СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ғажайып ғарышкерлер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ересек  «Балбөбек» тобындағы  ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тәрбиеші:Оразова Г.

Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Тұңғыш Президент» 

Мақсаты: 

Тәрбиелеу: Еліміздің Тұңғыш Президенті, Нұр ағамыздың құдіретті тұлға екенін жас ұрпаққа таныту.Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. 

Дамытушылық: Балалардың өз Отаны туралы білімін кеңейту.

Үйрету:Отанымызды,туған жерімізді сүюге.еліміздің рәміздерін құрметеуге тәрбиелеу. Сөздік қорын дамыту.

Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап

Ресурстармен қамтамасыз ету: Елбасы,рәміздер суреттері, «Астана және біздің Президентіміз» презентация,Қазақстан картасы

Билингвальдық компонент: Мемлекеттік Туы –Государственный Флаг

Мемлекеттік Елтанбасы – Государственный Герб

Рәміздер – Символы

Ұйымдастырған  оқу  қызметінің  барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең:

Балаларды жартылай шеңберге тұрғызып:

Армысын көк аспан,

Армысын жер ана.

Армысын жан досым

Жылуыма жылу қосқан

Қонақтармен амандасу: Үлкендерге

бас иіп салем береді

Қимыл жасау

 

Негізгі бөлім:

Балалар бүгінгі оқу-іс әрекетіміз,Тұнғыш – Президент күніні арналады.Сабақты ән ұранмен бастайық

Ән ұран

(балалар орындарына отырады)

Тәрбиеші:

-Балалар біздің ұлтымыз кім?

-Біз қай тілде сөйлейміз?

-Біз қай Республикада тұрамыз?

-Біздің елбасшымыз кім?

 

Дұрыс-ақ, біздің Республикамыз Қазақстан деп аталады.

Біздер 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті,онда Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды..

Балалар экранға назар аударайықшы.

-Балалар бұл кім?

өте дұрыс бұл кісі біздің елбасшымыз бәрімізге ортақ атамыз.Нұрсұлтан Назарбаев ол да сендердей кішкентай болды. Ата-анасының айтқанын тыңдап, мектепте сабақты жақсы оқып,осындай үлкен жетістікке қол жеткізді. Егерде сендерде тәртіпті болып сабақтарыңызды жақсы оқысаңыздар сендерде Н.Ә.Назарбаевтай бола аласыңдар. Нүрсұлтан атамызға қандай өлен сөздерін айтар едіңдер?

Алижан:

Сөзбен өрнек өрнейін.

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқан, Ұлы Отан.

Басқарған аға Нұрсұлтан!

Інжы. Е.

Елбасымыз Нұр аға

Салғызып Алтын орда.

Көркейтіп елін қазақтың,

Көрсетпей өмір азабын

-Балалар мына сурет таныспа ?

-Балалар мынау не?

- МемлекеттікТу, түсі қандай? Ненің бейнесін көріп тұрсыңдар.Сабына бекітілген тұста нені көріп тұрсындар? 

Көгілдір түс бейбітшілік белгісі.Тудын ортасында жарқырап шықан күн.Күннің астында қалықтап үшқан қыран құс бейнеленген.Дала құсы – дарқандық пен биік самғау белгісі.Өрнек қазақ халқынын салт – дәстүрін,мәдиниетін және ұлттық өнерін білдіреді.Күн,қыран құс,ою – өрнек алтын түспен берілген.Алтын түс – молшылық белгісі.Туды өлен жолдарынмен қалай бейнелер едіңдер?

А.Інжу: Туымызға көгілдір

Бір қарамай өтпейміз

Сол көктудың астында

Көгереміз көктейміз.

 

 

Билингвальдық компонент: Мемлекеттік Туы –Государственный Флаг

Мемлекеттік Елтанбасы – Государственный Герб

Рәміздер - Символы

 

 

–Иә,өте дұрыс айттыңдар

Тәрбиеші:-Балалар шаңырақ бірлікті,татулықты білдіреді,қанатты тұлпар қажымас қайраттың,жеңіске деген жасымас жігердің белгісі. Ал бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі, жол нұсқайтын жарық жұлдызы.Төменгі жағында «Қазақстан»деген жазуы бар

 -Кім Елтанба туралы тақпақ біліді?.

