан жан – жаққа шеңбер жасап, жылдам тарайтын күшті толқындар – цунами жағалаудағы қалаларға үлкен апат әкеледі.
- Жанартау әрекеті тоқталмаған кейбір аудандарға ыстық сулардың атқылауы – гейзерлер тән
- Оңтүстіктегі Альпі – Гималай белдеуінде материктің ең биік таулары шоғырланған.
- Памир тауында материктегі ең ірі тау мұздығы Федченко мұздығы (ұзындығы 77 км) орналасқан.
2. «АВТОБУС АЯЛДАМАСЫ» 1. Неліктен Еуразия материгі пайдалы қазбаларға бай болып келеді? 2. Неліктен материкте барлық жер бедері кездеседі
3.«ОЙЛАН, БІРІК, БӨЛІС»
3.«ОЙЛАН, БІРІК, БӨЛІС» Мүйіс - Пиай, Рока, Дежнев, Челюскин Жазық- Батыс Сібір, Ұлы Қытай, Тұран Тау - Тьян-Шань, Гималай, Памир,Кавказ Түбек - Апенин Балқан, Скандинавия Аралдар - Суматра Ява, Үлкен Зонд Жанартау – Каракату, Ключи шоқысы
4. «Топтық тергеу» А. «Тынық мұхиттық геосинклиналды белдеу» В. «Альпі – Гималай геосинклиналдық белдеу»
5.«Диалогтік оқыту» Егер сізде мол қаржы болса, қандай пайдалы қазбаны игеруге жұмсар едіңіз?
Бағалау
Назарларыңызға рахмет!