СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ғарышты зерттеу және ғарыштың экологиясы.

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

. Географиялық ендік (0градустан 90қа дейін)экватордан бастап солтүстікке және оңтүстікке қарай есептелінеді.Алгашқы «үлкейткіш дүрбіні» 1609 жылы Галилео Галилей ойлап шыгарды.Бірақ оның көру мүмкіншілігі тек қана 3есеге үлкейтті.Дәл осы жылы Галилей кескінді 30 есе үлкейтетін дүрбі ойлап шығарып алғаш рет Айды бақылаудан бастайды.Ай бетінен кратерді,тау шыңдары мен тау жүйесін көрді.Қошқыл дақтарды теңіздер деп атады.Галилей Құсжолы Галактикасы көптеген жұлдыздардың шоғырынан тұратындығын анықтады.Юпитерге бақылау жасай отырып,оның айналасында 4 жұлдызшаның барлығын анықтап,кейіннен оның серіктері екендігіне көзі жетті.

 Сол кезеңнен бастап әлі күнге дейін аспан денелерін зерттеу мақсатында телескоптың түрлері жаңартылуда.     Оптикалық телескоптар-жарықты линзаға немесе айна табақшаға жинау арқылы көріністі анықтайды.

Просмотр содержимого документа
«Ғарышты зерттеу және ғарыштың экологиясы.»

5- сынып 4.09.2013ж

Сабақ тақырыбы: Жаратылыстану табиғат жайлы ғылымдардың жиынтығы ретінде. Сабақтың мақсаты: оқушыларға табиғат құбылыстары туралы жалпы мағлұмат бере отырып,білімге құштарлығын,ойлау қабілетін дамыту.

1.Білімділік: Жаратылыстану пәнін үйрете отырып,оқушыларға тірі жәнеөлі денелердің қандай айырмашылығы екендігі жөнінде білімдерін арттыру

2.Дамытушылық: Оқушылардың бойына өздеріне берілген тапсырмаларды жеке,өзгенің көмегінсіз орындай білуге дағдыландырып, дамыту. 3.Тәрбиелілік: Саналы адамгершілік тәрбиесін беру.Елдің табиғат байлығы халқымыздың өшпес құндылығы екені түсінуге тәрбиелу. Сабақ көрнекілігі:интерактивті тақта..

Сабақ барысы: Журнал толтыру,келген оқушыларды белгілеу.Кезекшіден берілген үй тапсырсасын сұрау. Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Жаңа сабақ: Табиғатты оқып үйрену дегеніміз – айнала қоршаған дүниені тану. Тас, өсімдік, жануар, су, топырақ және өзімізді танып білу, себебі біз де табиғаттың бір бөлігіміз.Жаратылыстану сөзі екі ұғымнан тұрады. Жаратылыс (табиғат) және тану. Яғни сабақ кезінде біздер қоршаған ортамызды, табиғатты өтеміз. Табиғатты көптеген жаратылыстану ғылымдары зерттейді (физика, химия, биология, астрономия, география, экология). Жер бетінде бізді қоршаған денелерді жер үсті денелері дейміз, ал жердің шегінен басқа денелерді - ғарыштық денелер дейміз. Олар: Күн, Ай және жұлдыздар – аспанның жарық денелері. Олар туралы ғылым астрономия деп аталады. Астрономия деген сөз грек тілінен алынған: «астрон» - жұлдыз және «номос» заң деген екі сөзден құралады.Тірі денелер (өсімдіктер, жануарлар және т.б.) құрамындағы заттарды – органикалық деп атайды. Оларға – ақуыз (белок), майлар, көміртегі (крахмал) жатады. Ақуыз көбінесе жұмыртқада, бұршақ тұқымдас өсімдіктерде, саңырауқұлақтарда болады. Бидай және картоп құрамында крахмал, күнбағыс пен жаңғақта майлар көп кездеседі.

Бейорганикалық заттар: негізінен өлі денелердің құрамында болады. Кейбір бейорганикалық заттар, мысалға су және минералды тұздар – тірі денелерде кездеседі.Тірі денелерге бактериялар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар және адамдар жатады. Бұларды биология (биос – тіршілік, логос - ғылым) ғылымы зерттейді.Тірі денелер қоректенеді (қоршаған ортадағы тірі және өлі заттармен), тыныс алады, зат алмасу өнімдерін шығарады, көбейеді, өседі және өледі.

Табиғаттағы денелер ұдайы өзгеріске ұшырайды. Бұл өзгерістерді табиғат құбылыстары деп атайды. Мысалға күн мен түннің, жылдық маусымдардың ауысуы. Күннің шығуы және батуы, вулкан атқылауы, жердің сілкінуі, жаңбыр-қардың жаууы – барлығы табиғат құбылыстарына жатады.Табиғат дегеніміз – адамның тіршілік етіп отырған үйі. Адам табиғаттан тамақ, киім, дәрі-дәрмек, отын, құрылыс материалдарын алады. Табиғатты танып білу – барлық адамзат үшін қажет. Әрбір адам табиғатты қорғауға міндетті.

Бекіту: 1.Бейорганикалық заттарға не жатады?

2.Ғарыштық денелер дегеніміз не?

Үйге тапсырма: §1.Жаратылыстану табиғат жайлы ғылымдардың жиынтығы ретінде





































5-сынып. 11.09.2013ж

Сабақтың тақырыбы: §2. Табиғатты ғылыми тұрғыдан тану әдістері

Сабақ мақсаты:Табиғат компоненттерін,табиғаттағы барлық тіршілік бір-бірімен тығыз байланысты екендігін айырмашылығын ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың табиғаттың барлық тіршілік нәтежесіне жан-жақты мәлімет бере отырып,білімге құштарлығын,ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: Саналы адамгершілік тәрбиесін беру.Елдің табиғат байлығы халқымыздың өшпес құндылығы екені түсінуге тәрбиелу.

Сабақтың көрнекілігі: әртүрлі суреттер мен плакаттар. Интерактивті тақта.

Сабақ барысы: Журнал толтыру,келген оқушыларды белгілеу.Кезекшіден берілген үй тапсырсасын сұрау. Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеріп шығу.

Үй тапсырмасын тексеру:

1.Табиғатты зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер?

2.Олар қандай жаңалықтар ашты?

3.Табиғат зерттеген ғалымдардың тағдыры жайлы не білесіңдер?

Жаңа сабақ:

Ежелгі адамдардың ойында «Дүние» жайлы түсінік болған жоқ. Олардың ойынша Дүние дегеніміз өздерінің өмір сүретін тауларынан, өздерінен, ормандарынан, үңгірлерінен тұратын орта деп есептеді. Уақыт өте келе аң аулайтын, жеміс-жидек жинайтын адамдардан жерді игеріп егін егетіндер, кейінірек қолөнершілер пайда болды. Олардың еңбек ететін құрал-саймандарды жасауы, үйлерді тұрғызуы, егін салуы, жабайы жануарларды қолға үйретуі, металды балқытуы – ой-өрісінің дамуына әсер етіп ғылымның дамуына өзіндік үлесін қосты. Ежелгі дүниенің негізі қалыптаса бастаған ғылымның шыңдалу кезеңі ХVII-XVIIғ. болып есептеледі.

Ол кезеңдегі ғылыммен айналысқан адамдар энциклопедистер болды. Яғни олар бірнеше ғылыммен айналысты. Ежелгі ғылымдардың бірі астрономия адамдарға күнделікті өмірге қажеттіліктен туындады. Жалпы ғылымдарды 2 топқа: жаратылыстану – табиғатты тану туралы ғылым; қоғамдық – қоғамтану туралы ғылым деп бөледі.

Атақты ғалым-ойшыл әл-Фараби (870-950) бірнеше тілде сөйлей білген, философ және энциклопедист-оқымысты болды. Алғашқылардың бірі болып жұлдыздарды зерттеп ең ірі обсерваторияны салып, өлшеу құрал-жабдықтарын ойлап шығарды. Жас кезінде араб елдеріне оқу-білім іздеп, туған жерінен қоныс аударған әл-Фарабидің еңбектері, ойлары көптеген ғалымдардың дүниетанымына әсер етті. Әсіресе әбу-әли-ибн-Синаға (980-1037) қатты әсер етіп, ғылыми көзқарасының қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Әл – Фараби ғылымдарды жіктеумен көп шұғылданды. Өзінің «Ғылымдарды жіктеу» (саралау) деген еңбегіне математиканың салалары арифметика, геометрия және оптика, математикалық астрономия, музыка туралы өзінің ойын, көзқарасын жазып қалдырды.

Әбу-Райхан-әл-Бируни (973-шамамен1050) – ұлы оқымысты-энциклопедист. Астрономия, география, физика, математика, геологиядан 150-ге жуық еңбек жазған. Бирунидің конструкторлық шеберлігінің дәлеліне, диаметрі 5 метрлік географиялық глобусы және асторномиялық құрал-саймандары жатады. Өзінің ұстаздарының еңбектеріне шолу жасай отырып 1029 жұлдыздың орналасқан жерін қайтадан нақтылай түседі. Кейінірек 400 жыл өткеннен кейін Ұлықбек бұл жұлдыздардың координаталарын нақтылап көрсетті. Бируни – Күн мен жұлдыздарды жалын шашқан шар десе, Ғаламшарлар мен Айды күн сәулесін шағылыстыратын қою-қошқыл денелер деген. Бируни де Құсжолы Галактикасын жұлдыздардың шоғыры деп есептеп метеорит жаңбырларына алғашқы рет сипаттама берді.

Поляк оқымыстысы (1473-1543) Николай Коперник адамдардың ғарыш туралы түсінігіне үлкен өзгерістер алып келді. Ол Птолемейден (ІІ ғ.) беріғарыштық кеңістік ортасы Жер, ал қалғандары Күн, Ай және ғаламшарлар оны айналып жүреді деген теорияны жоққа шығарды. Күн Жерді айналмай, керісінше Жер және басқа ғаламшарлар Күнді айналады деп жаңа теорияны қалыптастырды. Варшава қаласындағы Коперниктің мүсіні алдындағы тақтайшада «Күнді тоқтатып, Жерді айналдырушы» деген сөздер жазылған. 1543 жылы «Аспан денелерінің айналымы» деген еңбегі жарық көргеннен кейін, адамдар өздерін мәңгіге қозғалмайтын дүниенің ортасында емес, басқа ғаламшарлар сияқты Күнді айналып, ұдайы қозғалысқа түсетіндігін білді. Сол кездегі ресми ғылымдар, Жердің айналуы мүмкін емес деп оның болжамын жоққа шығарды. Ал 1616 жылы Коперниктің тұжырымына қатаң шара қолданып, ғылымда пайдалануға тыйым салынды. Бірақ астрономия ғылымында жаңа кезең басталып та кеткен болатын.

Бекіту:1. Николай Коперниктің қандай еңбектері бар?

2.Әбу-Райхан-әл-Бируни кім?

