7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. Күні: 12.02.16 ж.
Сабақтың тақырыбы: §33. Ғылыми білімдердің дамуы. Сабақтың мақсаты: -Орта ғасырларда Орта Азияда өмір сүрген көрнекті ғұлама ғалымдармен, олардың еңбектерімен таныстыру.
-Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
-Адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас Әдісі: сұрақ-жауап, ауызша баяндау, жаңа сөздерді дәперге жаздырту. Көрнекілік: карта, суреттер, сызба Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі Оқу құралын тексеріп түгелдеу. Оқушылар зейінін сабаққа аудару. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: 1.Хорезм мемлекеті қай ғасырда құрылды? Жауабы: X ғасырдың соңында 2.Хорезм жерінен шыққан ғұлама ғалымдар кімдер болды? Жауабы: Ибн Сина мен Бируни. 3. Хорезмнің алғашқы билеушісі? Жауабы: Мамун ибн-Мұхаммед. 4. Мамун ибн-Мұхаммед өлгеннен кейін Хорезмде інісі кім таққа отырады? Жауабы:II Мамун ибн-Мамун (999-1017) билік жүргізді. 5. Хорезім мемлекетін кім басып аламын деп хат жолдап, өз еркімен берілуін талап етеді? Жауабы:сұлтан Мұхамед Ғазнауи (998-1030) жаулап алуға әрекет жасады. 6. Қай жылы Хорезм мемлекетіне бірнеше мың әскерімен Махмуд Ғазнауи шабуыл жасап, Хорезмді бағындырады? Жауабы: 1017 жылы. 7. Ануш-тегин Атсыз қандай елдерді жаулап алады? Жауабы: қыпшақтарға соғыс ашып, Жент, батыста Маңғыстау, Орта Азияда Қазақстан, қарақытай, Шаш, Ферғана, Зеравшан, Қашқадария,Мауаранахрды жаулап алады. XI-XIII ғасырларда салынған сәулет ескерткіштері: Боран қала, Наиб қала, Кабат қала, Сонымен қатар үргеніш қаласындағы: Фахруддин Рази кесенесі, Бұхара маңындағы Раб-и-Малик керуен сарайы, Текеш хорезмшах жерленген кесене.
Жаңа сабақтың жоспары: Орта Азиядағы ірі ортағасырлық қалалар-Самарқан, Бұхара, Термез, Мерв, Үргеніш көлемі және халқының саны жағынан өсіп отырды. Орта Азия қалаларының орталығы – цитадель, ал қаланың сыртындағы қолөнершілер мен саудагерлер тұратын бөлігі рабад деп аталған. Ортағасырлық қалаларда сауда орталығы – жәрмеңкелер көп ашылды. Самани әулеті тұсында бой көтерген қалалардың бірі-Бұхара. Шығыстың ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Синаның балалық және жастық шағы Бұхара қаласында өтті. Қаладағы Әмір сарайында сол кездегі үлкен кітапхана жұмыс істеген. XIV-XV ғасырларда Орта Азияда ірі қалалардың бірі Самарқан болды. XV ғасырда елдің астанасы болған қала кеңейіп, Ұлықбектің кезінде мәдениет және сауда өнерінің орталығына айналды. 1428-1429 жылдары Самарқан қаласында аспан әлемін бақылайтын орын – обсерватория салынды. Обсерваторияда Ұлықбектен басқа Қазы Заде Руми және Гиясуддин Жамшид жұмыс атқарды. Ұлықбек өз заманында «Гурган астрономиялық» кестесін жасады. «Ұлықбек Зиджі» кестесі ғаламшардың қозғалысын бейнеледі. Самарқан қаласында сол замандағы ең ірі кітапхана болды. Кітапхана қорында 15 мың кітап болды. 1417-1420 жылдары Самарқан қаласының орталығы Регистан алаңында ең ірі медресе жұмыс істеді.
Сабақты бекіту:
1. Әбу Райхан Бируни (973-1048) - ортаазиялық энциклопедист-ғалым. Ол 150-ге жуық еңбек жазған, оның 45-і астрономия мен математикаға арналған. Оның «Үндістан», «Масғұд каноны» т.б. еңбектері бірқатар шетел тілдеріне аударылған.
2. Әл-Хорезми (795-857)-алгебра ғылымының негізін салушы. Математика саласындағы ірі еңбегі «Китабал-жабр ва мукабба» деп аталады. Хорезмидің «Астрономия кестесі», «Күн сағаты туралы трактат» еңбектері жоғары бағаланған.
3. Әбу Әли ибн Сина (980-1037) - әл – Фарабидің шәкірті болған. Аристотельдің еңбектерін өзі оқып түсінуге тырысқан. Ол-«Дәрігерлік ғылым каноны» атты 5 кітаптан тұратын медициналық энциклопедияның авторы. 4. Әбу Ибраһим Ысқақ әл-Фараби (т.ж.б -951) - әдебиетші, тіл маманы, ұстаз. «Диуан әл-адаб» еңбегін жазған. 5. Әбу-л-Қасым әл-Фараби (1130-1210) философия, логика, этика, тарих, география, астрономия салаларынан терең ойлы тұжырым, көзқарастары арқылы құнды мұра қалдырды. Оның «Ғылым түрлері»,«Таза шындық», «Уағыз үлгілері» т.б шығармалары белгілі.
Әдебиет :
Фирдоуси (940-1030) - «Шахнама» поэмасын жазу үшін 30 жылдан астам уақытын жұмсады. Ж.Баласағұн 1069 жылы- жазған атақты шығармасы «Құтадғу білік» Атақты Омар һайям (1048-1123)- «Болмыс және борыш туралы трактат», «Үш сауалға жауап», «Алгебра және әлмұқабалар мәселелерін дәлелдеу туралы» шығармалары мәлім. Әлішер Науаидың (1441-1501)-ол философиялық ойдың дамуына ықпал жасады. Науаи «Екі тілдің таласы» атты кітабында лингвистикалық терең талдауларға барды.
Түркі халықтарының эпостары : «Китаб Дәдәм Коркуд», « Манас», «Қозы Көрпеш», « Алпамыс».
Бағалау: Жан-жақты жауап берген оқушыларды өз деңгейінде бағалап, ал үлгерімі төмен оқушыларға берілген тапсырмалары бойынша бағалау.
Үйге тапсырма: § 33.Ғылыми білімдердің дамуында тақырыбы бойынша жаңа сөздерді дәптерге түсіріп, орта ғасырлардағы ақын-жазушылардың еңбектерімен танысып, жан-жақты мәлімет жинақтау.