Эмир: Елтаңбасы елімнің

Неткен айбат әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әдемі.

СЕРГІТУ СӘТІ:

Күн болып жанайық,

Мөлдір су болып ағайық.

Гүл болып ашылайық,

Терең,терең тыныс алып

Біз демалып алайық

«Туған жерді гүлдендір»ойыны.

(Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып,әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады)

–Балалар,Туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне,сендерсіңдер

 

Қорытынды:Біз бүгін кім туралы әңгімелестік?

-Елбасымыздың аты жөні кім?

- Бас қаламыз қай қала?

Просмотр содержимого документа
«Ғажайып ғарышкерлер»

Ортаңғы «Қызғалдақ»тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:17.04.2020 ж

Тәрбиеші:Жалгасбаева Г.Т.

Білім беру саласы:»Коммуникация»

Өтпелі тақырып: Көктемгі ағаштары

Пән: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: : «Табиғатты аялайық»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Табиғат - Ана, оның байлықтары туралы түсіндіре отырып, табиғатты ойлауға қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:Табиғат құндылығының маңыздылығын білуге үйрету.

Оқыту: Сөздік қорларын толық жауап беруін, тіл байлықтарын дамыту.

Педагогикалық технологиялар: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Ресустармен қамтамасыз ету:ағаштардың суреттері

Блингвальдық компоненті: көктемгі ағаштар- деревья весной.табиғаттың суреттері
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Біздер қазақ баласы 
Сәлем сөздің анасы 
Бақшаға біз келеміз 
Табиғатты сүйеміз 
Баршаңызға құрметпен 
Біздер сәлем береміз 
-Жарайсыңдар, балалар! 
-Қазір жылдың қай мезгілі? 

Негізгі бөлім:

- Балалар таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер?
- Далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер?
- Балалар қалай ойласыңдар, күн, су, ауа керек пе?
- Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз?
Табиғат екіге бөлінеді: Өлі табиғат және тірі табиғат. Кәне бәріміз қайталайық.
- Өлі табиғат және тірі табиғат.
- Өлі табиғатқа су, ауа, жер, күн, бұлт.
- Топтағы балалар, гүлдер олар тірі табиғат.
- Ал тірі табиғатқа: адамдар, құстар өсімдіктер, гүлдер жатады.
Ал енді балалар біз бірінші өлі және тірі табиғаттың айырмашылығын білу үшін зертханаға барайық.

1 тапсырма: Зертханалық жұмыс:

-Балалар менің қолымдағы не?
-Балалар су қандай?
- Түсі қандай?

- Дәмі барма?
- Суды қалай пайдаланамыз?

Су керек пе?

Балалар білесіңдереме? Судың дыбысы болады.
- Балалар судың пайдасы мол. Су түрлі өзгеріске ұшырайды, бұға айналады, бу қайтадан су күйінде жаңбыр болып жауады, су мұз болып қатады.
2 тапсырма.Тірі табиғатқа не керек?

-Балалар сендер тақтадан ненің суретін көріп тұрсыңдар?

Балалар бұл тапсырмада, гүлге не қажет екенін түсіну. Гүлдің қалай өсіп жетілетінін білу. Гүлге керекті заттарды жинақтау.

-Гүл өсіп, өніп шығу үшін не қажет?
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен болып өседі.

3 тапсырма. «Өлі және тірі табиғатты байланыстыру» Игравизор

Балалар бұл тапсырмада бізге өлі және тірі табиғат иелері берілген. Сол тіршілік иелерінің байланысын табуымыз керек

Қорытындылау:

-Балалар бүгін біз сендермен не тураты өттік?

-Қалай ойлайсыңдар табиғатты қорғауымыз керек пе?

-Біз қайда бардық?

-Не көрдік? Және т.б. Балаларды

мақтау,мадақтау









































Ортаңғы «Қызғалдақ»тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:19.04.19ж

Тәрбиеші:Фаткуллина К.С.