Үйге тапсырма:

Бағалау























5-сынып. 18.09.2013ж

Сабақтың тақырыбы: Саяхат

Сабақтың мақсаты:Табиғатты қорғау

туралы жалпы мағлұмат бере отырып,оқушылардың қызығушылығын дамытып, білімге құштарлығын,ойлау қабілетін дамыту.

Міндеті:

1.Білімділік: Жаратылыстанушы ғылымдардың еңбектерінөзара байланысы жөнінде білімдерін арттыру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың бойына өздеріне берілген тапсырмаларды жеке,өзгенің көмегінсіз орындай білуге дағдыландырып, дамыту.

3.Тәрбиелілік: Саналы адамгершілік тәрбиесін беру.Елдің табиғат байлығы халқымыздың өшпес құндылығы екені түсінуге тәрбиелу.

Сабақ көрнекілігі:Жаратылыстанушы ғалымдардың плакаты.

Сабақ барысы: Амандасу! Журнал толтыру,келген оқушыларды белгілеу.Кезекшіден берілген үй тапсырсасын сұрау. Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеріп шығу.



Жаңа сабақ:

Бекіту:

Үйге тапсырма:

Бағалау:

Қорытынды:

















5-сынып.25.09.2013ж

Сабақтың тақырыбы:Астрономия-ғылымы ретінде,жұлдызды аспан Сабақтың мақсаты:Оқушыларға күн мен жұлдыздар туралы жалпы галактика туралы мағлұмат беру. Білімділік:жұлдыздар жүйесі айырмашылығын білуге үйретіп,жалпы жұлдыздар туралы мәлімет бере отырып, ой өрісін арттыру.

Дамытушылық:Оқушылардың ой өрісін дамыта отырып,өз тұжырымын жасай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Саналы адамгершілік тәрбиесін беру.Елдің табиғат байлығы халқымыздың өшпес құндылығы екенін түсінуге тәрбиелеу. Сабақ түрі : жаңа сабақ.

Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру бөлімі

Үй тапсырмасын тексеру:

Жаңа сабақ:Ашық бұлтсыз түнде құрал жабдықтарды пайдаланып аспан әлемінде сансыз жарықтарды көруге болады.Жұлдыздарда бағалы тастар сияқты бірін- бірі өтіп жалт- жұлт етіп көрінеді. Адамды тек жұлдыздың әдемілігі емес оның аттары да соншалықты қызықтырады. Мысалға Антарес, альдебаран, Таңшолпан, Жетіқарақшы,Үркер және т.б.

Сонымен жұлдызды аспан дегеніміз не?

Бұл пішіндегі,бір біріне ұқсамайтын аспан денелері, олардың негізгі жұлдыздар құрайды. Жұлдыз дегеніміз бірнеше мың градус температураға дейді қызып тұрған аспанның жарық денесі.

Біздер үшін барлық жұлдыздар әлемі біріңғай айналып жүреді де,Темірқазық жұлдызды орнына жылжымайтын сияқты көрінеді, шындығында жұлдыздар емес,біздің жер ғаламшарымыз айналады. Ал темірқазық жұлдызды әрдайым солтүстік бағытта көрінеді.

Жұлдыздар аспан кеңістігінде ретсіз топталып белгілі бір жерге шолпан орналасқан . Мыңдаған жылдар бұрын адам жарық жұлдыздарды ойша топтастырып шоқжұлдыздарды орналасу реттілігінің белгілі бір нәрсеге ұқсастырып ескеріп оларға аттарын берген.

Дамыту: Астрономия туралы реферат оқу

Бекіту:

1.Жұлдыз дегеніміз не?

2.Жұлдызды аспан дегеніміз не?



Үйге тапсырма: Астрономия-ғылымы ретінде,жұлдызды аспан

Бағалау



Бекітілді:

Күні: 1.10.2014 жыл

Сыныбы: 5

Пәні: Жаратылыстану.

Мұғалімі: Қаниева А.Е

Сабақтың тақырыбы:Күн және Күн жүйесі,Ғарыштық кеңестіктің заттық табиғаты.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға күн жүйесініндегі ғаламшарлар жайлы бүгінгі жаңалықтардытүсінік бере отырып,Қайсы ғаламшарлардың күн жүйесіне жататынын туралы оқушылардың түсінігін сұрап бағалау.

Міндеті:

Білімділік: Жерге ең жақын орналасқан Күн туралы мағұлмат бере отырып білімдерін арттырып, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық:Оқушылардың ой өрісін дамыта отырып,өз тұжырымын жасай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Саналы адамгершілік тәрбиесін беру.Елдің табиғат байлығы халқымыздың өшпес құндылығы екені түсінуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі : жаңа сабақ.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

Үй тапсырмасын тексеру:1)Галактика дегеніміз не?

2) Галактика ішінде жұлдыздар қалай орналасқан?

3) Шоқжұлдыздар дегеніміз не?

Жаңа сабақ: Біздің ғаламшарымыз – ғарыштық кеңістікте Күнді айнала қозғалып жүрген шар тәріздес дене. Күнді айнала қозғалғанда, Жер бірдей уақытта өзінің осінен де тоқтаусыз ұдайы айналымға түседі.

Жердің өз осінен айналуға кеткен уақыт 24 сағатқа тең. Сол себепті де 24 сағатты 1 тәулік деп есептейміз.

Жер өз осінен айналуының нәтижесі күн мен түн ауысады.біздің ғаламшарымыз Күнді айналу кезінде жер бедері жылуды және жарықты біркелкі қабылдамайды. Күн көкжиектен көтерілген сайын жылуды көбірек қабылдайды. Шартты түрде айтып отырған Жердің осі де тап солай жазықтыққа қарай көлбеу орналасқан. Жер бедеріндегі жылудың таралуына оның көлбеу орналасуы да үлкен рөл атқарады.

Жер бетінің әр түрлі бөліктері белгілі бір реттілікпен Күнге жақындап отырады. Жердің Күнді өз орбитасымен айнала қозғалуы және осінің көлбеу орналасуы нәтижесінде маусымдар ауысып отырады. Солтүстік жарты шардағы қыс, көктем, жаз және күз айлары оңтүстік жарты шардағы жаз, күз, қыс және көктем айларына сай келеді.

Жер күнді 1 жылда толық айналып өтеді де, жоғарыда атап өткен табиғи құбылыстар келесі жылы тап осылай болып қайталанады. Экватор маңында Күн әрдайым тік түсіп, жылдық маусымдар байқалмайды. Сол себепті де жыл бойы жылы жаз айлары болып тұрады.

Жер Күнді межелеген уақытта толық айналып өтуін жыл деп атаймыз.

Жердің өз осінен және орбитасынан айналу нәтижесінде күн мен түннің, суық пен жылудың ауысып отыруы тіршілік иелері адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге өзіндік әсер етеді.

Дамыту: Жердің өз осінен айналуға кеткен уақыты туралы кесте жасау

Бекіту:

1.Тәулік дегеніміз не?

2. Жердің өз осінен айналуға кеткен уақыты қанша?

Үйге тапсырма: Күн және Күн жүйесі,Ғарыштық кеңістіктің заттық табиғаты

Бағалау:































Бекітемін:

Күні:

Сыныбы: 5

Пәні: Жаратылыстану.

Сабақтың тақырыбы: Ғарышты зерттеу және ғарыштың экологиясы.

Сабақтың мақсаты:Ғарышты зерттеу және ғарыштың экологиясы туралы жалпы сипаттама бере отырып,оқушылардын ой өрісін дамытып түсінігін бағалау.

Білімділік.Оқушыларға ғарыштық зерттеу және ғарыштың экологиясы туралы жалпы мағұлмат беру.

Дамытушылық:Оқушылардың ой өрісін дамыта отырып,өз тұжырымын жасай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Саналы адамгершілік тәрбиесін беру.Елдің табиғат байлығы халқымыздың өшпес құндылығы екені түсінуге тәрбиелу.

Сабақ түрі : жаңа сабақ.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

Үй тапсырмасын тексеру:

1. Күн жүйесі дегеніміз не?

2.Тәулік дегеніміз не?

3. Жердің өз осінен айналуға кеткен уақыты қанша?

Жаңа сабақ:Сіздер шар тәрізді екенін білесіздер. Ежелгі гректер сол кезде өзінде ақ күннің тұтылуына қарай отырып оның айдын бетіне дөңгелненіп түскен көленкесінен анықталған бірақ біздің ғаламшарымыз дәл шар сияқты емес бүйірлері аздап шығынқы болып келеді. Жер шарының кішірейтілген моделін глобус деп атаймыз. Ол өзінің асы арқылы айналысқа түседі. Ось деңгейіміз глобустың ортасынан жоғарыдан төмен қарай өткізілген сым темір. Жерде өзінің осінен айналады, бірақ глобустағы ось ойша, яғни сіздерге түсінікті болсындеп алынған. Осьтің екі шетін полюстер деп атаймыз. Жердің ең енді экватор сызығы алып жатыр. Экватор ол жер шарының кеі жарты шарға бөлінеді. Оның жоғарғы бөлігін солтүстік жарты шар, төменгі бөлігін оңтүстік жарты шар деп атаймыз. Географиялық ендік (0градустан 90қа дейін)экватордан бастап солтүстікке және оңтүстікке қарай есептелінеді.Алгашқы «үлкейткіш дүрбіні» 1609 жылы Галилео Галилей ойлап шыгарды.Бірақ оның көру мүмкіншілігі тек қана 3есеге үлкейтті.Дәл осы жылы Галилей кескінді 30 есе үлкейтетін дүрбі ойлап шығарып алғаш рет Айды бақылаудан бастайды.Ай бетінен кратерді,тау шыңдары мен тау жүйесін көрді.Қошқыл дақтарды теңіздер деп атады.Галилей Құсжолы Галактикасы көптеген жұлдыздардың шоғырынан тұратындығын анықтады.Юпитерге бақылау жасай отырып,оның айналасында 4 жұлдызшаның барлығын анықтап,кейіннен оның серіктері екендігіне көзі жетті.

Сол кезеңнен бастап әлі күнге дейін аспан денелерін зерттеу мақсатында телескоптың түрлері жаңартылуда. Оптикалық телескоптар-жарықты линзаға немесе айна табақшаға жинау арқылы көріністі анықтайды.

Радиотелескоптар-ғарыштық объектілерден бөлініп шығатын дыбыстар мен импульстерді табақшасына жинау арқылы жұмыс істейді.

Атақты америка астрономы Э.П.Хабблдың телескопымен кез келген кішкентай объектілерді көруге болады.Мысалға; 20 км қашықтықтан шыбынды анық көруге болады.

Алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа 1991 жылы ұшты.

