СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Сиқырлы сандар"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ғарыш әлемі. Мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір – ғарышкерлер күні екенін түсіндіру, .Тұңғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру.Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту.Адамзаттың ортақ үйі – Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Кіріспе сұрақтар: - Балалар, біз қай планетада өмір сүріп жатырмыз? - Ғарыш дегеніміз не? Ғарышты кім зерттейді, олар қандай құралдарды пайдаланады? - Алғашқы ғарышкерлерді есімізге түсірейік! - Айға ұшу үшін ғарышкерлердің бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар? Жылулық шеңбері Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне әдемі айдың пішінін ұсына отырып,ғарышкерлерге тән қасиеттерді атайды. «Ғарышқа адамның алғаш ұшқан күні-12 сәуір 1962 жыл дүние жүзінде ғарышкерлеркүні болып белгіленді».  1. Алғашқы ғарышкер Ю.Гагарин туралы түсінік беру. 2. Қазақстан ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев туралы әңгімелеу. Ғарышқа ұшу ойыны: - Балалар,Сәруар Қарлығаштан бір хат келіпті, оқып көрейікші! Кішкентай менің достарым! «Алыс-алыс Ғарыш көкжиегінде бір таңғажайып планета болған екен. Онда көңілді, мейірімді адамдар өмір сүріпті. Белгісіз планета біздің жер сияқты өте әдемі болған екен,бірақ еүні күлгін түстес шуақ шашыпты.Таулары, гүлдері мен ағаштарының пішіндері де ерекше болыпты. Тұрғындары бір-бірімен өте тату -тәтті өмір сүреді. Күндердің күнінде планета апатқа ұшырапты. Өсімдіктері қурап,сулары құрғап қалыпты.Бүгінгі күнде сол планета тұрғындарына үлкен көмек қажет болып отыр». «Сәруар бізден планетаны қайта тірілту үшін көмек сұрауда. Ал, енді,балалар, біз Байқоңыр айлағына барып, ғарышқа ұшайық!» -Балалар көзерін жұмып ғарышқа ұшады.Ғажайып планетаға келеді, көздерін ашады.(планета суреті)Планета табиғи апатқа ұшыраған. Оған не себеп болды екен? Біз қандай көмек көрсете аламыз? Қане планетаны қайта гүлдендіруге көмектесейік! Ғажайып планетада көңілді, мейірімді адамдар тұрғандықтан түсі қызыл, жасыл,сары, көгілдір болуы керек. Жандандыру.Ғарыш әлемі тақырыбына ұжымдық жұмыс. 1-топ: жұмсақ қағаздан умаждап, ашық бояулармен бояп планетаның пішінін келтіреді. 2-топ: «Өсімдіктер» ағаштарды бейнелеп қиып алады. 3- топ: «Көлдегі балықтар» су. Балық жасап қиып алады. 4- топ: Ермексаздан адам бейнесін жасап планетаға орналастырады. Барлығы планетаны қайта жандандырады. -Балалар ғарыш тұрғындарының көңіл күйі қандай болды деп ойлайсыңдар? -Аман болыңдар! Планетада құрғақшылық болмасын! Ал балалар біз ғарыш туралы,ғарышкерлер туралы тақпақ білеміз бе? Аружан: Тұңғыш қазақ ғарышкер. Әубәкіров ағаның, Даңқы көкке самғаған. Тоқтар аға Гагарин, Салған жолды жалғаған. Тоқтар ағам- жан ағам, Бұрыннан да ер еді. Менің батыр ағадан Аумай қалғым келеді. Арман қуып жасынан, Көктен көзін алмаған. Ұшқыш болды жас ұлан, Аспанда еркін самғаған. Бабасындай асауға, Салған құрық-бұғалық, Ұшақтарды сынауға, Артқан еді құмарлық. Жанел: Жұмбақ әлем, Жұмбақ жұлдыз, Олар көп. Ғарышкерлер, Біреуіне қонар кеп, Қонып тұрып, Адам ойы мазасыз, Сұрар тағы, Бұдан әрі не бар?- деп Әрқашан ерлікке құштармыз, Қажымас, дарынды жастармыз. Жол салып ақмаңдай айға да, Достарды жұлдызға бастармыз. Қанат берді еліміз, Ұлы Отанның ері біз. Ертең- ақ Марсқа барамыз, Ұшамыз біз айға да, Ұшамыз біз ғарышқа, Ғарышкер де боламыз. Біз не білдік? -12 сәуірді бүкіл адамзат ғарышкерлер күні ретінде атап өтеді.Ғарышкер діңденсаулығы мықты, өзі батыл, әрі білімді болуы керек.