Білім беру саласы:»Шығармашылық»

Өтпелі тақырып: Көктемгі ағаштары

Пән:Сурет

Тақырыбы: «Бүршік атқан ағаш»

Мақсаты:

Тәрбиелік:Ағаштарға, өсімдіктерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық:Шығармашылық қабілеттерін, өсімдіктерге қамқорлық жасауға деген қызығушылықтарын дамыту.

Оқыту: Балаларға көктем мезгілі туралы түсінік беру, өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту.

Педагогикалық технологиялар: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Ресустармен қамтамасыз ету:ағаштардың суреттері

Блингвальдық компоненті: көктемгі ағаштар- деревья весной
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Жылдың қай мезгілі?
Көктемде неше ай бар?
Аптаның нешінші күні?

Негізгі бөлім:Жұмбақ

Күн күледі, жер түледі.

Аппақ болып гүл тұрар,Жылына бір құлпырыр.Жұмбақ шешімі не жайында болып тұр?Табиғат деген сөзді қалай түсінеміз? 
Қазір көктем мезгілі.ағаштар бүршік жарады.Тіршілік атаулының бәрі оянады, малдар төлдейді.Жер жыртып, егін еңбегіне кіріседі.Жалы жақтан құстар ұшып келеді.Ағаш отырғызып гүл егеміз.Жылы жақтан ұшып келген құстарға ұя жасап береміз.Өсімдік тіршілік ету үшін су құйып, тыңайтқыш береміз.

Мақал – мәтел

Бір тал кессең, он тал ек.

Атаңнан мал қалғанша тал қалсын.
Балалар көктем мезгілінде басқа жыл мезгілдерімен салыстрғанда жаңбыр көп жауады, мал төлдейді.Күн ұзарады,түн қысқарады.Күн шуақты болады. Адамдар егін егуге кіріседі.Табиғатты қорғау барлығымыздың борышымыз.Өсімдік тіршілік ету үшін Су Жарық АуаЖылу
Табиғатты қорғау мақсатында күзде, ерте көктемде ағаш отырғызып, түбін әктеп, минералды тыңайтқыштар береміз.Ағаштарды сындыру дұрыс емес.
Ал, балалар ағаштың түсі қандай?
Бұтақтары үлкен бе,жіңішке ме?
Ендеше осы ағашты бейнелеп сала аламыз ба?

Ауада салдыру.

Қос қолдап салдыру

Қағаздың жоғарғы жағынан төменге қарай сызық сызамыз (ағаш діні)

Ортадағы сызықтар шетке қарай сызықтар (бұтақтары) сызамыз

Қылқалам көмегімен бүршіктер саламыз.
Балаларға қажетті көмек көрсетемін.Көмектесемін. 
Мақал: Ағаш тамырымен,

Адам досымен мықты

Қорытындылау:
Табиғат туралы түсінік беру. Табиғат тынысын әңгімелеу.Табиғатқа қамқорболу.Ағаштыңсуретін бейнелеп салу. Мақтап, мадақтау.

Ортаңғы «Қызғалдақ»тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:19.04.2019ж.

Тәрбиеші:Фаткуллина К.С.

Білім беру саласы:»Таным»

Өтпелі тақырып: Көктемгі ағаштары

Пән: Жаратылыстану

Тақырыбы:«Көктемгі орманға саяхат»

Мақсаты:

Тәрбиелік:Балалардың белсенділігін арттырып, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық:Балаларды табиғатты аялай білуге, орманға барғанда ережелерді сақтай білуге

Оқыту: Заттарды күнделікті өмірде салыстыра білуге және аттарымен атай білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар:Ойын,сұрақ-жауап

Блингвалдық компоненті:орманға саяхат-прогулка в лес

Ресустармен қамтамасыз ету:суреттер
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар, бүгін ұйымдастырылған оқу қызметіміздің тақырыбы «Көктемгі орманға саяхат». Табиғат-ана жер жүзіне жылуын, мейірімін сыйлап түр емес пе? Сондықтан, ешқашан жамандық жасама, жақсылық қана ойла. Барлығы саан жақсылық жасауға, дос болуға ұмтылады. Енді, балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Егерде жұмбақтың шешуін тапсақ, табиғаттың сиқырын ашылады.