Қазіргі кездегі ғарыштық ақпараттар ғаламшарларды,олардың серіктерін зерттеуде.Әсіресе көп зерттелгені Жердің серігі Ай.Айдың бетіне астронавтар 6 рет қонған.Алғашында айнала ұшып жүріп суретке түсірді,қоршаған ортасын,топырағын зерттеді.Сонымен бірге кеме қонатын қолайлы жерді таңдады.1969жылы 21шілде күні астронавтар Нил Армстронг және Эдвин Олдрин бірінші болып ай бетіндегі шартты түрде аталған «Спокойствие» теңізіне арнайы айда жүретін кішігірім кемемен келіп қонды.Үшінші астронавт Майкл Коллинз негізгі Аполлон-11 кемесінде қалған болатын.Кеме кабинасынан бірінші болып Н.Армсторнг шығып «Мынау адам үшін кішкентай ғана қадам басу,ал адамзат үшін оның болашағы зор»деп сөйлеген сөзін жердегілерде естіді.Астронавтар Жерге Айдың топырағын,тасын зерттеу мақсатында өздерімен бірге алып келді.Болашақта адамдар Айды біршама толық зерттеп,тұрақты база құруды ойластыруда.Бұндай істердің жобасы қазірдің өзінде жасалынуда.Ол жақта зерттеушілердің есептеуі бойынша ауысып жұмыс істейтін экипаж болады дейді.

Бекіту:1.Ғарыштық кеңіс дегеніміз не?

2.Ғарыштың экологиясы дегеніміз не?

3.Меннен сұрақ-сеннен жауап ойын

Үйге тапсырма: Ғарышты зерттеу және ғарыштың экологиясы кесте толтыру.









Бекітемін:

Күні:

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Жердің пайда болуы,Жер планетасының пішіні,өлшемі,қозғалысы. Сабақтың мақсаты:

Білімділік :Оқушыларға жердің қозғалысы, пішіні туралы түсінік бере отырып, өз ойларын айқын айта білуне,өз тұжырымын жасай білуге үйрету.

Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақ түрі : жаңа сабақ. Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

Үй тапсырмасын тексеру:

Меннен сұрақ- сеннен жауап

  1. Қай ғаламшар күнге жақын орналасқан?

  2. Жер шарын екі бөлікке бөліп тұрған қандай сызық?

  3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері?

  4. Үрбімелі дүрбіні кім ойлап тапты?

  5. Неше планета бар?

  6. Ең алғаш рет ғарышқа кімдерді ұшырды?

  7. Жердің серігі?

Жаңа сабақ: Жер – Күн жүйесіндегі, Күннен есептесек үшінші ғаламшар. Шамамен 4,5-4,6 млрд жыл бұрын пайда болған. Алғашқа кезде улы газдармен қайнап-жанып тұрған тау жыныстарынан құралған аспан денесі болатын. Миллиондаған жылдар бойы Жер біртіндеп суына бастайды. Жердің бетінде бұрынғы жалындап жанып-қызып жатқан массаның үстіне жұқа гранитті қабат пайда болып, қызған кездегі су булары нөсер жаңбырларға айналып, толассыз Жер бетіне жауып тұрды. Жаңбыр сулары Жер бетіндегі ойыстарды, төмен жатқан жерлерді суға толтырды. Бірақ уакыт өте келе су кері қайтып бұрынғы деңгейінен төмен түсті. Соның өзінде де Жер бетінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Жер бетінің жалпы ауданы 510млн км2, оның 71пайызы су, қалған 29 пайызын құрлық алып жатыр.Ежелгі гректер сол кездің өзінде-ақ Күннің тұтылуына қарай отырып, оның Айдың бетіне дөңгеленіп түскен көлеңкесін анықтаған. Бірақ біздің ғаламшарымыз дәл шар сияқты емес, бүйірлері аздап шығыңқы болып келеді. Жер шарының кішірейтілген моделін глобус деп атайды. Ол өзінің осі арқылы айналысқа түседі. Ось дегеніміз глобустың ортасынан жоғарыдан төмен қарай өткізілген сым темір. Жер де өзінің осінен айналады, бірақ глобустағы ось ойша, яғни сіздерге түсінікті болсын деп алынған. Осьтің екі шетін полюстер деп атаймыз. Жердің ең енді жерін экватор сызығы алып жатыр. Экватор (лат. теңестіргіш) – ол жер шарын екі жарты шарға бөледі. Оның жоғарғы бөлігін солтүстік жарты шар, төменгі бөлігін оңтүстік жарты шар деп атаймыз. Географиялық ендіктер экватордан бастап солтүстікке және оңтүстікке қарай есептеледі. Жердің экваторлық радиусы 6378 км, ал полярлық радиусы 6357 км деп есептеледі. Олардың айырмашылығы 21 км. Біздің Жеріміз – полюстар тұсында ішке қарай басыңқы болып келеді. Ғалымдар осындай пікірге келіп отыр. Экватордың ұзындығы 40 000 шақырым. Жердің сыртқы қабатының ұзыңдығын ежелгі грек оқымыстысы Эратосфен сол кездің өзінде-ақ нақты өлшеген. Оның өлшеуі бойынша қазіргі ұзындық бірлігімен есептегенде 39 960 шақырым болған.




Бекіту: 1.Экватордың ұзындығы қанша?

2. Глобустың пішіні қандай

3.Жердің пішіні неге шар тәрізді деп айтады? Үйге тапсырма: Жердің пайда болуы,Жер планетасының пішіні,өлшемі,қозғалысы.

Бағалау




























Бекітемін:

Сыныбы:

Күні:

Пәні: Жаратылыстану

Сабақтың тақырыбы: Ай-Жердің серігі.

Мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға жер серіктерінің айырмашылықтарын ажырқушыларға жер серіктерінің айырмашылықтарын ажыратуға үйрету.

Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақ түі : жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

Үй тапсырмасын тексеру:

1. Б.Ү.Ү кестесі

2.Сұрақ – жауап.

1.Жер бетінің жалпы ауданы?

2.Экватордың ұзындығы?

3.Жер неше жыл бұрын пайда болған?

4.Неше ғаламшар бар?

5.Ось дегеніміз не?

Жаңа сабақ:

Күн жүйесіндегі Шолпан мен Меркурийден басқа ғаламшарлардың барлығының серіктері бар.

Олардың жалпы саны 60-қа жетеді. Серіктердің көпшілігінің ауданы ғаламшармен

салытырғанда соншалықты үлкен емес, кейбіреулерін ғалымдардың есептеуі бойынша астероидтарға теңейді, олардың ғаламшарды айнала қозғалуы ғаламшардың тартылыс күшіне байланысты болуы мүмкін деп жорамалдайды. Ай Жердің тартылыс күшіне байланысты оны айнала қозғалады. Бірақ Ай да белгілі бір мөлшерде Жерге әсер етеді. Теңіздердің деңгейі Айдың тартылыс күшіне байланысты көтеріліп, төмен түсіп отырады. Теңіз деңгейінің көтерілуін толысу деп атайды.

Аспан денелері арасындағы Жерге ең жақыны Ай. Жер мен Айдың ара қашықтығы шамамен 384 000 шақырым. Айдың диаметрі Жерден 4 есе аз. Жерді 28 тәулікте айналып өтеді. Ай Жерді айналғанда тек қана бір жағымен айналады. Оның көлеңке жағын жай көзбен көру мүмкін емес, оны тек қана ғарышкерлер көре алады. Көлеңкелі көрінбейтін жарты шарын суретке түсірген ғаламшараралық станция «Луна-3». Айдың бедері сансыз кратерлерден тұрады. Олар құлаған метеориттер мен астероидтардың ізі. Айдың жарық болатын себебі, күн сәулесін қабылдай алмайды, оның орнына тек қана шағылыстыратын қабілеті бар. Сондықтан Ай түнде бізге жарық болып көрінеді.

Ай Жерді айналған уақытында Күн сәулесі оның біраз бөлігіне түсіп сыртқы пішінін өзгерткен сияқты болып көрінеді. Ал Күн сәулесі Айдың бізге көрінбейтін жағына түскенде түні бойы бізге көрінбей кетеді. Бұл фазаны – жаңа ай дейді немесе қазақтар ай туыпты деп те атайды. Бұл кезде ай орақ тәрізді болып көрінеді. Екі апта өткеннен кейін қайтадан ай жіңішкеріп, оның жарық беру қабілеті төмендей бастайды. Осыдан кейін жоғарыдағы аталған процестер қайтадан жалғасып кете береді. Ай Жерді айнала қозғалып жүргенде жер мен Күннің ортасында болып, Күнді көлегейлесе Жерге Айдың көлеңкесі түседі. Бұл процесті Күннің тұтылуы дейді. Күннің тұтылуы бар-жоғы 2-3 минутқа созылып, 1,5 жылда тек жаңа Ай туған кезде қайталанады. Күннің толық тұтылуы Жер бетінің барлық жерінде бірдей уақытта бола бермейді. Ай толысқан кезде Жердің көлеңке жағына өткен уакытта Айға көлеңке түсіп, тіптен оның көрінбей қалатын уақыты да болады. Бұл процесті Айдың тұтылуы дейді. Оның ұзақтығы 2 сағатқа жуық болады.


Жаңа сабақты бекіту:


  1. Б.Ү.Ү кестесі

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді










1.Айдың тұтылуы дегеніміз не?

2.Күннің тұтылуы дегеніміз не?

Үйге тапсырма: Ай- Жердің серігі.

Бағалау


































Бекітемін:

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Жердің глобуста және карталарда бейнеленуі.

Сабақтың мақсаты:Глобус карталардың қалай пайда болғаны туралы туралы мәліметтер беру.

Білімділік:оқушыларғаең алғаш карталардың қалай пайда болғаны туралы мәлімет бере отырып,карталардың түрлерін ажырата білуді уйрету.

Дамытушылық:Оқушылардың ой өрісін дамыта отырып,өз тұжырымын жасай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Саналы адамгершілік тәрбиесін беру.Елдің табиғат байлығы халқымыздың өшпес құндылығы екені түсінуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі : жаңа сабақ.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру:

Жаңа сабақ: Жер шар тәрізді болғаннан кейін жер беті глобуста нақты түсірілген материктерді, мұхиттарды, өзендерді, көлдерді, көптеген елдерді, қалаларды және т.б. географиялық нысандарды көруге болады.

Географиялық карталар жер бетінің кішірейтілген түрі, бірақ онда жер беті қағаз бетіне тегіс жазылып түсірілгендіктен құтты бір глобусты екіге бөліп тегістеп жазып жіберген сияқты. Картының глобустан айырмашылығы күнделікті сабақ кезінде сөмкеде алып жүруге қолайлы. Кез келген картада – жоғарғы жағы – солтүстік, төменгі жағы – оңтүстік, сол жағы – батыс, оң жағы – шығыс бағыттарын көрсетеді.

Материктердің, аралдардың, мемлекеттердің және қалалардың атаулары қара әріппен, мұхиттардың, теңіздердің, көлдер мен өзендердің атаулары көкшіл әріппен жазылған.

