Пән: физика, 9 сынып | Күні: 25.12.2015 ж |
Тақырыбы: | Тербелістердің серпімді ортада таралуы. Толқындық қозғалыс. Көлденең және қума толқындар.Толқынның ұзындығы Толқынның таралу жылдамдығы. Толқынның таралу қасиеті |
Мақсаты | Толқындық қозғалысты сипаттау |
Күтілетін нәтиже | А.Толқындық қозғалысты және толқын түрлерін біледі В.Толқынның таралу қасиетін түсінеді С.Толқын ұзындығын, таралу жылдамдығын есептер шығарғанда қолдана алады. |
Керекті жабдықтар | ресурс парақтары, жұмыс дәптері, маркер, АКТ , презентация, карточкалар |
Әдіс-тәсілдер | «Жазба жұмыс», «Бас бармақ», «Дос көмегі», топтық, өздік жұмыстар |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе (10 мин.) | -Оқушылармен амандасу. -сыныпты түгендейді -кезекшілік қызметін қадағалау -оқушылардың назарларын сабаққа аудару -психологиялық дайындық. Оқушыларға 1-4 ке дейін сандарды айтқызу арқылы топқа бөлу І топ ІІ топ ІІІ топ Үй тапсырмасын тербелістер тарауы бойынша «Жазба жұмысы» арқылы тексеру. «Тербелістер» тарауы бойынша жазба жұмысы. Тербелістер деген не? Ығысу деген не? Ол қандай әріппен белігіленеді? Гармоникалық тербелістер деген не? Тербеліс периоды деген не? Формуласы. Жиілік деген не? Формуласы. Тербеліс амплитудасы деген не? Тербеліп тұрған дене траектоиясының кез келеген нүктесіндегі толық энергия неге тең? Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласы? Серіппелі маятниктің тербеліс периодының формуласы неге тең? Еркін және еріксіз тербелістер деген не? Өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау | -Мұғаліммен амандасады -кезекшілік қызметін атқарады -сабаққа зер салады Топтарға бөлінеді. Топтар сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасына қаншалықты дайындалғанын көрсетеді. Сұраққа жауап беру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Осы тақырыпқа байланысты келешекте не білгілері келетіндігі жөнінде өз ойларын жеткізу арқылы сабақтың мақсатын айқындайды. |
Тұсау- кесер (20 мин.) | Әр топқа тақырыпқа байланысты оқулық бойынша тақырыпшалар беріледі. Бағдаршам арқылы Выготскийдің ЖАДАна сәйкес қажет болған жағдайда оқушыға көмектесу. Нәтижесі постер қорғаумен аяқталады. Жаңа тақырып бойынша негізгі ақпаратты слайд арқылы көрсетіп, дәптерлеріне жазып алуды ұсыну. «Бас бармақ» әдісі арқылы тусіну дәрежесін бағалаймын. | Әр топ тақырып бойынша жұмыстанады. Тапсырманы жеке оқу; топпен талдау; постер жасау, қорғау. 1 топ Жаңа тақырыпқа байланысты толқындық қозғалысты сипаттайды 2 топ Көлденең және қума толқындар жайлы айтады. 3 топ Толқын ұзындығы, таралу жылдамдығын айтады. Топпен өзара бағалау критерийлерін ескере отырып, екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау. Бүгінгі жаңа тақырып бойынша ең негізгі материалды дәптерлеріне жазады. |
Негізгі бөлім (10 мин. ) | 1.Оқушыларға «Өздік жұмыс» арқылы Б.А. Кронгарт, есептер жинағынан №14.1, №14.2, №14.3 есептерді шығарту, «Орман өсіру» метафорасына сәйкес тапсырманы орындату. Қажет болған жағдайда «Дос көмегі» әдісін қолдану, | Әрбір оқушы өзіне берілген тапсырманы орындайды, есеп шығарады, Дарынды оқушылар «Дос көмегі» әдісі арқылы бір біріне көмектеседі. Әрбір оқушы критерий бойынша өзін-өзі бағалайды. |
Қоры- тынды (5 мин.) | Кері байланыс. Оқушылардың пікірлері немесе бағалау критерийі бойынша оларды бағалау, тақырып бойынша үй тапсырмасын беру | Оқушылар өзара бағалауына түсініктеме береді. Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады. |
«Тербелістер» тарауы бойынша жазба жұмысы.
Тербелістер деген не?
Ығысу деген не? Ол қандай әріппен белігіленеді?
Гармоникалық тербелістер деген не?
Тербеліс периоды деген не? Формуласы.
Жиілік деген не? Формуласы.
Тербеліс амплитудасы деген не?
Тербеліп тұрған дене траектоиясының кез келеген нүктесіндегі толық энергия неге тең?
Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласы?
Серіппелі маятниктің тербеліс периодының формуласы неге тең?
Еркін және еріксіз тербелістер деген не?
Жаңа сабақ.
Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
Толқын тербелістегі бөлшектерді тасымалдамайды, тек энергияны ғана тасымалдайды.
Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды.

Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқынды бойлық толқын деп аталады.

Толқын ұзындығы –Т периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын ара қашықтық.


Үлкен ауқымдағы қатты денелердегі толқындық қозғалыстың мысалына жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы жатады. Бұл толқындар сейсмикалық деп аталады.
Топтарды бағалау парағы № 1
Күні: ----------------------- Пәні: Физика Сыныбы: 9 « »
Оқушының аты-жөні: -----------------------------------------------------------------------
Мақсаты: Толқындық қозғалысты сипаттау
Күтілетін нәтиже:
А. Тапсырманы орындайды
В. Тақырыпты түсінеді, біледі
С. Топ мүшелері уақытқа сай жұмыстанып, белсене қатысады
Критерий | Дескриептер | Рубрика |
А. | | 1 |
В. | | 1 1 |
С. | Топ мүшелерінің қатысуы, топтық жұмыстың ұйымдастырылуы Топ мүшелерінің белсенді қатысуы Уақытты үнемдеу, уақытқа сай жұмыстану, жауап беру | 1 1 1 |
Ж и н а ғ а н б а л ы | |
Барлығы: 6 балл
1-2 балл- «3» қанағат
3-4 балл-«4» жақсы
5-6 балл-«5» өте жақсы
Өз-өздерін бағалау парағы № 2
Күні: ----------------------- Пәні: Физика Сыныбы: 9 « »
Оқушының аты-жөні: -----------------------------------------------------------------------
Тапсырма: карточкадағы есептерді шығару
Мақсаты: толқын ұзындығы, таралу жылдамдығын қолданып, есепті шығару
Күтілетін нәтиже:
А. №1. Формуланы біледі
В. №2. Есепті шығарады
С. №3. Уақытқа сай жұмыстанады
Критерий | Дескриептер | Рубрика |
А. | | 1 |
В. | | 2 |
С. | | 3 |
Ж и н а ғ а н б а л ы | |
Барлығы: 6 балл
1-2 балл- «3»
3-4 балл-«4»
5-6 балл-«5»