Негізгі бөлім: 

Таң атқанда қауызын ашады,

Кеш батқанда қауызын жабады.

(Гүл)

Табиғат сендерге ризашылық білдіріп, гүлін ашты. Балалар, сиқырлы табиғат гүліміз ашылды.

Қәне,барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша, ашық күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет аяқ астынан жел соқты. Алдымызда тұрған адамның арқасынан жәймен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.

Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.

Кенет, боран басталды – енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.

Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жаймен ұрамыз.

Бір кезде қатты жауын жауды – біз қаты жауын сияқты арқамызды саусақтың ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.

Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.

Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді.

 

Сұрақ – жауап

Табиғатқа нелер жатады?

Балалар: Су, ауа, күн, өсімдіктер, жануарлар, құстар, балықтар жатады.

Табиғат нешеге бөлінеді?

Табиғат екіге бөлінеді: тірі табиғат және өлі табиғат.

Тірі табиғатқа: Балықтар, құстар, жануарлар, өсімдіктер, жәндіктер жатады.

Өлі табиғатқа: Су, ауа, күн, ай, тау, аспан жатады.

Ертегі: «Күн мен Ай» (кейіпкерлеу)

Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен – бірі асқан сұлумын деп бірімен – бірі үнемі ұрысысып, жиі – жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп:

-Сенен мен сұлумын!- дейді. Ал Айсұлу.

-Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын!- деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланган Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырғвн Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының ізі Айсұлудың бетінде өшпестей болып қалады. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал бейбастығынан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу бірінен – бірі көрінбейді. 

Сергіту сәті: Қарлығаш

Дидактикалық ойын: «Табиғаттан не үйрендім»

Айтып отырып суретті жабыстырып, табиғат бейнесін құрастыру.

Жылулықты – күннен,

Тазалықты – судан.

Өсуді – ағаштан,

Биіктікті – таудан.

Иә, балалар, біз табиғаттан көптеген заттарды үйренеді екенбіз.

Табиғатқа байланысты қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?

Көлдің көркі – құрақ

Орман – ел дәулеті

Қорытындылау:

Дидактикалық ойын: «Қайда бардым, не көрдім»

Бардық дейік орманға

Не бар екен ол маңда

Көргендеріңді баянда.

Ағаштар, гүлдер, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жидектер, аңдар, құстар.

Жазда барып өзеннің

Жағасына бөгелдім

Кім айтады кәнеки

Мен ол жерде не көрдім.

Су, тас, құм, шөп, гүл.

Тау басына өрмелеп,

Шаршап талай бөгелдім.

Жан – жағыма мен кенет,

Қарап едім, не көрдім.

Тас, гүл, қарағай, шырша, өзен, аспан, бұлт, күн, құм, құстар.

 

















Ортаңғы «Қызғалдақ»тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:18.04.2019ж

Тәрбиеші:Фаткуллина К.С

Білім беру саласы:»Таны »

Өтпелі тақырып: Көктемгі ағаштары

Пән:Құрастыру

Тақырыбы: «Ағаш»мимоза бұтағы

Мақсаты:

Тәрбиелік:Ағаштарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:Балалардың қол икемділігін арттыру, табиғи материалдармен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Оқыту: Табиғаттағы тіршілік, қысқы ағаштар туралы білімдерін кеңейту.

Педагогикалық технологиялар: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Ресустармен қамтамасыз ету:суреттер

Блингвальдық компоненті:ағаш-дерево
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын сендер жауабын тауып алыңдар.

Жұмбақ жасыру:
Қар,мұз еріп, 
Су көбейіп, 
Сай-салада ағады. 
Бүршік шашып, 
Жапырақ ашып, 
Жер гүл шашақ тағады. 
Бөбектерім! 
Айтыңдаршы, 
Бұл қай кезде болады? 

/Көктем/

Негізгі бөлім:

Балалар дұрыс таптыңдар ол көктем. Слайд арқылы көктемнің суретін көрсету.

