Просмотр содержимого документа
«Ғашықтар мейрамы күні»
15-сәуір Ұлттық ғашықтар күні
Махаббат мәңгі ертегі...
Жылда 15 сәуір күні еліміздің бірқатар өңірлерінде жастар арасында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», яғни «Ұлттық ғашықтар күні» аталып өтіледі. 1990 жылдары «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» секілді махаббат символдарының құрметіне белгілі бір күнді мереке ретінде тойлау туралы бастама көтеріп, ол көпшілік тарапынан қолдау тапқан болатын.
Бұл дәстүр әлі де болса үзілген жоқ. Рас, әр дәуірдің өзінің Қозысы мен Баяны болады. «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы «Жас қалам» жас журналистер және «Тарлан» вокальдық клубтарының ұймдастыруымен 8-сәуір күні ұлттық ғашықтар күніне орай қалалық мектепаралық «Бозбала мен бойжеткен» атты байқауы өтілді. Байқаудың мақсаты оқушылар арасында ұлттық тәрбиені қалыптастыру, ұл мен қыз баланың арасындағы сыйластық, ибалық инабаттылықпен қасиеттерін анықтау. Байқау үш кезең бойынша өтілді, олар: «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» ғашықтар жырынан үзінді келтіру, яғни тарихи дастандардан, романдардан, яғни қос ғашықтың махаббаттын баяндайтын тарихи оқиғаларға негезделген трагедиялық драмалық шығармаларды көрсету, «Білгенге маржан» сайысында әр жұпқа салт-дәстүр, ұлттық тағамдар жайлы сұрақтар қойылды, ал үшінші кезең үй тапсырмасы «Ана көрген тон пішер» әр жұп өз қиялынан туындаған ұлттық нақыштағы сыйлықтарын бір-бірлеріне табыстауы қажет болатын.
Сайысқа қаладағы 7 мектеп қатысты. Қатысқан барлық мектеп оқушылары өте жоғарғы деңгейдегі дайындықпен келгендігі сахнада көрсеткен өнерлерінен көрініп тұрды. Қатысушылардың өнерлерін бағалаған қазылар алқасының құрамында болған «Ботақан» балалар телестудиясының жеткшісі Г.Оразова, «Нұр-Отан» партиясы Арқалық қалалық филиалының кеңесшісі Б.Даулеткерейұлы; «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Иванович, осы орталықтың директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары З.Рыскелдиевна қазылық етті.
Сонымен сайыс қорытындысы бойынша «Зерделі жұп» номинациясымен №5 орта мектебінен келген Мұхтар Есдаулет пен Әмірбекова Айдана, «Қылықты жұп» Родина орта мектебі Қадыров Мират пен Сағидолла Қырмызы, «Көрікті жұп» №10 орта мектебі Бесекеев Жасұлан мен Мұқашова Саяжан, «Жарасымды жұп» №8 орта мектебі Әбжан Серікхан мен Тыныштықова Динара иемденсе жүлделі ІІІ-орынды №3 орта мектебінің оқушылары Ереже Дүйсенбай мен Бикет Қалдыгүл, ІІ-орын №4 орта мектебі Әділханов Манарбек пен Шалабаева Назерке, І-орын және «Үздік бозбала мен бойжеткен» атанған №6 орта мектебінің оқушылары Кәкімбек Кәкімжан мен Сальдинова Қайша иемденді.
Қатысқан барлық жұптар арнайы дипломдар мен және шағын сыйлықтармен марапатталды.
Маженов Бакыт Аляскарович
«Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы
«Жас қалам» жас журналистер клубының жетекшісі
Арқалық қаласы