Барлық географиялық карталар пайдалануына қарай – сабаққа арналған, туристік, көлік жолдары және т.б. карталар деп бөлінеді. Қамту аймағына қарай – облыстық, мемлекеттік, материктік, Дүниежүзілік карталар деп бөлінеді.

Карта бойынша өзендердің ұзындығын, екі пунктің ара қашықтығын, таулардың биіктігін анықтауға болады. Ол үшін масштабты пайдаланып, бір бет қағазға үлкен аумақтарды түсіруге болады. Масштабты көрсетудің 3 түрі бар.

Масштаб – белгілі бір аумақты картаға түсірген кезде алымы бірліктен, ал бөлімі неше есе кішірейтілгендігін көрсететін сандық бөлшек.

Сандық масштаб (1:10000, 1:50000) деп көрсетіліп, оқылғанда бір бөлінген онмыңдық немесе елумыңдық масштаб деп айтылады. Бұл жердегі 1 см-де 1000 метр немесе 1 км бар деген сөз.

Атаулық масштаб 1 см-де 1000 метр бар деп картаның төменгі жағында жазылады. Ірі масштаб 1:200 000-ға дейінгі кішірейтіліп түсірілген карта. Көбінесе План және Топокартада пайдаланылады. Орта масштаб 1:200 000-1:1000000 аралығында кішірейтіледі. Белгілі бір ауданның аумағы, облыс аумақтары түсіріледі. Ұсақ масштаб 1:1000000 – бірнеше миллионға дейін кішірейтіледі, көбінесе Дүние жүзілік карталар, материктермен, мұхиттар картасын түсіргенде қолданылады. Түсірілетін аумақ қанша үлкен болса сонша рет кішірейтіліп түсіріледі.

Бекіту: 1.Масштаб дегеніміз не?

Үйге тапсырма: Бағалау



Бекітемін:

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Жердің құрлысының жалпы сипаты, литосфера.

Сабақтың мақсаты:Жалпы оқушыларға географиялық қабық дегеніміз не? Жердің құрлысы туралы сипаттам беру.

Білімділік: Материктермен мұхиттардың айырмашылығын ажырата білуді үйрету.

Дамытушылық:Оқушылардың ой өрісін дамыта отырып,өз тұжырымын жасай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Саналы адамгершілік тәрбиесін беру.Елдің табиғат байлығы халқымыздың өшпес құндылығы екені түсінуге тәрбиелу.

Сабақ түрі : жаңа сабақ.

Сабақ барысы: Амандасу! Журнал толтыру,келген оқушыларды белгілеу.Кезекшіден берілген үй тапсырсасын сұрау. Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеріп шығу.

Үй тапсырмасын тексеру:

Жаңа сабақ:

Біздің ғаламшарымыз ортасындағы ядросынан бастап атмосфераның жоғарғы бөлігіне дейін бірнеше қабаттардан тұрады. Литосфераның жоғарғы қабаты (жер қыртысы) жер бетіндегі барлық сулар – гидросфера, жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі организмдердің өмір сүру аймағын қосып - бұл аралықтарды географиялық қабық дейміз. Жерден басқа Күн жүйесіндегі бірде-бір ғаламшарлардың географиялық қабығы жоқ. Жерде географиялық қабық тіршіліктің дамуымен су айналымының нәтижесінде қалыптасты. Су айналымы жер қыртысын, атмосфераны, гидросфераны бір-бірімен байланыстырып, өсімдік жамылғысының өсуіне әсер етті. Тірі заттар судан құрлыққа өтті. Географиялық қабық – ұзақ уақыттық даму жолынан өтіп, соңына қарай адамдардың пайда болуына әсерін тигізді. Сол адамдар бертін келе көбейіп, географиялық қабықтың өзінің өзгеруіне әсерін тигізуде.

Географиялық қабықтың пайда болуынан ірі табиғи кешендері – материктер мен мұхиттар қалыптасты. Дүние жүзінде алты материк немесе құрлық бар. Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида. Мұхиттар саны төртеу. Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхит.


Бекіту:

1. Географиялық қабық дегеніміз не?

Үйге тапсырма: Жердің құрлысының жалпы сипаты, литосфера

Бағалау

















5-сынып. 20.11.2013ж

Сабақтың тақырыбы:Жердің заттық құрлымы, тау жыныстары және пайдалы қазбалар.

Сабақтың мақсаты:























































Бекітемін:

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Материктермен аралдар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қанша материк,қанша мұхит бар екеніндігін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін дамыта отырып,өз тұжырымын жасай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Саналы адамгершілік тәрбиесін беру.Елдің табиғат байлығы халқымыздың өшпес құндылығы екені түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: картамен жұмыс.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Сабақ барысы: Амандасу! Журнал толтыру,келген оқушыларды белгілеу.Кезекшіден берілген үй тапсырсасын сұрау. Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеріп шығу.

Үй тапсырмасын тексеру:

Жаңа сабақ: Жер бедері ойлы-қырлы болып келгендіктен біркелкі емес. Осындай біркелкі орналаспаған жер бедерінің жиынтығын рельеф дейміз. Ең ірі рельеф формалары – материктік құрлық жерлер мен мұхиттық ойыстар. Олардың жер қыртысы құрылымына қарай әр түрлі. Ғалымдардың ойынша бірінші болып мұхиттық қыртыс пайда болған. Одан кейін ішкі процестердің әрекетінен таулы жерлер, шөгінді және гранитті қабаттардан материктік құрлық пайда болған. Сондықтан да материктік қыртыс, мұхиттық қыртысқа қарағанда қалыңырақ және қабаттары да күрделірек.

Мұхиттың табаны да рельефінің әр түрлі болып келуінен құрлықтан қалыспайды. Ол жерде де жазықтар, ойыстар және таулы жоталар кездеседі. Жарты шарлар картасына қарасаңдар құрлық солтүстік жарты шарда оңтүстік жарты шарға қарағанда екі есе көп.

Құрлықтың жан-жағын мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан ірі бөлігін материк деп атаймыз.

Барлығы алты материк – Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида. Барлық материктердің ауданын өосып есептегенде жердің 29%-ын алып жатыр. Континенттерден басқа Дүниежүзілік мұхиттардың ішінде ауданы жағынан кішірек аралдар да орналасқан. аралдар да материктер сияқты жан-жағынан мұхит, теңіз суларымен қоршалған. Айырмашылығы ауданының аздығында. Шығу тегіне қарай аралдар біркелкі болып келеді. Олардың біреуі материкке жақын, бұғаз арқылы бөлініп жатса – материктік, екіншісі – жанартаудың (вулканның) әсерінен пайда болса, үшіншісі – тірі организмдердің әсерінен пайда болған маржандық аралдар және т.б.

Қазіргі кездегі материктер – табиғат жағдайының алуан түрлілігімен ерекшеленетін табиғи кешен. Мысалға, Еуразия – ауданы ең үлкен материк, Африка – ең ыстығы, Солтүстік Америка – құрлықтың солтүстікке жақын орналасқаны, Оңтүстік Америка – ең ылғалды және жасыл материк, Аустралия – ауданы жағынан кіші және құрғақ, ал Антарктида – мұз жамылған материк. Материктердің және онда орналасқан елдердің атаулары – тарихи ашылуына, географиялық орнына, халықтардың атымен және сол жерді бірінші болып ашқан адамдардың есіміне байланысты қойылған.

Аралдарға келетін болсақ, олардың ішіндегі ауданы жағынан үлкендері – Гренландия, Жаңа Гвинея, Калимантан, Мадагаскар, Баффин жері, Суматра, Хонсю, Ұлы британия, Жаңа Зеландия.

Жер бетіндегі ең үлкен арал Гренландия. Оның ауданы 2,2 млн км2.

Біздің республикамыз жер бетіндегі ең үлкен Еуразия материгінің кіндігінде орналасқан.

Қазақстан Республикасы – мұхиттардан алыста орналасқан елдердің бірі.

Еуразия – төрт мұхиттың суларымен жанасып жатқан жалғыз материк.

Бекіту:

1.Материктер мен аралдардарды сипатта.

Үйге тапсырма: Материктер мен аралдар

Бағалау













































Бекітемін:

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Гидросфера- жердің су қабығы.

Сабақтың мақсаты: Дүниежүзінде мұхит сулары-жер бетінде қанша бөлігін алып жатқандығын туралы жалпы мағұлмат беру.

Білімділік: Мұхит,өзен,көл,батпақ т.бжер асты сулары туралы бір-біріне айырмашылыған ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін дамыта отырып,өз тұжырымын жасай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Саналы адамгершілік тәрбиесін беру.Елдің табиғат байлығы халқымыздың өшпес құндылығы екені түсінуге тәрбиелу.

Сабақытың көрнекілігі: картамен жұмыс.

Сабақ түрі : жаңа сабақ.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын тексеру:

Жаңа сабақ:

Мұхит, өзен, көл, жер асты, батпақ сулары және мұздақтар мен атмосферадағы су булары – жердің су қабығы гидросфераны құрайды (грек сөзінен аударсақ гидро - су).

Судың негізгі қоры (97%) мұхит және теңіз сулары. Олар біріге отырып – Дүниежүзілік мұхитты қалыптастырады. Мұхит және теңіз суларында тұздың көп болуынан су кермек дәм татып, ішуге жарамайды.1 литр теңіз суының құрамында 35 грамм тұз болады (негізінен ас тұзы мен магний тұзының ерітінділері болады).

Құрлықтағы сулар көбіне тұщы болып келеді. бұлардың құрамында да тұз болады, бірақ мөлшері өте аз. Ішуге жарамды суда тұздың мөлшері 1 грамнан аз болуы керек.

Кейбір сулардың емдік қасиеті болады. олардың құрамында әр түрлі минералды тұздар болғандықтан, ауруды емдеуге немесе алдын алуға пайдасы бар. Емдік сулардың шығып жатқан жерін арасан деп атайды. Арасан сулардың жер бетіне шығып жатқан жерінде Қазақстанның емдік-санаторийлі кешендері орналасқан. Сарыағаш, Алмаарасан, Қапаларасан, Барлық арасан , Жаркент арасан және т.б. Судың тірі организмдердіңөмір сүруіне алатын орны зор. Адам, өсімдік, жануар су болмаса тіршілік ете алмайды. Су электр станциялары, фабрикалар, зауыттар да жұмыс істемейді. Су болмаса жаңбыр да болмас еді.

Соңғы кездерде дүние жүзінде ауыз су жетіспеушілік байқалып, проблемалардың біріне айналды. Қазіргі заманның құрал-жабдықтары жер қыртысының төменгі қабаттарын бұрғылау жұмыстарын жүргізіп, таза суларды шаруашылықтың көптеген салаларына, адамдардың тұрмыстық қажетін өтеуге кеңінен қолданылуда. Мұздықтарда негізгі тұщы су қоры сақталған. Бірақ оларды толық игеру әлі күнге дейін жан-жақты қолға алынған жоқ.

