СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Франция мемлекеті

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың  тақырыбы:  §18. XIX ғасырдағы Франция.

Мақсаты: Вена конгресі, 1830 жылғы революция, Шілде монархиясы, Франция-Герман соғысы туралы оқушыларға түсіндіру; оқушылардың  шығармашылық  деңгейлерін арттыру, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін  арттыру; елжандылыққа, ерлікке тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, салыстыру, сипаттау

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары:

  1. Бірінші консул Наполеон Бонопарттың енгізген өзгерістерін айтыңдар?

Просмотр содержимого документа
«Франция мемлекеті»


Сабақтың тақырыбы: §18. XIX ғасырдағы Франция.

Мақсаты: Вена конгресі, 1830 жылғы революция, Шілде монархиясы, Франция-Герман соғысы туралы оқушыларға түсіндіру; оқушылардың шығармашылық деңгейлерін арттыру, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін арттыру; елжандылыққа, ерлікке тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, салыстыру, сипаттау

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары:

  1. Бірінші консул Наполеон Бонопарттың енгізген өзгерістерін айтыңдар?

  2. «Наполеон кодекстерінің» маңыздылығын ашыңдар

  3. Наполеон Бонопарттың ішкі және сыртқы саясатын кімдердің мүддесіне орай жүргізді?

  4. «Құрлықтық қоршаудың» маңызы қандай?

  5. І Наполеонның атақ-дәрежелерін атаңдар

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

  1. Вена конгресі

  2. Бурбондарды қалпына келтіру

  3. 1830 жылғы революция

  4. Шілде монархиясы

  5. 1848 жылғы революция

  6. 1848 жылғы сайлау

  7. Франция-Герман соғысы

  8. Париж Коммунасы. Үшінші республика


1814 жылдың қыркүйегінде Вена қаласына бүкіл Еуропа мемлекеттерінің өкілдері конгреске жиналды. 216 мемлекеттен өкілдер келді. Шешімді Австрия, Англия, Пруссия, Ресей қабылдады. Алға қойған мақсат француз революциясы мен соғыстың барысында Еуропада қалыптасқан саяси жағдайларды жоюға бағытталды. Тепе-теңдікті орнату үшін ұлы мемлекеттер қуатты Францияны сақтау туралы шешім қабылдады. 1830 жылы 14 тамызда жаңа хартия қабылданды. Король билігі шектелді. Баспасөз цензурасы жойылды. Елде Шілде революциясы болып, Луи Филипп билігі Шілде монархиясы деп аталды. Бұл революцияның басты қорытындысы буржуазияның дворяндықты жеңуі болды. 1830-1848 жылдары тек буржуазияның аса бай бөлігі қаржы ақсүйектері ғана үстемдік алды. 1840 жылдардың ортасынан бастап елде дағдарыс басталды. Қаржы ақсүйектерінің үстемдігіне наразылық ұлғайды. 1847 жылдың жазында Францияда саяси отырыстар науқаны басталды. 1848 жылдың 25 ақпанында екінші республика жарияланып, уақытша үкімет құрылды. 1848 жылдың 4 қарашасында екінші республиканың конституциясы қабылданып, ол президенттік лауазымды енгізді. 1848 жылдың 10 желтоқсанында президент сайлауы нәтижесінде Бонапарт жеңіске жетті. 1851 жылдың 2 желтоқсанында президент басқарған Бонапарттық жасырын әрекетшілер мемлекеттік төңкеріс жариялады. 1852 жылы Луи Наполеон француз императоры ІІІ Наполеон деп жарияланды. Сөйтіп екінші империя орнатылды.жаңа император өнеркәсіп топтарына сүйенді. Сондай-ақ шаруалардың басым көпшілігінен қолдау тапты. Бұл саясат бонопартизм делінді. ІІІ Наполеон Францияның дүниежүзілік ықпалын күшейтуге тырысты. Ол бүкіл Еуропа көлеміндегі қозғалыстарды қолдады. Бұл Австрия мен Ресейді Френцияның басты жауына айналдырды. 1860 жылдардың екінші жартысына қарай Франция оқшауланып қалды. Екінші империя үкіметінің ішкі және сыртқы жағдайы апатты шекте тұрды. ІІІ Наполеон бұл жағдайды тек соғыс қана шешеді деп ұқты. 1870 жылдың 19 шілдесінде Франция Пруссияға соғыс жариялады. 1870 жылдың 1 қыркүйегінде революция басталды. ІІІ Наполеон тақтан түсіріліп, Франция республика деп жарияланды. 1871 жылдың 26 наурызында қалалық өзін-өзі билеу органы- Париж Коммунасының Кеңесінде жалпы және төтенше сайлаулар өткізілді. Оған 85 адам сайланды. Жаңа үкімет- Париж Коммунасы деп аталды. 72 күннен соң құлады.

Тапсырмалар: а) Уақытнамалық тапсырма (тақтада орындау)


Уақыты

Болған тарихи оқиғасы

1

1848 жыл

4 қараша




2

1848 жыл

10 желтоқсан




3

1850 жыл

31 мамыр




4

1851 жыл

2 желтоқсан





5

1853-1856 ж.ж.





ә) 1830 жылғы Шілде революциясының себебін анықтаңдар және сипаттама жазыңдар (интерактивті тақтамен жұмыс, дәптаерге көшіру)


Сұрақтар

Жауаптар

Себебі


Кімдер қолдады?


Революцияның мақсаты


Немен аяқталды?


Кімдер жеңді?


Өкімет басына кім келді?


Шілде революциясынан кейін де неге монархия сақталып қалды?



б) 1830-1840 жылдарда Франциядағы капиталистік қатынастардың күшейе түсу себептерін анықтаңдар (мәтінмен жұмыс)

1.

2.

3.

4.

5.


в) 1848 жылғы ақпан-маусым көтерілісіне сипаттама беріңдер және салыстырыңдар (интерактивті тақтамен жұмыс)


Салыстыру көрсеткіші

Ақпан революциясы

Маусым көтерілісі

Кімдер көтеріліске шықты, неліктен?



Жұмысшылар қандай әлеуметтік табыстарға қол жеткізді?



Көтерілісшілер неліктен жеңіліске ұшырады?



Кімдер жеңіске шықты?



Қандай маңызы болды?



Өкімет басына кім келді?





IV. Сабақты бекіту:

А) 1848-1852 жылдардағы таптық күрестерге баға беріңдер (ауызша дәлелдеу)

1)

2)

3)


Б) Картамен жұмыс

В) Не себепті Францияны «герцогтар республикасы» деді? Дәлелде

Г) Шағын тест сұрақтары (интерактивті тақтамен жұмыс).


V. Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру:

§18. «XIX ғасырдағы Франция» мәтінді мазмұндау, Париж Коммунасының белгілі қайраткерлері туралы ізденіс жұмысын жазу.