Балалар қараңдаршы бізідң көктеміміз көңілсіз екен. Не себепті көңілсіз екенін білейік.

Көктемнің дауысы (үнтаспа): Балалар мені қыс ханшайым сыйқырлап тастады. Мені жер бетіне жібермей отыр. Маған сендер ғана көмектесе аласыңдар егер жұмбақтың жауабын тауып, суретін салсаңдар. Қыстың сиқырынан босатыламын.

Тәрбиеші балаларға жұмбақты оқиды:

Бұтағында гүлі бар

гүлі сары, дөңгелек

Балапандай үлпілдек.

Суықта тез солатын

Ол гүл ... болатын /мимоза/

Балаларға мимоза бұтағының суретін көрсету.

Балалар мимоза үш бөліктен тұрады. Бұтағы, жапырағы, гүлі.

Балалар суреттегі мимозаның қанша бұтағы бар?

Гүлдері қанша?

Гүлдерінің пішіні, түсі қандай?

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі,

Кіп-кішкентай ағаштар үп-үлкен боп өседі.

Саусақ жаттығуы: «Саусақтарды ата»

Оң қолда бар бес саусақ

Сол қолда бар бес саусақ

/Алақандарын ашып саусақтарын көрсетеді/

Оларды атап шақырар

Әр қайсысының аты бар.

Мынау- бас бармақ,

Мынау- балан үйрек,

Мынау-ортан терек,

Мынау – шүлдір шүмек,

Мынау-кішкене бөбек.

/Балалар саусақтарын кезекпен бүгеді

Балалар біз мимоза бұтағын қоныр қағаздан қию арқылы жасаймыз. Жасыл балауыз, оң жақ жоғарғы бұрышқа қарайқиып жабыстырамыз , бұл мимозаның бұтағы.. сары Салфетканы умаждау арқылы арқылы бұтағының шетіне гүлдерін орналастырамыз.

Балаларға құрастыруды әдісін кезеңдермен көрсету, түсіндіру.

Балалардың жұмысының аяқталу кезеңінде экранда көңілді көктемнің суреті пайда болады.

Қорытынды:

Тәрбиеші міне балалар біз көктемді қыстың сиқырынан босаттық. Қараңдаршы ол енді күлімдеп тұр.

Балалар жұмыстарын алып ортаға шығып шеңбер жасайды. Бір-бірінің жұмыстарын қарайды. Мимоза қандай бөліктерден тұрады?Балалар Көктем сендерге көмектескендерің үшін сыйлық беріп жіберіпті.



































Ортаңғы «Қызғалдақ»тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:16.04.2019ж.

Тәрбиеші:Фаткуллина К.С.

Білім беру саласы:»Таным»

Өтпелі тақырып: Көктемгі ағаштары

Пән: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру

Тақырыбы:Реттік санау

Мақсаты:

Тәрбиелік:Білімге деген құштарлығын арттыру арқылы еңбек сүйгіштікке тапқырлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:5 көлемінде реттік санау және реттік санды атап «Қанша?», «Нешінші?» деген сұрақтарғажауап беру дағдысын дамыту.

Оқыту: 5 көлемінде сандық есептеу, заттарды санау, санды ретімен және қорытынды санын атауға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Ресустармен қамтамасыз ету:суреттер

Блингвальдық компоненті: наурыз жыл басы-март начало года
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар,айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі,жақсы адамдар болғанын бәріміз ұнатамыз иә.

-Ендеше көңіл-күйімізді көтеріп алу үшін шаттық шеңберін орындайық

Шаттық шеңбері

Күннің көзі ашылсын

Көкке шуақ шашылсын

Негізгі бөлім:

-Бүгін біз қарапайым математика оқу қызметінде 1-ден 5-ке дейінгі сандарды қайталаймыз.

Саусақтарын үш тілде айтқызу

5 саусақтың атын атау: бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек

-Балалар, біз қандай ертегілерді білеміз?

-Ал бізге қатты ұнайтын ертегінің аты қандай?

-Ол үшін балалар барлығымыз 1-ден 5-ке дейін тура және кері санап шығайық

12345- тура,

54321- кері санайды.