Бекіту:

1.Судың маңызы қандай?

Үйге тапсырма: Гидросфера- жердің су қабығы

Бекітемін:

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Мұхиттар, теңіздер және ішкі сулар

Сабақтың мақсаты: Дүниежүзінде мұхит сулары-жер бетінде қанша бөлігін алып жатқандығын туралы жалпы мағұлмат беру.

Білімділік: Мұхит,өзен,көл,батпақ т.бжер асты сулары туралы бір-біріне айырмашылыған ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін дамыта отырып,өз тұжырымын жасай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Саналы адамгершілік тәрбиесін беру.Елдің табиғат байлығы халқымыздың өшпес құндылығы екені түсінуге тәрбиелу.

Сабақытың көрнекілігі: картамен жұмыс.

Сабақ түрі : жаңа сабақ.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру:

Жаңа сабақ: Басқа сұйық заттар сияқты су да қызған кезде көлемін ұлғайтады. Егер шәйнекке суды толтырып құйып, оны қыздырсаңдар, шүмегінен судың аққанын көресіңдер. Су суынған кезде сығылып, көлемі азаяды. Бірақ судың келесі ерекшелігі су сынғаннан кейін қататын болса, қайтадан көлемін ұлғайтады. Міне сол үшін де іші суға толы, аузы жабылған шөлмек шынылар қатты аязда өз-өзінен сынып, құбырлар жарылып, жартастар арасындағы жарықтарда су қатып мұзға айналған кезде бұзылып құлайды.

Судың келесі ерекшелігі бір күйден екінші күйге ауысқанда салмағының азайып-көбеюі. Мұздың салмағы судан жеңіл болғандықтан оның бетінде қалқып жүзіп жүреді.

Адамдарға, жануарларға және өсімдіктерге қажет тамақ өнімдері құрамында белгілі бір мөлшерде су болады. Мысалға, шырынның, жеміс-жидектердің, бау-бақша өнімдерінде және т.б. өзімізге қажет деген суды сұйық күйінен басқа, кез келген тамақ өнімдері арқылы да қабылдаймыз. Табиғаттағы ең күшті еріткіш – су. Суда көптеген заттар белгілі бір мөлшерде ериді. Сусыз басқа тамақ өнімдерін дайындап пайдалана алмаймыз. Яғни сусыз бірде-бір тірі организмдер өмір сүре алмайды.

Материктердің аралығында орналасқан үлкен сулы алқаптарды Мұхит дейміз. Дүниежүзі мұхиттарын материктер төртке бөліп жатыр. Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхит. Жер бетінің 1/3 бөлігін Тынық мұхиты алып жатыр. Мұхиттар арасында ауданы, көлемі жағынан ең үлкені және ең тереңі. Бір ғана Тынық мұхитқа барлық материктерді аралдарымен қосып, немесе Атлант және Үнді мұхитын қосып сыйғызуға болады. Оның батыс бөлігінде Мұхиттардың ең терең жері – Марианшұңғымасы орналасқан, тереңдігі 11022 метр. Орташа тереңдігі 4000 метр. Аралдар санының көптігі жағынан Тынық мұхит бірінші орынды алады. Басқа мұхиттармен салыстырғанда ең жылы мұхит сулы мұхит. Экватор маңында судың беткі температурасы +260 С, +290 С, поляр маңында – 0,50С, орташа температурасы Атлант және Үнді мұхитына қарағанда 20С жоғары. Тынық мұхит суларында ұзындығы 30 метрге жететін кит, 15 метрге жететін акулалар және өсімдіктердің алуан түрлері кездеседі. Әсіресе балдырлар көп, олардың ішінде ұзындығы 60 метрге жететін қоңыр балдырлар өседі. Мұхиттың көлік қатынасындағы рөлі үлкен. Су үстімен дүниежүзілік көлік қатынасының жолдары өтеді. Тынық мұхитынан кейінгі үлкені Атлант мұхиты. Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан мұхит немесе солтүстік немесе оңтүстік поляр облыстарын жалғастырушы мұхит. Ең терең жері – Пуэрто-Рико (-8742м) шұңғымасы. Дүние жүзінің көптеген өзендері Атлант мұхитына келіп құяды. Балық ресурсы көп кездесетін мұхит. Дүниежүзілік балық аулаудың 40%-ы тиесілі. Балық аулау кәсібімен мұхитта 115 мемлекет айналысады. Үшінші мұхит – Үнді. Негізгі бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан. Ең терең жері Зонд (-7209м) шұңғымасы. Тынық және Атлант мұхиттарына қарағанда аралдар және мұхиттық теңіздер соншалықты көп емес. Суының температурасы кей жерінде 20о С-тан жоғары. Тұздылығы 36,5‰, ал Қызыл теңізде - 41‰-ге жетеді.Ауданы жағынан ең кішісі Солтүстік Мұзды мұхит. Негізгі бөлігі поляр шеңберінің солтүстігінде орналасқан. Арасында көптеген аралдары бар. Салыстырмалы түрде суы тұщылау, негізгі бөлігінде мұз қатып жатқан, суық мұхит. Ең терең жері – 5527 метр. Мұхитқа келіп құятын суы мол ірі өзендерге Обь, Енисей, Лена, Хатанга, Печора, Маккензи және т.б. жатады.Теңіз дегеніміз – материктер мен аралдар арқылы бөлініп жатқан мұхиттың бір бөлігі. Дүниежүзілік мұхиттарда бізге 30-дан артық теңіздің атауы белгілі. Олардың жалпы саны 59-ға жетеді. Құрлықтар мен аралдарға жақын және алыста орналасуына байланысты ішкі, шеткі және арал аралық деп үшке бөлінеді.Ішкі теңіздер – құрлықтың ішіне қарай тереңірек еніп мұхитпен немесе жақын теңіздермен бұғаз арқылы жалғасады. Оларға Жерорта, Қара Азов, Балтық, Қызыл және т.б. теңіздер жатады.

Шеткі теңіздер – ішкі теңіздерге қарағанда мұхитпен емін-еркін байланысып жатады. Негізінен құрлық пен мұхиттың аралығында аралдар немесе түбектер арқылы жарым-жартылай бөлініп жатады. Олардың шекарасы шартты түрде алынады. Мысалға: Араб, Баренц, Охот, Кариб, Жапон теңіздері.

Егерде мұхит сулары көптеген аралдар тобының және ірі аралдардың аралығында бұғаздар арқылы жалғасып жатса, оларды арал аралық теңіздер дейміз – Сулавеси, Фиджи, Банда және т.б. Олардың суларының құрамы мұхит суларынан ешқандай айырмашылығы жоқ Саргасс теңізі мұхиттың ішінде орналасқан жағалауы жоқ ерекше теңіз. Материктердің ішінде орналасқан ірі көлдер Каспий, Арал және Гудзон, Мексика шығанақтары да кейде теңіз деп атала береді. Мұхиттар мен теңіздердің ішінде шығанақ және бұғаз болады. Шығанақ – мұхит, теңіз суларының құрлыққа сүйірлене немес тереңірек ішке қарай енген бөлігі. Кейбір шығанақтар орналасуына қарай теңіздерге ұқсайды (Мексика, Парсы шығанақтары).Бұғаз – құрлықтарды бір-бірінен бөліп тұрған және теңіз, көл, мұхит суларын бір-бірімен жалғастырып тұрған жіңішке сулы өткел (Гибралтар, Магеллан, Мозамбик, Ла-Манш).

Бекіту:

1. Гидросфераның негізгі компоненттері қандай?

Үйге тапсырма: Гидросфераның негізгі компоненттері.

Бағалау:















Бекітемін:

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Судың өмірі үшін маңызы, судың қасиеттері,суды қорғау.

Сабақтың мақсаты: Судың маңыздылығы қандай,судың біз үшін маңызы зор екенін оқушыларға түсіндіру.

Білімділік: Судың қандай маңызы зор екенін оқушыларға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін дамыта отырып,өз тұжырымын жасай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Саналы адамгершілік тәрбиесін беру.Елдің табиғат байлығы халқымыздың өшпес құндылығы екені түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: картамен жұмыс.

Сабақ түрі : жаңа сабақ.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын тексеру:

Жаңа сабақ: Су – тіршілік көзі деп бекер айтылмаған. Себебі, алғашқы тіршілік судан басталады. Жердегі ең көп таралған заттың бірі су. Мұхит, теңіз, көл, өзендерден басқа су барлық тірі организмнің құрамында кездеседі. Мысалға қан немесе шырынның негізгі құрамы судан тұрады. Кәдімгі құрғақ өсімдік дәнінде де белгілі бір мөлшерде су болады. Кейбір теңіз жәндіктері, мысалға медузаның 97-98%-ы судан тұрады.

Судың құрамында еріген оттегі болғандықтан жануарлар және өсімдіктер тіршілік ете береді. Су көптеген жануарлар мен өсімдіктер үшін тіршілік ортасы болып саналады. Оның құрамындағы жануарлар мен өсімдіктерді құрлықтан кездестіре бермейміз. Судың жарық түсе бермейтін қабатында терең емес жерлерінде жануарлар мен өсімдіктерді құрлықтан кездестіре бермейміз. Судың жарық түсе бермейтін қабатында терең емес жерлерінде жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрі мекендейді. Мұхиттар мен теңіздердің терең қабаттарына – жарық түспегеннен қараңғы болып келеді. Ол жерлерде тек қана сондай тіршілік ортасына бейімделген жануарлар мекендейді, өсімдіктер мүлдем кездеспейді. Судағы еріген оттегі жануарлардың тыныс алуына өте қажет. Тек қана су жануарларына тән желбезек арқылы демалады. Қыста көлдер мен тоғандардың қатуы су жануарларына қиындық туғызады. Оттегінің жетіспейі салдарынан жануарлардың жаппай қырылып қалуы мүмкін. Ондай жағдайда мұзды бірнеше жерден ойып, суды оттегімен байытып отыру керек.

Көптеген жануарлар суда өмір сүруге бейімделген - жүзбе қанаттары, ескек тәрізді аяқтары және саусақтарының арасында жарғақтары болады.

Мұхиттар мен теңіздердің тұзды суларында көптеген балдырлар кездеседі. Балдырлардың кейбіреуі су бетінде қалқып жүрсе, енді біреулері су түбіне бекініп өседі. Балдырларды су жануарларының қорегі ретінде, кішігірім балықтар тұрақты мекені ретінде пайдаланады. Ең маңыздысы ауаны оттегімен байытып отырады.

Таяз болып келетін тұщы суларда қамыс, қоға сияқты өсімдіктер тамырымен су түбіне бекініп өседі. Олардың жоғарғы жағы су бетіне шығып, жайқалып, бір жерге жинақталып өседі. Бұл өсімдіктерде балық, көлбақа, инелік және т.б. жануарлардың қоректенетін және жауыннан қорғанатын аймағы ретінде пайдаланады. Жағалаудан біраз қашықтықта су бетінде көрініп тұрған сарытұңғиықты және тұңғиықты көруге болады. Тұщы суларда бұлардан басқа көптеген балдырлардың түрлері, балықтар, шаян тәрізділер тіршілік етеді.

