СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 14.06.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ғарышкер презентация

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ғарышкер, астронавт (Батыс елдеріндегі баламасы: астро... және nбutēs – теңізде жүзуші).), космонавт (ТМД елдерінде - Космонавт: грек. kosmos –ғарыш және nautes – теңіз жүзушісі) – ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам; адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық. Алғашқы ғарышкерлер әскери ұшқыштар мен ұшқыш-сынақшылар қатарынан таңдалып алынды

Просмотр содержимого документа
«Ғарышкер презентация»

Ғарышкерлер жайлы қызықты ақпарат   Ғарышкер, астронавт (Батыс елдеріндегі баламасы: астро... және n б utēs – теңізде жүзуші).), космонавт (ТМД елдерінде - Космонавт: грек. kosmos – ғарыш және nautes – теңіз жүзушісі) – ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам; адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық. Алғашқы ғарышкерлер әскери ұшқыштар мен ұшқыш-сынақшылар қатарынан таңдалып алынды.

Ғарышкерлер жайлы қызықты ақпарат

  • Ғарышкер, астронавт (Батыс елдеріндегі баламасы: астро... және n б utēs – теңізде жүзуші).), космонавт (ТМД елдерінде - Космонавт: грек. kosmos – ғарыш және nautes – теңіз жүзушісі) – ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам; адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық. Алғашқы ғарышкерлер әскери ұшқыштар мен ұшқыш-сынақшылар қатарынан таңдалып алынды.
Кейінірек КСРО-да да, АҚШ-та да ғарыштық кеме экипажына қажетті арнайы білімі бар инженерлер мен ғалымдарды қоса бастады. Ғарышкерлерді дайындау ісі бұрынғы КСРО-да 1960 ж., ал АҚШ-та 1959 ж. және 1962 ж. жүргізіле басталды. Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннен (1961) бастап ғарышқа үш жүзден астам адам ұшты. Олардың ішінде қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров (1991), Талғат Мұсабаев (1994, 1998, 2001) бар.
  • Кейінірек КСРО-да да, АҚШ-та да ғарыштық кеме экипажына қажетті арнайы білімі бар инженерлер мен ғалымдарды қоса бастады. Ғарышкерлерді дайындау ісі бұрынғы КСРО-да 1960 ж., ал АҚШ-та 1959 ж. және 1962 ж. жүргізіле басталды. Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннен (1961) бастап ғарышқа үш жүзден астам адам ұшты. Олардың ішінде қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров (1991), Талғат Мұсабаев (1994, 1998, 2001) бар.
Гагарин Юрий Алексеевич Гагарин Юрий Алексеевич (9 наурыз 1934 жылы, Гжат (қазіргі Гагарин) ауданы Клушино ауылы Смоленск облысы — 27 наурыз 1968 жылы, Владимир облысы) – КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағы батыры, ғарыш кеңістігіне сапар жасаған ең бірінші адам, полковник (1963), Кеңес Одағының Батыры (1961).

Гагарин Юрий Алексеевич

  • Гагарин Юрий Алексеевич (9 наурыз 1934 жылы, Гжат (қазіргі Гагарин) ауданы Клушино ауылы Смоленск облысы — 27 наурыз 1968 жылы, Владимир облысы) – КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағы батыры, ғарыш кеңістігіне сапар жасаған ең бірінші адам, полковник (1963), Кеңес Одағының Батыры (1961).
Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаев 1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген. 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге. 2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.

Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаев

  • 1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.
  • 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.
  • 2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров

  • Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
Нил Олден Армстронг Нил Олден Армстронг , ағылш. Neil Alden Armstrong ( Тамыздың 5, 1930 – Тамыздың 25, 2012)— АҚШ ғарышкері (астронавты). Айға ең бірінші аяқ басқан адам.