-Қоянның тапсырмасын орындайық

«Көршісін тап» ойыны

«Шығарып көр» ойыны (есептер беріледі)

5 санының құрамымен таныстыру

Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз

«Сиқырлы қорапша» ойыны

Қол қимылының бағыты ауада

пысықталады,содан кейін үстел үстінде саусақпен

және аяқ ұшымен орындалады.

-Қасқыр бізге «Сиқырлы қорапшасын» беріп жіберіпті. Мен сиқырлы қорапшаны лақтырып жіберемін. Партаға қай цифр жазылған беті түседі, біз:

1. Түскен цифрды ауада саусақпен жазамыз

2.Цифрды мұқият жүгері жармасына саусақтың көмегімен жазамыз

3.Цифрды аяғымыздың ұшымен еденге жазамыз

«Сәйкестендір» ойыны

Шарты:берілген сандармен жемістерді санына қарай сәйкестендіру


Аюдың тапсырмасы

1.Берілген кестеден 5 цифрын сызып тастауға көмектесу

2. 5 санының көршілері қандай пішінде орналасқанын табу.

Қорытындылау:

Түлкінің тапсырмасы

«Өз орнын тап» ойыны

Шашылған сандарды ретімен қою

Тақтадағы жеміс-жидектердің санына сәйкес, алдарындағы цифрды тауып көтеру.

орытынды. Қызықты сұрақтар

1.Аспанда неше күн бар?

2.Бағдаршамда неше көз бар?

3.Ата-анаға сен кім боласың?

4. Аспанда неше ай бар?

5.Екі қояның неше құлағы бар?

6.Топтата неше тақта бар ?

7.Адамда неше көз бар?

8.Адамда неше қол бар?


Балаларды мадақтап, оқу іс-әрекетін қорытындылау.





































Ортаңғы «Қызғалдақ»тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:15.04.2019ж.

Тәрбиеші:Фаткуллина К.С.

Білім беру саласы:»Әлеумет»

Өтпелі тақырып:Көктемгі ағаштары

Пән: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Ағаштарға қамқорлық»

Мақсаты:

Мақсаты: Тәрбиелік:Табиғаттың әсемдігін, сұлулығын, көре, сезе білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:Балалардың байланыстарын сөйлеуін, тілін, сөздік қорын дамыту.

Оқыту: Табиғаттағы тіршілік, көктемгі ағаштар туралы көктемгі ағаштар туралы білімдерін кеңейту.

Педагогикалық технологиялар: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Ресустармен қамтамасыз ету:суреттер

Блингвальдық компоненті: табиғат – природа, адам – человек
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балаларға сұрақтар қою:

Сен табиғатты сүйесің бе?

Табиғат бізге не береді? Сен табиғатты қорғай аласың ба?

Балалардың жауаптары

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балаларға адамның да табиғатқа жататынын айту. Табиғат бір-бірімен тығыз байланыста екендігін айту. Табиғат өлі, тірі болып келетіндігінен хабардар ету. Табиғат туралы кеңінен айту

Адам,табиғат жайлы әңгімелеу.

Тақпақ оқып беру «Табиғат»

Сергіту сәті

Табиғаттың адамға және адам денсаулығы үшін басты орында екендігін атап өту.

Д/о «Табиғат деген не?»

Ойын шарты: Балалар қоршаған айналадағы табиғатты айтады (күн, ағаш, гүл, өсімдіктер, ай, тау, өзен, мысық, құс, ара т.с.с. )

Тыйым сөздерді айту: Құс ұясын бұзбау, құстарға тас лақтырмау, гүлдерді, ағаш жапырақтарын жұлмау, жәндіктерді жәбірлемеу т.с.с.

Балалармен сұрақ-жауап жұмысы


Табиғат, адам жайлы түсініктерін толықтырады.

Адам, табиғат туралы әңгімеге араласады.

Балалар тақпақты мұқият тыңдайды.

Сергіту сәтін орындайды.

Балалар ойынға қатысады: өлі және тірі табиғатты айта бастайды.

Тыйым сөздерді есте сақтайды.

Б-р-ң жауаптары:

-Біз өсімдіктерге, ағаштарға, құстарға, жануарларға қамқорлық жасаймыз.