Адам өмірі үшін су тек қана ішу үшін емес, тамақ пісіруге, жуынып-шайынуға, әр түрлі тұрмыстық заттарды тазалауға керек. Суда кеме, қайық арқылы серуендеуге, жағалауында шомылуға, кемемен жүк тасымалдауға болады. Сонымен бірге су зауыт – фабрикалардың жұмыс істеуі үшін өте қажет.

Бірде-бір тірі организмдер сусыз өмір сүре алмайды. Өсімдіктер су арқылы топырақтан минералды заттарды қабылдап, сабақтары арқылы жапыраққа жеткізеді, жапырақ өз кезегінде фотосинтез процесіне қатынасады. Топырақтың құнарлығын арттыру үшін де су қажет. Ол арқылы топырақтағы өсімдіктер шіріп, қарашірікті пайда етіп, тұқымнан өсімдіктің өніп шығуын тездетеді. Мысалға, 1 тонна бидайды өсіру үшін 1500 тонна су қажет екен. Көптеген бау-бақша өсімдіктері суармалы жағдайда ғана өнім береді (қызанақ, қарбыз, қауын, картоп, пияз және т.б.). Сол себепті де әрбір тірі организм үшін су белгілі бір мөлшерде ғана қажет. Егер оған қажетті су жетіспесе немесе артып кетсе де тірі организмнің өліп қалуы әбден мүмкін.

Бекіту:

1.Судың қандай қасиеттері бар?

Үйге тапсырма: Судың өмірі үшін маңызы, судың қасиеттері,суды қорғау

Бағалау





































Бекітемін:

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Атмосфера- Жердің ауа қабаты,ауа оның құрамы.

Сабақтың мақсаты: Ауаның адамға қандай маңыз бар екенін оқушыларға түсіндіре отырып,тірі организмдер үшін маңызы қандай екенінтүсіндіре білу.

Біліктілігі: Оттегінің шығарушы оттегі болса-оны пайдаланушы мен адамдарАл көмір тегіні шығарушы адам мен жануар болса,оны пайдаланушы өсімдік,бір-бірімен тығыз байланысты екенін үйрету оқушыларға.

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін дамыта отырып,өз тұжырымын жасай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Саналы адамгершілік тәрбиесін беру.Елдің табиғат байлығы халқымыздың өшпес құндылығы екені түсінуге тәрбиелеу.

Сабақытың көрнекілігі: картамен жұмыс.

Сабақ түрі : жаңа сабақ.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру:

Жаңа сабақ: Ауаның кез келген жерде суда, топырақта, жер асты қуыстарында болатындығын білесіңдер. Ең негізгісі жердің ауа қабаты, атмосфера. Атмосфераның да, литосфера, гидросфера сияқты өзіне тән ерекшеліктері бар.

Атмосфера – күн жүйесінің басқа ғаламшарларында да кездеседі. Атмосфера сөзін герк тілінен аударсақ (атмос – бу деген мағынаны білдіреді). Жер атмосферасы – ұзақтығы 3-4 млрд жылға созылған ауа қабатының дамуы және өзгеруінен пайда болған. Алғашқы кездегі Жердің атмосферасы қазіргіге мүлдем ұқсамайды. Ол кезде улы газдар болғандықтан тіршілік болған жоқ. Жанартаулардың үздіксіз атқылауы оттегінің қалыптасуына мүмкіншілік бермеді. Алғашқы тірі организмдер жер бетінде оттегінің пайда болуына әсер етті. Қазіргі атмосферадағы негізгі газдарға – азот және оттегі жатады. Атмосфераның төменгі қабатындағы ауа құрамының 78%-ы азот, 21%-ы оттегі. Тіршіліктің пайда болуына, дамуына ең қажетті газ оттегі. Онсыз адамдар мен жануарлар да тіршілік ете алмас еді. Қалған газдардың мөлшері бар-жоғы 1% (олардың 0,03% көміртегі де, қалғаны инертті газдар). Атмосферада бу, тамшы, қар күйінде кездеседі. Атмосфераның тұнық болып келуі күн сәулесінің жер бетіне түсуіне мүмкіншілік береді. Атмосфераның өзі жерден бөлініп шыққан жылу арқылы қызады (жылынады). Атмосфера жылуды ғарыштық бос кеңістікке жібермей, Жердің тез суынуынан сақтап тұрады. Сонымен бірге метеориттердің түсуінен де сақтайды. Аспандағы бос кеңістікте емін-еркін жүрген метеорит атмосфера қабатына жеткеннен кейін: оның қарсылығына тап болып жанып кетеді. Ғарыштық кеңістіктен Күннен бөлініп шыққан әр түрлі сәулелерді шамадан тыс өтпеуіне де әсер етеді. Атмосфера рет-ретімен орналасқан торпосферадан, стратосферадан, мезосферадан және термосферадан тұрады. Жер бетіндегі барлық тіршілік тек қана тропосфера қабатында өтеді. Тропосферада бұлттар, жауын-шашындар, желдер болып тұрады. Жоғары көтерілген сайын су булары және оттегі азая бастайды. Альпинистер биік таулардың басына шыққанда оттегінің жетіспеуінен арнайы оттегімен қамтамасыз етілген масканы пайдаланады. Адам өміріне таза оттегі де зиян болып есептеледі. Сол себепті де арнайы баллондардағы таза оттегімен көп тыныс алуға болмайды. Сонымен бірге оттегінің артық болуы өртқаупін туғызады.

Бекіту:

1.Ауадағы газдың мөлшері қандай?

Үйге тапсырма: Атмосфера- Жердің ауа қабаты,ауа оның құрамы.

Бағалау:







Бекітемін:

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық құбылыстар,олардың тірі органимдеріне әсері.

Сабақтың мақсаты: Атмосфералық құбылыстар,тірі организімдердің іс-әрекеті жөнінде жалпы мағұлмат беру.

Білімділік: Оқушыларға тірі организмдер жәнеде өсімдік жамылғысының маңызы қандай? Қандай құбылыстарға тән екендігін,осы табиғаттағы тірі организмдерді ажырата білуге үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін дамыта отырып,өз тұжырымын жасай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Саналы адамгершілік тәрбиесін беру.Елдің табиғат байлығы халқымыздың өшпес құндылығы екені түсінуге тәрбиелу. Сабақтың көрнекілігі: картамен жұмыс.

Сабақ түрі : жаңа сабақ.

Сабақ барысы: Амандасу! Журнал толтыру,келген оқушыларды белгілеу.Кезекшіден берілген үй тапсырсасын сұрау. Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеріп шығу.

Үй тапсырмасын тексеру: Жаңа сабақ: Бір нәрсені әр түрлі заттардан жасауға болады. Мысалға: құбыр жасау үшін темір, шөлмек, мыс қажет. Керісінше, әр түрлі нәрсені жасау үшін (терезе, ыдыс, шам) бір ғана шыныны пайдаланады. Яғни физикалық дене дегеніміз – бізді қоршаған заттар (машина, үй, жиһаз, ойыншықтар және т.б.). Ал зат дегеніміз – физикалық дененің құрамдас бөліктері. Оттегі, алтын, су, ауа – бұлар зат.

Сұйықтың молекулалары бір-біріне тартылып тұрады. Тіпті сұйықтың қабығы бар тәрізді болады. Мұндай байланысты беттік керіліс деп атайды.

Судың үш түрлі күйіне сипаттама беріп көр.

Кез келген физикалық дененің құрамында белгілі бір мөлшердегі заттар және олардың өзіндік салмағы болады. Салмақты негізінен таразымен өлшейді. Масса бірлігіне килограмм пайдаланылады (1 кг).Мектепте сендер көбінесе салмақты аспалы таразы арқылы өлшейсіңдер. Оның иін ағашы болып, өзінің білігінен жан-жағына айнала қозғала алады. Таразының екі шетінде аспалы табақша ілініп тұрады. Егерде екі табақшада бірдей салмақтағы зат болса, олардың салмағы да бірдей болғаны.

Бекіту:

1.Тірі организмдерге климаттың әсер етуі денгейінің білуі не үшін қажет?

2.Солтүстік аудандарда суыққа үйренген жануарлар не себепті ыстық климатты аудандарында тіршілік ете алмайды?

3.Жылдық маусымдардың ауысуына жануарлар қалай биімделеді?

Үйге тапсырма: Атмосфералық құбылыстар,олардың тірі органимдеріне әсері

Бағалау:











Бекітемін:

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Физикалық денелер және өлшемдер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табмғатта қандай құбылыстар кездеседі , қандай әсері бар? заттардыңжалпы сипатықандай болып келеді осы жөнінде толық түсінік беру.

Білімділік: Физикалық денелердің қандай заттардантұратынын ажырата білуге үйрету, әрі қарай білімдерін арттыру.

Дамытушылық: Оқушылырдың ой өрісін дамыта отырып тәжіребелер жасап сабаққа деген ынтасын оята білу.

Тәрбиелік: Саналы адамгершілік тәрбиесін беру.Елдің табиғат байлығы халқымыздың өшпес құндылығы екені түсінуге тәрбиелу.

Сабақытың көрнекілігі: картамен жұмыс.

Сабақ түрі : жаңа сабақ.

Сабақ барысы: Амандасу! Журнал толтыру,келген оқушыларды белгілеу.Кезекшіден берілген үй тапсырсасын сұрау. Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеріп шығу.

Үй тапсырмасын тексеру:

Жаңа сабақ: Бір нәрсені әр түрлі заттардан жасауға болады. Мысалға: құбыр жасау үшін темір, шөлмек, мыс қажет. Керісінше, әр түрлі нәрсені жасау үшін (терезе, ыдыс, шам) бір ғана шыныны пайдаланады. Яғни физикалық дене дегеніміз – бізді қоршаған заттар (машина, үй, жиһаз, ойыншықтар және т.б.). Ал зат дегеніміз – физикалық дененің құрамдас бөліктері. Оттегі, алтын, су, ауа – бұлар зат.

Сұйықтың молекулалары бір-біріне тартылып тұрады. Тіпті сұйықтың қабығы бар тәрізді болады. Мұндай байланысты беттік керіліс деп атайды.

Судың үш түрлі күйіне сипаттама беріп көр.

Кез келген физикалық дененің құрамында белгілі бір мөлшердегі заттар және олардың өзіндік салмағы болады. Салмақты негізінен таразымен өлшейді. Масса бірлігіне килограмм пайдаланылады (1 кг).Мектепте сендер көбінесе салмақты аспалы таразы арқылы өлшейсіңдер. Оның иін ағашы болып, өзінің білігінен жан-жағына айнала қозғала алады. Таразының екі шетінде аспалы табақша ілініп тұрады. Егерде екі табақшада бірдей салмақтағы зат болса, олардың салмағы да бірдей болғаны.