Нил Олден Армстронг

  • Нил Олден Армстронг , ағылш. Neil Alden Armstrong ( Тамыздың 5, 1930 – Тамыздың 25, 2012)— АҚШ ғарышкері (астронавты). Айға ең бірінші аяқ басқан адам.
  • "Аполлон-11" экипажы
  • Нил Армстронгтың айға ұшуы Джон Кеннедидің одан алты жыл бұрынғы берген уәдесі еді. КСРО-ның ғарышты зерттеуі, ғарышқа адамды ұшыруы оған себебін тигізді. Жас кезінде авиамоделдеу спортымен айналысқан. 1949 жылы әскери-теңіз училищесін (Флорида штаты), 1955 жылы Пердью атындағы университетті (Индиана штаты) бітірген. 1955 — 1962 жылдары Эдуардс авиация базасы (Калифорния штаты) мен АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі басқармасында (НАСА) сынаушы ұшқыш болды.
Ғаламшар Ғаламшар немесе Планета (көне лат. planeta, грек. aster planet е s — кезбе жұлдыздар) — өз орбитасы бойынша Күнді не басқа жұлдызды айнала қозғалатын, гравитациялық өріс жасауға өз салмағы жеткілікті, соның нәтижесінде шар тәріздес орбитаға ие аспан денесі.  Уран (солда), Нептун (оңда), Жер (төменгі солда), Сириус B ( төменгі ортада) және Шолпан (төменгі оңда). Ғаламшар — өздігінен жарық шығармайтын, жұлдызды айнала қозғалатын, орталық жарық көзімен салыстырғандағы массасы шағын аспан денесі. Күн жүйесінде 9 үлкен планета, 43 планета серіктері, бірнеше ондаған мың кіші планеталар (астероидтар) белгілі. Үлкен планеталардың пішіні сфера тәрізді, соған жақынырақ болады.

Ғаламшар

  • Ғаламшар немесе Планета (көне лат. planeta, грек. aster planet е s — кезбе жұлдыздар) — өз орбитасы бойынша Күнді не басқа жұлдызды айнала қозғалатын, гравитациялық өріс жасауға өз салмағы жеткілікті, соның нәтижесінде шар тәріздес орбитаға ие аспан денесі.
  • Уран (солда), Нептун (оңда), Жер (төменгі солда), Сириус B ( төменгі ортада) және Шолпан (төменгі оңда).
  • Ғаламшар — өздігінен жарық шығармайтын, жұлдызды айнала қозғалатын, орталық жарық көзімен салыстырғандағы массасы шағын аспан денесі. Күн жүйесінде 9 үлкен планета, 43 планета серіктері, бірнеше ондаған мың кіші планеталар (астероидтар) белгілі. Үлкен планеталардың пішіні сфера тәрізді, соған жақынырақ болады.
Жұлдыз Жұлдыз кейде тұрақты жұлдыз (лат. stella немесе лат. astrum; астрономиядағы белгісі:*) — салмағы ерекше ауыр, өзегіндегі термоядролық реакция арқылы айналасына тұрақты жарық шығаратынплазмалық газ күйдегі аспан денесі. Жұлдыздарды арнаулы түрде Жұлдыз астрономиясы ғылымы зерттейді.

Жұлдыз

  • Жұлдыз кейде тұрақты жұлдыз (лат. stella немесе лат. astrum; астрономиядағы белгісі:*) — салмағы ерекше ауыр, өзегіндегі термоядролық реакция арқылы айналасына тұрақты жарық шығаратынплазмалық газ күйдегі аспан денесі. Жұлдыздарды арнаулы түрде Жұлдыз астрономиясы ғылымы зерттейді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні  — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.
  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні  — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.
Тарихы 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады.

Тарихы

  • 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады.
Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті. Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды.
  • Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
  • Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды.
Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты.
  • Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты.
Суреттер топтамасы

Суреттер топтамасы

Конституция Конституция, Ата Заң ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.  Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.