-Біз адамдармыз, біз айналамызда қоршаған табиғатқа қамқор болуымыз керек. -Адамдар еңбек етеді.

-Кішкентай балалар өсімдіктерді, гүлдерді жұлмайды. Құстарға тас лақтырмайды, табиғатқа зиян келтірмейді.


Қорытындылау:

Балаларды мақтап-мадақтау.

Балалар өздерінің іс-әрекетке қатысып мақтау алғандарына қуанысады.


Ортаңғы: «Қызғалдақ»тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:18.04.2019ж.

Тәрбиеші:Фаткуллина К.С.

Білім беру саласы:»Шығармашылық»

Өтпелі тақырып: Көктемгі ағаштар

Пән: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Үй салатын бөрене»

Мақсаты:

Тәрбиелік:Бір-біріне кедергі жасамай, бірлесіп ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:Іс әрекетке деген қызығушылықтарын дамыту.

Оқыту: Тұзды қамырдан езу тәсілі арқылы сопақша пішінді жасауға үйрету

Педагогикалық технологиялар: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын,

Ресустармен қамтамасыз ету:әр түрлі материалдардан салынған үйлердің суреттер,бөрененің дайын үлгісі, тұзды қамыр, төсеніш, сүрткіш.

Блингвальдық компоненті:бөрене-бревно
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Бүгінгі мүсіндеу сабағымызда тұзды қамырдан бөренені мүсіндейміз.

Негізгі бөлім:

Бөрене дегеніміз не? Ол қай жақтан келеді екен? Ол - ағаш, орманда өседі. Артық бұтақтарын кесіп тастап үй салуға пайдалануға құрылыс материалдарын дайындайды. Оны отын ретінде пайдаланамыз. Осы ағаштардан қағаз жасалады екен. Орманда өсетін қандай ағаштарды білесіңдер?
- Қарағай, шырша, аққайың, емен.
- Емен деген ағаш, ол өте қатты ағаш екен. Біздің осы отырған орындықтарымыз, киім салатын шкафтарымыз сол емен ағаштарынан жасалады екен.
Балалар мына бөренелерге қарайықшы, мына бөрене ағаштан алынған. Бұл бөрене ағашты өңдеп үй салуға дайындаған екен. Бүгін біз мүсіндеу сабағымызда тұзды қамырдан бөрене мүсіндейміз.
Жұмыс барысы: 1. Тұзды қамырды оң қолымызбен алып,
екі алақанымызға салып, есу тәсілі
арқылы ұзынша етіп мүсіндейміз.
2. Оң қолымыздың сұқ саусағымен екі
басын тегістейміз.
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып секірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Қане, мына қорапты ашайық ішінде не бар екен? (Қорапты ашқан кезде сыңғырлаған
музыка естіліп, ішінен қуыршақ театры қоян шығады)
Қоянның сөзі: Саламатсыздар ма балалар! Мен үйсіз қоянмын, менің үйім жоқ. Үйім болмағансоң қораптарда тұрып жүрмін.
Жарайды қоян, сен уайымдама, біз бүгін мүсіндеу сабағында бөренелер мүсіндейміз.
Сен орманға барып осы бөренелерден достарыңмен үй салып аласың. Қане, балалар қоянға көмектесеміз бе?
Балалар бөренені жақсы мүсіндейді екен.
Қоян міне балалар көп бөрене мүсіндеді.
Алақай, қандай тамаша балалар!
Ойын: «Кімнің бөренесі әдемі?»
Тәрбиеші: Қоян біз енді бұл бөренелерді кептіруіміз керек.
Қоян: Жарайды, мен бөренелер кепкенше осы қорапта дем ала тұрайын. Сау болыңдар.

Қорытындылау:
1. Балалар бүгін қандай сабақ болды?
2. Мүсіндеу сабағында біз не мүсіндедік?
3. Бөренені қалай мүсіндедік?
4. Біз бөренелерді кімге береміз?
5. Қоян ол бөренелерді не істейді?
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сабағымыз аяқталды. Барлығыңда сабаққа жақсы қатыстыңдар.