Бекіту:

1.Физикалық дене дегеніміз не?

2.Зат деп нені айтамыз?

Үйге тапсырма: Физикалық денелер және өлшемдер

Бағалау:














5-сынып. 05.02.2014ж

Сабақтың тақырыбы: Физикалық денелермен заттардың сипаттамасы,диффузия

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға заттардың құрлымы және диффузия туралы жалпы мағлұмат беру.

Білімділік:Диффузия дегенімі не,Атом және молекула туралы мағұлмат бере отырып оқушылардың білімдерін арттыру іс-тәжіребе арқылы үйрету.

Дамытушылық: Оқушылырдың ой өрісін дамыта отырып тәжіребелер жасап сабаққа деген ынтасын оята білу.

Тәрбиелік: Саналы адамгершілік тәрбиесін беру.Елдің табиғат байлығы халқымыздың өшпес құндылығы екені түсінуге тәрбиелу.

Сабақтың көрнекілігі: картамен жұмыс.

Сабақ түрі : жаңа сабақ.

Сабақ барысы: Амандасу! Журнал толтыру,келген оқушыларды белгілеу.Кезекшіден берілген үй тапсырсасын сұрау. Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеріп шығу.

Үй тапсырмасын тексеру:

Жаңа сабақ:Біз қоршаған дүниенің барлығы атом деп аталатын кішкентай бөлшектерден тұрады. Атомның кішкентай бөлшектерден тұрады. Атомның кішкентайлығы сондай,оны жай қарапайым көзбен көру мүмкін емес. Мысалға сөйлемнің аяғындағы нүктеге 100 миллиорд атом сыйған болар еді.Көз алдарында елестетіп көріндерші, сендер құмның бір түйірін бірнешеге бөліп отырсыңдар. Бір түйір құмның құрамындағы атомның саны, теңіз жағалауындағы сансыз құм түйіршіктеріне тең болар еді. Табиғаттағы денеде атомдар жалғыз болмайды.

Олар бірнеше атомдардан топтпсып молекуланы құрайды. Молекуланы да жай көзбен көре алмаймыз.

Атомдар мен молекулалар ұдайы қозғалыста болады. Егерде бөлмеге иісі шығып тұрған бір затты әкелсеңіз оның иісі тез арадп бөлменің барлық жеріне тарайды.

Ішінде суы бар ыдысқа бір тамшы сия құйып, араластырсаңыз,сия тез арада сумен араласып ыдыстағы суды лезде белгілі бір түске өзгереді. Себебі сияның құрамындағы молекулалар ұдайы қозғалыста болғандықтан тез араласып кетеді.

Тап осылай газдың құрамындағы молекулалар да шапшаң қозғалады, сондықтан да гүлден бөліп шыққан хош иісті тез арада сезінеміз. Себебі оның молекуласы ауада ыдырайды: сұйықтың ішіндегі және газдағы молекуланың таоалуы диффузия деп атайды.

Диффузия латын тілінде- таралу,ыдырау,жайылу деген мағынаны білдіреді.

Газдың мольекласы сұйықтығы молекулаға қарағанда тез қозғалады. Сол себепті де иіс суға тамған сиядан гөрі тез таралады.

Бекіту:

  1. Атом және молекула дегеніміз не?

  2. Диффузия дегеніміз не?

  3. Қандай тәжірибеде молекула мен атомның ұдайы қозғалыста екендігін дәлелдейді:

Үйге тапсырма:

Бағалау

















































5-сынып 12.02.2014ж

Сабақтың тақырыбы: Физикалық және химиялық құбылыстар әлемінде.

Сабақтың мақсаты: Физикалық және химиялық құбылыстар туралы жалпы мағұлмат беру.

Білімділік:Оқушыларға физикалық құбылыс, химиялық құбылыстарды бір-бірінен ажырата білуге үйрету, білімдерін арттыра отырып іс- тәжіребе арқылы үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін дамыта отырып тәжірибелер жасап сабаққа деген ынтасын оята білу.

Тәрбиелік: Саналы адамгершілік тәрбиесін беру.Елдің табиғат байлығы халқымыздың өшпес құндылығы екені түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: картамен жұмыс.

Сабақ түрі : жаңа сабақ.

Сабақ барысы: Амандасу! Журнал толтыру,келген оқушыларды белгілеу.Кезекшіден берілген үй тапсырмасын сұрау. Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеріп шығу.

Үй тапсырмасын тексеру:

Жаңа сабақ:

Табиғаттағы барлық денелер мен заттар физикалық және химиялық құбылыстардың ықпалында болады.Мысалған күнделікті пайдаланып жүрген борды алайық. Бор топтағы жазған кезде біртіндеп ұнтаққа айналады мұздатқыштан алған мұздың өз бөлме температурасында біраздан кейін суға айналады. Терезе алдындабір стакан су қойып қақпағымен жауып қойсақ., біраз уақыттан кейін қақпақтың ішкі жағында су тамшылары пайда болады.Қақпағын алып тастасақ бірер күннен кейін су мүлдем кеуіп қалады. Яғыни су буға айналалып ұшып кетеді.Табиғаттағы денелердің пішінін және қасиетін өзгерту процесін физикалық құбылыстар дейміз Олар- металдардың бақылауы, қардың еруі ,судын буға айналуы , қарға айналуы , шамның жарқырау ,әр түрлі жарылыстың дыбыстары, заттардың түсінің өзгеруі жылудың бөлінуі және т.б.

Кейбір жағдайда дене мен зат түсін және иісін өзгерте алады. Немесе жылу және жарық бөліп шығарады. Бір сөзбен айтқанда бір заттың екінші затқа айналуы. Бұндай процесті химиялық құбылыс дейді.

Олар өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының шіруі (органикалық заттардың оттегімен тотығуы) сүттің іруі (сүт қышқылының әсері), асқазанда ішекте тамақта өнімдерінің қортылуы және т.б. газдардың сусындарды ашқан кезде көптеген быжылдаған көпіршіктер пайда болды. Оған әсер ететін лимон қышқылының содамен рекацияға түсуінен. Осы кезде көмір кышқыл газды бөліп шығарады. Иістеніп кеткен азық-түліктерден күкіртті сутектің иісі шығады. Жаңбыр жауып, күн күркірегеннен кейін ауада әдеттегі иісі жоқ хош иісті ауа пайда болады.Бұл жерде оттегі озонға айналады.Сіріңкенің басынан иіс шықпайды. Ал оны жақсаң өте жағымсыз күйік иіс шығады .бұларда химиялық құбылыстарға жатады. Үй тұрмысындағы сабын, шанпунь,тіс пастасы және де әр түрлі азық-түліктер химиялық жолмен алынады.

Үйге тапсырма:

Бекіту:

1.Табиғатта физикалық-химиялық құбылыстарға нені жатқызуға болады?

2.Физикалық және химиялық құбылыстардың қандай айырмашылығы бар?

Бағалау

























































Бекітемін:

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Табиғи құбылыстардың көп түрлілігі

Сабақтың мақсаты: Табиғатта болатын барлық процестерге жалпы мағұлмат беру.

Білімділік: Табиғат құбылыстарының өзара байланысы жөніндегі білімін арттыру.

Дамытушылық: Оқушылырдың ой өрісін дамыта отырып тәжіребелер жасап сабаққа деген ынтасын оята білу.

Тәрбиелік: Саналы адамгершілік тәрбиесін беру.Елдің табиғат байлығы халқымыздың өшпес құндылығы екені түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: картамен жұмыс.

Сабақ түрі : жаңа сабақ.

Сабақ барысы: Амандасу! Журнал толтыру,келген оқушыларды белгілеу.Кезекшіден берілген үй тапсырсасын сұрау. Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеріп шығу.

Үй тапсырмасын тексеру:

Жаңа сабақ:

Біздерді қоршаған табиғат ұдайы өзгеріске түседі. Табиғатта олатын барлық процестерді құбылыс деп атаймыз. Табиғатта көптеген құбылыстар болып тұрады. Олар физикалық химиялық,биологиялық,метеорологиялық және тағы басқа құбылыстарға бөлінеді.

Күнделікті өмірде ұдайы физикалық құбылыстардың болып жатқандығын байқаймыз және сезінеміз. Адамдар жылу бөлінуі, жарық шығару,дыбыс шығару,және магнитті құбылыстармен қатар өмір сүруде. Күннің және жұлдыздардың сәуле шығаруы жылу бөлуі құбылысына жатады. Кейбір жануарлардың түнде жарық шығаруы- жарық шығару құбылыстарына мысал бола алады.

Дыбыстық құбылыстарға –құстардың сайрауы, жапырақтардың сылдыры, аңдардың ырылдауы, күннің күркіреуі және т.б. жатады. Дыбыссыз өмір сүру мүмкін емес сияқты, ойлап көріңдерші дыбыссыз кинофильмдер, құстардың ән салмауы, адамның бір-біріне сөйлеспеуі және т.б.

Электор тоғы болмаса теледидарды көре,шәйнекті қыздыра алмас едік,Бұл процесті электро-магнитті құбылыс дейміз.

Мұнай, газ, көмір және өздерінің қолданып жүрген бор- химиялық құбылыстар нәтежесінде пайда болады. Олар бір заттан бір затқа түрленуіне болады.

Тірі организмдердің өсуі көбеюі және таралуы-биологиялық құбылыстарға жатады.

Жауын-шашын түсуі, желдің бағыты, жылдамдығы, температураның және ауа қысымының өзгеруі- метеорологиялық құбылыстарға жатады.

Табиғаттағы барлық құбылыстар бір-бірімен байланысқа түседі. Нөсер жаңбырдан кейін қайтадан күн шығып , кемпірқосақты көруге болады.

Күндіз белсенді тіршілік ететін жануарлар түгде ұйқыға кетсе,оның орнына түнде өмір сүретін жануарлар тіршілігін жалғастырады.Пайдаланғаннан кейін газдар, шаң-тозандар жаңбыр тамшыларымен араласып бұлтқа айналады да-қышқыл жаңбыр пайда болады. Бұл химиялық-меторологиялық құбылыстардың әсерінен болады.

Үйге тапсырма:

Бекіту:

1.Табиғат құбылыстары дегенді қалай түсінесіндер?

2.Жануарлар ,өсімдіктер арқылы табиғат құбылыстарын қалай бақылауға болады?

3.Жылдық маусымдарда қандай биологиялық және метеорологиялық құбылыстарды байқауға болады.

Бағалау:

Бекітемін:

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Механикалық қозғалыс, тепе-теңдік

Сабақтың мақсаты: Механикалық қозғалыс дегеніміз не жалпы мағұлмат беру.

Білімділік: Оқушыларға механикалық адам қозғалыссыз өмір сүре алмайтынын қозғалыссыз тіршілік болмайтынын ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылырдың ой өрісін дамыта отырып тәжіребелер жасап сабаққа деген ынтасын оята білу.