Конституция

  • Конституция, Ата Заң ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.
  • Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.
Конституционализм - [французша Constitutionalisme, латынша Constitutio - заң] - a) бастапқыда - саясатта, мемлекеттік құқықтағы конституциялық монархияны ең қолайлы басқару түрі ретінде мойындайтын бағыт;ә) негізгі заңның (конституцияның) әліппесін немесе жоғары заңдық күші бар мемлекеттің аса маңызды заңдар жинағын, конституциялық процедуралар мен ұстанымдарды қатаң ұстану принципі; заң билігі үстемдік құратын тәртіп, яғни мемлекеттік органдар өз бетінше емес, құқықтық ережелерге сәйкес әрекет етеді;б) саяси билік құрудың үстем қағидаты мен құрылымы ретінде заң билігін жақтайтын саяси ойдың бағыты. Ағылшын-саксондық саяси дәстүр конституционализм мен конституциялық басқару жүйесін теңдестіреді. Роман-германдық саяси дәстүрде конституционализм ұғымының баламасы
  • Конституционализм - [французша Constitutionalisme, латынша Constitutio - заң] -
  • a) бастапқыда - саясатта, мемлекеттік құқықтағы конституциялық монархияны ең қолайлы басқару түрі ретінде мойындайтын бағыт;ә) негізгі заңның (конституцияның) әліппесін немесе жоғары заңдық күші бар мемлекеттің аса маңызды заңдар жинағын, конституциялық процедуралар мен ұстанымдарды қатаң ұстану принципі; заң билігі үстемдік құратын тәртіп, яғни мемлекеттік органдар өз бетінше емес, құқықтық ережелерге сәйкес әрекет етеді;б) саяси билік құрудың үстем қағидаты мен құрылымы ретінде заң билігін жақтайтын саяси ойдың бағыты. Ағылшын-саксондық саяси дәстүр конституционализм мен конституциялық басқару жүйесін теңдестіреді. Роман-германдық саяси дәстүрде конституционализм ұғымының баламасы "құқықтық мемлекет" ұғымы болып табылады.

ҚР конституциясының бөлімдері

Құрлықтар, материктер Құрлық, материк, континент — жер қабығының дүниежүзілік мұхит деңгейінен көтеріңкі ірі бөлігі. Оның шеткі аймақтары мұхит деңгейінен төменде жатыр (қ. Құрлықтық беткей). Құрлықтың жалпы аумағы 149,1 млн. км² немесе жалпы жер шарының 29,2%-ын алады. Солтүстік жарты шардың 39%-ын, оңтүстік жарты шардың 19%-ын құрайды. Қазіргі геологиялық дәуірде ол 6 континенттен — Австралия, Антарктида, Африка, Еуразия, Оңтүстік Америка және Солтүстік Америкадан тұрады. Құрлықтың 36%-ы таулы, 64%-ы жазық. Құрлық астындағы жер қабығының қалыңдығы 25-тен 75 км-ге дейін жетеді.

Құрлықтар, материктер

  • Құрлық, материк, континент — жер қабығының дүниежүзілік мұхит деңгейінен көтеріңкі ірі бөлігі. Оның шеткі аймақтары мұхит деңгейінен төменде жатыр (қ. Құрлықтық беткей). Құрлықтың жалпы аумағы 149,1 млн. км² немесе жалпы жер шарының 29,2%-ын алады. Солтүстік жарты шардың 39%-ын, оңтүстік жарты шардың 19%-ын құрайды. Қазіргі геологиялық дәуірде ол 6 континенттен — Австралия, Антарктида, Африка, Еуразия, Оңтүстік Америка және Солтүстік Америкадан тұрады. Құрлықтың 36%-ы таулы, 64%-ы жазық. Құрлық астындағы жер қабығының қалыңдығы 25-тен 75 км-ге дейін жетеді.
 Ішкі континенттік және шеткі континенттік құрылымдардан тұрады. Біріншісіне көне және жас платформаларда дамыған жазық өңірлер және геосинклиналдық қатпарлы облыстарда пайда болған таулы құрылымдар жатады. Екінші типтік құрылымдарға континенттердің су астындағы тегістелген жалғасы (қайраң, беткей), пассивті жиегі (атланттық) және кезектесе орналасқан қайраңдық, беткей, терең қазаншұңқырлар, шұңғымалар, мұхиттың қарқынды дамыған арал доғаларының (Тынық мұхиттың) шеткі аймақтары жатады. Құрлықтар ұзақ уақытты қамтитын эволюциялық дамудың нәтижесінде пайда болған гетерогенді дене саналады, ол фиксизм теориясы бойынша геосинклиналдардың дамуы барысында ертедегі ядролардың бірігіп ұлғаюы нәтижесінде пайда болған. Мобилизм теориясы бойынша, қазіргі құрлықтар бір уақыттарда бүтін болған Пангея континенті бөлшектеніп, алдымен Лавразияға және Гондванаға бөлінген. Құрлықтардың нобайы мұхиттардың ашылуынан және литосфералық плиталардың соқтығысуынан өзгеріп отырған.
  • Ішкі континенттік және шеткі континенттік құрылымдардан тұрады. Біріншісіне көне және жас платформаларда дамыған жазық өңірлер және геосинклиналдық қатпарлы облыстарда пайда болған таулы құрылымдар жатады. Екінші типтік құрылымдарға континенттердің су астындағы тегістелген жалғасы (қайраң, беткей), пассивті жиегі (атланттық) және кезектесе орналасқан қайраңдық, беткей, терең қазаншұңқырлар, шұңғымалар, мұхиттың қарқынды дамыған арал доғаларының (Тынық мұхиттың) шеткі аймақтары жатады. Құрлықтар ұзақ уақытты қамтитын эволюциялық дамудың нәтижесінде пайда болған гетерогенді дене саналады, ол фиксизм теориясы бойынша геосинклиналдардың дамуы барысында ертедегі ядролардың бірігіп ұлғаюы нәтижесінде пайда болған. Мобилизм теориясы бойынша, қазіргі құрлықтар бір уақыттарда бүтін болған Пангея континенті бөлшектеніп, алдымен Лавразияға және Гондванаға бөлінген. Құрлықтардың нобайы мұхиттардың ашылуынан және литосфералық плиталардың соқтығысуынан өзгеріп отырған.
Әлем бұрыштары Аустралия (+ Океания) Антарктида Африка Еуропа Азия Америкалар (Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка, Жаңа Әлем) Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары Панама мойнағымен қосылған. Сонымен қатар Жердегі құрлықтарды әлем бұрыштарына бөліп айту қалыптасқан. Бұл Жағрапиялық ашылымдар дәуірінде пайда бола бастады, яғни әр жаңа жер, сол кезде айтқандай — әлем бұрышын мұхитсаяхатшылары ашқан сайын. Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтық ажыратуға қарағанда бір әлем бұрышы боп есептеледі, ал әлемнің екі бұрышы боп есептелетін Еуропа мен Азия бір құрлықта — Еуразияда орналасқан. Еуропа мен Азия шекарасы Орал таулары, содан Каспий теңізіне дейін Жем өзені бойымен, Құма мен Маныш өзендерімен Дон өзені сағасына дейін, ары қарай Қара теңіз бен Жерорта теңіздері арқылы өтеді.

Әлем бұрыштары

  • Аустралия (+ Океания)
  • Антарктида
  • Африка
  • Еуропа
  • Азия
  • Америкалар (Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка, Жаңа Әлем)
  • Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары Панама мойнағымен қосылған. Сонымен қатар Жердегі құрлықтарды әлем бұрыштарына бөліп айту қалыптасқан. Бұл Жағрапиялық ашылымдар дәуірінде пайда бола бастады, яғни әр жаңа жер, сол кезде айтқандай — әлем бұрышын мұхитсаяхатшылары ашқан сайын.
  • Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтық ажыратуға қарағанда бір әлем бұрышы боп есептеледі, ал әлемнің екі бұрышы боп есептелетін Еуропа мен Азия бір құрлықта — Еуразияда орналасқан. Еуропа мен Азия шекарасы Орал таулары, содан Каспий теңізіне дейін Жем өзені бойымен, Құма мен Маныш өзендерімен Дон өзені сағасына дейін, ары қарай Қара теңіз бен Жерорта теңіздері арқылы өтеді.
Оңтүстік Америка Оңтүстік Америка  — батыс жарты шардың оңтүстігіндегі құрлық. Жерінің аумағы (аралдарымен қоса есептегенде) 18,28 млн. км². Халқы 340 млн. адам (2000). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 7150 км-ге, батыстан шығысқа қарай 5150 км-ге созылған. Құрлықтың солттүстіктен Кариб теңізімен, батысын Тынық мұхиты, шығысын Атлант мұхиты, оңтүстіктен Магеллан, Дрейк бұғаздарының суы шайып жатыр. Солтүстік-батысында жіңішке Панама мойнағы арқылы Орталық және Солтүстік Америкамен жалғасады. 

Оңтүстік Америка

  • Оңтүстік Америка  — батыс жарты шардың оңтүстігіндегі құрлық. Жерінің аумағы (аралдарымен қоса есептегенде) 18,28 млн. км². Халқы 340 млн. адам (2000). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 7150 км-ге, батыстан шығысқа қарай 5150 км-ге созылған. Құрлықтың солттүстіктен Кариб теңізімен, батысын Тынық мұхиты, шығысын Атлант мұхиты, оңтүстіктен Магеллан, Дрейк бұғаздарының суы шайып жатыр. Солтүстік-батысында жіңішке Панама мойнағы арқылы Орталық және Солтүстік Америкамен жалғасады. 
Солтүстік Америка Солтүстік Америка — батыс жарты шардағы құрлық. Жер аумағы 20,36 млн. км2 (аралдарымен қоса есептегенде 24,25 млн. км2). Тұрғыны 476 млн. адам (2000). Солтүстік Мұзды мұхит (құрлыққа тереңдеп еніп жатқан Гудзон шығанағымен), Атлант (Мексика шығанағымен) және Тынық мұхитпен (Калифорния шығанағы) қоршалған. Ірі аралдары: солтүстігінде Гренландия, Канаданың Арктикалық топаралы, батыс жағалауында Алеут, Александр топаралдары, Ванкувер, Шарлотта патшайым; шығысында Вест-Индия, Ньюфаундленд, т.б. аралдар бар. I рі түбектері: Бутия, Мелвилл (солтүстігінде), Лабрадор, Флорида (шығысында), Юкатан (оңтүстігінде), Аляска, Калифорния (батысында).

Солтүстік Америка

  • Солтүстік Америка — батыс жарты шардағы құрлық. Жер аумағы 20,36 млн. км2 (аралдарымен қоса есептегенде 24,25 млн. км2). Тұрғыны 476 млн. адам (2000). Солтүстік Мұзды мұхит (құрлыққа тереңдеп еніп жатқан Гудзон шығанағымен), Атлант (Мексика шығанағымен) және Тынық мұхитпен (Калифорния шығанағы) қоршалған. Ірі аралдары: солтүстігінде Гренландия, Канаданың Арктикалық топаралы, батыс жағалауында Алеут, Александр топаралдары, Ванкувер, Шарлотта патшайым; шығысында Вест-Индия, Ньюфаундленд, т.б. аралдар бар. I рі түбектері: Бутия, Мелвилл (солтүстігінде), Лабрадор, Флорида (шығысында), Юкатан (оңтүстігінде), Аляска, Калифорния (батысында).
Еуразия Еуразия   Ауданы 53,3 млн. км² (бүкіл құрлықтардың 37%-і), оның 2,75 млн. км²-ге жуығы аралдар. Еуразия екі дүние бөлігінен —Еуропа мен Азиядан тұрады (аталуы содан). Олардың арасындағы шартты шекара — Орал тауының шығыс етегі, Жем өзені,Каспий теңізінің солтүстік-жағалауы, Кума және Маныч өзендерінің аңғарын бойлап Донның сағасына өтеді. Одан әрі шекара Азов және Қара теңіздер, Босфор бұғазы. — Жер шарындағы ең үлкен құрлық.

Еуразия

  • Еуразия   Ауданы 53,3 млн. км² (бүкіл құрлықтардың 37%-і), оның 2,75 млн. км²-ге жуығы аралдар. Еуразия екі дүние бөлігінен —Еуропа мен Азиядан тұрады (аталуы содан). Олардың арасындағы шартты шекара — Орал тауының шығыс етегі, Жем өзені,Каспий теңізінің солтүстік-жағалауы, Кума және Маныч өзендерінің аңғарын бойлап Донның сағасына өтеді. Одан әрі шекара Азов және Қара теңіздер, Босфор бұғазы. — Жер шарындағы ең үлкен құрлық.
Африка Жерінің аумағы   29,2 млн. км 2  ( аралдарымен бірге 30,3 млн. км 2 ).  Тұрғыны   887,9 млн. адам (2010 жылғы мәлімет ). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км.  Жағалауының жалпы ұзындығы   30500 км . Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр. 

Африка

  • Жерінің аумағы   29,2 млн. км 2  ( аралдарымен бірге 30,3 млн. км 2 ).  Тұрғыны   887,9 млн. адам (2010 жылғы мәлімет ). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км.  Жағалауының жалпы ұзындығы   30500 км . Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр. 
Аустралия Аустралия, ресми атауы Аустралия Одағы (ағылш. Commonwealth of Australia; лат. australis – оңтүстік деген сөзінен шыққан) — Австралия материгі мен Тасмания аралында және көптеген кішігірім аралдарында орналасқан мемлекет. Австралия Одағы Шығыс Тимор, Индонезия Республикасы, Папуа — Жаңа Гвинея, Вануату, Жаңа Каледония, Соломон аралдары, және Жаңа Зеландия елдерімен теңіз арқылы шектеседі. Аустралияның астанасы – Канберра қаласы. Ірі қалалары – Сидней, Мельбурн.

Аустралия

  • Аустралия, ресми атауы Аустралия Одағы (ағылш. Commonwealth of Australia; лат. australis – оңтүстік деген сөзінен шыққан) — Австралия материгі мен Тасмания аралында және көптеген кішігірім аралдарында орналасқан мемлекет. Австралия Одағы Шығыс Тимор, Индонезия Республикасы, Папуа — Жаңа Гвинея, Вануату, Жаңа Каледония, Соломон аралдары, және Жаңа Зеландия елдерімен теңіз арқылы шектеседі. Аустралияның астанасы – Канберра қаласы. Ірі қалалары – Сидней, Мельбурн.
Антарктида Антарктида  (гр.  ἀνταρκτικός  —  Арктикаға керісі) — Оңтүстік поляр аймағының орталығындағы материк. Көлемі 14 млн шаршы км шамасындай. Антарктида Атлант, Үнді және Тынық мұхиттарымен қоршалган. Антарктиданы 1820 ж. орыстың саяхатшылары Беллинсгаузен мен Лазарев бірінші рет ашқан. Антарктиданы түгелдей қалың мұз басып жатады. Оның орташа қалыңдығы - 1500 м шамасындай, ал ең қалыңы - 4000 м. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі теңізге таяу жерде ұшырасады.Бұл - Жер шарымыздағы 6 материктың бірі.Ол Қиыр оңтүстікте түгелдей мұз құрсанып жатыр.

Антарктида

  • Антарктида  (гр.  ἀνταρκτικός  —  Арктикаға керісі) — Оңтүстік поляр аймағының орталығындағы материк. Көлемі 14 млн шаршы км шамасындай. Антарктида Атлант, Үнді және Тынық мұхиттарымен қоршалган. Антарктиданы 1820 ж. орыстың саяхатшылары Беллинсгаузен мен Лазарев бірінші рет ашқан. Антарктиданы түгелдей қалың мұз басып жатады. Оның орташа қалыңдығы - 1500 м шамасындай, ал ең қалыңы - 4000 м. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі теңізге таяу жерде ұшырасады.Бұл - Жер шарымыздағы 6 материктың бірі.Ол Қиыр оңтүстікте түгелдей мұз құрсанып жатыр.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!