Просмотр содержимого документа
«"Сиқырлы сандар"»

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редактордың сурет салу құралдары

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға Paint графикалық редакторының мүмкіндіктерімен танысуды жалғастыру;

  2. Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеуге дағдысын қалыптастыра

отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, компьютерді пайдалана отырып сурет салуға үйрету.

  1. Тәрбиелік: Оқушылардың компьютерге деген қызығушылықтарын

арттыру, еңбекке тәрбиелеу, халықтық тағылымдарды сурет арқылы бейнелеуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Қайталау сабақ

Сабақ көрнекілігі: Компьютер, Paint графикалық редакторының терезесі,

дидактикалық материалдар, интерактивтік тақта.

Пәнаралық байланыс: Сурет, бейнелеу

Сабақ жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үйтапсырмасын қайталау.

3.Психологиялық тренинг

4.Кері байланыс парағын оқу

5.Жаңа сабақ туралы түсінік беру

6.Оқушыларға компьютерде орындауға арналған тапсырмалар

7.Сабақты бекіту

8.Оқушыларды бағалау

9.Үйге тапсырма беру

10.Кері байланыс парағы

Үй тапсырмасын қайталау сұрақтары

  1. Графикалық редактор не үшін қажет?

  2. Paint графиктік редакорын қалай іске қосамыз?

  3. Paint графиктік редакорының терезесінің негізгі элементтерін ата?

  4. Сурет салу қандай кезеңдерден тұрады?

  5. Сурет салу түсін қалай таңдауға болады?

  6. Мәтін түсін қалай өзгертеміз?

  7. Сурет салу тәсілі қандай?

  8. Меню командалары арқылы не жасауға болады?

Жаңа сабақ туралы түсінік.

Графикалық редактор графикалық редауторының құралдары туралы қысқаша түсіндіру.

  1. Құрал таңдап алу.

Paint графиктік редакорында негізінен 6 құрал пайдаланылады. Оладың міндеттерін білу үшін маус нұсқағышын құралдың үстіне орналастыру керек. Сонда ішіне олардың міндеттері жазылаған кішкене төртбұрыш шығады.

Құрал кескіні

Міндеті

Құрал кескіні

Міндеті

Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады

Бүріккіш, пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.

Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді.

Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.

Карандаш, бұл кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған.

Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.


Қыл қаламды баптаулар













Оқушылар компьютерде жұмыс істеу үшін мына тапсырманы бердім.


  1. Тапсырма

1.Берілген мәтінді оқиды.

Жұлдыз қалай жасалды

Қожанасырдан біреу:

-Қожеке,осы жаңа ай туғанда, секі айды не қылады?-деп сұрайды.

Қожанасыр сонда:

-Жаңа айтуғанда, ескі айды майдалап жұлдыз қылады да, шырағым,- депті.

2.Мәтінде не туралы айтылғанын анықтайды.

3.Сол мәтінде берілген заттың атын анықтап графикалық редакторда сызамыз.

4.Берілген затты сызу үшін графикалық редактордан мына құралдарды пайдалануымыз керек:

1.Шеңбер;

2.Жұлдызша

3.Көк түсті бояу;




2- тапсырма.

1.Берілген мәтінді оқиды.

Қожанасырмен оқытушы

Қожанасыр мектепте оқып жүрген кезінде оқытушысы:

-Қожанасыр күн неше сағат? - деп сұрапты.

-Бүгін күн жиырма бес сағат болса керек, - деп Қожа.

-Жиырма төрт сағат емес пе?-деп жекіріпті оқытушы сонда.

-Кеше «күн енді бір сағат ұзайды» дегеніңіз қайда,тақсыр!-депті оған Қожа.

2.Мәтінде не туралы айтылғанын анықтайды.

3.Сол мәтінде берілген заттың атын анықтап графикалық редакторда сызамыз.

4.Берілген затты сызу үшін графикалық редактордан мына құралдарды пайдалануымыз керек:

1.Көпбұрыш;

2.Қисық сызық;

3.Сан енгізу;

4.Нұсқау;

5.Түзу сызық;

6.Шеңбер;

7.Түстер палитрасы;

5.Сағатты сызамыз.




Сабақты бекіту сұрақтар:

  1. Графикалық редакторының құралдарының бір–бірінен айырмашылығы;

  2. Қисық сызықты қолданғанда қандай ережені есте сақтау керек;

  3. Paint графиктік редакторының мәтін енгізу жолы;

  4. Біз қандай тапсырмалар орындадық және неше құралды қолдандық;

Бағалау

Үйге тапсырма: Компьютерде графикалық редакторды сақтау,ашу тақырыбын оқып келу.

Кері байланыс парағы





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!