СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ғарыш әлеміне саяхат" Ғарышқа саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Ғарыш әлеміне саяхат" Ғарышқа саяхат

Просмотр содержимого документа
«"Ғарыш әлеміне саяхат" Ғарышқа саяхат»





Екінші кіші «Жұлдызша»тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:11.04.18ж

Тәрбиеші:Абенова М.К.

Білім беру саласы:»Коммуникация»

Өтпелі тақырып: Ғарышқа саяхат

Пән:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Ғарыш әлеміне саяхат.

Мақсаты:

Тәрбиелік:ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Дамытушылық:Есте сақтау қабілеттерін,ой-өрістерін,зейіндерін,көріп тану қабілеттерін дамыту дүниетанымдарын кеңейтіп,қиялдарын шарықтату.

Оқыту:Ғарыш,ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру.Сөздік қорларын байыту.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы,

дамыту технологиясы,монтесори технологиясы,ақпараттық технологиясы.

Ресустармен қамтамасыз ету:суреттер

Блингвальдық компоненті :ғарышкер еліне саяхат - путешествие в страну космонавтики

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер мұқият

тыңдап, шешуін тауып көріңдер.

Аспанда бір алып құс,

Ызғып ұшып барады.

Қарап тұрсақ ғажайып,

Соңында ізі қалады.

Негізгі бөлім:

Ол не екен балалар? Дұрыс, зымыран екен. Олай болса

бүгін біз зымыранмен ғарышқа ұшатын ғарышкерлер туралы әңгімелемек-піз Осы

сәуір айының 12-де ғарышкерлер күні аталып өтеді. Ең алғаш аспан әлемін

зерттеуге орыстың ғарышкері Юрий Гагарин ұшқан. Ол 1961 жылы 12-сәуірде

«Восток» кемесімен жер шарын айналып шықты.

Біздің еліміз егеменді ел болғандықтан біз де өзіміздің

ғарышкерлерімізді білуіміз керек. Біздің атақты қазақ ғарышкерлеріміз Тоқтар

Әубәкіров, Талғат Мұсабаев Және Айдын Айымбетов .

Олар ғарыш кеңістігін бағындырған тұңғыш қазақ

ғарышкерлері. Олар ғарыш әлемінде үш жүзден артық тәулік  болған, бір емес үш қайтара сапар шеккен,

ер жүрек батыр ағаларымыз. Сондықтан біз ержүрек ғарышкер ағаларымызды мақтан

тұтамыз.

Сергіту сәті

Аспан,аспан арайлым

Саған жиіқараймын

Сенікөзбен шоламын

Менғарышкер боламын.

Ғарышкерлер зымыранмен ұшқан кезде үстеріне арнайы

киімдер киеді. Оны «Скафандр» деп атайды. Скафандр ғарышкерлерді сыртқы

қолайсыз жағдайлардан қорғап тұрады. Ғарыш әлемінде ауа болмайды. Ғарышкерлердің

киімі арнайы оларға  ауа беретін оттегі

баллонымен жабдықталған. Скафандр

Ғарышкерлерді ыссы мен суық ауадан қорғап тұрады.

Сабақта ғарышкерлер туралы тақпақ жаттаған болатынбыз. Қәне кім тақпақты

айтады.

Ойын: «Зымыран-Ұшақ»

Мақсаты:балалардың есте сақтау,зейіндерін дамыту. Зымыран-қолымызды жоғары көтеру. Ұшақ-қолымызды созамыз.

Дидактикалық ойын: «Зымыран»

құрастыру. (геометриялық пішіндерден құрастыру)



Қорытынды:

Зымыран қайда ұшады?

Ғарышқа ұшырылатын адамдарды кім деп атаймыз?