Тәрбиелік: Саналы адамгершілік тәрбиесін беру.Елдің табиғат байлығы халқымыздың өшпес құндылығы екені түсінуге тәрбиелу.

Сабақытың көрнекілігі: картамен жұмыс.

Сабақ түі : жаңа сабақ.

Сабақ барысы: Амандасу! Журнал толтыру,келген оқушыларды белгілеу.Кезекшіден берілген үй тапсырсасын сұрау. Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеріп шығу.

Үй тапсырмасын тексеру:


Жаңа сабақ:


Кеңістікте дененің салыстырмалы түрде басқа денеге қарағанда орналасқан жерін өзгертуі.жалпы айтатын болсақ табиғатты кез-келген өзгерісті қозғалыс деп түсінеміз. Бір орынан ұдайы қозғалмайтын дене жоқ. Мысалы , адам поезда отырғанда салыстырмалы түрде орындықта қозғалмай отыру мүмкін,бірақ ол белгілі бір бағытта пойыз арқылы жүріп бара жатыр. Ұшақта жүргізуші ұшақ қозғалмай отырғанымен аспандағы бұлттарға салыстырмалы түрде қозғалуда.

Алдынан кедергі кездеспесе , дене тегіс жазықта тоқтаусыз қозғала берген болар еді. Яғни дененің жылдамдығынан бір қалыпты тоқтаусыз сақтануын-инверция дейді.

Табиғаттағы барлық дененің өзіндік инверсиясы болады. Дененің массасы үлкен болған сайын оның инверсиясы да жоғарлайды. Мысалға.автобус қозғалған уақытта адамның белгісіз бір күш кері қарай шалқайтады немесе қозғалтады. Бұл адамның инверсиясының әсерінен болады. Адамдар жүрген кезде қатты жылдамдықпен келе жатқан машиналар алдынан едергіні байқаса,жылдамдықты азайтуға тура келеді. Олай болса адамда машинада кедергіге соқтығысуы мүмкін яғни бұл жерде дене салмақтарының тепе-тендікті сақтауға тырысындар.


Үйге тапсырма: Механикалық қозғалыс, тепе-теңдік


Бекіту:


1.Механикалық қозғалыс дегеніміз не?

2.Механикалық қозғалысқа мысал келтіріңдер?


Бағалау:







Бекітемін:

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы күш және тепе-теңдік

Сабақтың мақсаты: Табиғатта әр түрлі күштеркездеседі жалпы мағұлмат беру.

Білімділік: Оқушыларға күш денелердің қозғалуына әсер етенді,адам қозғалыссыз өмір сүре алмайтынын қозғалыссыз тіршілік болмайтынын ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін дамыта отырып тәжіребелер жасап сабаққа деген ынтасын оята білу.

Тәрбиелік: Саналы адамгершілік тәрбиесін беру.Елдің табиғат байлығы халқымыздың өшпес құндылығы екені түсінуге тәрбиелеу.

Сабақытың көрнекілігі: картамен жұмыс.

Сабақ түрі : жаңа сабақ.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру: Жаңа сабақ:

Табиғатта әр түрлі күштер кездеседі. Күш денелердің қозғалуына әсер етеді.Егер сендер партаның үстіндегі кітапты жай қозғасаңыз ол бірден қозғала қоймайды. Оған себеп болған үйкеліс күш әсері. Егер кітапты қатты қозғасаңыз ол бір бағытта сырғанай бастайды. Үйкеліс күшінің әсерінен кітап біраз жерге барып тоқтауы мүмкін. Яғыни үйкеліс кез келген дененің қозғалуын тежейді немесе тоқтатады.

Кез келген дененің үстінгі беті біз ойлағандай теп тегіс бола бермейді. Оны микроскоп арқылы байқауға болады.. дененің беті бұлдыр болып келсе үйкеліс күші жоғарлайды сондықтанда қағаз бетінеқаламсаппен жазғанда оның ізі қалады,ал әйнектің бетіне жазсаңдар, оған жазу түспейді. Себебі оның беті өте тегіс, үйкеліс күші өте аз. Бәтенкелерінің табанынан қарап көріңдерші нені байқайсынедар. Ал мұз айдындағы сырғанақ тебушілердің конькиінің өте тегіс болады.Себебі үйкелісті азайтып тез қозғалу үшін қажет.Егер сендер азайтудың бірден-бір жолы арнайы майды жағу.Мысалға жұмыс істеп тұрған машинаға тетіктері шыдамды болуы үшін бірін-бірі үйкелеуден сақтау үшін үнемі майлап отырады.бұндай күшті тартылыс күші деп атайды.Осыдан 300 жыл бұрын ағылшын ғалымы Исаак Ньютон Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашты.. тартылыс күші күн жүйесіндегі ғаламшарлардың күннің айналысына өз арбитасында ұстап тұр. Тартылыс күші жер атмосферада ұстап тұр. Бұдан басқа көптенген процестер тартылыс күшіне байланысты болады.

Үйге тапсырма: Табиғаттағы күш және тепе-теңдік

Бекіту:

1.Күш дегеніміз не?

Бағалау:

Бекітемін:

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ғаламшардағы тіршілік.

Сабақтың мақсаты: Тірі организмдер дегеніміз не?биосфера дегеніміз не осы жайлы толық мағұлмат беру.

Білімділігі: Оқушылардың бір –бірінің ұқсастығын ажырата білуге үйретуҚандай тіршілікке жанурлармен өсімдіктер жататынын үйрету

Дамытушылық: Оқушылырдың ой өрісін дамыта отырып тәжіребелер жасап сабаққа деген ынтасын оята білу.

Тәрбиелік: Саналы адамгершілік тәрбиесін беру.Елдің табиғат байлығы халқымыздың өшпес құндылығы екені түсінуге тәрбиелу.

Сабақытың көрнекілігі: картамен жұмыс.

Сабақ түрі : жаңа сабақ.

Сабақ барысы: Амандасу! Журнал толтыру,келген оқушыларды белгілеу.Кезекшіден берілген үй тапсырмасын сұрау. Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеріп шығу.

Үй тапсырмасын тексеру:

Жаңа сабақ:

Тірі организмдер 4 патшалыққа бөлінген: Микроорганизмдер, саңырауқұлақтар, өсімдіктер және жануарлар. Жер бетіндегі барлық өсімдіктер флораны, ал жануарлар фаунаны құрайды. Жердің организмдерде тұратын және оларды қалыптастырушы тіршілік ортасын биосфера қабығы (грекше биос-тіршілік) дейміз. Биосфераға гидросфераның барлығы, литосфераның жоғарғы қабаты және атмосфераның төменгі қабаты кіреді. Алғашқы тіршілік иелері бұдан милиондаған жылдар бұрын суда пайда болған, кейіннен біртіндеп құрлықты игере бастаған. Қазіргі кезде құрлықпен мұхит суларының жоғарғы беті қайнаған тіршілік ортасы. Тіршілік организмдер тау жыныстарының бұзылуына топырақтың қалыптасуына, пайдалы қазбалардың пайда болуына атмосферадағы оттегінің көміртегіні реттеуге әсер етеді. Тірі организмдердің бір-біріне ұқсастығымен айырмашылығы неде? Барлық өсімдіктердің мен жануарлардың пішініне, қоректенуіне тіршілік ортасына қарай айырмашылығы болғанымен көптеген ұқсастығы да бар. Ауа мен тыныс алады,қоректенеді, күн мен түнді,маусымды ажырата алады температурамен ылғалдылықты өзгерісін өседі өнеді, Осы қасиеттер арқылы тірі денелер өлі денеден айырмашылыған жасайды. Қандай тіршілік иелерін өсімдіктерге және жануарларға жатқызамыз Жалпы алғанда ең бірінші ерекшелігі –органикалық заттардың өмір сүру барысында калыптасуы (қант, крахмал,май,ақуыз ). Өсімдіктер негізінен органикалық заттарды түзеді.Жануарлар болса сол органикалық заттарды дайын күйінде қорегіне пайдаланады. Барлық тірі организмдер оттегімен тыныс алып көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Жалпы алғанда тірі организмдер бірнеше күннен (инфузория туфельқасы немесе кірпішелі кебісше) бірнеше мың жылға дейін өмір сүреді. Адамның орташа жасы 70-80 жыл . Кейбір ғылымдар адамдар 100-120 жылға дейін өмір сүруге қабілетті деп ойлайды.

Үйге тапсырма: Ғаламшардағы тіршілік.

Бекіту:

  1. Ғаламшардағы тіршілікті қалай түсінеміз?

Бағалау:







Бекітемін:

Күні:

Сынып:

Сабақтың тақырыбы: «Жердің заттық құрамы, тау жыныстары және пайдалы қазбалар»

Сабақтың мақсаты:

  • Жердің құрамы; тау жыныстары және пайдалы қазбаларымен таныстыру.

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Карта, атлас, оқулық.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақ барысы: Оқушылармен сәлемдесіп, сынып оқушыларын түгендеу.

Үй жұмысын тексеру.

Жаңа сабақ:

Тау жыныстары жер қыртысын құрайтын заттар.

Тау жыныстар минералдар жиынтығынан тұрады. Мысалы гранит - дала шпаты, кварц, слюдадан тұрады.

Минерал - химиялық құрамы және физикалық қасиеті жағынан біртектес табиғи дене. Бір минералдан тұратын тау жыныстар: (кальциттен әктас, кварцтан кварц құмы).

Жер шарында минералдардың 3000 түрлері, 1000 тау жыныстары.

Магмалық тау жынысы дегеніміз не?

(магманың мантиядан жарықтар арқылы жоғары көтеріліп, қатуынан пайда болған тау жынысы).

Шөгінді тау жынысы дегеніміз не?

(құрлықта немесе су бассейндерінде шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары).

Метаморфтық тау жынысы дегеніміз не?

(жер қыртысының терең қабаттарында өзгеріске ұшыраған тау жыныстары).

Үйге тапсырма: Жердің заттық құрамы, тау жыныстары және пайдалы қазбалар

Бекіту:

  1. Тау жыныстарының түрлерін ата?

(шөгінді, магмалық, метаморфтық)

  1. Магмалық тау жынысы дегеніміз не?

(магманың мантиядан жарықтар арқылы жоғары көтеріліп, қатуынан пайда болған тау жынысы)

  1. Метаморфтық тау жынысы дегеніміз не?

(жер қыртысының терең қабаттарында өзгеріске ұшыраған тау жыныстары)

  1. Шөгінді тау жынысы дегеніміз не?

( құрлықта немесе су бассейндерінде шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары)

  1. Тау жыныстарын құрайтын заттар не деп аталады?

(минералдар)

  1. Тау жыныстары дегеніміз не?

(жер қойнауын толтырып жатқан табиғи денелер)

Бағалау: